Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ә әрпі бойынша ат қою)

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ә әрпі бойынша ат қою)

ӘБДУӘЛИ - араб тілінен алынған уали — әкім, әмір, басқарушы, үкімет уәкілі.

ӘБДІ - араб тілінен алынған — мәңгі, шексіз.

ӘБДІБАЙ - араб тілінен алынған ғабд + қазақ сөзі бай. Яғни мәңгі бай.

ӘБДІБАҚИ - араб тілінен алынған ғабди + бахи - мәңгі, мәңгілік, яғни мәңгі жасаушы, ұзақ өмір сүруші пенде, адам.

ӘБДІБАҚИТ - араб тілінен алынған ғабд + бахит - бақыт. Мәңгі бақытты деген мағынаны береді.

ӘБДІБЕК - араб тілінен алынған ғабд + қазақ сөзі бек, яғни қашанда күшті, мыкты, берік.

ӘБДІҒАЗИЗ - араб тілінен алынған ғабд + ғазиз — қадірлі, қымбатты.

ӘБДІҒАЛИ - араб тілінен алынған ғабд + ғали — қымбатты, қадірлі, сүйікті, яғни аса қымбатты, қадірлі, артық, қашанда сүйікті, сүйкімді. Еркелете қысқарту тұлғасы — Әбдеш, Әбікен.

ӘБДІҒАППАР - араб тілінен алынған ғабд + ғаффар — кешіруші. Кешірімді әміршінің, жаратушының құлы.

ӘБДІҒОЖА - араб тілінен алынған ходжа — мырза, мұғалім үйретуші ие.

ӘБДІЖАППАР - араб тілінен алынған джәббар — құдіретті, күшті.

ӘБДІЖӘМІЛ - араб тілінен алынған ғабд + жамил - сұлу, өте әдемі, сүйкімді; қайырымды ақкөңіл, сыпайы.

ӘБДІКӘРІМ - араб тілінен алынған ғабд + карим — қолы ашық, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді, әдемі.

ӘБДІҚАДЫР - араб тілінен алынған ғабд + қадир құдіретті, артықшылық, лайықты, басымдылық деген мағынаны білдіреді.

ӘБДІҚАЙЫМ - араб тілінен алынған ғабд + каим, мәңгі өмір сүретін, мәңгілік.

ӘБДІҚАИЫР - араб тілінен алынған ғабд + каир — жақсы, мейірман, мейірімді, жақсылық қылушы, қайырымдылық жасаушы.

ӘБДІХАЛЫҚ - араб тілінен алынған ғабд + халық, жұрт, қауым, ел, халықтың, елдің қызметшісі.

ӘБДІМӘЖИТ - араб тілінен алынған ғабд + мажит — күшті, атақты, даңқты. Атақтылардың, даңқтылардың қызметшісі.

ӘБДІМАНАП - араб тілінен алынған ғабд + манап - ақсүйек, асылзада. Қысқартып еркелетіп айтылатын түрі — Әбдеш.

ӘБДІМӘЛІК - араб тілінен алынған ғабд + малик — патша. Патшаның қызметшісі.

ӘБДІНАСЫР - араб тілінен алынған ғабд + насыр жәрдем беруші, жеңімпаз.

ӘБДІНҰР - араб тілінен алынған - мәңгі жайнап, жасарып тұрушы.

ӘБДІРАҚЫМ - араб тілінен алынған рахим — қайырымды, мейірімді, рақымды, мейрімділікті, рақымы түсушіліктің құлы. Қысқарған түрі — Әбдірақ.

ӘБДІРАХМАН - араб тілінен алынған рахман — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Мейірімділіктің құлы. Қысқартылып Әбдірақ, Әбіш деп айтылады.

ӘБДІРАШИД - араб тілінен алынған рашид — саналы, ақылды, парасатты.

ӘБДІРӘСІЛ - араб тілінен алынған расул — елші, уәкіл, хабаршы. Синонимдері — Абдрасіл, Әбдрасыл.

ӘБДІРЗАҚ - араб тілінен алынған рәззак — өмірге ризық беруші. Синонимдері — Әбдіразақ, Әбдіраззақ.

ӘБДІСАМАТ - араб тілінен алынған самад — мәнгі, тұрақты, яғни мәңгі өмір сүруші. Синонимі — Әбсамат.

ӘБДІСАЛАМ - араб тілінен алынған сәлам — бейбітшілік, тыныштық. Тыныштықты, бейбітшілікті жақтаушы. Синонимі — Әбсалам.

ӘБДІСАТТАР - араб тілінен алынған сәттар — кешірімшіл, корғаушы; қорғау, қорған болу.

ӘБДІСЕЙІТ - араб тілінен алынған сейидь, — мырза, бастық, қожа, яғни, мырзаның пендесі, орындаушысы деген мағынаны білдіреді. Түрлері — Әбдулсейіт, Әбсейт, Әбусейіт, Әбшейіт.

ӘБДІХАЛЫҚ - араб тілінен алынған хәлк — жаратушы, жасаушы; халық, жұрт, яғни халыққа қызмет етуші.

ӘБДІХАМИТ - араб тілінен алынған хамид — мақтаулы, мақтауға лайық.

ӘБДІШҮКІР - араб тілінен алынған шукран — құрметтеу, сыйлау, алғыс айту, мақтау, мадақтау.

ӘБЕТ - араб тілінен алынған абад — мәңгілік, шексіздік, ұзақ өмір сүруші деген мағынаны береді.

ӘБУ - араб тілінен алынған абу — әке.

ӘБУБӘКІР - араб тілінен алынған абу — әке + бикер — тұңғыш; кіршіксіз пәк, таза. Тұңғыштың әкесі деген мағынаны береді.

ӘБУҒАЛИ - араб тілінен алынған абу — әке + ғали биік, жоғары, зор.

ӘБУҒАЛЫМ - араб тілінен алынған абу - әке + ғалим — оқымысты, ғұлама. Көп білетін білімді деген мағынаны білдіреді.

ӘБУНАСЫР - араб тілінен алынған абу - әке + наср — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз.

ӘБУСАДЫҚ - араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық.

ӘБУТӘЛІП - араб тілінен алынған абу — әке + талиб — білім іздеуші; сұраушы; студент.

ӘБІЛ - арабтың әбу — әке деген мағынаны білдіретін сөзінің сөйлеу тілдегі айтылу формасы. Бұл сөз біріккен тұлғалы кісі аттарының сыңары ретінде жиі кездеседі. Мысалы: Әбілғазы, Әбілманап, Әбілтай, т. б.

ӘБІЛҒАЗИЗ - араб тілінен алынған ғазиз — күшті; сирек, бағалы; суйкімді, сыпайы, қадірлі.

ӘБІЛҒАЗЫ - араб тілінен алынған ғази — жауынгер, әскер.

ӘБІЛҚАЙЫМ - араб тілінен алынған кәю — мәңгілік өмір сұруші.

ӘБІЛҚАЙЫР - араб тілінен алынған хаир - мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы.

ӘБІЛПЕЙІЗ - араб тілінен алынған фәйз — асыптасу, молшылық; жомарттық байлық; жеңуші, жеңімпаз. Жомарттықтың атасы деген мағына береді.

ӘБІЛҚАН – қазақ тілінде хан — әмірші. Әміршінің әкесі деген мағына береді.

ӘДИ - араб тілінен алынған ады — басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы.

ӘДІЛ - араб тілінен алынған ғадил — әділдік, шыншылдық, ақиқаттық, дұрыстық. Біріккен тұлғалы есімдер — Әділбай, Әділбек, Әділғазы, Әділхан, Әділжан, Жанәділ, Бекаділ, Нұрәділ, Жүмәділ, т. б.

ӘБІЛҚАСЫМ - араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі.

ӘЖІБАЙ - көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.

ӘЗЕЛ - араб тілінен алынған азил — мәнгілік, өмірлік.

ӘЗЕРБАЙ - иран тілінен алынған азер — от + қазақ сөзі бай, яғни батыл, ер жүрек адам.

ӘЗІЗ - араб тілінен алынған азизъ — қадірлі, қымбатты, құрметті, сүйкімді, аяулы, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзізбай, Әзізбек, Әзізқан, Әзізғали, Әзізғожа, Әзізәли, Әзізжан, Әзізсейіт. Еркелете қысқартып айту тұлғалары Әзізтай, Әзтай, Әзкен, Әзкеш. Түрлері — Ғазиз, Ғазис.

ӘЗІЛХАН - көне түркі тілінен келген азілу — мұрагерлік, рулық, тайпалық + хан.

ӘЗІМ - араб тілінен алынған азимь — ұлы, үлкен атақты; күш, қуат, құдірет. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзімбай, Әзімхан, Әзімжан.

ӘКПАР - араб тілінен алынған акбар — ұлы, өте үлкен, зор, құрметгі.

ӘКРАМ - араб тілінен алынған әкремь — құрметті, сыйлы, мархабатты, мейірімді, нағыз мырза. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкрамбай, Әкрамбек.

ӘКІМ - араб тілінен алынған хаким — дана, данышпан, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкімбай, Әкімбек, Әкімғожа, Әкімжан, Әкімнұр, Әкімтай, Әкімхан.

ӘЛҒАЗЫ - араб тілінен алынған әлқаузын — жаугер, шерік, қосын.

ӘЛИ - араб тілінен алынған ғали — биік, аса зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Әлиайдар, Әлиасқар, Әлиахмет, Әлихан, Әлиақпар. Синонимдері — Ғали, Қали, Әлі.

ӘЛИАЙДАР - араб тілінен алынған ғали , хәйдәр - арыстан, яғни арыстандай күшті, қайратты Әли. Қыскартылып айтылатын түрі — Әлкей.

ӘЛИАСҚАР - араб тілінен алынған ғали — асқар, яғни құдіретті Әли деген мағына береді.

ӘЛІНҰР - араб тілінен алынған ғали + нур — көркі, ажары артық, әдемі деген мағынаны білдіреді.

ӘЛІБИ - араб тілінен алынған ғали + қазақ тілінен алынған би. Жоғары мәртебелі би деген мағыналы есім.

ӘЛІМ - араб тілінен алынған ғалым — білімді, білгір, дана; оқымысты, ғалым. Біріккен тұлғалы есімдер Әлімбай, Әлімбек, Әлімжан, Әлімқұл, Әлімхан т. б. Түрі — Ғалым.

ӘЛІШЕР - араб тілінен алынған ғали — жоғары, биік + шер — арыстан.

ӘМЕТ - араб тілінен алынған — мерзім, шек.

ӘМИН - араб тілінен алынған — адал, сенімді; кауіпсіз, игілікті.

ӘМІР - араб тілінен алынған — әкім, бастық; нұсқау. Біріккен тұлғалы есімдер - Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай. Синонимі — Міртай.

ӘМІРБЕК – көне түркі тілінен келген, дос, сүйікті жолдас. Біріккен тұлғалы есім — Әміржан.

ӘНЕС - араб тілінен алынған — анис — дос.

ӘНУАР - арабтың нұр сөзінің көпше түрі. Мағынасы — нұрлы, ең жақсы, жарық, жарқыраған. Біріккен тұлғалы есімдер — Әнуарбек, Әнуархан.

ӘПСАЛАМ - араб тілінен алынған гәфф + салам - қайырлы, бейбітшілік, тыныштық.

ӘПСАМАТ - араб тілінен алынған гәфф + сәмәд - ізгілікті, мәңгілікті.

ӘРІП - араб тілінен алынған әриб - қабілетті, білетін, білгір, түсінетін; дана, данышпан. Біріккен тұлғалы есімдер — Әріпбай, Әріпжан, Әріпқан.

ӘСЕР - араб тілінен алынған асир - әсер; ықпал; ескерткіш, белгі.

ӘСЕТ - араб тілінен алынған асад - арыстан; жылдың бесінші айына тән. Зодиак белгісі. Синонимдері — Арыстан, Хайдар, Шер.

ӘСКЕР - араб тілінен алынған гаскер — әскер, қосын, жауынгер. Түрлері - Әшкер, Ләшкер. Біріккен тұлғалы есім - Әскербек.

ӘУЕЗ - араб тілінен алынған ауыз - дауыс, дыбыс, үн. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуезбай, Әуезбек, Әуезқан.

ӘУЕЛ - араб тілінен алынған ауел — алғашқы, бастапқы, бірінші. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуелбай, Әуелбек, Әуелхан.

ӘШЕКЕЙ – қазақ есімі, әдемі ою-ернек, нақыс.

ӘШІМ - араб тілінен алынған — қадірлі, құрметті.

ӘШІМБАЙ - араб тілінен алынған хәшим + қазақ сөзі бай. Құрметті, қадірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ӘШІМХАН - араб тілінен алынған хәшим + хан. Құрметті, қадірлі, мәртебесі биік адам болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.

ӘШІР - араб тілінен алынған ғашир — оныншы; мукарам айының оныншы күні туылған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Әшірбай, Әшірбек, Әшірәлі және т. б.

АРАБ ТЕКТІ МҰСЫЛМАНША АТ ҚОЮ
(қазақыланған нұсқасы)


Әбдуәли – «Әл-Уәлидің», яғни Өкілдің құлы».
Әбді – Абду.
Әбдіғаппар – «Әл-Ғаффардың», яғни Аса кешірімдінің
құлы».
Әбдіжаббар – «Әл-Жаббардың», яғни Өктемнің құлы».
Әбдіжәлил – «Әл-Жәлилдің», яғни Даңқтының құлы».
Әбдіжәмил – «Әл-Жәмилдің», яғни Көркемнің құлы».
Әбдік – Абдулла.
Әбдікәміл – «Әл-Кәмилдің», яғни Кемелдік иесінің құлы».
Әбділда – Абдулла.
Әбдімәжит – «Әл-Мәжидтің», яғни Аса даңқтының құлы».
Әбдімәлік – «Әл-Мәликтің», яғни Әлемдердің Патшасының құлы».
Әбдінұр – «Ән-Нурдың», яғни Нұр немесе Нұрландырушының құлы».
Әбдіразақ – «Ар-Раззақтың», яғни Ризықтандырушының құлы».
Әбдірахман – «Ар-Рахманның», яғни Аса рахымдының құлы».
Әбдірахым – «Ар-Рахимнің, яғни Ерекше Мейірімдінің құлы».
Әбдірашит – «Ар-Рашидтің, яғни Туралыққа Нұсқаушының құлы».
Әбдісабур – «Ас-Сабурдың, яғни Аса төзімдінің құлы».
Әбдісалам – «Әс-Сәләмнің, яғни Бейбітшілдің құлы».
Әбдісамат – «Ас-Самадтың, яғни Мәңгі, Мұқтажсыздың құлы».
Әбдішүкір – «Әш-Шәкурдің, яғни Алғыс айтушы,
жақсылықтың қарымтасын қайтарушының құлы».
Әбдіхамит – «Әл-Хамидтің, яғни Мақтаулының құлы».
Әби – «әке» (ілік септігіндегі формасы).
Әбласан (Әбу-л-Хасан) – «Хасанның әкесі».
Әбсаттар (Абду-с-Саттар) – «Ас-Саттардың, яғни күнәні
Жасырушының құлы».
Әбу – «әке» (атау септігіндегі формасы).
Әбу Әли – «Әлидің әкесі».
Әбу Ханифа – «Ханифаның әкесі», ұлық имамның куния есімі.
Әбубәкір – «Бәкірдің әкесі», Пайғамбарға (с.а.с.) ең жақын
сахабаның куния есімі.
Әбунасыр – «Насырдың әкесі», қазақ жерінен шыққан ұлы
ғұлама әл-Фарабидің есімі.
Әбурайхан – «Райханның әкесі», атақты ғұлама Бирунидің есімі.
Әбутәліп – «Тәліптің әкесі», Пайғамбар (с.а.с.) көкесінің есімі.
Әбілғазы, Әбілаз (Абулғази) – «күрескер, жеңімпаз».
Әбілда – Абдулла.
Әбілмансұр – «Мансұрдың әкесі», қазақ ханының аты.
Әбілхайыр – «Қайырдың әкесі»; «аса жомарт», қазақ
ханының аты.
Әділ – «әділ, әділетті, шыншыл».
Әжімұрат – Қажы+Мұрат.
Әзиз – «қымбатты, қадірлі».
Әзім – Азим.
Әзірет – «мырза», «тақсыр» – мұсылман ғалымдары мен қадірлі тұлғаларға айтылатын қаратпа сөз.
Әкім – Хаким.
Әли – Али.
Әлиф – Алиф.
Әлихан – Әли+Хан.
Әлімжан – әлім – ғалым + жан.
Әлішер – Әли+Шер.
Әмзе – Хамза.
Әмин – «сенімді, тұрақты».
Әмір – «әмірші, бұйырушы».
Әнес – «қуаныш, шаттық»; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының аты.
Әнуар – Ануар.
Әріп – Ариф; «әріп».
Әсен – Хасан.
Әсет – Асад – «арыстан».
Әскер – «әскер, жауынгер».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?