Жол, сапар

Жол, сапар

Жолаушы пірі - баба Қайып.

Жол ақысы - жүру,
Кісі ақысы - беру.

Жол анасы - із.

Жолға шықсаң сайлан,
Бес қаруыңды байлан.

Жол жолдасың Қыдыр болсын.

Атар таңға жүрсең де,
Батар күнге жүрме.

Жолаушының кешіккеніне сүйін.

Бір күндік жолға шықсаң,
Үш күндік азық ал.

Ай жүр, аман жүр.

Жолға шықсаң, азығыңды мол ал.

Бұрылмай жүрген бұрын барады.


Қарап көріңіз:



Жол сұрамай жолға түспе.

Жолаушыны сусындатпай бұйымтайын сұрама.

Жолмен жүрсең, жортып жүр,
Жортып жүрсең, жол өнер.

Жолаушының ақысы жүрсе бітеді.

Екіндіде ел тастама.

Жолаушының үлеспеген есебі бар.

Ауылдан шыққан күні байға қон,
Бай таппасаң, сайға қон.

Түйелі жолаушы - киелі жолаушы.

Жолға шықсаң, жолдасыңды сайлап шық.

Далаға түнегенше, молаға түне.

Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла.

Асқар тау алыстан көрінер.

Қазақтың «өш» жер дегені көш жер.

Көш көлікті, көрікті болсын.

Тоғыз жолдың торабы сайраң.

Желген желісін біледі,
Жортқан жүрісін біледі.

Шөлде жүрген шөл таныр,
Жолда жүрген жол таныр.

Жол азабы - көр азабы.

Жаяуға таяу жер де алыс.

Жүрем десең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.

Білем десең, көре бер,
Көрем десең, жүре бер.


Бір жол бар алыс,
Алыс та болса жақын.

Бір жол бар жақын,
Жақын да болса алыс.

Қара арғымаң арыса,
Қарға адым жер мұң болар.

Ауылдан қырық қадам шыққасын азамат мүсәпір.

Жолы болар жігіттің,
Жеңгесі шығар алдынан.

Жолы болар жігіттің,
Желі оңынан тұрады.

Шөлмен жүрсең де, жолмен жүр,
Жол көлге, көл елге апарады.

Жолдан алған жолда қалады.

Жолаушы азығы жолда.

Бөрі азығы мен ер азығы жолда.

Қайныма да барайын,
Тайлағыма де бас үйретейін.

Алыс жолдың хабарын керуен жеткізер.

Алыс жүрсең де, жолмен жүр.

Сақтағаныңды жесең, сағынғаның келер.

Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды.

Мың күндік сапар бір қадамнан басталады.

Жабағы - тай деп қорлама,
Жолға шықса, ат болар.

Ащы мен тұщыны татқан біледі,
Алыс пен жақынды жортқан біледі.

Өткел өтсең, бұрын өт,
Артта қалсаң, жол тайғақ.

Жол білмеген адастырады,
Жөн білмеген шатастырады.

Адаспаймын деген ерді,
Қараңғы түн, қалың тұман адастырады.

Алдыңғы көштің адасқанын соңғы көш білер.

Қырсыққан жігіт мал таппас,
Адасқан жігіт жол таппас.

Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соқ.
Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп жапқан соң.

Көп жасаған білмейді,
Көп жүрген біледі.

Жүріп кетсең, жетерсің,
Тұрып қалсаң, тынарсың.

Жетіқарақшыны таныған,
Жеті түнде адаспас.

Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.

Арба сынса - отын,
Өгіз өлсе - етің.

Тар жол, тайғақ кешу.

Түйенің табаны түскен жер.

Самарқанның сар жолы,
Бұланайдың тар жолы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Саяхат туралы мақал
    0 + 0 -
    Саяхатға шықсаң, азығыңды мол ал.

    ++++

    Бір күндік жолға шықсаң,
    Үш күндік азық ал.

    ++++++

    Мың күндік сапар бір қадамнан басталады.
  2. ZHARAR 19.12.2020 20:05
    2 + 0 -
    Саяхат туралы мақал мәтелдер ұнайды
  3. Ннн
    Ннн 20.05.2018 22:16
    0 + 0 -
    Ойдан курастырганба жартысын, ойсыз
  4. Қазақ
    Қазақ 25.02.2018 16:05
    1 + 0 -
    Өте жақсы бірақ кейбіреулері қайталанады