file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Атышулы Әліби Жұмағұловтың басы тағы да дауға қалды

Атышулы Әліби Жұмағұловтың басы тағы да дауға қалды

Астана тұрғыны полицияға Әліби Жұмағұлов оның ноутбугын қайтармай жүргені туралы шағымданды деді елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова ҚазАқпаратқа берген мәліметінде.

«Биылдың 28 қыркүйегінде қалалық Ішкі істер департаментіне Астананың 26 жастағы азаматшасы Ә. Жұмағұлов есімді танысына қатысты арызданған. Аталған қыздың мәліметінше, Жұмағұлов көлігінде қалып қойған ноутбукты қайтармай жүр екен. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ноутбук иесіне қайтарылды, Есіл ауданы прокуратурасымен келісілгеннен кейін қылмыстық жағдайдың болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды», - деді елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәуірінде Нұрлан Жұмағұлов есімді қала тұрғыны әлеуметтік желілерде ұлы Әлібиді біреулер қатыгездікпен ұрып-соққаны туралы ақпарат таратқан еді.

Анықталғандай, кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің сыбайластарымен бірге Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуы фактісі жұртшылық арасында үлкен шу туғызуымен байланысты оны тексеру барысы Бас прокурор мен ішкі істер министрінің бақылауына алынды. Жамалиев 2015 жылғы 23 сәуірде ұсталды, 24 сәуірде материалдар тұтқынға алу жөніндегі бұлтартпау шараларын таңдау үшін сотқа жіберілді.

2015 жылдың тамызында Жамалиев 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: КТК АРНАСЫНАН КАДР

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?