Балалар елі

 Балалар елі

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін жүйелеп бекіту. Тапсырмаларды орындау барысында нақтылыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу. Білімге деген ынта - жігерін, іскерліктерін қалыптастыру.

Тәрбиеші: - Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаттары жоқ, жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Тіпті күнделікті өмірлерінде еш қызық болмапты. Сонан күндердің күнінде « Балалар елін» бір патшалық бағындырып алыпты. Ол патшалықтың аты «Ойын» екен. «Ойын» келісімен - ақ «Балалар елі» бірден көңілденіп сала беріпті.

Ойын: - Балалар, менің патшалығымда түрлі ойындар ойнап, ылғи көңілді жүретін боласыңдар. Олай болса, ойынға шақырамын.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Психологиялық ойын: «Көңіл - күй аялдамасы».
Тәрбиеші: - Уақыт өте келе «Балалар елі» бірыңғай ойынға салынып кетіпті. Есіл - дертін ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала тіптен тамақ ішіп, бір ауық жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен. Сонымен ата - аналар өзара ақылдасып, енді еңбекті шақырыпты.

Еңбек: Балалар, мен сендерді ата - аналарыңа көмектесуге, өз - өздеріне қызмет етуге үйретемін.
Гүл өсірсең терлеп,
Оның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Тәрбиеші: - Кәне, еңбек балаларға не үйретті екен, тыңдайық.
Сөздік ойын: «Тігеміз бе, байлаймыз ба, сүртеміз бе, қадаймыз ба?
Еңбек: Былғанса егер пальтомыз,
Қайтеміз?
Балалар: - Ысқылаймыз, Жуамыз, Тазартамыз, Сүртеміз.
Еңбек: - Шорт үзілді түймеміз,
Не істеуді білеміз?
Балалар: - Қайта орнына қадаймыз,
Дайын жіп пен инеміз.
Еңбек: - Тарқатылды бантигім,
Қисам ба екен артығын...
Қыздар: - Жоқ қиғыза алмаймыз,-
Әдемілеп байлаймыз.
Еңбек: - Жыртып алдым жейдемді,
Байлауға ол келмеді.
Балалар: - Амалын біз білеміз
Бүгеміз де,
Тігеміз.
Еңбек: - Бәрекелді! Әрлеңдер,
Көнермесін салтымыз.
Балаларды сендердей
«Ісмер», - дейді халқымыз.

Тәрбиеші: - Ойын, еңбек жақсы болғанмен, ел өміріне бірнәрсе жетіспейтін сияқты. Өйткені балалар ойын ойнап шынығып, еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Ата - аналар өзара ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсе оқу деп тауыпты.
Білім: «Кел, балалар оқылық» Ы. Алтынсарин өлеңін оқиды.
Балалар, сендер менің «Білім патшалығымда» оқуға, жазуға, санауға, есептеуге үйренесіңдер.
Тәрбиеші: - Сөйтіп, балалар өмірі тіпті қызықты бола бастапты. Олай, болса балалар білімдеріңді тексеру үшін сендермен дидактикалық ойындар ойнап көрейік.
Дидактикалық ойын: « Жануарларды өз вагонына орналастыр»
Дидактикалық ойын: « Арманға сөйлем құрастыруға көмектес»
Дидактикалық ойын: «Кроссвордтың шешімін тауып жаз»
Дидактикалық ойын: «Криптограммалардың шешімін тап»(жеке балаға)

Тәрбиеші: - Мұнан кейін білім алып қажыған балаларға сергіту үшін жәрдемге бір мейірбан жан келіпті. Оның аты – спорт екен.
Спорт: - Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған
Сол бізге пайдалы іс,
Сауық пен кинодан
- Балалар, сендер менің патшалығымда спортпен айналысып, жаттығу жасасаңдар денсаулықтарың мықты, көңіл - күйлерің сергек болады. Олай болса, буын биі «Қара жорғаны» билейік.
Тәрбиеші: - Спортпен тұрақты айналысқан баланың денсаулығы мықты, көңіл - күйі сергек, денесі сымбатты болыпты. Оны көріп Өнер де балаларды баулуға белсене араласып кетіпті.
Өнер: - Балалар, сендер менің «Өнер патшалығымда» сөз өнеріне, сурет салуға, қағаздан түрлі заттар жасауға үйренесіңдер.

Тәрбиеші: - Балалар Өнерден айтыс өнеріне үйреніпті.
«Қыз бен ұлдың айтысы»
Ұл: Домбырам басы ырғайды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Шақырғанда бармасаң,
«Көк шешек» деп қарғайды.
Қыз: Домбырам басы ырғайды
Ұлдар қолын бұлғайды.
Бұлғаса да бармаймын,
Әлде не деп қарғайды.
Ұл: Ол қарғысың өзіңе,
Екі қара көзіңе.
Қыз қарғысы өтпейді,
Маған тіпті жетпейді.
Қыз: Бала, бала, қырт бала,
Аузымдағы құрт бала.
Сол құртыңнан бермесең,
Тесіп шықсын ұртыңнан.
Ұл: Қыздар, қыздар құртыңнан,
Қуып келдім жұртыңнан.
Сол құртыңнан бермесең,
Тесіп шықсын ұртыңнан.
Қыз: Кәмпитімнен бермеймін,
Енді саған ермеймін.
Жалынсаң да мың рет,
Маңайыңа келмеймін.

Өнер: Мен енді сендерді өз шеберханама өнерлеріңді көрсетуге шақырамын.
Балалар шеберханада сурет салып, оригами, коллаж жасап, шығармашылық бөлімі бойынша үйренгендерін көрсетеді.
Бір кезде «Кітап» келіп, балалармен амандасады.
Кітап: Мен «Кітап» деген қайырымды қартпын. Мен елді тыным таппай аралап жүрмін, балалардың көпшілігі мені ұнатады. Мен арқылы өмір қызықты болады. Өйткені, өнер, спорт, еңбек, оқу, ойын, мен алтаумыз доспыз. Олай болса, мен сендермен бір ойын ойнаймын.
Ойын: «Кім көп біледі?»
Балалар өнер, еңбек, спорт, білім, ойын, кітап туралы мақалдар айтады.
Кітап балаларға кітаптар сыйлайды. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?