Қазақ мақал-мәтелдері жинағы кітабы жүктеу
Мақал мәтелдер жинағы кітабын жүктеу
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ мақал-мәтелі ауыз әдебиетіміздің ең көне түрі. Ол хал қы мыздың ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келе жатқан баға жетпес бай мұрасы.
Онда бабаларымыздың өмірлік тәжірибелері, ой-толғаныстары, ақыл-кеңестері бір ауыз сөздің қауызына сыйғызылып, саф алтындай сақталып келеді.
Мақал-мәтелдің қадірін жақсы білетін халқымыз оны ерек ше құрметтейді, ондағы айтылған пікірлерге тақ тұрады.
Сол үшін де күні бүгінге дейін мақал-мәтелді төбелеріне көтеріп, «Мақал – сөздің атасы», «Мақал – сөздің мәйегі» деп ай рықша қастерлеумен келеді. Сол үшін де ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты ажырату үшін көнекөз мақал-мәтелдердің даналығына жүгініп жатамыз. Жақсылық пен жамандықтың, кішіпейілділік пен тәкаппарлықтың, қайырымдылық пен қай ы рымсыздықтың, аңқаулық пен қулықтың арасалмағын айыр ғымыз келсе, тағы да көне безбен – мақал-мәтелге сенім артамыз. Мақал-мәтел халық үшін ерен даналықтың тау сылмас қайнар көзі іспетті.
Кезінде алғашқылардың бірі болып қазақ мақал-мәтелдерін жинақтаған белгілі жазушы Өтебай Тұрманжанов олардың санын елу мыңға жеткізсе, кейін балалардың сүйікті ақыны Мұзафар Әлімбаев және екі мыңнан астамын қатарға қосты. Мұзафар ағамыз сарсыла жинақтаған сол еңбегінде мақал-мәтелге нақтылы анықтама да береді. Ол: «Мақал деге німіз – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір яки екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Ал мәтел дегеніміз – халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі», – дей ді. Иә, мейлінше елеп-екшеп, терең талғаммен жасалған осынау тұжырым қазақтың мақал-мәтелі туралы сөзді жеріне жеткізе айтып тұрған жоқ па. Бұған алып-қосудың ешбір қажеті де жоқ сияқты. Тек бір ғана тілегіміз, өзінің мірдің оғындай өткірлігімен, дау тудырмас әділдігімен, өнеге тұтарлық тәлімділігімен, қиып түсер өткірлігімен әділ бағасын алған қазақ мақал-мәтелі бұдан кейін де туған халқымен бірге мәңгі жасай бергей дегіміз келеді.
Әлібек ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ
Мақал мәтелдер жинағы кітабын жүктеу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?