Ц дыбысы мен әрпі

 Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Ц ц дыбысының әріп таңбасымен таныстыру, жаңа сөздермен танысу, сөздерді буынға бөлу, сөйлемдер құрау;
Ә) Дамытушылық: Балалардың ойлау, қиялдау, түсіну қабілеттерін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, тазалыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдттар, жеміс суреттері
Әдіс - тәсілдер: Көрнекілік, ойын, ертегі, сұрақ - жауап;

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Сәлем бердік біз.
Ә) Тренинг «Жылулық шеңбері»

2. Қайталау.
- Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
- Көктемде күн ұзарады, адамдар әлсірей бастайды. Сол себепті жемістерден дәм татайық. (жеміс суреттерін алу, артындағы әріптерден сөз, сөйлем құрастыру: А, Т, К, С, Ш, Қ, М)

3. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін бізге қонаққа сендер күнделікті теледидардан көретін Саяхатшы Дара келіпті. Ор сендердің сабақты қалай оқитындарыңды көргісі келеді. Бірақ балалар Дараға СМС келген сияқты. Ол бізге өзінің досы бауырсақпен бірге келе жатқан екен. Одан қалың орманда адасып қалыпты. Дараға досын табуға көмектесеміз бе? (ия)
- Дараның досын орманда аңдар ұстап алыпты. Бауырсақты құтқарамыз ба? (ия)
- Ендеше әрбір аңның тапсырмаларын орындайық
1) Қоян:
- Балалар мына суреттердің атын атайықшы: Цемент, цирк, циркуль, цистерна.
- Балалар барлық сөзде қандай дыбыс естіліп тұр? (Ц дыбысы)
- Ц қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Неліктен? Қандай түспен белгіленеді?
2) Қасқыр:
- Енді Ц ц әрпінің жазылуына көңіл аударайықшы. (ауада жазу) Неше элементтен тұрады? (3)
4. Дәптермен жұмыс.
Ц ц әрпін жазу
А) ауада ә) бастыру б) үлгі бойынша жазу
3) Аю:
5. Сергіту жаттығуы
6. Ойын
- Балалар циркке барып көрдіңдер ме? Ол жерден не көрдіңдер?
Акробатикалық жаттығулар жасау.
4) Түлкі:
- Түлкі бауырсақты жеп қоймақшы. Ол бізге «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналап беріңдер дейді.

7. Қорытындылау
Шеңбер жасап тұру
- Балалар біз бауырсақты түрлі аңдардан қорғап қалдық. Дара мен
бауырсақ сендерге алғыс білдіруде және олардың сендерге арналған сыйлықтары бар екен. Мадақтау. Жұлдызшалар беру......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?