Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді
Қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызынан Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап еткен болатын. Ол жазған хатында “Әйел бақыты” бағдарламасында көтерілген тақырыптардың біріне қатысты өз ойын білдірген-ді. Осыған орай, Ләйлә Сұлтанқызы да өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірер күн бұрын “Әйел бақыты” бағдарламасында жыныс ауыстыру тақырыбы қозғалды. Аталған тақырыпқа қатысты пікір білдіру үшін бағдарламаға жынысын өзгерткен Аруна есімді транссексуал шақырылды. Ол басынан өткен оқиғасын баяндады. Сөз арасында қазақстандық жігіттердің 90%-ының бисексуал екенін айтып өтті. Ардабек Солдатбай есімді журналист мұның тәлім-тәрбиемізге жат екенін айтып, осы тақырыпты ашық көтерген Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етті.
Журналистің айтуынша, Ләйлә Сұлтанқызы мұны “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызының абыройын төгу үшін әдейі жасаған. Ал тележүргізушінің өзі мұндай сыни пікірді дұрыс қабылдаған сыңайлы. Себебі, ол инстаграм парақшасында журналистің бар болғаны өзіндік пікірін білдіргенін айтып жатыр. Тіпті, желі қолданушыларынан өзін жұмыстан шығару мәселесіне қатысты пікір сұрады.
“Мына бір шыққан мақала авторына не қосар едіңіз? Ардабек Солдатбай есімді тілші өз ойын осылай білдірген екен. Осы кезге дейін Үшбуда қоғамда болып жатқан не бір хаттарды оқыған едік. Енді сол кей хат иелерін эфирге шақырып, жұртқа көрсете бастаған едік… Өткен эфир саны жынысын ауыстырған трансвеститті көрсетті. Сайттарда осындай мақалалар қаптап кетіпті. Əлде біз айтпай, көрсетпей, көзді жұмып қойып жүре беруіміз керек пе еді? Сонымен, Ұлттық арна Лəйлə Сұлтанқызын жұмыстан шығарсын ба? Сіз не ойлайсыз, құрметті оқырман?!”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Тележүргізуші тарапынан бірнеше сағат бұрын қойылған сауалға 1000-нан астам адам өз пікірін білдірді. Бірі журналистің сөзін құптаса, енді бірі Ләйлә Сұлтанқызын жақтауды жөн көрген. Арасында бағдарламаның тақырыптарын өзгертуге қатысты ұсыныс-тілектерін білдіріп жатқандар да болды.
“Шындық айтылған жерге “абырой төгілді” деген сөзді қосудың еш қисыны келіп тұрған жоқ. Ұнамаса да қазіргі қоғамда бар жағдайды сөз етті және сөзінің дәлелі ретінде кейіпкерді де алып келді. Ал санасы бар көрермен өзіне не қажет екенін өзі ғана таңдайды. Қажет болса азғындықтан жиіркеніп, ұл-қызына қандай тәлім-тәрбие беріп жүргеніне назар аударады. Неге біз тек жаман ойлаймыз? Ол насихаттап жатқан жоқ. Керісінше қоғамда осы үрдістің бет алып келе жатқанын айтып, сақтандырмақ болды. Жұмыстан шығарғанның өзінде не өзгереді. Бір-біріне мін таққанша, бар күш-жігерлерін мәселені шешуге жұмсаса қайтеді?!”, – дейді желі қолданушысы.
Енді бір желі қолданушысы бағдарламаның жабылуын талап етіп. “Әйел бақыты – қажетсіз бағдарлама. Соңғысы тіптен сорақы болды. Оларға жол ашып, көгілдір экранға шығарғандары қалай? Айгүл деген тіпті өзінің не айтып отырғанын білмейді. Мен мұны насихат деп біліп, оны жұмыстан шығару керек деген бастамамен келісемін”, – дейді Айгүл есімді желі қолданушысы. Әзірге Нұржан Жалауқызының өзіне жазылған хаттан қаншалықты хабардар екені белгісіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?