Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ә әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ә әрпі бойынша ат қою)

ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.

ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.

ӘДИБА - араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.

ӘДИЛА - араб тілінен алынған әдил-ғадія - әділдік, шыншылдық, турашыл.

ӘДИНА - иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген; жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.

ӘДИЯ - араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.

ӘЗИЗА - араб тілінен — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.

ӘЗИМА - араб тілінен — ұлы, мәртебелі әйел.

ӘИГЕРІМ - әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.

ӘЙНЕК - араб тілінен алынған эйн — көз; қайнар бұлақтың көзі.

ӘЛЕМГҮЛ - әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.

ӘЛИМА - араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел.

ӘЛИПА - араб тілінен алынған алиф — қолға ілінген, дос, жолдас; араб әліппесіндегі бірінші әріп.

ӘЛИЯ - араб тілінен алынған — құны, бағасы артық, биік, жоғары; қымбатты, сүйікті; мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері - Ғалия, Қалия, Әлиша.

ӘЛФИЯ - араб тілінен — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.

ӘМИЛА - араб тілінен - қызметші, жұмыскер.

ӘМИНА - араб тілінен — адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.

ӘМИРА - араб тілінен алынған әмір - әкім, бастық, билеуші; нұсқау, жарлық, бұйрық.

ӘНАПИЯ - араб тіліндегі неби — «пайғамбар» сөзінін көпше түрі.

ӘНИСА - араб тілінен - дос, жолдас.

ӘРИПА - араб тілінен алынған ариф — есім. Білгір, түсінгіш, дана, данышпан.

ӘСЕЛ - араб тілінен алынған аселъ — бал.

ӘСЕМ - сән, көрік, әдемі.

ӘСЕМГҮ - гүл сияқты әдемі, көрікті, сұлу.

ӘСЕМҚАН - әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.

ӘСИМА - араб тілінен алынған асим - қорғаушы, жақтаушы.

ӘТИНА - (қараңыз: Әдина).

ӘЛИША - (қараңыз: Әлия).

ӘУЖА - араб тілінен - ең қымбат, ең асыл.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?