Атамекен. Ел. Халық


Ел, Атамекен, Халық туралы мақал-мәтелдер жинағы

  1. Ел жаусыз болмас, Жер таусыз болмас.

 

  1. Ел айырылса, көбіне бар, Жол айырылса, кеңіне түс.

 

  1. Елін сатып асаған Екі күн-ақ жасаған.

 

  1. Елді сөкпе,

Кенді төкпе.

 

  1. Ел мен ел қосылады,

Тау мен тау қосылмайды.

 

  1. Елдестірмек елшіден, Жауластырмақ жаушыдан.

 

  1. Елдің құты—би.

 

  1. Елу жылда ел жаңа, Жүз жылда қазан.

 

  1. «Ел көшеді» деп, отыныңды тауыспа,

«Жау келеді» деп, тамағыңды тауыспа.

 

  1. Ерден аспақ бар, Елден аспақ жоқ.

 

  1. Ер елін аңсайды, Қаз көлін аңсайды.

 

  1. Ердің ісі елдің мойнында, Елдің ісі ердің қолында.

 

  1. Ер туса, ел ырысы,

Жаңбыр жауса, жер ырысы.


 

  1. Ердің сыншысы—елі.

 

  1. Ер жетіліп, бас болар, Тай жетіліп, ат болар.

 

  1. Ергежейлінің елуі жиналып, Үрген қарынды көтере алмайды.

 

  1. Еру ел ерулік берер, Көшпелі ел көмек берер.

 

  1. Есі бүтін елден кетпес.

 

  1. Есің бар да, елің тап, Есер болмай, етек жап.

 

  1. Естімеген елде көп, Есек мінген сарт та көп.

 

  1. Ескі бай аяншақ келер, Жаңа бай мақтаншақ келер.

 

  1. Ескі байдан жұрт қалмас, Жаңа байдан шөп қалмас.

 

  1. Ешкім анадан құл болып тумайды.

 

  1. Жазда сайға қонба, Қыста қырға қонба.

 

  1. Жазды ойламаған диханның егіні семіп шығады, Қысты ойламаған малшының малы өліп шығады.

 

  1. Жағасы—жайлау, етегі—қыстау.

 

  1. Жазған құлда шаршау бар ма?

 

  1. Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер, Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер.


 

  1. Жақсымен көрші болсаң, мақтар, Жаманмен көрші болсаң, даттар.

 

  1. Жалайырға жар салған.

 

  1. Жалғыз үйдің қарғасы боққа тоймас, Боққа тойса да, шоқығанын қоймас.

 

  1. Жалғыз ағаш үй болмас, Жалғыз жігіт би болмас.

 

  1. Жалғыздық бір Құдайға ғана жарасқан.

 

  1. Жалғыз жүріп жол тапқанша, Көппен бірге адас.

 

  1. Жалғыз ағаш пана болмас, Жалғыз биеге саба толмас.

 

  1. Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас.

 

  1. Жалғыз шапқан ат жүйрік.

 

  1. Жалғыздық ас ішкенде білінер, Жарлылығың ел ішінде білінер.

 

  1. Жалғыз аттың пайдасы көп, Жалғыз жігіттің айласы көп.

 

  1. Жалғыз батыр жауға жоқ, Жалғыз жігіт дауға жоқ.

 

  1. Жалғызға біткен дәулеттің мәні жоқ, Жалғыз айтқан өлеңнің сәні жоқ.

 

  1. Жалғыз кісі жау алмас.


 

  1. Жалғыз мая қайымас, Жалғыз жігіт байымас.

 

  1. Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпейді.

 

  1. Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.

 

  1. Жаман көрші сырыңды сыртқа жаяды.

 

  1. Жаман көрші—күнде қонақ.

 

  1. Жаман да болса көршіңді жамандама.

 

  1. Жаман жүрісінен құл болады, Жорға жүрісінен пұл болады.

 

  1. Жаманнан би қойма, кесім алады, Залымнан қарыз алма, өсім алады.

 

  1. Жаманнан жасауыл қойсаң, еліңді

жауға алдырар, Наданнан би қойсаң, малыңды дауға алдырар.

 

  1. Жаман үйден қосым артық, Сынық ошақтан мосым артық.

 

  1. Жантақты жерде сона бар, Қыстақты жерде оба бар.

 

  1. Жаңа байығаннан қарыз сұрама, Жаңа би болғаннан билік сұрама.

 

  1. Жас құрақ—жердің көркі, ынтымақ—елдің көркі.

 

  1. Жасықтың мыңынан, асылдың бірі артық.

 

  1. Жақыны көп жасқанбайды.


 

  1. Жақсы—ардың құлы, Жаман—малдың құлы.

 

  1. Жарлылық деген жақсы екен, Жатып ішер ас болса.

 

  1. Жарлыға берген кісі Құдайға

қарыз бергендей болады.

 

  1. Жарлының сөзі жалған, Жалғыздың сөзі жалған.

 

  1. Жарлы байыдым десе, нан, Жалғыз көбейдім десе, нанба.

 

  1. Жарлы байғұс жамалар, Жамалар да, жаңарар.

 

  1. Жарлы болсаң да, арлы бол.

 

  1. Жарлы болсаң, кентті жерді сағала, Жалғыз болсаң, бір жақсыны ағала.

 

  1. Жарлы болсаң, шашынба, Қарыздар болсаң, дәусінбе.

 

  1. Жарлыға тіл бітті, Жабыға шыр бітті.

 

  1. Жарлымен құда болғанша, Байменен барымталы бол.

 

  1. Жарлының аузы аққа тисе, мұрны қанар.

 

  1. Жарлының байлығы—денінің саулығы.

 

  1. Жарлының жалғыз қозысын қасқыр жейді.


 

  1. Жарлының ұлы болғанша, Малдының құлы бол.

 

  1. Жарлылығын жасырған байымас.

 

  1. Жарлылық, сені қайтейін,

жандай досты жат еттің.

 

  1. Жауды көп қашырады, Жақсы атақ Барақта қалады.

 

  1. Жаяудың ақысын атты жемес.

 

  1. Жер шайқалса, төбеге қатер, Ел шайқалса, төреге қатер.

 

  1. Жер мен жерді жер жалғайды, Ел мен елді қыз жалғайды.

 

  1. Жер тоймаса, ел тоймайды.

 

  1. Жер таусыз болмас, Ел хансыз болмас.

 

  1. Жер қадірін жеміссіз қалсаң, білерсің.

 

  1. Жетең жаман болмаса, Жете жарлы болмассың.

 

  1. Жетесізден жетекші шықпайды.

 

  1. Жолбарыс жонымен күшті, Халық бірлігімен күшті.

 

  1. Жолға жомарт қонар немесе нәмарт қонар.

 

  1. Бай мақтанса, табылар, Жоқ мақтанса, шабылар.


 

  1. Жоқ болса, тұз да қат.

 

  1. Жоққа жүйрік жетпейді.

 

  1. Жоқшылық жомарт елдің қолын байлар.

 

  1. Жұтаған жұртын мақтайды.

 

  1. Жұт жылдың жазы шаң болар, Кесірлі кедей паң болар.

 

  1. Жұрт бойдаққа қалды, Жүк тайлаққа қалды.

 

  1. Жұртымның жұртында қалайын.

 

  1. Жүз дос аз,

Бір дұшпан көп.

 

  1. Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын.

 

  1. Жүлдегерге ел сүйінер, Қызғаншақ, күншіл күйінер.

 

  1. Жүзігі барда Сүлеймен, Жүзігі жоқта сүмірейген.

 

  1. Жігіті жүзге жеткен елді жүзі қара кемітер.

 

  1. Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне.

 

  1. Иті семіз, малы арық—жер азғаны, ынтымағы болмаса—ел азғаны.

 

  1. Итті қонақ жараспас.

 

  1. Иесіне керек болса, Қоңсысы өкпелемейді.


 

  1. Иірімі жоқ суларға ерген балық не табар? Қайырымы жоқ сұлтанға ерген халық не табар?

 

  1. Кәрі болсаң, жастығыңды айтпа, Жарлы болсаң, байлығыңды айтпа.

 

  1. Кедейдің қоржыны толса да, көзі тоймас.

 

  1. Кедейдің керінен сақта.

 

  1. Кедейге ат бітсе, «қайдан алдың» дейді, Байға ат бітсе, «құтты болсын» дейді.

 

  1. Кедей елге көшбасшы көп.

 

  1. Кедейдің келді заманы, Құрыды байдың амалы.

 

  1. Кедейлік—кемдік емес.

 

  1. Кедейліктен кісі өлмейді, сағы сынады.

 

  1. Кедей мен бай жолдас емес, Қасқыр мен қой жолдас емес.

 

  1. Кен байлық—кең байлық.

 

  1. Кеңесті елде кек болмас.

 

  1. Кеңесті ел кем болмас.

 

  1. Кең киім тозбайды, Кеңесті ел азбайды.

 

  1. Келген дәулет— Кеткен бейнет.

 

  1. Кетпес жарлылық—басқа қорлық.


 

  1. Кешке жақын өре сақтама, Ашаршылықта төре сақтама.

 

  1. Көлден кетсе, жалбыз мұң, Елден кетсе, жалғыз мұң.

 

  1. Көлігі жоқ жұртта қалады, Сабасы жоқ сыртта қалады.

 

  1. Көш жүре түзеледі.

 

  1. Көшерде жұрт жаман, Тастарда қатын жаман.

 

  1. Көшбасшының киімі жылы, Баланың жылағанын не қылсын.

 

  1. Көше білмес жамандар, көшсе, көлік өлтірер, Сөйлей білмес жамандар сөзді өзіне келтірер.

 

  1. Көшерімді жел біледі, Қонарымды сай біледі.

 

  1. Көші-қонды көп сөйлеспе, Арты керіске айналар.

 

  1. Көшкен жұрттың қадірі Қонғанда өтер.

Ер жігіттің қадірі Өлгенде өтер.

 

  1. Көштің байсал тапқаны—көкорайға қонғаны. Даудың байсал тапқаны—төрешіге барғаны.

 

  1. Көп түкірсе, көл болар.

 

  1. Көп қарасса, жоқ жабылады.

 

  1. Көп жүрген жерде береке жүреді.


 

  1. Көпті көрсең, көсем боласың, Сөйлей-сөйлей шешен боласың.

 

  1. Киіз сатсаң, көршіңе сат, Бір шетіне өзің отырасың.

 

  1. Көп адаспайды, Көл таусылмайды.

 

  1. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра.

 

  1. Көпті жамандаған көмусіз қалады.

 

  1. Көп ақылы алысты болжайды, Жалғыз ақыл отбасынан озбайды.

 

  1. Жаяудың жүрісі өнбейді, Жалғыздың ісі өнбейді.

 

  1. Көп қорқытады, Терең батырады.

 

  1. Көпті сыйламағаның, өзіңді сыйламағаның.

 

  1. Көп алғысы көгертер.

 

  1. Көп ауызы—дуалы.

 

  1. Көп ауыз біріксе,

Бір ауыз жоқ болады.

 

  1. Kөп дауыс қосылса,

Бір дауысты жоқ қылады.

 

  1. Көп еңбегі пәрменді.

 

  1. Көп ел—сарқылмас көл.

 

  1. Көп жабылса, жоқ табылады.


 

  1. Көп ішінде аз болсаң, Әр нәрсе түсер ойыңа. Ел ішінде жоқ болсаң, Мін табылар бойыңа.

 

  1. Көп қайда болса, береке сонда.

 

  1. Көп қорқытады, Терең батырады.

 

  1. Көп ұйғарса, көк тоқтыңды сой.

 

  1. Көп еңбек—байлықтың басы, Көп ұйқы—кедейліктің басы.

 

  1. Көпке жаққан—көкке жақын.

 

  1. Көпке топырақ шаша алмайсың.

 

  1. Көпке жаққан Құдайға да жағады.

 

  1. Көппен көрген ұлы той.

 

  1. Көкке тентек болсаң да, Көпке тентек болма.

 

  1. Көптен дәметкен аздан құр қалар.

 

  1. Көптен бақыт құтылмас.

 

  1. Көптен қулық артылмас.

 

  1. Көптен қашқан көмусіз қалар.

 

  1. Көптен түлкі құтылмас.

 

  1. Көпті жылатқан көп жүрмейді.

 

  1. Көпті сөккен көгермес.


 

  1. Көптің көзі—көреген.

 

  1. Көптің аузы—темір талқы.

 

  1. Көптің аузы—зеңбірек.

 

  1. Көптің күші көлдей, Көшіп жүрген елдей.

 

  1. Көптік қайда болса, тоқтық сонда.

 

  1. Көптің қолы ұзын.

 

  1. Көпті қысқан бай болар.

 

  1. Көпшілік жүрген жер—береке, Береке бар жерде ұдайы мереке.

 

  1. Көп сөйлейді залым би, Аз сөйлейді әділ би.

 

  1. Көрген жерде ауыл бар.

 

  1. Көршің жаман болса, көңілің алаң.

 

  1. Көрші айнасы—көршінің айнасы.

 

  1. Күйі бірдің күні бір, Үйі бірдің шиі бір.

 

  1. Күң мен қордың тәні бірдей.

 

  1. Күң көтінде күміс жылтырайды.

 

  1. Күңнің өз күңкілін өзіне қимайсың ба?

 

  1. Күңнің аузы етке тисе,

Төбесі көкке тигендей болады.


 

  1. Күші жеткен алып та жығады,

шалып та жығады.

 

 

384.

Күте білсең, ханшадан күң жақсы.

Түте білсең, жібектен жүн жақсы.

385.

Кілемге бергісіз алаша бар, Ханға бергісіз қараша бар.

386.

Кім бай болмайын дейді, Құдайы қаламайды. Кім би болмаймын дейді, халқы қаламайды.

387.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

388.

Кісі елінде күркірегенше, Өз еліңде сіркіре.

389.

Қазақ байыса, қатын алар, Сарт байыса, там салар.

390.

Қазақ етігін майлайды, Етігі етегін майлайды.

391.

Қазақ жаңылса, қартына қарайды, Орыс жаңылса, хатына қарайды.

392.

Қазақ пен қазақ жөн сұраса келе, Қарын бөле шығады.

393.

Қазақтың ақылы көзінде, Қасиеті сөзінде.

394.

Қазақта айран көп, Орыста мейрам көп.

395.

Қайраңы жоқ көлден без, Қайырымы жоқ елден без.

 

4-299*

 

 


 

  1. Қайырымсыз болса, ханнан без, Өткелсіз болса, судан без, Асусыз болса, таудан без, Пайдасыз болса, байдан без, Панасыз болса, сайдан без.

 

  1. Қайыршының сүйген асын кім берер.

 

  1. Қайран менің өз үйім, Кең сарайдай боз үйім!

 

  1. Қайғың болса, ханға бар, Қарның ашса, байға бар.

 

  1. Қайырсыз байдан қайнатқан су артық.

Беттер:
1 2 3

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: атамекен, ел, халық