Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды
Білімділік: Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: балаларға құстар туралы тақпақ айтқызып әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорын, ой өрістерін дамыту.
Жаңа сөздер: ұшады, секіреді, қоректенеді.
Әдіс - тәсілдер: АКТ слайд арқылы құстар туралы әңгіме құрау.
Шаттық шеңбер:
Ал балалар тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық
Сауысқан болып секіріп
Тоқылдақ болып шоқиық
Торғай болып қонайық
Қане, қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдық қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілі неше айы бар?
Балалар: Үш айы бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын
Жұмбақ:
Шарлап келіп даланы
Тал басына ұя салады
Бау - бақшаны аралап,
Көркейтеді даланы.
Бұл жұмбақ не туралы айтылған?
Слайд арқылы қыстап қалатын құстарды көрсету. Табиғаттың бір бөлігі біз құстарға тоқталамыз. Құстар бау бақшаның сәні әрі біздің досымыз. Құстардың пайдасы көп. Олар ағаштағы, жердегі құрттарды жейді. Құстар ән айтып, біздің көңілімізді көтереді. Кейбіреулері біздің далаға төккен тамақ қалдықтарын жеп, айналаны тазартады.
Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер. Олар торғай, қарға, сауысқан, көгершін т. б
Олар ағаштың, немесе үйдің шатырында ұя салады. Балалар сендер құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Сергіту жаттығуы:
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап
Бөтекесі бұлтиып
Шиқ, шиқ етіп ортырмақ.
Балалар тақпағы:
Амир:
Шыр еткен торғайды
Қорғамаса болмайды
Кіп - кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды
Ислам:
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Ұясына қонбайды
Бекасыл:
Еркін самғап ұшасын деп
Мәпелейміз баптаймыз
Бейбітшілік құсы деп
Көгершінді мақтаймыз
Айзере:
Қарылғыштар қаптап жүр
Өз еңбегін ақтап жүр
Ұяларын тоздырылған
Келер жылға сақтап жүр
Айбек:
Көгершін - ау көгершін
Жер жасарып көгерсін
Жем шашайын уыстап
Маған жақын келерсің
Қ/О: Мысық пен балапандар
Балалар сіздер құстар туралы сөздер білесіздер ме?
Балалар:
Құс ұясын бұзбайық, аққуды атпа, құсқа тас лақтырма, құстардың жұмыртқасын жарма.
Тіл ұстарту жаттығуы.
1. ыс - ыс - ыс келіп қалды қыс
2. ұс - ұс - ұс құстар бізбен дос
3. ос - ос - ос ұшып кетті құс
Қортындылау:
1. Қыстап қалатын құстарды ата?
2. Оларды неліктен қыстап қалатын құстар деп атаймыз?
3. Олар қайда мекендейді?
4. Олар немен қоректенеді? .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?