Гүлшара
Гүлшара есімінің мағынасы - "гүл" және "шара" деген қос түбірден тұрады. Гүлдің қандай мағына беретіні баршаға мәлім болса, "шара" сөзі парсы "Сара" сөзінен шықса керек. Оның мағынасы "пәк, бекзат".
Гүлшара есімінің мағынасы - "гүл" және "шара" деген қос түбірден тұрады. Гүлдің қандай мағына беретіні баршаға мәлім болса, "шара" сөзі парсы "Сара" сөзінен шықса керек. Оның мағынасы "пәк, бекзат".
Иманғали есімінің мағынасы - "Иман" араб сөзі, ол "Аллаға сену" мағынасын береді, ал "ғали" сөзінің мағынасы "асқақ, еңселі".
Айтөре есімінің мағынасы - "ай" мен "төре" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында төредей сыйлы болсын деген ниетпен қойылады. Төре – толық мағынасы «Төрдің иесі» деген екі біріккен сөзден тұрады.
Омар есімінің мағынасы – «өмір сүретін, өмірі ұзақ»; Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) ең жақын сахабасының есімі.
Амир есімінің мағынасы – араб тілінен аударғанда "билеуші", "әкім" деген мағына береді. Бұл ат, көбіне әйгілі билеуші Әмір Темірдің құрметіне беріледі.
Али есімінің мағынасы – "әли" араб тілінен аударғанда зор, заңғар, биік деген мағына береді.
Нұрмұхаммед есімінің мағынасы - Арабша нур (نور) сөзі «жарық» деген мағына береді.Қазақша нұр «жарық»,«жарқыраған»,«күн сәулесі».Ал Мұхамед-деген Пайғамбардың (с.с.а) аты екенін баршамызға белгілі,оның мағынасы жан-жағындағылар мақтап жүретін, үлгі боларлықтай, енді барлығы мақтап жүреді деген мағынаны білдіреді.
Қасым-Жомарт есімінің мағынасы - Қасым сөзі араб тілінен аударғанда "әдемі, сұлу" мағынасын береді. Жомарт есімі "дарқан және бекзат" мағыналарын біреді.
Ақжол есімінің мағынасы - өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.
Нұртілеу есімінің мағынасы - Арабша нур (نور) сөзі «жарық» деген мағына береді.Қазақша нұр «жарық»,«жарқыраған»,«күн сәулесі».Ал тілеу сөзі «ниет», «намаз», «өтінемін» дегенді білдіреді.