Өсек

 Өсек

Түймедейді түйедей етеді.

Аузы ыңғайсыз жерден тесілген.

Аш құлақтан тыныш құлақ.

Тыйылмаған ауызда пәле бар.

Қатты жүрсең «қазық аяқ» дер,
Ақырын жүрсең «маймақ аяқ» дер

Сенімен қосыла жамандасқан
Сені сыртыңнан да жамандайды.

Көлгірге сенбе, былжырға ерме.

Қаңқу сөздің қоспасы көп.

Асыға айтсаң да, асыра айтпа.

Өз аузына өзі ие бола алмаған: астындағы түйесінен айырылар, жетегіндегі биесінен айырылар.

Ауызына сөз тұрмастың,
Бір жерде өзі тұрмас.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Мақтаған жеткізер, шаққан өлтірер.

Ат аяғынан, адам құлағынан семірер.

Өз басындағы отты көрмей,
Біреудің басындағы шоқты көрер.

Бүйректен сирақ шығарады.

Өзінің боғын көрмей,
Біреудің шоғын көреді.

Шабына түртіп, шамына тиеді.

От алып, ораққа түскен.

Оттан алып, суға салады.


Күншіл - күнәмшіл.

Күншілдің күні күйбеңмен өтер.

Ішіне шынашақ айналмайды.

Күншілге өлімнен өзге ем жоқ.

Күншілдің күнін итке берсін.

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.

Аузына әлі жетпегеннің,
Қолында масқарасы бар.

Аузына ақ ит кіріп, қара ит шығады.

Өсектің өртінен дерті жаман.

Өсекшінің тілі қышып тұрады.

Ішек, қарын ет болмайды,
Өсекшіде бет болмайды.

Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек?

Жаптым жала, жақтым күйе.

Жамандауға шебер болғанша,
Мамандауға шебер бол.

Тілін тісіне жаниды.

Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.

Өгіз оғы, бұзау боғы.

Өсектің уыты уақытында.

Тырнақ астынан кір іздеген.

Ішің күйсе, тұз жала.

Сиыр сушыл,
Пасық адам күншіл.


Бақсы бақсыны,
Жақсы жақсыны көре алмайды.

Сынаманың сұлу сөзі,
Су түбіне кетірер.
Қыздырманың қызыл тілі,
Сүйгеніңнен кетірер.

Сөз бергеннің сөзіне ерсең,
Басыңа бейнет болады.

Бөз бергеннің бөзін алсаң,
Үстіңе көйлек болады.

Өсекшінің аузын бассаң,
Арты жыбырлайды.

Өз отына қан құйған,
Кісі отына май құйған.

Жол қуған қазынаға жолығады,
Сөз қуған пәлеге жолығады.

Игілік істі өсек бұзады.

Өсек сөз өгізді де өлтіреді.

Өсекке керең бол,
Ойға терең бол.

Дауасы жоқ ауызға,
Сылдыраған сөз бітеді.

Күлін шашып, күмәнін ашады.

Желбегейге жел үйір.

Бұралқы сөз — бұтыма.

Оңбаған — өсекшіл.

Күншіл адам күні бойы ренжиді.

Күншіл күнде күңіренеді.

Арадағы бозбайтал (өсекші): андағыны мұнда айтар, мұндағыны анда айтар.

Озбыр олжа үшін өледі,
Күншіл күндеумен өледі.

Күншілдің күні қараң.

Тіл сырласар,
Өсек сыбырласар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?