Сандар әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: 1) 8 санымен таныстыру деп аталатын ойын сабаққа балалармен 7 - ге дейінгі сандарды тура және кері санап балалардың есіне түсіру. 8 санымен таныстыру. Әрбір санның алдыңғы және өзінен кейінгісін дұрыс атай білуге үйрену. Қанша? Қандай? Нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге жаттықтыру мақсаты көзделеді.
2) Сондай - ақ айналадағы қоршаған ортамен салыстыра отырып, геометриялық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3) Саусақтың көмегімен 8 санын көрсету жолдарын ойлап табуға қызықтыру.
Алдын ала өткізілетін жұмыс:
Жұмбақ шешу, математикалық өлеңдер.
Сабақтың көрнекілігі: 1 - ден 8 - ге дейінгі сандар, суреттер, геометриялық пішіндер, түрлі түсті қағаздар.
Әдіс тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ жауап, ойын.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар бір - біріне ретімен:
Ашық аспан тілеймін! Күніміз жарық болсын! Деніміз сау болсын! Нан көп болсын игі тілектерін білдіре келіп, бәрі қосылып: әрқашан күн сөнбесін! – деседі.
Тәрбиеші: Айтқан тілектерің қабыл болсын!
Балалар, бүгін біз математика әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
- Ретімен атаңдаршы.
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс айларын атаңдар
- Қазір қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін қай күн?
- Ертең қай күн?
Енді, балалар, аптаның 7 күнін ретімен және кері қарай санаңдар.
І. Балалар бізге бүгін «Геометриялық ертегілер елінен» үйрек қонаққа келді.
Үйрек бізге геометриялық пішіндерді алып келіпті.
1 - тапсырма: геометриялық пішіндерді атау. (
Үшбұрыш неге ұқсайды?
Үйдің шатырына, шыршаға;
шаршы - орамал, дөңгелек - допқа, алмаға, күнге;
төртбұрыш - есік, терезе, тақта т. б.
сопақша – жұмыртқаға, қауынға, шарға, қиярға т. б. ұқсайды.
2 - тапсырма: өтілген 7 - ге дейінгі сандар туралы санамақтар айту.
1) 8 санымен таныстыру.
2) Сурет бойынша түсіндіру,
3) 8 санының құрамын анықтау. (8 дегеніміз ол 1, 1, 1, 1, 1, 1, 1, 1)
4) 8 ге дейін тура, кері санау. Сан қатары: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.
5) Балаларды қатарға тұрғызып, алға қарай 8 адым, кейін қарай 8 адым жүргізу.
ІІ. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
ІІІ. Дидактикалық ойындар ойнау.
1) «Дыбыс арқылы санды тап»
2) «Көршісін тап».
3) «Қандай сан қалып қойды?» ойыны.
1, 2, 3, 4, 5, 8.
4) Мен сендерге сан айтамын, ал сендер сол санның қандай сандардан құралатынын атайсыңдар.
7 --------------- 8 ----------- 2
6 + 1 ------- 7 + 1 --------- 1 + 1
5 + 2 ------- 6 + 2
ІУ. Санамақ жаттау.
Менің атым - сегіз,
Жетіден соңғы деңіз.
Жазылғанда қос дөңгелек,
Мен боламын сегіз.
Бір дегенім бүркіт,
Қашады аңдар үркіп,
Екі дегенім есек,
Білмейді ол есеп.
Үш дегенім үкі,
Ұстап жеді түлкі.
Төрт дегенім тиын,
Алдым оған бұйым.
Бес дегенім бұлбұл,
Сайрағанда дүл – дүл.
Алты дегенім арғымақ,
Дөңдеу жерден қарғымақ.
Жеті дегенім жайын,
Жайынның жейміз майын.
Сегіз дегенім - серке,
Енесіне ерке.
У. Үлестірме материалмен жұмыс.
1 ) 8 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастыру.
2) Геометриялық пішіндерден үй, шаршы құрастыру.
УІ. Сандар айтысы. 1 - ден 8 - ге дейінгі сандар бойынша өлең түрінде айтыс.
Сабақты қорытындылау.
- Балалар «сендер бүгін» сандар әлеміне саяхат жасадыңдар.
- Сендер қандай санмен таныстыңдар?
- Қандай ойындар ойнадыңдар?
- Не құрастырдыңдар?
Балаларды мадақтау. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?