Ұлттық ойын: Бойға доп дарытпа
«Бойға доп дарытпа» — ойын кең алаңда, мектеп ауласында ойналады. Ойынға жиналғандар алдымен оның мазмұнымен танысып алады. Ойынға кішірек доп пайдаланады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар шеңбер құрып тұрғаннан кейін, екінші топтағылар оның сыртынан 8—10 метр қашықтықта орай қоршап тұрысады. Доп сыртқы топқа беріледі. Допты алған екінші топ мүшелері, ортадағы бірінші топ мүшелерін доппен ұрады. Ал ортадағылардың міндеті — бойларына допты дарытпау. Доп тиген ойыншыны сыртқы топ өз қатарларына қосып ала береді. Шеңбер ішіндегілерге доп түгел тиіп болғаннан кейін, енді олар шеңбер сыртында тұрған командамен орын ауыстырып, оны ортаға алады. Сөйтіп, бұл топтағы ойыншылар да алдыңғы топ орындаған барлық талаптарды орындайды. Ойын қайталанып жалғаса береді. Бұл ойын — ойынға қатынасушыларды дәлділікке, айла-амал қолдануға, сезімталдыққа баулиды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?