Түйе
Түйенің пірі - Ойсылқара.
Түйе - түлік басы.
Түйе - түлік төресі.
Түйе - дала кемесі.
Түйе - көштің көлігі, қойдың серігі.
Түйе қараған жауға жолығар,
Сиыр қараған тойға жолығар.
Сиыр қараған тойға жолығар.
Түйеге - дақ, жылқыға - пышақ.
Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінер.
Түйе тулап жүктен құтылмас.
Түйе тулап жүктен құтылмас.
Түйені көпір астына жасыра алмайсың.
Түйені тұзға айда.
Түйе көп болса, жүк сыймайды.
Түйе бойына сеніп жылдан құр қалған.
Түйе қартайғанда көшегіне ереді.
Түйенің танығаны - жапырақ.
Түйе тұзға келер,
Күйеу қызға келер.
Күйеу қызға келер.
Түйе бошалап кетсе де,
Түнейтін орын табады.
Түнейтін орын табады.
Түйе қотыр болса,
Ботасын былғайды,
Ботасы келесін былғайды.
Ботасын былғайды,
Ботасы келесін былғайды.
Жалғыз түйе бақырауың.
Түйесін қу бас десең - иесіне тиеді.
Нар сәулеті - ашамай.
Нар баласы бақ етпес.
Нар жолында жүк қалмас.
Нары бар, нары бардың малы бар.
Нар баласын қарпып сүйер.
Жар басындағы жантақты
Жаннан кешкен нар жейді.
Жаннан кешкен нар жейді.
Нар өлген жерде жүк қалады.
Аруана - бір үйдің көлігі,
Бір үйдің көжесі.
Бір үйдің көжесі.
Түйелі ел - қырға,
Түйесіз ел - Сырға.
Түйесіз ел - Сырға.
Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің.
Жуас түйе жүндеуге жақсы.
Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды.
Елсізде екі түйе айда.
Соқғы түйенің жүгі ауыр.
Қоныс ақысын түйе қайтарады.
Алыстан шабынған бураның күші қайтады.
Көпірде түйенің үлкені таяқ жейді.
Көпірде түйенің үлкені таяқ жейді.
Өлі бураның басынан тірі атан қорықпас.
Екі түйе сүйкеніссе, арасында шыбын өледі.
Буыршынды бура бұзар,
Пәйкелді бұғы бұзар.
Пәйкелді бұғы бұзар.
Алпыс күн атан болғанша,
Алты күн бура бол.
Алты күн бура бол.
Бақырауық демесең,
Бағалы түлік - түйе ғой.
Бағалы түлік - түйе ғой.
Жаман да болса, өз ұлың,
Өз малыңа ие ғой.
Өз малыңа ие ғой.
Түйе деген жануар,
Түзде жүрсе семірер.
Түзде жүрсе семірер.
Тіздеп қойса аяғын,
Тұзға қарай емінер.
Тұзға қарай емінер.
Жалғыз өркешті түйенің бәрі - нар,
Дегенмен, нардың да нары бар.
Дегенмен, нардың да нары бар.
Түйе жайылса, шөлге қарай шығады,
Жатарда сорға қарай.
Жатарда сорға қарай.
Салпиған қардан туады,
Салпы ерін нардан туады.
Салпы ерін нардан туады.
Түйе екеш түйе де,
Өз ботасының өркешті болғанын қалайды.
Өз ботасының өркешті болғанын қалайды.
Қас татының жаманы.
Қаракеш болар сипаңдап.
Қалбағайы түйені,
Жүк көтермес қалтаңдап.
Жүк көтермес қалтаңдап.
Аруанадан туған нар,
Жүк көтерер талтаңдап.
Жүк көтерер талтаңдап.
Арту-арту құм келсе,
Атан тартар бүгіліп.
Базарда түйе пұл десе,
Ауылда қотыр тайлақ ойнақтайды.
Атан тартар бүгіліп.
Базарда түйе пұл десе,
Ауылда қотыр тайлақ ойнақтайды.
Түйені жүгендемейді,
Көп малды түгендемейді.
Көп малды түгендемейді.
Жолаушыға лайық жол тұрады,
Жампозға лайық қом тұрады.
Жампозға лайық қом тұрады.
Артында бар оңалар,
Арық түйе қом алар.
Арық түйе қом алар.
Түйе деген,
Түйеден кейін бетіңе күйе деген.
Түйеден кейін бетіңе күйе деген.
Айыр інген кез болса,
Мұрындығы қалар жырылып.
Мұрындығы қалар жырылып.
Өзеннің көркі - жар,
Түйенің көркі - нар.
Түйенің көркі - нар.
Алтын артқан түйенің,
Алдында есек, артында ит жүреді.
Алдында есек, артында ит жүреді.
Түйе жаман, тоңтамайды,
Өзімнің арбам жақсы, оттамайды.
Өзімнің арбам жақсы, оттамайды.
Түйе қартайса да, тартуын қоймайды,
Өрт сөніп бара жатса да, шарпуын қоймайды.
Өрт сөніп бара жатса да, шарпуын қоймайды.
Түйені ит жетелейді,
Сондықтан түйе қасқырды ит екен дейді.
Сондықтан түйе қасқырды ит екен дейді.
Түйенің не де болса, түйе аты бар,
Сондықтан ботаның ұяты бар.
Момынды момын қорғайды,
Түйе қомын қорғайды.
Сондықтан ботаның ұяты бар.
Момынды момын қорғайды,
Түйе қомын қорғайды.
Ашамай нарға жарасар,
Ақ түйе барға жарасар.
Ақ түйе барға жарасар.
Атанның күші қомында,
Азық-жемі жолында.
Азық-жемі жолында.
Шыры болса қомында,
Алты айшылың жолында,
Атан түйе арымас.
Алты айшылың жолында,
Атан түйе арымас.
Шөлге шықсаң:
шөл екенін біліп шық,
шөл тәңірі — сары атанға мініп шық.
шөл екенін біліп шық,
шөл тәңірі — сары атанға мініп шық.
Атан түйені май қартайтады,
Май қартайтпай не қартайтады?
Май қартайтпай не қартайтады?
Алаша тұқымын танытпас,
Жүк көтеріп жарытпас.
Жүк көтеріп жарытпас.
Керуен кері айналғанда,
Ақсақ түйе алға шығады.
Ақсақ түйе алға шығады.
Жөңді салсаң, нарға сал,
Жөң қорқытар жампозды.
Жөң қорқытар жампозды.
Түйешіге жолықсаң,
Өркеші биік тайлағын айтар.
Өркеші биік тайлағын айтар.
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Түйе деген жарықтық.
Екі өркеші баладай,
Түйе деген жарықтық.
Қойдың басын құмға көм,
Сиырдың басын нуға көм,
Түйенің басын сорға көм.
Сиырдың басын нуға көм,
Түйенің басын сорға көм.
Түйе күндіз жайылады,
Түнде күйіс қайырады.
Түнде күйіс қайырады.
Түйені жыңғылмен айдамайды,
Кендірмен байламайды.
Кендірмен байламайды.
Жүрт жаманға қалды,
Жүк тайлаққа қалды.
Жүк тайлаққа қалды.
Түйе жаманы - күрт,
Шөп жаманы - керт.
Шөп жаманы - керт.
Ауырлықты нар көтереді,
Нар көтермесе, бар көтереді.
Нар көтермесе, бар көтереді.
Түйе атасы - нар,
Ағаш атасы - шынар.
Ағаш атасы - шынар.
Түйе жисаң, нардан жи,
Жүк қалдырмас жолында.
Жүк қалдырмас жолында.
Күртке күш салсаң өледі,
Өртке күш салсаң сөнеді.
Өртке күш салсаң сөнеді.
Талдырмаш таза айырдан,
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Екі жылда бір туған,
Түйенікі не талтақ?
Түйенікі не талтақ?
Түйе, тайлақ жиғанмен,
Аунайтүғын шаңдақ жоқ.
Аунайтүғын шаңдақ жоқ.
Түйенің бәрі нар болса,
Жер бетінде жүк қалмас.
Жер бетінде жүк қалмас.
Түйе алпыс күн аштыққа,
Отыз күн шөлдікке шыдайды.
Отыз күн шөлдікке шыдайды.
Нардан туған жампозға,
Арыса кере сала алмас.
Арыса кере сала алмас.
Бір түйенің құмалағына
ырық кісі тайып жығылыпты.
ырық кісі тайып жығылыпты.
Ақылды мен ақымақ келісе алмас,
Атан түйе текемен сүзісе алмас.
Атан түйе текемен сүзісе алмас.
Көш-қоныңды білмейді,
Қоңы семіз түйелі.
Қоңы семіз түйелі.
Пәле, жала жоламас,
Ақ түйелі алтауға.
Ақ түйелі алтауға.
Түйе майы - түгел май,
Шұбатын кертіп іш.
Шұбатын кертіп іш.
Аруанадан туған кез өркеш,
Арқасын төсер ауырға.
Арқасын төсер ауырға.
Көштің көркі түйе еді,
Шыңырауға қауға байлап бақ.
Шыңырауға қауға байлап бақ.
Бурадан пішкен азбанға,
Буыршын басып шөге алмас.
Буыршын басып шөге алмас.
Түйені Түймебай бағады,
Сүтін Сүймебай ішеді.
Сүтін Сүймебай ішеді.
Қос-қос орда, қос орда,
Қосылып қонбас малдан соң.
Қоспақ өркеш сары атан,
Қом жинамас майдан соң.
Қосылып қонбас малдан соң.
Қоспақ өркеш сары атан,
Қом жинамас майдан соң.
Құнажын деп кемітпе,
Ертең-ақ атан болады.
Ертең-ақ атан болады.
Атан кетсе, тайлақ бар,
Шомы жерде қалған жоқ.
Шомы жерде қалған жоқ.
Бота ойнақтаса- молшылық,
Тайлақ ойнақтаса - тоқшылық,
Кәрі түйе ойнақтаса - жоқшылық.
Тайлақ ойнақтаса - тоқшылық,
Кәрі түйе ойнақтаса - жоқшылық.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан - Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан - Түйе деген жануар.
Егіз бота не баққа, не даққа туады.
Түйе мінген тайлақ мінгенге күлмейді.
Түйе қонаққа сойылмайды.
Қоңыраулы түйе жоғалмас.
Әулие сандықты көтеретін - түйе.
Қара қайыспен соққан түйенің дағы кетпес.
Отбасының жанжалы,
Қанбай ішкен шайдан туады.
Қанбай ішкен шайдан туады.
Ауыр жолдың азабы,
Артар атан, нардан туады.
Артар атан, нардан туады.
Түйені жардан құлатқан - бір үзім шөп.
Жүк көтерген түйе қамыс қомды ауырламайды.
Қартайған түйе кетеген келеді.
Басы қисайған түйе мал болмайды.
Қысылсаң, жүгіңді жөңге сал.
Бір үйдің иесі - жүк көтерер түйесі.
Үріккен түйеге шаңырақ салма, сындырады.
Ботасы бар түйе боздамай жем жемейді.
Бесті атанның күні күркірейді.
Бақырауың болса да, түйенің бары игі.
Боталы түйе боздауың.
Түйе жұлғанын білмейді, жұтқанын біледі.
Өкпелесең, көшке берген тайлағыңды қайтып ал.
Әркім өз ботасын үкілейді.
Алыс жолдың іздерін түйе білер.
Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер.
Кірекештің түйесі жүгімен жайылар.
Бура құтырса, тайлақпен ойнайды.
Күркіреген бураны келеде көр.
Атан бол, бура бол, інгенімді қайыт.
«Шөк!» десе, түйе де шөгеді.
Келеге түспеген бура керенау.
Қомға шыдаған шомға да шыдайды.
Атанға туған күн ботаға да туады.
Түйе дырдай, ізі қылдай.
Түйе бауырынан тоңады.
Ер кешуде, нар көшуде сыналады.
Нарға - ашамай, қоспаққа - жазы.
Нарға - ашамай, қоспаққа - жазы.
Нар ізін нарша басады.
Барды сөкпе, нарды теппе.
Түйеден нар туады моншақ өркеш.
Шөккен түйе соққанды білмейді.
Түйенің өзі түйе, құмалағы емес.
Түйе мінгеннің төбесі биік.
Түйе мойнын тұз кесер.
Түйенің басы тегешке сыймас.
Кәрі түйе тартыншақ.
Түйе үлкен болса да, өз жолына шөгеді.
Жүк тартпаған түйенің нарлығы жоқ.
Түйесі көп көш бастайды.
Түйеден зор - піл.
Түйесіз көш сәнсіз.
Керуеннің күні қомда.
Ақ түйелі алтаудың арманы жоқ.
Нар - түйеден, тұлпар - биеден.
Азу тісі қаладай: жабуы жамшыдай, құйрығы қамшыдай, бура сойған не сұмдың!
Ақ түйенің қарны жарылды.
Көрмес түйені де көрмес.
Кәрі түйе тапырақтаса, боран болар.
Жабу қисық емес, түйе қисық.
Қабырғалы қара нар,
Қабырғасын сөксең, бақ етпес.
Қабырғасын сөксең, бақ етпес.
Ботам, ботам дегенше,
Ботакөзім десеңші.
Ботакөзім десеңші.
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай.
Екі өркеші баладай.
Жантақ жемеген түйенің тілі қышиды.
Інгеніме қараймын деп мінгенімнен айырылдым.
Түйенің сүйген шөбі - жантақ.
Тиіннің сүйген асы - жаңғақ.
Тиіннің сүйген асы - жаңғақ.
Інген ыңыранса, бота боздайды.
Ақсақ түйенің аузына,
Жел айдаған қаңбақ түсер.
Жел айдаған қаңбақ түсер.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Жуас түйеге әркім ие.
«Әйт, шуу!» деген - атанға демеу,
«Әуп!» деген - ерге демеу.
«Әуп!» деген - ерге демеу.
Жебір түйе жабуын жер,
Жебір жігі ауылын жер.
Жебір жігі ауылын жер.
Көтерем деп түйеден безбе,
Салтанатың емес пе?
Тебеген деп биеден безбе,
Қос қанатың емес пе?
Салтанатың емес пе?
Тебеген деп биеден безбе,
Қос қанатың емес пе?
Түйенің артқаны - алтын, жегені - тікен.
Бет-бетімен түйе айдап.
Бесті бура күнде күркірейді.
Түйеге жантақ керек болса, мойнын созар.
Кісі алатын бура көп жасамайды.
Көшке берген тайлағыңды сұрама.
Түйе бақтым - түйме тақтым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?