Жазмыш, пешене, тағдыр

 Жазмыш, пешене, тағдыр

Жазмыштан озмыш жоқ.
Болса оразым, болмаса қоразым.
Байтал қысыр болмайды,
Маңдай қысыр болады.
Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.
Өмірдің өткеніне өкінсең,
Келеріне бекінерсің.
Қыдыр дарымаған адам есек базарында делдал да бола алмайды.
От ішінде мақтаны сақтайды.
Суға кеткен тал қармайды.
Әр нәрсе сынарда өзінен мықтыға тап болады.
Тас жауса таңдайдан,
Мұз жауса маңдайдан.
Себепсіз аяққа тікен кірмейді.
Басқа түссе басбақшыл.

Аттан жығылғанды бөрі аңдиды.
Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді.
Сойыл күшін басқа түскен біледі.
Келер кезек, терме тезек.
Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.
Тоғыз толғақ бірге келеді.
Кемедегінің жаны бір.
Тағдыр - Тәңірдің ісі.
Бармын деп тасыма,
Жоқпын деп жасыма.
Кеудеде жан барда,
Әр іс түсер басыңа.

Күміс есіктінің күні ағаш есіктіге түседі.
Адам ғұмыры қамшы сабындай (қысқа).
Түйе қарап жүріп ханға жасауыл болыпты.
Сабасына қарай піскегі,
Мұртына қарай іскегі.

Басқа салса Алла,
Не көрмейді пенде.
Пенденің сұрағаны болмайды,
Алланың қалағаны болады.
Құмырсқаның тасқа басқаны Аллаға аян.
Жазым болса, быламыққа тіс сынады.
Жеті әліп жерге түспейді,
Жерге түссе де, ерге түспейді.

Кемедегі хан болды,
Біз нөкер болдық.
Тағдыр солай болды,
Біз су төгер болдық.
Бұхарда боқ шоқыған ала қарға
Мұнда келіп жылқышы болыпты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?