1-5 сандары

 1-5 сандары

Мақсаты. 5 - ке дейін реттік санауды бекіту, заттарды салыстыру, артық және кем санды анықтауды, есеп шығаруды үйрету және ойлау қабілетін дамыту.
Керекті көрнекіліктер. 1 - 5 дейінгі сандар, себеттер, алмалар, қоян суреті және жапсыруға керекті құралдар.
Әдіс - тәсілдер. Сұрақ – жауап, есептер, логикалық есептер, санамақтар.

Оқу іс – әрекет барысы.
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
- Жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық - ой, балалар бұл не екен?, кімдікі екен, бұл бізге келген хат екен кімнен келді екен оқып жіберейін.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ұзын құлақ қоянмын, сендерге мына ғажайып сандығымды беріп жібердім, ішіне әртүрлі тапсырмалар салдым, сол тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге қонаққа келемін, ол үшін менің бейнемді құрастырыңдар. Әр тапсырмамда менің бір мүшем бар, соны біріктірулерің керек, ендеше кездескенше.
- Тәрбиеші: ал балалар қоянның тапсырмасын орындаймыз ба?

Ендеше сандықты ашайын.
1. Сұрақтарға жауап бер.
Бағдаршамда неше көз бар.
Аспанда неше күн бар.
Жұлдыздың неше бұрышы болады.
Адамда неше көз бар.
Есікте неше бұрыш бар.
- дұрыс балалар біздер бірінші тапсырманы орындадық, мінекей қоянның басы шықты орналастырайық.

Келесі тапсырманы орындап көрейік.

2 - тапсырма:
Мына екі себетке 5 алманы бөліп сал және екі себеттегі алманы тағы қалай өзгертіп салуға болады? Екі себеттегі алмаларды қосып есеп шығар.
Мысалы: 3+2=5
4+1=5
2+3=5
Екінші тапсырманы дұрыс орындап едік қоянның денесі шықты құрастырайық.
Ал балалар айтыңдаршы қоянға әлі не жетіспейді?

3 - тапсырма:
Ойын: «Көршісін тап»
Ортаға бес бала шығып сандарды суырып тұрады, балалар мына сандарды ретімен кім орналастырады?
Бұл сандарды тура, кері кім санайды?
Сандардың көршілерін тауып көрейік.
Ал енді осы 1 - 5 ке дейінгі сандарға арналған балалардың тақпақтары бар.
1. Достар мені бір дейді,
Қарайды да бүй дейді,
Мұқтажсың қол аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.

2. Мен екімін балалар,
екі деген баға бар.
Аз болған соң талабы,
үлгіре алмай қалады.

3. Мен ғой үштің таңбасы,
зейін қойып тыңдашы.
Екі қисық қосылған,
үш жазылған осыдан.
4. Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.
Оқуға дос барғанда, риза мені алғанда.

5. Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар.
Төрттік баға алғандар,
Мені ғана армандар.
Қараңдаршы қоянның екі аяғын құрастырдық.

Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4,- алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып, сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.

4 - тапсырма.
Логикалық есептер.
1. Мұз айдынындағы үш бала,
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың,
Санын айтсаң жарадың.

2. Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр.
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?

3. Табақта төрт алма,
Қолымда бір алма.
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма?

Енді қоянның екі қолын құрастырамыз, енді қоянның барлық денесі шықты, өзі де келе жатқан шығар. Балалар қоян келгенше біз оған сыйлық дайындайық, мына екі себеттің біреуіне сәбіз, ал екіншісіне гүлдерді жапсырамыз.

Қоян келеді: Сәлеметсіндер ме балалар мінекей мен де келдім, жай келген жокпын ойын ала келдім.
Ойын: «Мен неге ұқсаймын»
Мақсаты: Аңдар кейпін салу.
Тәрбиеші: Қоян мынау балалардың жасаған сыйлығы.

Қорытынды:
Жарайсыңдар балалар, қоян сен ризасың ба?
Балалар сендерге бүгінгі қоянның тапсырмасы ұнады ма?
Ендеше1, 2, 3, 4, 5, сандар туралы санамақ айтайық.

Санамақ:
Осымен сабағымызды аяқталды, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже: есте сақтау, 1 - 5 сандары аралығында есеп шығару, тура - кері санау, берілген тапсырмаларды орындай алу, логикалық есепті шығару, өз бетімен жұмыс жасау. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?