file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қанат Исламның келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

Қанат Исламның келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

Кәсіпқой бокста Қазақстанның намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпан күні Нюьарка қаласында өткізетін болды деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы vesti.kz тілшісіне «Nelsons Promotion» промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ісмағамбетов айтты.

"Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 17-ақпан күні Нью-Джерси штатындағы Ньюарка қаласында өтеді. Рой Джонстың қатысуымен өтетін бокс кешінде Ислам 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. Бірақ, бұл кеште Қанат чемпиондық атағын қорғамайды. Отандасымыз чемпиондық атағын тек Қазақстанда қорғаймын деп отыр. Қарсыласының кім болатынын алдағы уақытта хабарлаймыз. Қанат Ислам қазір АҚШ-та. Нельсон Лопездің қол астында жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті", - дейді Ісмағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық басылымдарда Қанат Исламның келесі кездесуін Сауль Альвареспен өткізуі мүмкін деген қауесет шыққан еді. Бірақ мұндай ақпаратты ресейлік бокс маманы Александр Беленький өтірік деп айтса, ал оның әріптесі Григорий Стангрит аталған жекпе-жектің өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық Патрик Аллотейден басым түскен еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?