Геометриялық пішіндер

 Геометриялық пішіндер

Тақырыбы: Шар мен текшені салыстыру (сөздік жұмыс)
Мақсаты:
а) Балаларға геометриялық пішіндер – шар, текше сөздерін естеріне сақтауға, олардың ерекшеліктерін (мысалы: шар домалақ, домалайды; текше төртбұрышты, орнынан қозғалтуға болады, бірінің үстіне бірін қоюға болады) ажыратуға үйрету.
ә) Сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілетін дамыту.
б) Ұқыптылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: (көңілді домалақ шар мен текшенің суреттері), үлестірмелі материалдар (ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру). Дидактикалық жаттығу: «Қай зат қай затқа ұқсайды?».
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: шар, текше, доп.
Билингвальды компонент: шар - шар, текше - куб, доп - мяч.
Мотивациялық қозғаушылық:
- Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік.
Еліміз аман болсын!
Анамыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Балабақшамыз гүлдене берсін!

Ұйымдастырушылық – ізденістік:
Топқа қонаққа көңілді «Текше» мен көңілді домалақ «Шар» кіреді. Олар балалармен амандасып, олармен ойын ойнағысы келетіндерін айтады.
Балалардан:
- Көңілді текшенің «.....» дене пішіні неге ұқсайды?
- Оның түсі қандай?

- Текше төртбұрышты, бір орында тік тұрады, оны орнынан қозғалтуға болады. Міне, былай, - деп текшелердің бірнешеуін бір – бірінің үстіне қойып, мұнара жасауға болатынын айтады.
Билингвальды компонент: шар – шар, текше - куб, доп – мяч.
- Ал, домалақ Шардың дене пішіндері неге ұқсайды екен?
- Дұрыс айтасыңдар, допқа ұқсайды.
- Сен үстел үстіндегі шарды әкеле ғой.
- Мынау не?
- Пішіні қандай?
- Шардың түсі қандай?
Жеке балалардан топтың ішінде қандай заттар домалақ шар мен текшеге ұқсайтынын сұрайды.

Сергіту сәті:
Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем
Дұрыстап
Сайгүлікше жүруді.
Бір! Екі! Бір! Екі!

Үлестірмелі материалмен жұмыс.
«Неге ұқсайды?» дидактикалық ойын жаттығуы. Бұл тапсырмада балалар суреттегілердің неге ұқсайтынын айтып, сурет бойынша сәйкестендіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: геометриялық пішіндердің салыстыруға және сипаттауға арналған тапсырмаларын;
Түсінеді: затты түр – түсіне қарай сипаттау керектігін;
Қолданады: сөйлем құрастыра білу іскерліктерін. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?