Денсаулық, дерт, қасірет
Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Жүйрікті ау көтереді.
Жүкті нар көтереді,
Өлімді бар көтереді.
Жерді су көтереді,
Жүйрікті ау көтереді.
Жүкті нар көтереді,
Өлімді бар көтереді.
Бұлбұлдан шешен құс жоқ,
Бармақтай-ақ қарасы.
Оқтан жылдам ажал жоқ,
Тырнақтай-ақ жарасы.
Бармақтай-ақ қарасы.
Оқтан жылдам ажал жоқ,
Тырнақтай-ақ жарасы.
Дүниенің қадірін,
Бергенде білерсің.
Жанның қадірін,
Өлерде білерсің.
Бергенде білерсің.
Жанның қадірін,
Өлерде білерсің.
Көп екен көргеннен көрмегенің
Бәрінен жақсы екен өлмегенің.
Бәрінен жақсы екен өлмегенің.
Ажал деген - атқан оқ,
Бір Алланың қақпаны.
Бір Алланың қақпаны.
Ажал біреуді азаптан құтқарады,
Біреуді қыршынынан қияды.
Біреуді қыршынынан қияды.
Өмірді өлім тұсайды.
Ажал ақымақ үшін алтау,
ақылдыға біреу.
ақылдыға біреу.
Өлгеннің жазасын көмген берсін.
Ажалдан ақша беріп құтыла алмайсың.
Азалы алты қатын,
Әрқайсысы өз байын жоқтайды.
Әрқайсысы өз байын жоқтайды.
Тіріде жылы қарамас,
Өлгенде жоқтап жыламас.
Өлгенде жоқтап жыламас.
Қара шаштың ақтығы - бір өлімнің хақтығы.
Аңшының өлімі ауда,
Сушының өлімі суда.
Сушының өлімі суда.
Түйесі өлген жұртта қалады,
Баласы өлген жұртқа ереді.
Баласы өлген жұртқа ереді.
Өмір арты - бала,
Құлдық арты - өлім.
Құлдық арты - өлім.
Өлгеннің жаманы жоқ,
Тірінің жаманнан аманы жоқ.
Тірінің жаманнан аманы жоқ.
Өлгенге қайтып келмек жоқ,
Өлгеннің артынан өлмек жоқ.
Өлгеннің артынан өлмек жоқ.
Ноқталы басқа бір өлім,
Ақыры бір күн келмей ме?
Ажалдың соққан дауылы,
Өмірдің шамы сөнбей ме?
Ақыры бір күн келмей ме?
Ажалдың соққан дауылы,
Өмірдің шамы сөнбей ме?
Ажал айтып келмейді,
Бір адамға екі өмір
Тағдыр әсте бермейді.
Бір адамға екі өмір
Тағдыр әсте бермейді.
Ат өледі - ер қалады,
Адам өледі - жер қалады.
Адам өледі - жер қалады.
Той әнмен ажарлы,
Өлім өксумен азалы.
Өлім өксумен азалы.
Тал бесікке түскен жер бесікке де түседі.
Ағасы өлсе - оң қанатының қайырылғаны,
Інісі өлсе - сол қанатының қайырылғаны.
Інісі өлсе - сол қанатының қайырылғаны.
Төбе би төрде өледі,
Ит ошақтың басында өледі.
Ит ошақтың басында өледі.
Сен дүние, молға сұқтанасың,
Ажал саған сұқтанады.
Ажал саған сұқтанады.
Атасы өлсе - асқар тауының құлағаны,
Анасы өлсе - ағар бұлағының суалғаны.
Анасы өлсе - ағар бұлағының суалғаны.
Кісісі буынып өлген үйде,
Жіпті ауызға алмайды.
Жіпті ауызға алмайды.
Өлік шыққан үйдің,
Табалдырығында жолбарыс жатады.
Табалдырығында жолбарыс жатады.
Желге ұшқан ебелек,
Орға түспей тынар ма?
Отқа асық көбелек,
Өліп тынбай шыдар ма?
Орға түспей тынар ма?
Отқа асық көбелек,
Өліп тынбай шыдар ма?
Әзірейіл барда жаным бар деме,
Әуеде бұлт барда малым бар деме.
Әуеде бұлт барда малым бар деме.
Жорғаның қадірін желгенде біледі,
Жақсының қадірін өлгенде біледі.
Жақсының қадірін өлгенде біледі.
Ескі жұрттың қадірін көшкенде білер,
Қас жақсының қадірін өлгенде білер.
Қас жақсының қадірін өлгенде білер.
Ауруды елемеген өледі,
Дауды елемеген төлейді.
Дауды елемеген төлейді.
Екі ауру бір келсе - ажалыңның жеткені.
Азын ашпай жарлы өлер,
Көбін ашпай бай өлер.
Көбін ашпай бай өлер.
Үйге кірген құр шықпас,
Көрге кірген тірі шықпас.
Көрге кірген тірі шықпас.
Кебін киген келмейді,
Кебенек киген келеді.
Кебенек киген келеді.
Батыр өлсе, аты қалады,
Үргелек өлсе, артында несі қалады?
Үргелек өлсе, артында несі қалады?
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
Орта жаста әйелің өлмесін,
Орта жолда атың өлмесін,
Орта жолда атың өлмесін,
Өлушінің ажалы жетпесе,
Өлтірушінің құрығы жетпейді.
Өлтірушінің құрығы жетпейді.
Өлмеген құлға, Құдай-ау,
Болып та қалды, мынау жаз.
Болып та қалды, мынау жаз.
Өшпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Сынбайтын темір жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?