Қазіргі заманғы ер бала есімдері
Балаға есім беру аса жауапкершілікті іс екені сөзсіз. Психолог мамандардың айтуынша, жақсы есім баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып отырған жөн. Сонда ізгі қасиеттер баланың бойына да даритын болады.
Әр жаңа жыл сайын жаңа туған нәрестеге жаңа, ерекше есім қоюға талпынады.
Сол себепті zharar.com ақпараттық-порталы биылғы 2020 жылға ұл балаға қойылатын ерекше есімдерді анықтап көрді.
Әлихан – араб тілінен енген ғали мен ханның қосындысы. Ғали "әлидің" синонимі, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.
Айсұлтан – "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім".
Нұрислам – "нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған.
Әмір, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.
Әлинұр – "әли" мен "нұр" сөздерінен жасалған есім. Әли, араб тілінен – аса, зор, заңғар; Нұр – жарық, сәуле.
Ерасыл – аса аяулы, нағыз батыр.
Әли – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.
Рамазан – араб тілінен рамадан – күйдіруші, жандырушы. Араб елдерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер қойылған.
Санжар — көне түркі тіліндегі Саншора есімінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Көне түркі, қазақ тілінде сан – "он мың", "шора – ер, батыр" деген мағыналарды білдіретінін ескерсек, "бір өзі он мың қолға тең ер, батыр" мәнінде қойылған есім екенін байқаймыз. Ғасырлар бойы айтыла келе, Саншора-Саншор-Саншар-Санжар болып өзгерген. Тағы бір мағынасы – бұзып өтуші.
Мирас — араб тілінен мұра, артта қалатын көз, тұяқ.
Арсен, Арсений – көне грек тілінен "арсениос" – батыл, ержүрек деген мағына береді.
Нұрасыл – "нұр" мен "асыл" сөздерінің қосындысы. Асыл – араб тілінен алынған әсил – 1) негіз, түбір, түп нұсқа; 2) шынайы, нағыз; 3) қымбатты, ардақты.
Ислам – түп-тамыры "салима", "юслиму", "ислам" яғни, бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады, ол Алла тағаланың "әс-Сәләм" деген көркем есімімен сабақтас. Ал шариғаттағы мағынасы – толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа жалған құдайларға табынбау.
Алдияр, араб-иран. аллайар – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.
Расул, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.
Артем, грек тілінен "артемес" – аман, аурусыз, сау.
Мансұр, араб тілінен – 1) жеңімпаз, жеңіске жетуші. 2) құдіретті.
Диас – испан тілінен – күн, күндіз. Испания көтерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас құрметіне 1936 жылы қойылған есім.
Дамир — түрік тілінде темірді осылай атайды. Мұндай есім қойғандағы ниет "темірдей мықты болсын" дегеннен туса керек. Тағы бір мағынасы – ар, ождан. Дамир есімді азаматтар іскер келеді, ерік-жігері мықты. Жақтастары көп.
Дінмұхаммед – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед – "аса мақтаулы, мақтауға лайық".
Қазақи есімдердің мәні мен мағынасы:
Абай — қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.
Ағабек — көне түркі тілінен алынған аға+бек. жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.
Ағын — ағыны қатты, лек, екпін.
Адай — балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.
Адырбай — адыр, биік, дөң, қыр+бай.
Ажарбек — ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті+бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.
Айәділ — ай+араб тілінен – әділ. Әділ, адал, шыншыл.
Айбала — ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.
Айбар — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.
Айбас — ай+бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.
Айбат — айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
Айбек — ай+бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.
Айбол — ай+бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.
Айболат — ай+болат – болады — менің айым болады.
Айбын — мағынасы айбар, айбат, батылдық.
Айғали — ай+араб тілінен – ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.
Айдан — ай+дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
Айдар — балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай-ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.
Айдархан — айдар, араб сөзі – хайдар + қазақ сөзі – хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.
Айдос — айдың досы.
Айдын — айбат, айбын, каһар, күш-қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім – Айдынғали.
Айжас — ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
Айқын — әйгілі, белгілі, нақты.
Аймағамбет — ай+араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
Аймақ — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.
Аймұрат — араб сөзі морад – мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.
Айнабек — біріккен қазақ сөздері айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.
Айсауыт — ай және сауыт қазақ сөздерінен біріккен көне есім. Айдай айқын, ай сияқты жарқырап мәңгі тұрсын деген тілекпен қойылған.
Айсүгір — ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.
Айтан — қазақ сөздернен біріккен ай+тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.
Айтуар — қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.
Айтуған — ай туған мезгілде дүниеге келген балаға осылай ат берілген.
Айшуақ — ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ақболат — ақ+иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
Ақеділ — өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.
Аққозы — қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.
Ақпанбет — ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.
Ақтаң — ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.
Ақылбек — ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ақынжан — бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.
Алдан — бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім; баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.
Алпамыс — алып — қазақ тілінде дәу, дөкей, зор. Мамыш — батыр.
Алтынбек — қазақ сөздері алтын+бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
Аңсаған — сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.
Арқат — күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.
Арын — қарқын, екпін, жігер. біріккен тұлғалар — арынбай, арынбек.
Ақбай — ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.
Ақболат — ақ+иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
Ақбота — Бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.
Ақеділ — өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.
Ақжол — өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.
Ақзия — ақ және араб тілінен алынған зия – жарық, сәуле, арай.
Аққал — ақ және тәжік тілінен алынған хол – бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.
Аққожа — ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тіліненХоджа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.
Аққозы — қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.
Ақпанбет — ақпан-февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.
Ақсұлтан — есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.
Ақтамақ — бейнелеу түрінде қойылған есім.
Ақтаң — ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.
Ақтілек — бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.
Ақылбек — ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ақын — иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы, жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.
Ақынжан — бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.
Алай — отряд, бөлім, рота, батальон, полк.
Алау — шымқай қызыл түс.
Алға — баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген тілекпен берілген есім. Алғатай деген де есім бар.
Алғыр — өжет, ержүрек.
Алдан — бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім; баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.
Алдар — қу, айлакер. Бұл — халық ауыз әдебиетіндегі айлакер кейіпкер Алдар көсенің есімі.
Алқа — Асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.
Алпамыс — алып — қазақ тілінде дәу, дөкей, зор. Мамыш — батыр.
Алпар — алып — батыр, ар — ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі.
Алпысбай — бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.
Алтыбай — саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.
Алтынбек — алтын+бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
Алтынсары — қазақ сөздері алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған есім.
Аман — сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.
Аңсаған — қазақ тілінен алынған сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.
Аңсар — сағынатын, зарығатын.
Аппақ — аса ақ, әппақ, саф таза, кіршіксіз.
Аралбай — Арал теңізі жағасында туған балаға берілген есім.
Арбек — ар-ұяты күшті, намысы бар деген мағынасы бар.
Арбол — Отаныңның, ата- анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.
Ардақ — құрмет, қадір.
Арқат — қазақ тілінен алынған күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.
Арна — бір адамға бағыштау, арнайы қою.
Артық — бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. біріккен тұлғалар — артықбай, артыққали.
Арын — қарқын, екпін, жігер. біріккен тұлғалар — арынбай, арынбек.
Арындық — қарқындылық, екпінділік, жігерлілік.
Арысбай — Арыс өзені атынан қойылған есім.
Арыстан — қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.
Асылжан — асыл және жан сөздерінен – мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.
Атамұрат — атанын мұраты, мақсаты.
Әбілқан — хан — әмірші. әміршінің әкесі деген мағына береді.
Әжібай — көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.
Бағлан — қазақ тілінен – ерте туып, жетілген қозы. Ауыспалы мағына – жайнаған жас.
Бай — бұл сөз түркі халықтары тілінде мал-дүниесі мол, ауқатты, әлді адам деген мағынаны білдіреді.
Байарыстан — арыстан сияқты батыл, ер жүрек балаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Байахмет — қазақтың сөзі бай + араб сөзі – ахмет. Мақтауға лайық.
Байбақты — дүниеге, өмірге бай адам, ер бала келеді деп күтті, үміттенді деген мағыналы есім.
Байбарыс, бейбарыс — бұл түрікмен, татар, қазақ, қырғыз тілдердегі ескі есім. Барыс ертедегі түркілердің жыл санауындағы үшінші жыл аты, сол жылы туған балаға осындай ат қойылған.
Байбек — бала мықты, бай болсын деген тілекпен қойылған.
Байбол — бала ауқатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Байболды — мұндай есім, әдетте, көп балалы үйдін баласына қойылып отырған.
Байбөрі — көне түркі тілінен келген бөрі-қасқыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Бөрібай, Қасқырбай.
Байғали — қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғали — биік, жоғары. Өте бай адам деген мағынаны білдіреді.
Байғани — қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғани — дәулетті, ауқатты, адам.
Байғожа — қазақ тілінен алынған бай + иран сөзі ходжа – қожайын, мырза, ұстаз.
Байжан — қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған джон, үйде бала көп бөлсын, адам саны көбейсін, өсе берсін деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Жанбай.
Байқошқар — бала ұрпаққа бай болсын деген тілекпен қойылғаны аңғарылады.
Байқұтты — бақытты бай деген мағынаны білдіретін есім. Түрі — Құттыбай.
Баймағамбет — қазақ тілінен алынған бай + иран тілінен алынған мағамбет. Атақты, даңқты, атағы жайылған. Еркелетіп айту тұлғалары — Байкен, Бәкен, Байкеш.
Байман — қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған ман — адам, кісі, яғни бай адам, дәулетті кісі. Түрлері — Баймен, Бәймен.
Байсал — сабырлылық, тыныштық, табандылық.
Байсан — біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай.
Байсерке — бай + серке, түрі — Серкебай.
Байтақ — ұшы-қиыры жоқ кең, шексіз; шамадан тыс көп, өте мол.
Байтас — адам өміріндегі бақыт пен байлық тастай берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
Байтемір — баланың өміріндегі байлығы мен бақыты темірдей мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
Байту — бала бай боп туды, өмірге бай боп келді деген мағынада қойылған есім.
Байтұр — бақытты өмір сүр, өмірінде молшылық-береке болсын деген тілекпен қойылған есім.
Балғабек — балға + бек, бала балғадай мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
Балқы — елжіреу, насаттану. біріккен тұлғалы түрі — балқыбек.
Балта — бала өткір, қайтпас-қайсар батыл, мықты болсын деген ниетпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Балтабай,
Баржақсы — барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.
Барлыбай — қазақтың сөзі бар, үлкен, зор + қосымша лы + бай; дәулетті, бай адам.
Барыс — жолбарыс тұқымдас жыртқыш аң; көне, он екі мүшел жыл атынын үшінші аты.
Бастаубай — бастау + бай, бастаудай мөп-мөлдір, таза адам боп өссін деген тілекпен қойылған есім.
Басым — күші, білімі басқадан артық, мол, басым болсын деп қойылған есім.
Батсайы — жолақты жібек мата.
Батыр — қазақ тілінен алынған каһарман – батыл, ер жүрек.
Батырбек — батыр + бек, мықты, күшті батыр. Түрі — Бекбатыр.
Батырқан — әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.
Батырлан — өжеттену, ер жүректене түсу.
Баубек — өмір-жасы ұзақ, өмірлі болсын, табанды жігіт болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Бекбау.
Бауыржан — ағайынға, туған-туысқа жан-тәнімен берілсін, жанындай жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім.
Баян — көне түркі, моңғол тілдеріне ортақ «мықты», «зор», «бай» мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.
Баянды — тұрақты, табанды.
Бегайдар — қазақтың сөздерден бек — мықты, күшті + айдар — балалардың төбесіне қөйылатын бір шөк шаш. Араб тілінен алынған айдар — хайдар — арыстан деген сөзінің өзгерген түрі.
Бегеш — көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген мағынада айтылған.
Беделбай — даңққа, атаққа, абыройға бай деген мағынаны береді.
Бекей — бекем бол, мықты бол.
Бекжасар — бала ұзақ өмір сүрсін, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Көпжасар.
Бекін — мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.
Бекболат — бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір-жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.
Беккелді — өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.
Беклан — бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.
Бекнар — бек — өте, әсіре + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.
Бексұлтан — қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.
Бектемір — бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
Бектеміс — бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.
Бектен — мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.
Бектілеу — қазақ тілінен алынған бек – өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.
Бектұр — бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.
Бектұрған — бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.
Бектұрсын — бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
Беласар — тірек, күш.
Беласыл — ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.
Белберді — бел+берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.
Белгібай — белгі – көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.
Белес — асу, шоқы.
Берген — ер бала туды деген мағынадағы есім.
Берден — бер+қосымша ден.
Берді — сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.
Береке — ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.
Берен — асыл құрыш.
Бержан — бер + жан – жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.
Берік — мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.
Беркін — берік, мықты бол сөзінін қысқаша тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.
Бернар — бер+нар – күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.
Бесбай — балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.
Бибатыр — қазақ тілінен алынған би+батыр.
Бидайбек — бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.
Бижан — билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.
Биржан — атақты біржан салдың құрметіне жиі қойылатын есім. мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.
Боздақ — жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.
Болатжан — болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.
Болатқожа — мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.
Болған — кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.
Болғанбай — кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.
Болсынбек — құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
Боран — бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.
Боранғазы — ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.
Бөжей — дана, данышпан.
Бөлебай — туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.
Бүркіт — бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.
Бұғыбай — бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Бұлабай — бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі —Еркебай.
Бұланбай — қазақ тілінен алынған бүлан — бұғы тектес аң.
Бұлдыбай — дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Бұлқыш — есімнің түбірі бұлқы-жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.
Дабыл — ұран, даңқ.
Дабыс — атақ, даңқ, дауыс, үн.
Дайрабай — дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.
Дайын — әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.
Дамыл — тыныштық, бейбітшілік.
Дандай — ұлы, зор.
Дара — қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
Дарас — жеке, айрықша
Дарын — қазақ тілінен — талант, кабілет.
Дәлбек — бектің, мықтының нағыз деген мағыналы есім.
Дәубек — үлкен, күшті деген мағыналы есім.
Дәуірбек — өз заманының, дәуірінің мықтысы деген мәндегі есім.
Дәулен — үлкен болу, есею. Біріккен тұлғалы есім — Дәуленхан.
Дәулетбай — дәулетті, ауқатты.
Демеу — қазақ тілінен алынған қолдау, сүйеу, көмек көрсету.
Додан — үлкен, зор.
Досбай — досқа кең, бай адам деген мағынада.
Досжан — адал, таза адам.
Досым — жан серігім, жолдасым.
Досымжан — менің жан досым деген мағынадағы есім.
Дубай — атақ-данқы ассын деген тілекпен қойылған есім.
Дудар — бұйра шаш; шашы бұйра балаларға осындай есім қойылған.
Думан — бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.
Егізбай — бұндай есімдер егіз туган балаларға қойылып отырған. Синонимі — Қосжан.
Егізбек — егіз туған балаға қойылатын есім.
Еламан — ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған. Синонимдері — Тыныштық, Бейбіт.
Елбар — елге, халыққа қызмет етуге әрдайым бар, дайын деген мағыналы есім.
Елбас — халқына, еліне басшы болсын деген тілекпен қойылған есім.
Елбек — елдің мықтысы, өз халқының каһарман ұлы.
Елдар — елін, Отанын сүйетін отаншыл.
Елдес — елі, жері бір деген мағыналы есім.
Елдос — елдің, халықтың досы, елін сүюші.
Елебай — бала елеулі, жұрт аузында атақ-даңқы шығып жүретін кісі болсын деген мағынада қойылған есім. Түрі — Еле- бек.
Елен — құрмет-сыйға бөлену.
Елеу — ескеру, көңіл бөлу, назар аудару; құрметтеу, сыйлау.
Елеубай — құрметті, сыйлы, жұрт назары түскен азамат.
Елжан — елдің, халықтың жаны, мақтанышы.
Елжар — елдің досы.
Елжас — елдің үмітін ақтайтын жас деген мағынаны білдіреді.
Елжасар — елі, жұрты арасында ұзақ өмір сүреді деген мағыналы есім.
Елібай — елі сияқты бай болсын деген мәндегі есім.
Елқам — елдің мұң-мұқтажын, қамын ойлайтын азамат болсын.
Елмұрат — елдің мұрат-мақсатын орындауға үлес қосатын азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.
Елназар — елдің ықылас, назарына ілінген азамат болсын деген мәндегі есім.
Елнар — елдің сұйікті ер азаматы болсын деген мағыналы есім.
Елнұр — елдің нұры.
Елтоқ — елдің көңілі тояр азамат болсын деген тілекпен қойылған.
Елшібай — ел хабаршысы, жаршысы, ел арасындағы тыныштық сақтаушы. Синонимі — Елшібек.
Еңсебек — ой-өрісі кең, рухани бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ералы — аса батыл, асқан жүректі батыр.
Ерасыл — аса аяулы, нағыз батыр.
Ербай — нағыз батыл, ер жүрек адам.
Ербала — батыл, ер жүрек бала.
Ербатыр — ер жүрек батыл адам, нағыз батыр.
Ербек — мықты, күшті, батыр адам.
Ербол — бала батыр, өжет болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ерболат — бала батыл, өжет, батыр болады деген тілекпен қойылған.
Ербосын, Ерболсын — бала батыр, қаһарман, ержүрек болсын деген тілекпен қойылған.
Ербота — баланы ботаға балап қойылған есім.
Ергеш — алдыңғылардың соңынан еруші, ізін басушы.
Ерден — батыр, ер. Моңғол тілінен алынған эрдэнэ — қымбат зат. Біріккен тұлғалы есімдер — Ерденбай, Ерденбек, Ерденғали.
Ерденай — ай тұлғалы батыр.
Ерен — асқан, ерекше, айрықша.
Ержан — батыл, өжет адам, батыр кісі.
Ержігіт — ержүрек, батыл жігіт, азамат.
Ерік — толық еркіндік, бостандық.
Ерімбет — сенімді, мықты батырым болсын деп қойылған есім.
Еркебай — ерке бала болсын деп қойылған есім. Еркелете айтылатын түрі — Еркеш.
Еркеболат — айтқанын істететін ерке бала болсын деп қойылған есім.
Еркебұлан — бір үйдің әлпештеген аяулысы, қағу-соғу көрмеген ерке тотайы.
Еркін — өз ықтияры, еркі езінде, азат, басы бос, ерікті. Еркін сөзі құрамында келетін біріккен тұлғалы есімдер — Еркінбай, Еркінбек, Еркінғали, Еркінжан, Еркінтай.
Ерлан — бала батыл болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ерлен — ер, батыр деген мәндегі есім.
Ерлік — батырлық, батылдық, ер жүректік.
Ерман — ержүрек, батыл адам дегенді білдіреді.
Ермат — ер+мат — мамет есімінін қысқарып өзгерген түрі, яғни Ермат — Ермамет.
Ермек — алданыш, жұбаныш. Орта жастан асқан ата-ана отбасында туған балаға ендігі ермегім болсын деп қойылатын есім.
Ернар — нар — халық ұғымында өте шыдамды, берік, күшті түйе. Нар тұлғалы батыр болсын деген мағынаны береді.
Ерсайын — қазақ тілінен алынған ер + монғол тілінен алынған сайын – жақсы. Яғни ең мықты, аса жақсы батыр.
Ертай — қазақ тілінен алынған ер + тай кісі аттары қосымшасы, яғни ер, батыр, батыл кісі.
Ертілес — өмірге келген бала келешекте батыр болса екен деген тілектен қойылған есім.
Ертіс — көне түркі тілінен келген, Ертіс өзені бойында туылған балаға қойылған есім.
Ертуған — өмірге батыр, ер жүрек боп келген.
Ерубай — қазақ тілінен алынған ер + у – соңынан ілесу + 6ай; соңынан еретін балалар көп болсын деген мағыналы есім.
Ес — ақыл-ес, ауыспалы мағынасы тірек, сүйеніш.
Есбай — ақыл-ойға бай болсын деп қойылған есім.
Есбатыр — Естібатыр деген есімдегі ті қосымшасы түсіп қалып, Есбатыр боп кеткен. Есті, ақылды батыр болсын деген мағынаны білдіретін есім.
Есберген — жаратқан ақыл, ес берген деген мағынадағы есім. Синонимі — Есберді.
Есбол — ақылды, сүйенішім бол, медеу бол деген мағыналы есім.
Есболат — өскенде ақыл косады, сүйеніш, медеу болады деген мағыналы есім.
Есей — қазақтың тілінен алынған өсу, ер жету, үлкен болу.
Есейжан — сау-саламат, аман туған жан.
Есен — қазақ тілінен – сау-саламат, аман. Біріккен тұлғалы есімдер — Есенаман, Есенәлі, Есенай, Есенбай, Есенбол, Есенгелді және т. б.
Есенай — бала дүниеге аман-сау келді, ай деген қуанышпен байланысты қойылған есім.
Есенберді — аман-есен, сау-саламат дүниеге әкелді, берді.
Есентемір — денсаулығы темірдей мықты, аман-сау болсын деген тілекпен қойылған.
Есжан — есті, ақылды адам.
Есіл — Есіл өзені бойында туған соң қойылған есім.
Есілбай — Есіл бойында туған ер бала.
Есім — ат, атақ, даңқ.
Есімбек — қазақтың есімі, аты, даңқы зор, мықты.
Есірке — аяу, жаны ашу, мүсіркеу.
Естібай – қазақ есімі ақылды, парасатты.
Жайдар — қазақ тілінен алынған жайдары — көңілді, ақ жарқын. Біріккен тұлғалы есім — Жайдарбек.
Жайлау — қазақ тілінен алынған шөбі шүйгін, соны, жазғы мал жайылымы.
Жайнақ — ашық-жарқын, жайдары.
Жайық — Орал өзенінің атына байланысты қойылған есім.
Жақсыбай — көпке жағымды, жұртқа сүйкімді болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Жакей. Синонимі — Садыбай.
Жақсылық — адам бойындағы жақсы қасиет, ізгілік, қайырымдылық.
Жалғас — тіркес, ұштас, селбес. Бұл есім алдыңғы балалардың жалғасы дегенді немесе содан кейін де балалар көбейіп, жалғаса берсін деген ұғымда берілген. Біріккен тұлғалы есімдер — Жалғасбай, Жалғасбек, Жалғастұр.
Жалтыр — ап-ашык, жалтыраған, жайнаған.
Жалын — күш-жігер, қайрат, қуат.
Жанат — ең асыл, көркем, керемет, рахат.
Жанғозы — қозы сияқты сүйкімді бала.
Жандай — аса қымбат, қадірлі.
Жандар — жан біткеннің дарындысы болсын деген тілекпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жандарбек, Жандархан.
Жансал — жан біткеннін серісі, еркесі.
Жаңабай — дүниеге, өмірге жаңа келген бала.
Жапан — кең жазық құлан дала. Бала өз өмірінде кең пейілді адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
Жарық — сәуле, нұр.
Жансал — жан біткеннін серісі, еркесі.
Жансұлу — жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.
Жаңабай — дүниеге, өмірге жаңа келген бала.
Жапан — кең жазық құлан дала. Бала өз өмірінде кең пейілді адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
Жарылқасын — құдай оңдасын, тәңір есіркесін деген мағынаны білдіреді.
Жасамыс — көпті көрген, ысылған, тәжірибелі.
Жасқайрат — жаңа қуатқа, қабілетке ие болсын деп қойылған есім.
Жасталап — жаңа талапқа ұмтылған жас бала деген мағынадағы есім.
Жасұзақ — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
Жасұлан — жас жігіт, жас азамат деген мәндегі есім.
Жасыбай — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.
Жаялаубай — жайлау сияқты кең, жайлы болсын деп қойылған есім. Синонимі — Жайлаубек.
Жәрдем — көмек, тірек, сүйеніш.
Жемісбек — бала ержеткенде ата-ананың еңбегін ақтап, жемісін жегізетін болсын деген тілекпен қойылған.
Жеңіс — жеңіске ие болу, жеңу. Ұлы Отан сорысы аяқталып, гитлерлік фашизмді жеңген күні туған балаға қойылған есім. Күрделі тұлғалы есім — Женісбек.
Жетес — ақыл-ойы өзіне жеткілікті, ақылды болсын деген тілекпен қойылған.
Жетібай — ерте кезде 3, 7, 9 сандары киелі саналған, соған байланысты ер баланың өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен осындай есімдер жиі қойылған. Қысқарта айтылу түрі — Жетен.
Жетіген — астрономия терминнен алынған – аспан жұлдызының бірі, жеті қарақшы.
Жетік — білімді, білгір.
Жетістік — қол жеткен табыс, жеңіс.
Жеткіншек — жас өспірім, жастар, жас буын.
Жиренше — халық аңызындағы әйгілі шешен есімі. Кейіннен ұрпақтан-ұрпаққа қойылып кеткен.
Жігер — қажыр, кайрат, күш, қуат; ынта, талап, ерік.
Жолан — баланың өмірде жолы боп, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.
Жолдас — сенімді серік, пікірлес дос. Біріккен тұлғалы есімдер — Жолдасбай, Жолдасбек, Жолдасқан, Жолдасәлі т. б.
Жолдасбай — жолдасқа, доска бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Жолдасбек — бектің, бекзаданың жолдасы; жолдастыққа берік, мықты, тұрақты.
Жолдасқан — жолдас, серік.
Жолдыбай — жолы құтты, ақжолтай болсын деп қойылған есім.
Жолтай — бақыт, құт әкелетін, сәтті, ақ жолды.
Жүрсін — аман-сау болсын, ұзақ өмір сүрсін деген тілекпен қойылған есім.
Жұбан — жұбану, тынышталу, екінішін басу. Ертеде баласы тұрмай жұргенде туған балаға осындай ат берген.
Жұбаныш — қуаныш есімінің синонимі. Фонетикалык түрі — Жуаныш.
Жұзбай — бала жүз жасасын деген тілекпен қойылған есім.
Жұманбай— қымбат бағалы затқа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Заңғар — қазақ есімі: үлкен, алып; зәулім, биік.
Игенбай — құдай жарылқаған, иіген, бай деген мағыналы есім.
Игілік — қайырымды іс, жақсылық.
Игісін — жақсы, қайырлы.
Ізбасар — әкесінің мұрагері, ізбасары болсын деген мақсапен қойылған есім. Қысқарған түрі — Ізтай.
Ілебай — Іле езені бойында туған балаға қойылған есім.
Кәдіржан — кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.
Кекіл — баланың мандайға дейін қойған шашы.
Келіс — келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.
Кенен — жеткілікті, мол; мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай.
Кенже — ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.
Кеңес — мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.
Кеңшілік — жаңа есім – бостандық, еркіндік.
Киікбай — қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай.
Көбей — көп бол, өніп-өс деген мағынада.
Көбейсін — өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.
Көкбай — көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.
Көпбай — бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім.
Көпжан — көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.
Көпжасар — бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.
Көркемжан — бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
Күлбала — кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.
Күнту — халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.
Қадырбай — қадырлы бай. Фонетикалық түрі — Қадырғали.
Қадырқан — қадыр + қан (хан). Қадыры, беделі жоғары хан деген мағынада.
Қазақбай — қазақ сөзіне бай сөзін қосу арқылы жасалған есім.
Қайыргелді — өмірге мейірімді, қайырымы мол, шапағатты жан келді деген мағыналы есім. Қысқарған түрі — Қайырке.
Қалау — талғап-талдау, қолқалау, ұнатқанын өз тілегінше алу. Біріккен тұлғалы есімдер — Қалаубай, Қалаужан.
Қалауша — ата-ананын қалауынша, тілеуіне сай туған бала.
Қалдыбай — бала бақытты, ғұмырлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
Қалқа — ата-ананың қалқасы, қорғаны, панасы, сұйеніші болсын деген тілекпен қойылған.
Қалқаман — қалқа + ман — кісі, адам.
Қалыбай — оның меңі көп. Өте бақытты адам деген мәнді есім.
Қалыбек — онын меңі көп, бақытты бек деген мәнді есім.
Қанат — бұндай есім бала ата- анасының сүйеніші, тірегі болсын деген мақсатпен қойылған.
Қарасай — қара — ауыспалы мағынасы ірі, үлкен, зор, күшті + сай көне түркі тілінен Саг — алып, өте дәу, зор, яғни зор тұлғалы алып. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.
Қаратай — қара — ірі, үлкен, зор + тай – көне түркі тіліндегі таг — тау сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен күйі. Яғни ата-ананың таудай үлкен тірегі, сүйеніші.
Қаршыға — бала қаршығадай тұйғын, қырағы болсын деп қойылған есім.
Қобдабай — қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.
Қозы — балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.
Қойлыбай — қойға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Қолдас — қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.
Қорғанбек — бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.
ҚОСАЙ - қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
ҚОСЫН - араб тілінен - сұлулық, әдемілік, көркемдік; қайырым; қазақ сөзі — әскер.
ҚОСЫНБАЙ - (қараңыз: Үдербай).
ҚОШҚАРБАЙ - бұл есім отбасында ер бала көп болуын қалаудан туған.
ҚУАН - ұл бала туғанда қатты қуану себепті қойылған есім. Синонимдері — Қуаныш, Қуандық.
ҚУАТ – күш, жігер, қайрат.
ҚҰБАН - иран тілінен алынған құб — әдемі, көркем.
ҚҰДАЙБЕРГЕН - иран тілінен алынған хода, ходай + қазақ сөзі берген. Синонимдері — Тәнірберген, Алдаберген. Бірік кен тұлғалы есімдер — Құдайқұл, Құдайменде. Қысқартылған тұлғасы — Құдыш, Құдкен, Құдияр.
ҚҰЛЫНШАҚ - құлынды кішірейте, еркелете айту түрі.
ҚҰМАР - араб тілінен алынған кумар — әуес, ынтызар, құштар.
ҚҰРАЛБЕК - моңғол тілінен хурал — жиналыс + қазақтың сөзі бек, яғни жиын, үлкен жиналыс бастығы, ағасы деген мағынаны білдіреді.
ҚҰРМАН - араб тілінен — құрбандық; құрбан шалу. Құрбан айты күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құрманбай, Құрманбек, Құрманәлі, Құрманғали, Құрмансейіт, Құрманғазы, Құрмантай. Фонетикалық түрлері — Құрбан, Құрбанәлі. Қыскартып еркелете айту тұлғасы — Құрмаш.
ҚҰРМЕТ - араб тілінен алынған һурмат — сый, ізет, қошемет.
ҚҰРЫШЖАН - араб тілінен алынған құрыш — күшті, мықты, асыл + иран тілінен алынған жан (джон). Мықты, күшті адам.
ҚҰСАЙЫН - араб тілінен алынған хусейн , хусни сөзінің өзгерген түрі — әдемі, әсем, ең көркем; қайырымды іс, жақсылық; Хасен, Хасан есімінің кішірейту формасы. Түрі — Хұсайын.
ҚҰТЕЛ - көне түркі тілінен қут — бақыт + ел, яғни елдің құты, бақыты деген мәндегі есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құттыбай, (қараңыз: Байқұтты).
ҚЫДЫР - араб тілінен алынған хизр — судың көзін табу. «Бақытты, бағы ашылған». Біріккен тұлғалы есімдер — Қыдырәлі, Қыдырбай, Қыдырбек, Қыдырғали.
ЛАТИФ - араб тілінен — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.
ЛАУЛА - лаулап жанған оттай қызуы күшті өткір бол деген мағыналы есім.
ЛӘШКЕР - иран тілінен — әскер, жауынгер, қол.
ЛӘШКЕРБЕК - иран тілінен — жауынгер, әскер. Әскербек деген мағынаны білдіреді.
ЛЕКЕР - дәнекер, байланыс, демеу.
ЛҰҚПАН - араб тілінен алынған Лукман — даналықтын символы. Ертедегі данышпан, мысал жазған адамның есімі.
МАҒАЗ - араб тілінен алынған ма’азза — махаббат, сүйіспеншілік. Яғни қымбатты, сүйікті.
МАҒАУИЯ - араб тілінен - сау-саламат; құтылған.
МАҒЗҰМ – араб тілінен алынған ма’сум — талған; шақырылған; қонақ, мейман.
МАҒРУФ - араб тілінен алынған магруф — жалпыға мәлім; қолдау тапқан, жені түзу; жәрдем беру, қайырым жасау.
МАЙДАН - араб тілінен алынған мейдан — ашық алаң, соғыс алаңы; майдан. Бұл есім Ұлы Отан соғысы кезінде туған балаларға қойылған.
МАЙЛЫ - күйлі, қуатты, әлді.
МАҚАБЫЛ - араб тілінен — қабылданған, қолдайтын; қолдануға толық болатын.
МАҚСАТ - араб тілінен — арман, тілек; тілеп, күтіп алған. түрлері — Мақсұт, Мақсұтбай.
МАҚСҰМ - араб тілінен алынған Махдум — мырза, қожайын.
МАЛБАЙ - малға, дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған. Түрлері — Малбек, Малдыбай.
МАЛЖАН - малды, жалпы байлықты жақсы көретін жан.
МАМАН - қолынан іс келетін, өнерлі, шебер; маман адам.
МАМАСАДЫҚ - араб тілінен — әділдік.
МАМАТ - МАМЫТ - араб тілінен - мақтауға, алғысқа лайық.
МАМЫР - ескіше көктемдегі ай аты.
МАНАН - араб тілінен алынған мәннан — қайырымды, марқабатты; жомарт.
МАНАП - араб тілінен — орынбасар орнын басу; феодалдық-рулық қоғам кезіндегі атақ; төре ақсүйек.
МАНАР - араб тілінен алынған мәнар жарық шығатын жер (белгі, қараушы); маяк. Біріккен тұлғалы есім — Манарбек. Синонимдері — Шырақбек, Жарықбек.
МАНАСБАЙ - қырғыз тілінен манас - ер- жүрек + қазақ сөзі бай. Бұл қырғыздың эпостық батырының есімі.
МАНСҰР – араб тілінен — жеңімпаз, жеңіске жетуші; құдіретті.
МАРАБАЙ - иран тілінен алынған мара - белгі үшін қойылған көмбе, сөре + қазақтың сөзі бай; яғни бала әркашанда өз қатарының алды бол, озып жүрсін деген тілекпен қойылғаны байқалады.
МАРАЛБАЙ - маралға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
МАРАТ – француз халқынан келген есім. Француз буржуазиялық революциясы қолбасшыларының бірі Жан-Поль Марат (1747—1793) құрметіне Қазақ отбасына 1930 жылдан бері кеңінен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Маратбек.
МАРДАН – тәжік тілінен - мард — ер, еркек, батыл, ер жүрек.
МАРҚАЙ - есей, ержет, үлкен боп өс.
МАРЛЕН - жаңа есім - Маркс және Ленин фамилияларының бірінші буындарынан жасалған біріккен тұлғалы есім.
МАРХАБАТ - араб тілінен алынған марқамат — жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік.
МАСҚҰТ - араб тілінен алынған масһуд — бақытты, ырысты.
МАУСЫМБАЙ - араб тілінен алынған маусум — уақыт, шақ, жиын-терін айы.
МАХАМБЕТ, МУХАМБЕТ - Мохаммед — мақталған, мадақталған, мақтауға лайық, сүйікті. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Мақан, Мақанжан.
МАХМЕТ - араб тілінен алынған маһмеде — мақтауға лайық іс, мақтарлық қасиет, қылық.
МАХМУТ - араб тілінен алынған мақмод — мақталған, мақтауға лайық, мақтаулы.
МАХУ, МАХЫ - иран тілінен алынған мах - ай, айлы, ай жүзді, ай жарығы.
МАШАБАЙ - көне түркі тілінен мәшә — емен. Демек, бала өмірлі, мықты болсын деген тілекпен қойылған.
МАШРАП - араб тілінен алынған мәшраб — мінез-құлық, іс-әрекет.
МӘДЕЛ – моңғол тілінен — сана, ой, ақыл.
МӘДИ - араб тілінен алынған мадди — заттық, материалдық; материалистік, материалист.
МӘДИТ - араб тілінен алынған мәдидь — ұзақ, ұзын, кең.
МӘДХАН - араб тілінен алынған мадһ — мадақтау, дәріптеу + хан.
МӘДХАТ - араб тілінен алынған мадһэд — мадақтауға, дәріптеуге лайық. Біріккен тұлғалы есімдер — Мәтжан, Мәтқасым, Мәтхалық.
МӘЖҒҰЛ – тәжік тіліннен алынған – Мәвджигул,Мавджи — жайнаған, құлпырған, жарқыраған гүл.
МӘЖЕН - араб тілінен алынған — маджин — ұялмайтын, жасқанбайтын.
МӘЖИТ - араб тілінен алынған мажид — атақты; даңкты; мақтаулы.
МӘЛІК - араб тілінен алынған малик — патша; билеуші.
МӘЛІКАЙДАР - араб тілінен - арыстай күшті, мықты патша.
МӘЛІМ - араб тілінен - белгілі, атақты.
МӘМБЕТ - иран тілінен - Моммед - жәрдем етуші; жәрдемші, көмекші. Түрі — Мәмет.
МӘСІМБАЙ - араб тілінен алынған ма’сум - сақталған; шақырылған; қонак, мейман + қазақ сөзі бай. Синонимі - Қонақбай.
МӘТЖАН - араб тілінен - мақтау, дәріптеу + иран тілінен алынған жан (джон). Мақтаулы адам.
МӘТКӘРІМ - араб тілінен - мақтауға тұратын адам, қолы ашық жомарт.
МӘТҚАСЫМ - араб тілінен - мақтауға тұратын көркем, сұлу.
МӘТХАЛЫҚ - араб тілінен - халық мақтаған, халық колдаған.
МӘТІБӘЛІ - араб тілінен алынған мадһ — уәли. Мақтауға лайық Уәли.
МӘТІБИ - араб тілінен - би, қожа; беделді, күшті, үстем.
МӘУЛЕН - араб тілінен алынған мевлан - мырза, әкім; жарылқағыш, есіркегіш.
МӘШҺҮР - араб тілінен — көпке белгілі, атақты, даңқы шыққан.
МЕДЕТ - араб тілінен алынған медәд - жәрдем, көмек. Біріккен тұлғалы есімдер - Медетбай, Медетбек.
МЕДЕТНАР - араб тілінен алынған медед + қазақ сөзі нар — бір өркешті үлек түйе, яғни нар тәрізді демеуші, күшті, сенімді.
МЕДЕТХАН - медет + қазақ сөзі хан, яғни ханның жәрдемшісі, демеушісі.
МЕДЕУ - араб тілінен алынған мәдәд — үміт, тірек.
МЕДХАТ - араб тілінен алынған — медхад — мақтау, мадақтау.
МЕЙМАН - араб тілінен алынған мәһман — қонақ.
МЕЙРАМ - мереке. Бала өмірі шат-шадыман, мерекеге толы болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.
МЕЙІР - иран тілінен алынған меһр — мейірім, ынта, ықылас, қайырым.
МЕЙІРБЕК - аса мейірлі, мейірбанды.
МЕЙІРМАН - мейірімді, шафағатты, қайырымды адам.
МЕКЕМТАС - араб тілінен алынған мехкәм — берік, мықты, нық + қазақ сөзі тас. Бала өмірі тастай қатты, мықты, өмірі ұзақ болсын деп қойылған есім.
МЕҢ - адам денесіндегі қал. Біріккен тұлғалы ер (әйел) есімдері құрамында жиі қолданылатын сөз. Бұрынғы кезде бала бақытты болады деген сеніммен мең сөзін бала есіміне қосып отырған. Негізінде Мең, Меңлі сөздері сұлу, әдемі, көркем деген мағыналарда жұмсалған. Біріккен тұлғалы есімдер — Меңлібай, Меңгерей, Меңсұяу.
МЕҢДІБАЙ - денесінде меңі көп, яғни бақытты адам. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Меңдеш.
МЕҢДАХМЕТ, МЕҢЛІАХМЕТ - бақытты Ахмет.
МЕРГЕН – қазақтың сөзінен нысанаға дәл тигізетін атқыш. Біріккен тұлғалы есім — Мергенбай.
МЕРЕЙ - бақыт, қуаныш. Біріккен тұлғалы есім — Мерейбек.
МЕРЕКЕ - мейрам, салтанат.
МИЗАМ - араб тілінен алынған - қыркүйек айына сәйкес келетін ай аты. Осы айда туған балаға қойылған есім.
МИРАС - араб тілінен алынған - мұра, артта қалатын кез, тұяқ.
МИРҒАЛИ - иран тілінен алынған мир - араб тіліндегі әмір сөзінің өзгерген тұрі. Бұл сөз «әкім, билеуші, бастық» деген мағынаны білдіреді.
МИРОН - грек тілінен - бейбітшілік, тыныштық сүйгіш.
МЫРХАЙДАР - арыстандай айбатты әмір, әкім, бастық.
МИЯТ - корғаныш, тірек, қуат. Біріккен тұлғалы есім — Миятжан.
МОЛБАЙ - араб тілінен алынған - өте бай. Синонимі — Көпбай.
МОЛДАБАЙ - араб тіліндегі мавло - мырза, хожа, сөзінің өзгерген түрі. Тәжік тілінде білімді, сауатты деген мағынағада ие. Сауатты, білімді болсын деген мақсатта қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Молдажан, Молдахан, Молдабек.
МОЛДАН – қазақтың сөзі мол — көп + дан қосымша. Яғни бала көпшіл, қауымшыл, өмірі ұзақ болсын деген тілекпен қойылған есім. Молдабай, Молдахмет сияқты біріккен есімдердің еркелете айту түрі.
МОМБЕК – иран тілінен алынған мом — балауыз + қазақ сөзі бек. Синонимдері — Жарық, Жарықбек.
МОМЫНӘЛІ - қазақ тілінен алынған жуас + араб тілінен алынған әли. Өте жуас, жұмсақ, биязы адам. Еркелете айту түрі — Момыш.
МОЯЗ - араб тілінен алынған муяссар — өте бай, әлді.
МӨҢКЕ - алтай тілінен алынған моньку — мәңгі, моңғол тілінен алынған мөңгө — күміс, ақша. Ақшалы болсын деген мағынада.
МҰЗАФАР - араб тілінен алынған музаффар — жеңімпаз. Түрі — Мұзапар.
МҰҚА - көне түркі тілінен келген зор, күшті, үлкен, батыр.
МҰҚАҒАЛИ - көне түркі тілінен муқа + араб тілінен алынған ғали ; аса күшті, зор батыр.
МҰҚАДІЛ - араб тілінен — тең, бірдей; тең бағалы.
МҰҚАЛИ – араб тілінен алынған мохали — жоғары, көтеріңкі.
МҰҚАМӘДИ, МҰХАМӘДИ - араб тілінен алынған — Мұхамбеттің жолын қуушы; мақтауға лайық.
МҰҚАМБЕТ, МҰҚАМЕТ - араб тілінен алынған Мохаммад — даңқы шыкқан, атақты, мақталған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұқамбетбай, Мұқамбетбек, Мұқамбетғали, Мұқамбеткәрім, Мұқамбетназар, Мұқамбетқожа, қысқарта еркелетіп айту түрлері — Мұқатай, Мұқан, Мұқай, Мұқаш, Мұқыш, Мәмет, Мамай және т. б.
МҰХАМБЕТӘЗІЗ - араб тілінен алынған - құрметті, құдіретті.
МҰХАМЕДИЯР - араб тілінен - Мұқамбеттің досы. Қысқартылған түрі - Мадияр.
МҰХАМБЕТЖАН - араб тілінен - Мұқамбеттің жаны.
МҰҚЫМ - араб тілінен алынған - муким - тұрақты, табанды, тиянақты, берік, ұзақ жасайтын.
МҰРАБАЙ - мұраға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
МҰРАТ - араб тілінен алынған — мурад - мақсат, тілек, ықылас. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұратбай, Мұратбек, Мұратәлі, Мұратберді, Мұратғали, Мұратқожа, Мұратқан, Мұратжан және т. б.
МҰРАТБАЙ - (қараңыз: Баймұрат).
МҰСА - араб тілінен алынған Муса — көне еврей тілінен — Моисей — судан шығарып алынған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұсабай, Мұсабек, Мұсағали, Мұсажан, Мұсахан, Мұсатай.
МҰСТАФА - араб тілінен алынған Мустафа — таңдалғай, сайлап алынған.
МҰСТАХИБ - араб тілінен алынған мүстахиф — сүйікті; қалаулы; мақтаулы; қымбатты.
МҰХИТ - араб тілінен алынған моһит — қоршаған; төңірек, айнала; Мұхит.
МҰХИТАН – тәжік тілінен алынған мохитобон — жарық ай.
МҰХТАР - араб тілінен алынған мухтар — тандаулы, іріктеулі.
МҮБӘРАК - араб тілінен алынған — мубарак — гүлденген, бақытты; қасиетті.
МҮРСЕЙІТ - араб тілінен алынған мүр, иран тілінен алынған мир, амир + араб тілінен алынған сейидь — мырза, әкім, құрметті, яғни құрметті мырза, әкім.
МҮСІРӘЛІ - араб тілінен алынған - дәулетті, бай.
МҮСІРЕП - араб тілінен алынған мусриф - ысырапқор, жомарт.
МҮТӘЛІП - араб тілінен - талап ету, сұрау.
МЫҒЫМ - мықты, берік. Біріккен тұлғалы есім — Мығымбай. Синонимі — Берікбай.
МЫҢБАЙ - баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.
МЫРЗАХМЕТ - иран тілінен алынған мырза + араб тілінен алынған Ахмед. Қолы ашық жомарт, яғни Мырзахмет — жомарт Ахмет. Біріккен тұлғалы есімдер — Мырзабай, Мырзахан, Мырзамұрат, Мырзаболат, Мырзагелді, Мырзаберген, Мырзағұл, Мырзакәрім. Қыскарта еркелете айту түрлері — Мырзатай, Мырзаш.
МЫРЗАБАЙ - (қараңыз: Байызбай).
МЫРҚАСЫМ - иран тілінен алынған мыр + араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі; яғни өте сұлу, әдемі, көркем мырза, әмір, әкім.
МЫШБАЙ - көне түркі тілінен миши — бұғы + бай. Яғни бала бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
МЫШЫРБАЙ - араб тілінен алынған муширь — ақылшы, кеңесші (ертеде Оттоман империясында мушир — генералдық атақ болған. Ол кезде бұл атақ армия қолбасшыларына және генерал-губернаторларға да берілген). Түрі – Мысыр.
НАҒИ - араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз.
НАҒЫМ - араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.
НАҒЫМБЕК - араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.
НАЗАР - араб тілінен алынған нәзәр - қарау, көзқарас, көз салу; ықылас, ілтипат. Метафоралық мағынасы — жәрдем, көмек, игі ниет, сүйеушілік, жақтаушылық.
НАЗАРБАЙ - жұрттын ықыласына, ілтипатына бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрі — Назарбек.
НАҚЫП - араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.
НАҚЫСБЕК - араб тілінен алынған нәкш - сурет, әшекей, өрнек; түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.
НАРБАЙ - нар - жалғыз өркешті ірі түйе; ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.
НАРИМАН - иран тілінен алынған нари - батыл, ержүрек + ман, яғни батыл, ер адам.
НАРКЕС - өткір, батыл.
НАРМАҒАМБЕТ, НАРМҰҚАМБЕТ – қазақтың сөзі нар + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет. Қысқартып еркелету түлғалары - Нарымбет, Нармат, Нарыш, Наркен, Наржан, Нартай.
НАРТАУ - бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.
НАРТУ - дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.
НАРЫМЖАН - нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.
НАСЫР - араб тілінен алынған наср — жәрдем беруші, көмек етуші; жеңімпаз. Біріккен тұлғалы есімдер Насыролла, Насырбай.
НАУРЫЗ - иран тілінен алынған нов — жаңа + руз - күн. Новруз ирандықтардың календары бойынша жаңа жылдың басы — 21 март. Бұл мейрам күні туған балаларға Наурыз, Наурызбай, Наурызғали, Наурызбек деген есімдер берілген. Қысқаша айтылу түрі — Науан.
НӘБИ - араб тілінен алынған нааби — әулие, құдірет, жаратушы, елші; яғни жаратушының елшісі.
НӘБИБОЛЛА - араб тілінен — жаратушының, құдіреттің, әулиенің елшісі.
НӘДІР - араб тілінен алынған надыр — сирек, таңдаулы.
НӘДІРБАЙ – араб тілінен алынған - қазақ сөзі бай— сирек, тандаулы бай.
НӘДІРБЕК - сирек, таңдаулы бек, әкім.
НӘЖІП - араб тілінен алынған нәджибь — мейірбан, қайырымды, ақ көңіл, кең пейілді, құдіретті.
НӘЗІР - араб тілінен — салтанатты уәде, серт; ант.
НӘЗІРБЕК - уәдеде, сертте тұратын, берік адам.
НӘРІК - араб тілінен алынған нари — отты, жалынды.
НЕСІП - араб тілінен — үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.
НЕСІПБАЙ - өз бақыты, өз тағдыры бар, байлыкқа кенелген.
НЕТӘЛІ - (қараңыз: Ниетқали).
НИЕТҚАЛИ - араб тілінен алынған нийат — пиғыл, ой, талап. Яғни жоғары пікірлі, ақылды, парасатты адам. Фонетикалық түрі — Нетәлі.
НИЗАМ - араб тілінен алынған тәртіп, орнығушы.
НИЯЗ – тәжік тілінен алынған ниязъ — өтініш, тілек, жалбарыну; үміт; сый, тарту. Біріккен тұлғалы есімдер — Ниязбай, Ниязғали.
НИЯЗМҰХАМБЕТ – тәжік тілінен алынған - Мұхамбет пайғамбар сыйға тартқан.
НОҒАЙБАЙ - ноғай — халық аты + бай.
НОИЛЬ, НОЭЛЬ - араб тілінен - мақсатқа жетуші, жетістік.
НОЯН - моңғол тілінен алынған ноен 1/10000 адамның яғни түменнің бастығы, әкімі; ханзада, патша баласы; мырза, төре, әмір, үстемдік етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ноянбай, Ноянбек. Фонетикалық түрі — Доян.
НӨКЕРБЕК – моңғол тілінен алынған нохэр — жолдас, дос.
НҰҒМАН - көне еврей тілінен келген - амандық, есендік, жақсылық.
НҰР - араб тілінен - жарық, сәуле.
НҰРАБАЙ - Нұра өзенінің бойында туған балаға қойылған есім.
НҰРАЙДАР - араб тілінен алынған нұр + айдар. Айдары жарқыраған бақытты бала. Қысқарған түрі — Нұрақ.
НҰРАҚЫН - нұрлы, сәулетті ақын.
НҰРАЛЫ - араб тілінен алынған нұр - жарык, сәуле. Әлидің нұры яки Әлидің жарығы. Фонетикалық түрлері — Нұрәли, Нұрғали. Қысқарған түрі — Нұран. Еркелете айтылатын түрі — Нұраш.
НҰРБАЙ - араб тілінен — нұрлы, көрікті ер бала.
НҰРБАҚ - араб тілінен алынған бағы жанған, бақытты, нұрлы.
НҰРБАПА - араб тілінен алынған нур + қазақ сөзі бапа — баба — үлкен ата, арғы ата.
НҰРБЕК - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі бек — берік, мықты; өте нұрлы, әдемі, көркем.
НҰРБОЛ - нұрлы, көркем, көрікті болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрлері — Нұрболат, Нұрболсын.
НҰРГЕДІ - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі келді, яғни өмірге әдемі, көркем, бақытты бала келді деген мәнді есім.
НҰРҒАЗЫ - араб тілінен алынған нұр + ғазы — әскер, қосын; яғни нұры тасыған, керемет әскери адам.
НҮРҒАЛЫМ - араб тілінен алынған нұр + ғалым - тамаша, нұры тасыған, бақытты ғалым.
НҰРҒИСА - араб тілінен алынған нұр + ғиса - Иса, яғни келбетті, сұлу, көркем тұлғалы Иса, Ғайса.
НҰРДАН - нұрдан туған, жаратылған деген мағынаны білдіреді.
НҰРДӘУЛЕТ - араб тілінен алынған нұр + дәулет; яғни байлығы, дәулеті, сәулеті жарасқан.
НҰРЖАҚАН - араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап; яғни дүниедегі, әлемдегі адамзаттың нұрлысы, сұлуы.
НҰРЖАН - араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жан; яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі.
НҰРЖАУ – араб және қазақ тілдерінен - нұр жаусын, бақытты болсын деген мағыналы есім.
ЖОЛДАСБЕК - бектің, бекзаданың жолдасы; жолдастыққа берік, мықты, тұрақты.
ЖОЛДАСҚАН - жолдас, серік.
ЖОЛДЫБАЙ - жолы құтты, ақжолтай болсын деп қойылған есім.
ЖОЛТАЙ - бақыт, құт әкелетін, сәтті, ақ жолды.
ЖОМАРТ - иран тілінен алынған джаван — жас, жас жігіт, бозбала + мард — ер, еркек, яғни джавонмард — қайырымды, мейірімді, қолы ашық мырза. Біріккен тұлғалы есімдер - Жомартбай, Жомартбек.
ЖОМАРТБАЙ - (қараңыз: Байызбай).
ЖОРА - иран тілінен алынған джурә — жолдас, дос. Жолдасбек деген есімнің синонимі. Біріккен тұлғалы есімдер — Жорабай, Жорақан.
ЖҰБАН - жұбану, тынышталу, екінішін басу. Ертеде баласы тұрмай жұргенде туған балаға осындай ат берген.
ЖҰБАНЫШ - қуаныш есімінің синонимі. Фонетикалык түрі — Жуаныш.
ЖҰМА - араб тілінен алынған джумға — жиын, жалпы қауым жиналатын күн. Біріккен тұлғалы есімдер — Жұмабай, Жұмабек, Жұмақан, Жұмәділ, Жұмағұл, Жұмажан, Жұмагелді және т. б. Еркелете айтылатын түрі — Жұмаш.
ЖҰМАН - араб тілінен алынған — қымбат бағалы зат, інжу.
ЖҰМАНБАЙ - қымбат бағалы затқа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
ЖҰМАНИЯЗ - араб тілінен алынған джумга - жиын, қауым жиналатын күн, жұмадан жұмаға дейінгі бір жеті + араб тілінен алынған нияз — өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Жұма күні туған сыйлы, үміт артар бала.
ЖҰМАТ – араб тілінен алынған, санауындағы 5-ші ай аты.
ЖҰЗБАЙ - бала жүз жасасын деген тілекпен қойылған есім.
ЖҮНІС, ЖҮНҮС - көне еврей тілінен алынған иона - көгершін. Біріккен тұлғалы есімдер — Жүнісбай, Жүнісбек, Жұнісжан, Жүнісәлі.
ЖҮРСІН - аман-сау болсын, ұзақ өмір сүрсін деген тілекпен қойылған есім.
ЖҮСІП - көне еврей тілінен алынған Иосиф - көбейсін, көп болсын; әдемі, жақсы. Біріккен тұлғалы есімдер - Жүсіпбай, Жүсіпбек, Жүсіпжан, Жүсіпқан, Жүсіпқали, Жүсіпқожа, Жүсіпақын. Фонетикалык түрлері — Түсіп, Нүсіп, Нұсұп.
ЖІГЕР - қажыр, кайрат, күш, қуат; ынта, талап, ерік.
ЗАЙТ - араб тілінен алынған зәид - өсуші, көбеюші; артық.
ЗАЙЫР - араб тілінен — айқын, анық.
ЗАКАРИЯ - иран тілінен алынған закр — ес, еске алушы, ескеруші + ия.
ЗАМАНБЕК – араб тілінен алынған замона — дәуір, кезен + бек. Синонимі — Дәуірбек.
ЗАМИР – орыс тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық үшін.
ЗАҢҒАР – қазақ есімі: үлкен, алып; зәулім, биік.
ЗӘКИ - араб тілінен алынған заки — зерек, сезімтал, өткір; ақылды, қабілетті.
ЗӘКІР - араб тілінен алынған закр - ес, сана, ақыл, еске алушы.
ЗӘРІП - араб тілінен алынған зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, нәзік, көркем.
ЗЕЙНҰР - араб тілінен - нұр, көркемдік рең. Қысқарта айтылу түрі – Зейн.
ЗЕРЕК - иран тілінен алынған — аса ақылды, пысық.
ЗИЯТБЕК - иран тілінен алынған — зияд - көп, мол; қосылған, көбейген + бек.
ЗҰЛҚАРНАЙ - араб тілінен алынған — зул + корнеин — қос мүйізді. Александр Македонскийдің лақап аты.
ЗҰЛПЫҚАР - араб тілінен алынған зу + л + фагар - шаншушы, Әлидің қылышының әсірелеген аты; түйреуші, қақ жарып түсуші, жарып түсетін қылыш деген мағына береді.
ЗІКІРИЯ - араб тілінен — есте қалған; ес, жады; еске алу. түрі — Зікіриян.
ИБАТ - араб тілінен алынған һібәт, һибат — сый, сыйлық тарту.
ИБРАГИМ - көне еврей тілінен келген Авраам есімінің айтылу түрі. Ел ағасы деген мағыналы есім. түрлері — Ыбрайым, Ыбрай, Ыбыш, Ыбыкен, Ыбыраш.
ИГЕНБАЙ - құдай жарылқаған, иіген, бай деген мағыналы есім.
ИГІЛІК - қайырымды іс, жақсылық.
ИГІСІН - жақсы, қайырлы.
ИДАЯТ - (қараңыз: Ғидаят).
ИЗАТБЕК - араб тілінен алынған — иззат — даңқ, атақ + бек. Аса даңқты, атақты.
ИКРАМ - араб тілінен алынған — икром — ізет, құрмет, сый, қадір.
ИНАЯТ - (қараңыз: Ғинаят).
ИСА - көне еврей тілінен келген Ииеустың арабша айтылу түрі — құдай сыйы, құдай құтқарады. Синонимдері — Айса, Ғайса, Ғайсын. Біріккен тұлғалы есімдер — Исаділ, Исалы, Исахмет, Исабай, Исабек, Исағали, Исатай, Исажан, Исахан.
КАБИР - араб тілінен - ұлы, күшті, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.
КАМАЛ - араб тілінен алынған камал - толықтық, жетіктік, тұтас. Түрлері — Кемел, Камал, Камил.
КӘДІР - араб тілінен алынған кадр - күшті, құдіретті; қабілетті; кұрметті, лайықты, құнды, беделді. Диалектілік түрлері — Қадыр, Хадир.
КӘДІРБАЙ - араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бай. Күшті, құдіретті, бай деген мағынаны білдіреді.
КӘДІРБЕК - араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бек. Қадірі жоғары, кәдірлі кісі. Еркелете айтылу түрі — Кәдіртай.
КӘДІРЖАН - кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.
КӘКІМБЕК - араб тілінен алынған хаким + қазақ сөзі бек. Дана, білгір адам. Қысқартылып-еркелете айту түрі — Кәкен.
КӘКІМЖАН - араб тілінен алынған хәкім - дана, данышпан, ақылды, есті; философ + иран тілінен алынған джон. Данышпан адам. Қысқартып-еркелете айту түрі — Кәкітай.
КӘМІЛ - араб тілінен алынған камил — жетілген, толысқан. Біріккен тұлғалы есім - Көмілбек. Синонимдері - Кемел, Кемелбай.
КӘРІМ - араб тілінен алынған карим — қолы ашық мырза, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді. Түрі — Кәрім. Біріккен тұлғалы есімдер — Кәрімбай, Кәрімжан, Кәрімбек, Кәрімқұл.
КӘРІПЖАН - араб тілінен алынған кариб — жақын, туыс, туған, яғни ең жақын, туысқан адам.
КЕКІЛ - баланың мандайға дейін қойған шашы.
КЕЛІС - келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.
КЕМЕЛБЕК - араб тілінен алынған камал + бек яғни кемеліне келген, толысқан.
КЕМЕҢГЕР - араб тілінен — дана, данышпан.
КЕНБАЙ - кенге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
КЕНЕН - қазақ тілінен — жеткілікті, мол; мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай.
КЕНЕШ - көне түркі тілінен - кенш — бала.
КЕНЖЕ - қазақ тілінен алынған ең соңғы туған перзент. Біріккен тұлғалы есімдер — Кенжебек, Кенжеғали, Кенжетай, Кенжеқан.
КЕҢЕС - мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.
КЕҢШЛІК - жаңа есім - бостандық, еркіндік.
КЕРІМ - араб тілінен алынған карим — тамаша, аса керемет, кеңпейіл, жомарт, мәрт адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Керімбай, Керімбек, Керімхан. Синонимі - Дәулеткерім.
КИІКБАЙ - қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай.
КӨБЕГЕН - көне түркі тілінен келген — жас бала.
КӨБЕЙ - көп бол, өніп-өс деген мағынада.
КӨБЕЙСІН - өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.
КӨДЕК - иран тілінен алынған кудак — бала, сәби; бозбала, жігіт.
КӨКБАЙ - көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.
КӨЛБАЙ – қазақ сөздерден көл + бай. Көлдің жағасында отырғанда туған балаға Көлбай деп ат қою ертеде көп кездескен.
КӨПБАЙ - бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім.
КӨПЖАН - көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.
КӨПЖАСАР - бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.
КӨРКЕМЖАН - бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
КӨРІК - әдемі, сұлу келбет, әдемілік.
КӨШІМБАЙ - (қараңыз. Үдербай).
КҮМІС - қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.
КҮНДАР – қазақтың сөзі кун + дар тәжік тілінен алынған доро — мейірім, шапағат етуші, мейрімді. Күн сияқты тіршілікке шапағат таратушы, мейірімді жан деген мағыналы есім.
КҮНТУ - халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.
ҚАРАМАН - қара — ауыспалы мағынасы зор күш, күшті, ірі, парсы тілінде — ман — кісі, адам. Яғни кұшті адам деген мағына береді.
ҚАРАСАЙ - қара — ауыспалы мағынасы ірі, үлкен, зор, күшті + сай көне түркі тілінен Саг — алып, өте дәу, зор, яғни зор тұлғалы алып. Қазақ эпосындағы батырдың есімі
ҚАРАТАЙ - қара — ірі, үлкен, зор + тай - көне түркі тіліндегі таг — тау сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен күйі. Яғни ата-ананың таудай үлкен тірегі, сүйеніші.
ҚАРМЫС - көне түркі тілінде қармыш — халық, бұхара, көпшілік.
ҚАРШЫҒА - бала қаршығадай тұйғын, қырағы болсын деп қойылған есім.
ҚАСИМАН - араб тілінен алынған хас — таза, асыл, нағыз, ерекше + араб тілінен алынған иман - сенім. Нағыз, таза жанды, сенгіш.
ҚАСЫМ - араб тілінен алынған хасим — сұлу, әдемі; таратушы, бөлуші, ұлестіруші. Біріккен тұлғалы есімдер — Қасымбай, Қасымбек, Қасымжан, Қасымәлі, Қасымхан, Қасымтай, Қасымқұл.
ҚАТИФ - араб тілінен алынған қатиб — хатшы, жазбашы, жазушы.
ҚАҺАРМАН - араб тілінен алынған гаһарман — ер, батыр; күшті, қуатты. алып.
ҚИРАБАЙ – араб тілінен хира — тандау; ең жақсы, тандаулылар + бай.
ҚИСА - (қараңыз: Айса).
ҚИСАМЕТДИН, ХИСАМЕТДИН - араб тілінен алынған — әдемі, тамаша; жақсы, жарасымды.
ҚИСАН - араб тілінен алынған хисан — сұлу, өте әдемі, тым жақсы.
ҚИЯС - араб тілінен алынған хияс — теңеу, ұқсату; баға, құн. Лайықты деген мағынаны білдіреді.
ҚОБДАБАЙ - қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.
ҚОБЫЛАНДЫ – қазақтың сөзінен қаблан — ауыспалы мағынасы ер, ержүрек, батыл. Қазақ эпосындағы белгілі батыр есімі. Қысқартылып Қобылан, Қоблан деп айтылады.
ҚОҒАМБАЙ - бала көпшіл, ұйымшыл болсын деген тілекпен қойылған есім.
ҚОЖА - араб тілінен алынған ходже — ұстаз, мырза, бай, көпес, қожайын. Біріккен тұлғалы есімдер - Қожабай, Қожабек, Қожахмет, Қожагелді, Қожатай, Қожанияз, Бекқожа, Ерғожа, Есқожа, Нұрғожа және т. б. Қыскартылып айтылатын тұлғалары — Қожаш, Қожкен.
ҚОЖАҚ - көне түркі тілінен - үлкен, зор, дәу. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
ҚОЖБАН - көне түркі тілінде - өте ірі, дәу.
ҚОЗЫ - балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.
ҚОЙЛЫБАЙ - қойға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
ҚОЛДАС - қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.
ҚОНАҚБАЙ - (қараңыз: Мейманбай).
ҚОРҒАНБЕК - бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.
ҚОСАЙ - қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
ҚОСЫН - араб тілінен - сұлулық, әдемілік, көркемдік; қайырым; қазақ сөзі — әскер.
ҚОСЫНБАЙ - (қараңыз: Үдербай).
ҚОШҚАРБАЙ - бұл есім отбасында ер бала көп болуын қалаудан туған.
ҚУАН - ұл бала туғанда қатты қуану себепті қойылған есім. Синонимдері — Қуаныш, Қуандық.
ҚУАТ – күш, жігер, қайрат.
ҚҰБАН - иран тілінен алынған құб — әдемі, көркем.
ҚҰДАЙБЕРГЕН - иран тілінен алынған хода, ходай + қазақ сөзі берген. Синонимдері — Тәнірберген, Алдаберген. Бірік кен тұлғалы есімдер — Құдайқұл, Құдайменде. Қысқартылған тұлғасы — Құдыш, Құдкен, Құдияр.
ҚҰЛЫНШАҚ - құлынды кішірейте, еркелете айту түрі.
ҚҰМАР - араб тілінен алынған кумар — әуес, ынтызар, құштар.
ҚҰРАЛБЕК - моңғол тілінен хурал — жиналыс + қазақтың сөзі бек, яғни жиын, үлкен жиналыс бастығы, ағасы деген мағынаны білдіреді.
ҚҰРМАН - араб тілінен — құрбандық; құрбан шалу. Құрбан айты күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құрманбай, Құрманбек, Құрманәлі, Құрманғали, Құрмансейіт, Құрманғазы, Құрмантай. Фонетикалық түрлері — Құрбан, Құрбанәлі. Қыскартып еркелете айту тұлғасы — Құрмаш.
ҚҰРМЕТ - араб тілінен алынған һурмат — сый, ізет, қошемет.
ҚҰРЫШЖАН - араб тілінен алынған құрыш — күшті, мықты, асыл + иран тілінен алынған жан (джон). Мықты, күшті адам.
ҚҰСАЙЫН - араб тілінен алынған хусейн , хусни сөзінің өзгерген түрі — әдемі, әсем, ең көркем; қайырымды іс, жақсылық; Хасен, Хасан есімінің кішірейту формасы. Түрі — Хұсайын.
ҚҰТЕЛ - көне түркі тілінен қут — бақыт + ел, яғни елдің құты, бақыты деген мәндегі есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құттыбай, (қараңыз: Байқұтты).
ҚЫДЫР - араб тілінен алынған хизр — судың көзін табу. «Бақытты, бағы ашылған». Біріккен тұлғалы есімдер — Қыдырәлі, Қыдырбай, Қыдырбек, Қыдырғали.
ЛАТИФ - араб тілінен — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.
ЛАУЛА - лаулап жанған оттай қызуы күшті өткір бол деген мағыналы есім.
ЛӘШКЕР - иран тілінен — әскер, жауынгер, қол.
ЛӘШКЕРБЕК - иран тілінен — жауынгер, әскер. Әскербек деген мағынаны білдіреді.
ЛЕКЕР - дәнекер, байланыс, демеу.
ЛҰҚПАН - араб тілінен алынған Лукман — даналықтын символы. Ертедегі данышпан, мысал жазған адамның есімі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?