Тәуелсіздік тірегім

 Тәуелсіздік тірегім

Мақсаты:: 1) Желтоқсан оқиғасымен таныстыру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ жастарының ерлігімен таныстыру.
2). Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, Отан сүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
3). Ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Сіздерді еліміздің тәуелсіздік алғанына 23 жыл толу мерекесімен шағын орталық тобы балалары атынан құттықтаймыз!
Тәуелсіздік!
Ол ата - бабамыздың мыңжылдықтардан сыңсып жеткен Арманы, Үміті мен Сенімі. Ол Егемендік пен Дербестіктің ебі желі, Азаматтың алтын шуағы. Ол мойнына бұршақ салып жүріп Құдайдан тілеген менің ұлтымның ешкімге, ештеңеге айырбастамайтын бауыр етіндей ең қымбаты, ең асылы, аяулысы!
- Балалар, міне біздің «Мен қазақпын» деп еркін айтуға қол жеткізген тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толды.
Қазақстан Республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындарымыздың қанатын қиып түскен сабырлық күні, өктемдік үні еді.
Дильназ:
Шектеліп ана тіліміз
Оқылмай өлең - жырымыз
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз
Салтанат:
Тартылып жатса жаламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз
Қақымыз жоқ айтуға
Әділет қайдан табамыз.
Ерхан:
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күні қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Қарақат:
Тәуелсіздік алаңы
Түнек басып даланы
Демін ішке алады.
Жандар жатыр жаралы
Ақ қарға қан тамады
Тәуелсіздік алаңы.
Жансая:
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы.
Жамила:
Озбырлық күшпен тұншығып
Үміттің оты өшкен күн
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Ясминнұр:
Шықты тарап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті.
Жанерке:
Бостандық құтты болсын ерікті ел
Айдын көл көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.

Жаухазын:
Рәмізім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс - ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн - баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.
Алтын күнді қанатымен жебеп өрге көтеріп ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерлі белгісі. Матаның сол жағындағы ою - қазақ елінің ұлттық әшекейі.

Нұрсая:
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап
Қанат қағып барады.
Жанерке:
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен - тек
Елдің ашық қабағы.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз - Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.
Қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін білдіреді. Елтаңбаның төбесіндегі бес бұрышты жұлдыз болашаққа жол көрсетеді.
Елтаңба авторлары - Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Нұртас:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Дария:
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

Тәрбиеші: Кез келген мемлекеттік рәміздерінің ең маңыздысы - әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні.
Әнұран орындалады.(хор).
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әні: Шәмші Қалдаяқов.

Тәрбиеші: Қой демейді ешкімде
Шаршамаймыз дөңгелеп
Достарым бар қуанып
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде.
«Испан биі» билейтін Жаухазын.

Көрініс: «Қайсар рухты қазақ»
Судья: Бұрыны «ауғандық жауынгер» Қайрат Рысқұлбековке тағылған үлкен айып, кісі өліміне қатысы. Сондықтан оған ең жоғарғы үкім ату жазасына кесілсін. Сөз Қайрат Рысқұлбековке беріледі.
Қайрат:
- Азамат судья, халайық! Мен кінәлі емеспін. Ешкімді де өлтіргенім жоқ. Бәрі жалған. Бұл жала жабу.:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Алам десең, алыңдар
Қайрат деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!

Тәрбиеші: Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері де республикамызды мақтан ету керек. Барлық ұлттар тату, ынтымағы жарасқан.

Хор: «Достық»
Тәрбиеші: Бақыт құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

23 жылдық торқалы той құтты болсын!
Тәрбие шарасына уақыт бөліп қатысқандарыңызға мың алғыс! Балалар сендер де белсенділікпен қатыстыңдар көп - көп рахмет! Осымен тәрбиелік шарамыз аяқталды......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?