6 саны мен цифры

 6 саны мен цифры

Мақсаты: Балаларды 6 саны мен цифрымен таныстыру. 6 санының құрамын ойындар арқылы түсіндіру. Ойлау, есте сақтау, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Шаттық шеңбері.
Міне, біздің де кездесуіміздің тамаша сәті келді. Біздің шаттық шеңберімізге қараңдаршы!
Қандай керемет! Оның сиқыры бар.
- Егер күлкі бейнеленсе, бір – бірімізге күлімдей қараймыз.
- Алақан бейнеленсе, қолымызды алысып амандасамыз.
- Жүрек бейнеленсе, бір – бірімізге жылы сөздер айтамыз.
- Күн болса, күндей жарқыраймыз. /«Сәлем – сөздің анасы»/ сөзі тақтаға ілінеді.

Жыл мезгілдерін атау.
- Балалар жыл мезгілін табу үшін сендерге 1 жұмбақ жасырамын.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай кезде болады? /Қыс/

Қыс мезгілі туралы түсіндіру.
Қыс айларын атау.
/Тақтадан қыс мезгілінің суреттерін көрсету/.
Өткен сабақты қайталау. 0 саны мен цифры.
- Балалар біз бүгінгі тақырыбымызды өтпес бұрын бір жұмбақ жасырамын.
Дүкеннен бір сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Қанша болды қолда бәрі? /6/

- Бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз математика. Жаңа тақырыбымыз 6 саны мен цифры.
- Себетте үш алма бар еді, анам үш алма әкеліп қосты.
Себетте барлығы неше алма болды? /6 алма/
3 алмаға 3 алманы қостық. Барлығы 6 алма болды.
Санау: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6.
Кері санау: 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
6 санын тақтаға жазу.
Балаларға ауада жаздыру.

- Балалар бізге бүгін қонаққа Математика ханшайымы келген екен. Ол сендерге сыйлық алып келе жатыр екен, бірақ оның сыйлығын қазір қыс мезгілі болғандықтан аяз келіп, оның сыйлықтар салынған шанасын ұшырып әкеткен. Шанасы көміліп қалған. Суық жел желтоқсан аязы оны жібермей алып қалған.
- Біз шананы қардан шығару үшін аяздың жіберген бірнеше математиканың тапсырмаларын орындап, математика ханшайымына көмек береміз.

1. Аяздың 1 – тапсырмасы.
Әр суреттегі алтыдан берілген затты бояу, қоршап сызу.
2. Аяздың 2 – тапсырмасы.
Үйшіктегі есептерді дөңгелектердің көмегімен есеп шығару.
3. Аяздың 3 – тапсырмасы.
Жеміс – жидек, көкөністерді қосып есеп шығару.
4. Аяздың 4 – тапсырмасы.
6 санын жазу.

/Сергіту сәтін орындау/
5. Аяздың 5 – тапсырмасы.
Логикалық есептер орындау.
Табақта бес алма,
Қолымда бір алма,
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? /6/

Далада тұр 4 ешкі,
Қорада тұр 2 ешкі,
Барлығын қосқанда,
Болады неше ешкі? /6/

Жаңа ғана шалғында,
6 бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма?
Жатып қалды біреуі,
Нешеуі жүр енді жайылып? /5/
6 – 1 = 5

Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? /2/

Үш қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяғы нешеу, басы нешеу?
Жауабын кім табады? /аяғы 6, басы 3/
Қорытынды: /сұрақтар/
1. Неше санымен таныстық?
2. Нешінші нешеге қосқанда 6 шығады?
3. Сабақтың қай бөлігі ұнады?

Балаларды мадақтау.
Қол ұстассақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз! .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?