file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің өз ортасына үйрене алмай жүргенін айтты

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің өз ортасына үйрене алмай жүргенін айтты

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова күйеуі Олжастың "жұлдыздар" ортасына үйрене алмай жүргенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

Қазақтың сүйікті әншісі ән өнеріне қатысы жоқ күйеуінің ел көзіне көріне бергенді ұнатпайтынын айтты. Бастапқыда, Мәдина секілді "жұлдызға" үйленгенін саналы түрде түсінгенімен, үйлену тойы кезінде ол өзіне қатысты тараған түрлі әңгімелерді естіп, жақтырмай қалған екен.

Содан бері әншінің жолдасы ешбір бағдарламаға немесе тойға Мәдинамен бірге еріп бармайды.

"Жолдасым бар болғаннан кейін ол анда-санда желіге шығып тұрады, шығу керек сияқты. Өздеріңіз байқаған шығарсыздар, ондайды жақтырмайды. Бірақ бірте-бірте үйреніп келеді", - деді әнші.

"Үйлену тойымыздан кейін Олжас туралы жазыла бастады. Неше түрлі пікірлер айтылады. Олжас оны ұнатпайды", - деген әнші күйеуінің талабымен тойларға да бармайтынын айтты.

"Тойға неге көп бармаймын? Біріншіден концерттерден қолым босамайды, екіншіден жолдасым менің ортамнан әлі де жатырқап жүр", - деді Мәдина.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?