Жасы 77-ге келіп отау құрған кейуана қартайғанда тұрмысқа шығуының себебін айтты
Жасы жетіп, кәрлік келсе де жанұя құрып, жартысын тапқан алматылық кейуана қартайғанда тұрмысқа шығуының себебін айтты деп хабарлайды "Алматы" арнасы.
Алматыдағы ардагерлер үйінде қазір отау құрған алты отбасы бар. Қартайғанда қараусыз қалып, мемлекеттің қамқорлығына келген жерінен жартысын тауып, жанұя құрмақ болған жандар әлеуметтік орталықта әлі де көп.
Қартайғанда қайта шаңырақ құрған апаның бірі - Күлбаран әжей. Жасы 77-ге келген әжейдің жесір қалғанына 20 жылдан асыпты. Өз құрсағынан ұрпақ сүю бұйрмаса да, өзгенің бір ұл, екі қызын асырап, адам қылған.
Бірақ бертін балалары бетімен кетіп, бағусыз қалған қарт осындағы орталықтан пана тапқан. Қазақтың ою-өрнегінен сан түрлі бұйым жасайтын қамкөңіл жан осы орталықтағы ақсақалмен жуырда қайта шаңырақ көтерген.
«Бала шағам жоқ. Балам болса келем бе осында? Қызым болса, сен сияқты ұлым болса, нем бар?! Үйде сол бала-шағамның шәйін қайнатып отырмаймын ба? Шалым бар. Айтып отырмын ғой, шәйді беріп-беріп, осындағы қаланың бір ең жақсы шалын иемденіп алдым» - деді Күлбаран Шәкенова.
Орталық ішінен оңаша отау тігіп, қартайғанда қауқылдасып, қалған ғұмырын бірге өткізбек болған бұндай қариялардың алты отбасы бар осында. Жанұя құрмақ ниетпен жүрген жандар әлі де аз емес дейді осындағы күтушілер.
«Бәрі өмір ғой. Жалғыз отырғанша екі адам сөйлескен жақсы ғой. Бір- бірімізбен әнгімелесіп. Қоқайып отырғаннан екі адам бір-бірін тапқан жақсы деп ойлаймын», - деді Мұқаш Садықов.
Ардагерлер үйі қазір әлеуметтік қызмет көрсеу орталығы болып өзгертілген. Қазір бұл жерде қамқорлыққа алынған 290 адам өмір сүріп жатыр. Тағдырдың түрлі тауқыметін тартып, орталықтан пана тапқан тұрғындарының тұрмысы демалыс орнынан еш кем емес.
Төрт уақыт тамақ, интернет қосылған кітапхана, жаттығу залы, серуендеп, демалатын үш бірдей қысқы бақ бар. Қамқорлыққа алынған адамдардың күтімін 150-ге жуық қызметкер жасайды.
Ал мемлекеттің күтіміне разы қариялар универсиада қонақтарына арнап Алматының символы болған апорт тәріздес кәдесыйлар жасап жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?