Қой
Қойдың пірі - Шопан ата.
Қой анасы - оннан,
Жылқы анасы - бестен.
Жылқы анасы - бестен.
Қой егіз тапса,
Шөптің басы айыр шығады.
Шөптің басы айыр шығады.
Қора толы қойыңды қотыр тоқты бүлдірер.
Қой өрісі - қорадан.
Қой мыңға жетсе,
Кереге басынан бас кетпейді.
Кереге басынан бас кетпейді.
Қой аңсағымен мың болар.
Қой үріккен жағына беттемейді.
Қой шелді болмай, төлді болмайды.
Қойың болмаса,
Байлықта ойың болмасын.
Байлықта ойың болмасын.
Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.
Қой сүті — қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Қойды соққан оңбасын.
Қой асығы демеңіз,
Қолыңа жақса, сақа тұт.
Қолыңа жақса, сақа тұт.
Қойға қоңырау жараспас.
Қой өлсе, қозы болады,
Келер жылы өзі болады.
Келер жылы өзі болады.
Құрттаған қой құдық басында.
Қой алты күн аштыққа шыдайды.
Қойдан қалған қозы қасқырға тап болады.
Ақсақ қой ауыл қасында, не құдың басында.
Ақсақ қой жатып семіреді.
Күн батса, қойға соқпақ табылады.
Семіздікті қой көтереді.
Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды.
Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Өнімі оның көл-көсір.
Жүн керек болса, қойды қазанда қырың,
Қой керек болса, мизамда қырық.
Қой керек болса, мизамда қырық.
Қыста қойыңды қопалы жерге қыстат,
Жазда жазық жерге жайлат.
Жазда жазық жерге жайлат.
Қойдың жайын ойласаң, құмға көш,
Сиыр жайын ойласаң, Сырға көш.
Сиыр жайын ойласаң, Сырға көш.
Қойды күзде құмға айда,
Жаз шыққанда шымға айда.
Жаз шыққанда шымға айда.
Аз қойда айран бар да, өре жоқ.
Түйе сойған жиыннан тоқты сойған той артық.
Біреу тойға айналды,
Біреу қойға айналды.
Біреу қойға айналды.
Қос аттылымен қол көбейеді,
Қозысымен қой көбейеді.
Қозысымен қой көбейеді.
Тойған қозы момақан.
Қозы көкпарға жарамас.
Еркек қозы - құрбандық.
Қозысы өлген саулыққа
Қой теліген барлықта.
Қой теліген барлықта.
Қой көрмеген көргенсіз қуалап жүріп өлтірер.
Қой семіз болса,
Ішіндегісі егіз болады.
Ішіндегісі егіз болады.
Қарақұрт жеген қой семіреді.
Қойды қорада сат,
Астықты ұрада сат.
Астықты ұрада сат.
Жаман қой ісегінде қартаяды.
Сүтсіз қой маңырауық.
Ақсаң қой түстен кейін маңырайды.
Малды бақсаң, қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан,
Қой бермейді қорадан.
Қой бермейді қорадан.
Еркек қой бұралқы болмас.
Құрттаған қой далаға кетер,
Екі бұршақ, бір сабауды ала кетер.
Екі бұршақ, бір сабауды ала кетер.
Маңырағанның бәрі қой емес.
Қораң оңды болса, қойың қоңды болады.
Жақсы қошқар жарты отар қойға тең.
Қошқардың жайын қой баққан біледі.
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
Саулықтың жасы үлкен,
Ісектің басы үлкен.
Ісектің басы үлкен.
Құдай бергеннің тоқтысын Қыдыр бағады.
Жаман жасаққа қарамайды,
Желінсау қосаққа қарамайды.
Желінсау қосаққа қарамайды.
Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер.
Жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар.
Жетім қозы сүтке тоймас.
Жетім қозы түртіншек.
Жетім қозы емеген.
Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады.
Өркім өз қозысын қошқар санайды.
Кәрі қойдың басы піскенше,
Тоқты басының арсасы шығады.
Тоқты басының арсасы шығады.
Тәңірі асыраған тоқтыны қасқыр жемейді.
Тоғыз қабат торқадан
Тоқтышағымның терісі артық.
Тоқтышағымның терісі артық.
Жетім қозы маңырауық.
Арық қойда төстік жоқ.
Ала қойда кінә жоқ, жүні болмаса.
Қырсықты қой қыста қырқылады.
Қолаңсалы қошқарға тоқты күйлейді.
Қой егіз табады:
Бірі қонаққа сойылады,
Бірі қошқар қойылады.
Бірі қонаққа сойылады,
Бірі қошқар қойылады.
Қатпа болған түйеге,
Ойсылқара не қылсын?
Қотыр болған қойға,
Шопан ата не қылсын?
Ойсылқара не қылсын?
Қотыр болған қойға,
Шопан ата не қылсын?
Семіз қойдың өмірі қысқа.
Қой бақтым -қоңырау тақтым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?