Неліктен келбетті әрі қалталы еркектер сұрықсыз бойжеткендерді таңдайды?
Неліктен көптеген арулардың арманы боп жүрген ақылды, келбетті әрі қалталы еркектер сұрықсыз бойжеткендерді таңдайды? Бұл сұраққа психолог-ғалымдар life.ru сайтында жауап беріпті.
«Менің таныстарымның арасында да ондай жағдайлар бар. Ер адамдар үшін сұлулық бірінші орында тұрмайды. Әрине, оны басты критерийге жатқызамыз, ондай әдемі қыздарға көңіл аударамыз, бірақ, ол екінші орында. Ал әйел баласына әдемілік маңыздырақ», - дейді психолог- ғалым Дмитрий Новиков.
Психологтың пікірінше, еркектер нәзік жандыларға қарағанда басқаша ойлайды, сондықтан өмірлік серігін мүлде өзге критерий бойынша іздейді. Өйткені ерлер әйелді уақытша немесе ұзақмерзімді қарым-қатынасқа сай деп екіге бөледі. Еркектерді сексуалды тұрғыда қызықтыратын әйелдердің бойында өмірлік жар болатын әйелдік қасиет жоқтың қасы.
Ондай әйелдер жыныстық қатынасқа көп мән береді, қыдырысы көп, ақылы таяздау, аналық мейірімнен жұрдай болып келеді. Сондықтан оларды уақытша көңіл көтеру үшін қарастырады, оны өмірлік жары ретінде көре алмайды. Болашақ жарын таңдау кезінде ерлер үшін бойжеткеннің қандай ана болатыны, достық қабілеті, үй шаруасына икемділігі, мінезінің жайлы болуы маңыздырақ.
Ажарсыз әйелді таңдаудың ар жағында тағы бір себеп болуы мүмкін, ол – патологиялық қызғаныш сезімі. Біріншіден қызғаншақ еркек өз-өзіне сенімді емес, сондықтан әйелін сүйсін-сүймесін, бәрібір қызғанады. Өз-өзін сақтандыру үшін көптің көзіне түсе бермейтін ажарсыз әйелді таңдайды. Кей еркектер үйленіп алған соң, әйеліне ашық киінуге рұқсат бермей тұмшалап тастайды.
Ал психолог Светлана Филатова еркектер өзіне бәсеке бола алмайтын әйелдерді таңдайтынын алға тартады. Ері табыс тауып, ұрпағын жеткізуді өз мойнына алса, әйелі оған қолдау көрсетсе жеткілікті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?