Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

 Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.
Игры и упражнение для развития памяти у детей дошкольного возраста

Кіріспе
Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда.
Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы.
Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа
психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Біздің әрбір толғанымсыз, әсерленуіміз бен әрект - қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Өткен тәжірбиемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Адам өзінің өмірде қөріп - естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс - әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар мида сақталады және қажет уақытта қайта жаңғыртылып, еске келеді.

Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл - күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес үдерісі деп аталады. Жүйке үдерісінің уақытына байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғаңдар еске түседі. Есті бұл күйі қайта жаңғырту делінеді. Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін - бірі толықтырып отырады.
Қабылданған нәрселердің еске қалғаны естің материалы делінсе, ал еске сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс - әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады. Естте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес үдерістері болып саналады. Ес адам
тіршілігінде маңызды орын алады. Еске қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады.
Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәреске дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің барінің ес үдерісінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласыңда да ерекше маңызды орында. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған — еске қалдырудың механизмі.

Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялык болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес үдерісінің осы көзге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әртүлі идеялар бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптаскан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыда іздестіру қосылып отыр.
Ес - бұрынғы тәжірбиені ұйымдастыру және сақтау үдерістері; осы арқылы бұрынғы тәжірбиені қайталап пайдалану немесе сана саласына қайта оралту жүзеге асырылады.
Ес субъектінің басынан өткенін қазіргісімен және болашақтығысымен байланыстырады және дамыту мен оқытудың негізі болатын аса маңызды танымдық функция болып табылады.
Ес бір – бірімен ұштасқан дара бөліктерден құралған күрделі психикалық үдеріс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірбиесін жинақтап, сақтап соңғы пайдасын жаратады.
Ес айналамыздағы бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір түрі. Қоршаған ортаның әсерімен мида пайда
болған бейнелер із - түссіз жоғалып кетпейді, көпке дейін сақталып тұрады.
Негізінен, талантты адамдардың бейнелі есі мен эмоциялық есі күшті дамыған болып келеді. Әсіресе, суретшілердің, композитор - лардың бейнелі есі өте жоғары.
Ал, эмоциялық ес адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты.
Ес үдерісіне зерттеулер жүргізген ғалымдар:
Г. Эббингауз - Таза ес заңдылықтарын ашты
Э. Крепелина - Есте қалдыру (жаттау) әрекеттерін тексерді
Г. Э. Мюллер - Естің бекуі және қайта жаңғыруын зерттеді
Л. С. Выготский - Естің жоғары формаларын жүйелі зерттеді

Ж. Аймауытов: “... Еске
түсіру өнері дегеніміз – ойлау өнері... Байланыстардың мәні - ойлау деген сөз”
****
К. Д. Ушинский: «Бұдан
бұрын жаттап алғандарды сол аудармай, айтудың еш қажеті жоқ…кездейсоқ
кездескенді, жаттап алу әлдеқайда пайдалы»
****
Ш. Уалиханов: «Тек ақиқат
білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді»
****
А. Янушкевич:
“Қазақтардың ақыл - ой қабілетінің кереметіне барған сайын көзім жетіп жатыр...”
****
А. П. Чехов: «Тәрбиелі
адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі..»
****
Ж. Аймауытов:
“... Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім, қайраттың арқасында ғылым, білім өнер тауып, дүние жүзінің қожасы болып отыр”

Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

«Төрт құбылыс» ойыны
Мақсаты: ес пен қимыл әрекетті дамыту.
Ойын шарты: Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді.
Кім шатасса ойыннан шығарылады.

«Көңілді шеңбер» ойыны
Мақсаты: балалардың ес пен зейінін дамыту. Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды.
Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

«Орныңды тап» ойыны
Мақсаты: еске сақтауға және бір - бірімен қарым - қатынасты орнату.
Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек.
Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

«Ойыншықты сипатта» ойыны
Мақсаты: балалардың ес пен зейінін дамыту.
Ойын шарты: Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі - түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр - түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

«Сөзді есіңде сақта» ойыны
Мақсаты: еске сақтауын дамыту.
Ойын шарты: Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша
қалған сөздерді түгел айтып шығу керек. Мысалы:
• көктем – жаңбыр
• жаз
• – күн шықты
• аспан – бұлт
• жер – шөп

«Сиқырлы саусақтар»
ойыны:
Мақсаты: балалардың
еске сақтауын және қол бұлшық еттерін дамыту.
Ойын шарты: балаларға бес түрлі қиыл қозғалыстар аталады, балалар оларды естеріне сақтап тез - тез орындаулары қажет.
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).
2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).
3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).
4. Қорқыту (сұқ саусақпен).
5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).

«Менің елім» ойыны
Мақсаты: балалардың туған жерлері мен қаласы туралы ақпаратты еске сақтауға арналған.
Ойын шарты: Отаны, туған жері, қаласы туралы сұрақтар қойылады, балалар бұл сұрақтаға мүдірмей жауап беру қажет.
1. Қай елде тұрасыңдар?
2. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
3. Сен қандай қалада тұрасың?
4. Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?
5. Сен қай көшеде тұрасың?
6. Ел, жер, Отан туралы қандай мақал - мәтел білесің? және т. б.

«Сөз моншақтар» ойыны:
Мақсаты: сөздерді еске сақтауда дамыту.

Ойын
шарты: Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала
жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.

«Сандар мен сөздерді есте сақтау» ойыны
Мақсаты: балалардың сандар мен сөздерді еске сақтау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: Балаларды ойын ойнауға шақырып, оларға сандар мен сөздер қатарын тыңдап, есінде қалғандарын қайталау тапсырылады.
1 - ші жаттығу. Сандарды есте сақтау қабілетін дамыту
Баладан сіз жазған алты санды атауын сұраңыз: 7, 3, 6, 1, 9, 4. (әр санды есіне сақтап алуына екі секунд беріледі). Сосын одан сандарды кез - келген ретпен жатқа айтуын сұрау керек.
Сандар қатарын қайта жаңғырту тапсырмаларын бірнеше вариантта жасап алуға болады.
Зерттеу оперативті есті және зейінді анықтауға бағытталған, олар екі бөлімнен тұрады: сандар қатарын есте сақтау және сандар қатарын оң және кері қарай қайталау.
Тапсырманы орындау нәтижелерін бағалаған кезде жатқа дұрыс айтылған сандар санынан қате айтылған сандарды бастапқы ретімен атап шықса, нәтижесіне тағы бір балл қосуға болады......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?