Отбасы Емхана Дәріхана Әмбебап Шаштараз
Мақсаты: Балаларды желілі ойындардың жаңа түрлерімен таныстырып, ойнатып және өзіндік ойын барысында өз қатарластарының ойымен келісулеріне, ойын кезінде бір рөлден екінші рөлге ауыса білуді жетілдіру. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, диалогтік тілді дамыту. Бір ойын бірнеше түрге бөлініп, өрбитінін балаларға көрсету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: дәрігер, әмбебап, шаштараз, жүргізуші, отбасы, ұялы телефондар, жанармай бекеті ойындарына қажетті құрал жабдықтар.
Ойын барысы: (Қонақтармен амандасу)
Мынау - менің жүрегім,
Барлығы осыдан басталған.
Мынау – менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Барлық істі тындырған.
Бәріміз тату болайық,
«Сәлеметсіздер ме!»
Амандасып алайық.
Жұлдыздай жарқырайық,
Бүгінгі күнді бастайық.
Балалар, бүгінгі күнімізді бастау үшін бәріміз өздеріңе қажетті фишкаларды алып, орындарыңа барасыңдар. Қазір бәріміз үлкендер өміріне саяхатқа шығамыз. (балалар фишкаларды алып орындарына жайғасады).
І «Отбасы»ойыны
(Отбасы мүшелері дөңгелек үстелде отырады)
Анасы: Дастан алты жасқа толды ғой. Сондықтан мен оны дәрігерлік тексерістен өткізуге емханаға апарамын. Қызым, сен бүгін не істейсің?
Қызы: Мен шаштаразға шашымды жөндетейін дегенмін.
Анасы: Онда қазір шаштаразға қоңырау соғып кезекке жазылып қой.
Қызы: Жарайды. (телефон соғады). Сәлеметсіз бе! Шашымды сәндеуге кезекке жазылайын,- деп едім. Рахмет. Анашым кезекке жазылдым. Енді маған біраз ақша керек болып тұр.
Әкесі: Мен қазір банкоматтан жалақымды шешемін. Бірге шығайық. Менің бүгін демалысым сенімен бірге жүруге уақытым бар.
Қызы: Жарайды әке.
Анасы: Онда үйге қайтар жолда сүт. май. тәттілер ала салыңдаршы.
Қызы мен әкесі: Жарайды. Шәй ішіп алайық.
Әкесі: Ал жүріңдер онда бірге шығайық. (Бәрі бірге шығады).
ІІ. Жолаушылар тасымал көлік паркі
(Жүргізушінің іс - әрекеті)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!
Диспетчер: Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші: Мен бүгінгі жұмыс жоспарымды білейін дегенмін.
Диспетчер: Сіз бүгін №9 бағыт кестесі бойынша жүресіз. Мінекейіңіз жұмыс
кестеңіз. Ал, мынау жолдама қағазыңыз.
Жүргізуші: Рахмет. Сау болыңыз. (Алдынан кондуктор шығады). Сәлем! Бүгін №9 бағытпен жүретін болдық. Жүр дәрігерге тексеріліп шығайық.
(Екеуі дәрігерге келеді)
Жүргізуші мен кондуктор: Сәлеметсіз бе!
Дәрігер: Сәлеметсіздер ме, кіріңіздер (кезекпен ыстығын, қан қысымын тексереді). Жақсы, жұмыс істеуге рұқсат. Күндеріңіз сәтті болсын.
Жүргізуші мен кондуктор: Сау болыңыз.
Жүргізуші: Енді жанармай құйып алайық.
ІІІ. Жанармай бекеті
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!
Оператор: Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші: Жанармай құйғызайын дегенмін. Литрі қанша тұрады?
Оператор: 1теңге
Жүргізуші: 10 литр алсам қанша болады?
Оператор: Литрі 1 теңге болса, онда 10 литрі 10 теңге болады.
Жүргізуші: Міне 10 теңге алыңыз (төлейді).
Оператор: Дайынсыз ба, жіберемін. (Құяды)
Жүргізуші: Рахмет, сау болыңыз......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?