Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу

 Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу

№24 Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Білім бері саласы:"Таным"
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі - көктем
Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, жаз, қыс, күз) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, демонстрациялық ойын

Мотивациялық қозғаушылық
Цифрды тап ойыны
Педагог балаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екенін сұрайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік 1 - тапсырма
Сұрақ қояды:
- Қоянның неше сәбізі бар?
- Тиіннің неше саңырауқұлағы бар?
- Себетте қандай сан жазылған?
Педагог себетте төрт заты бар аңмен сызық арқылы қосуды сұрайды (тиінмен)
Нақтылайды:
- неліктен тиінмен қостыңдар?

2 - тапсырма.
Педагог сол жақтағы цифр қандай санды көрсетіп тұрса, жолақтың ішіне сонша зат салуды тапсырады.
Педагог орындалған тапсырманы тексереді және мынадай сұрақ қояды:
- 5, 4, 3 цифрларының қасына неше заттың суретін саласыңдар? себебін түсіндіріп беріңдер.

3 - тапсырма.
Менің оң қолымда қоян, сол қолымда тиін (ойыншық) тұр. Балалардан тиін мен қоянды қай қолына ұстап тұрғанын сұрайды. Осыдан қорытынды жасаймын:
- Егер адам сендерге қарап тұрса, оның оңы сендердің "сол жағың" болып табылады.
Балаларға тапсырманы дәптерге орындау керек екенін айтамын.
- Бала бетімен қарап тұра ма, әлде арқасын беріп тұра ма?
- Оның "оң жағы" қайсы, "сол" жағы қайсы?
- Жалауша оның қай қолында?
- Шар баланың қай қолында?
Баланың оң қолындағы затты қызыл қарындашпен бояуды тапсырамын?

4 - тапсырма:
Өлеңде суреттелген жыл мезгіліне байланысты суретті тауып бояп, ал артық суретті сызып тастауға тапсырма беремін.
Сұрақ қоямын:
- Алма салынған себетті неліктен сызып тастадыңдар?
- Қандай суретті боядыңдар және неге?
- Көктемнің тағы қандай белгілерін білесіңдер? .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?