Әйелі басқа еркектің құшағында кеткен азамат жан сырын ақтарды

Әйелі басқа еркектің құшағында кеткен азамат жан сырын ақтарды

Әйелі көзіне шөп салған ер адам іштегі күйінішін айтып, жан сырын ақтарды. Ол балаларын тастап, ауылдан қалаға нәпақаға табуға келгенде осындай жағдайға тап боламын деп тіпті ойламаған көрінеді.

«Бәріне сендер үшін бардым. Басқа жол қалмады, не істеймін? Өлтірсең де өзің біл», деп әйелім аяғымды құша құлады.


Оны құшақтап отырып, өзімнің де өкіріп жібергенімді білмей қалдым. Менен бұрын, балаларыма нәпақа табам деп, осындай жолға барған әйелімді кешіргім де келді. Бірақ, бірақ… Осы «бірақ» мені өлтіріп барады.


Болған жайды қаз-қалпында баяндайын:


Ауылда жұмыс болмай, қалаға қаңғып келген бейшара отбасылардың бірі едік.


Екі баламызды әке-шешеміздің қолына тастап кеткенбіз. Қалада бізді қай жайлы жұмыс күтіп тұр дейсіз? Мен бір мекемеге күзетші болып, әйелім бір байдың баласын күтуші болып жұмысқа тұрдық. Күзетшінің жұмысы белгілі ғой. Айлығы да шамалы. Бірақ жоқтан бар. Әйелімнің жұмысы тәуір. Таудың етегінде дәу үйі бар бір байдың баласын қарайды. Ол да мен секілді тәуліктеп жұмыс істейді. Аптасына үш күн кезекпен барады. Түнде баланы қарап, сонда қонып қалады. Осылайша жүріп жаттық.


Екі баланың анасы болса да жарым көрікті, мүсінді еді. Жасы 25-тен енді ғана асқан.


Бәлкім, бай отбасына әйелімнің көркі, ауылда бала бағып өскені, пысықтығы ұнап қалса керек, бірден бала бағушы қылып алған еді. Содан қойшы, уақыт өтіп жатты. Мен үйде болған кезде ол жұмыста, ол үйде болған кезде мен жұмыстамын дегендей. Бір-бірімізді кейде апталап көрмей қалатын кездер болды. Тек әйтеуір күніне бірер рет ұялы телефонмен сөйлесіп қоямыз. Болды.


Алғашында пәтер жалдауға ақшамыз болмаған соң, осы қалада тұратын сыныптасымның үйінде тұра тұрайық деп шешкен едік. Оларда қарсы болмады. Қазақтың қонақжайлылығы ғой, жұмыстан келгенде тамағын даярлап қояды. Рахмет онысына. Бірде жұмыстан келіп, тамақ ішіп, сыныптасыммен теледидар көруге отырғаным сол еді, әйелі келіп, қолыма бір дәрілерді ұста салды.


«Бұл не?» дедім түсінбей. «Әйеліңнің заказы ғой. Алып қоя салшы деп еді. Өздерің қаңғып жұмыс істеп жүргенде, бала көтеру неге керек? Дұрыс, өстіп сақтанып жүріңдер», деп қояды досымның әйелі. Мен аң-таңмын. Әлі де түсінбей: «не қылған дәрі?» деймін. «Бала болдырмайтын дәрі ғой. Төсек қатынасының алдында ішетін. Өткенде алып бергенім бітіп қалыпты. Тағы алып қойшы, деген соң алғаным ғой. Келіншегіңе берерсің, деп залдан шығып кетті.


Не айтарымды білмей қалдым. Әйелімнің маған айтпай, мұнысы несі? Біз соңғы бірер айда дұрыстап төсекте де болмап едік. Дәріні не үшін ішіп жүр? Әлде өзгемен жатып жүр ме? Көңіліме күдік кірді. Түнімен ұйықтай алмай шықтым. Ертеңіде демалатын күнім еді. Таңертен кезектен әйелім келуі керек. Сол кезде жағдайды анықтамақ болдым. Бірақ күдік кірген көңіл қиын ғой. Ойыма неше түрлі нәрселер келіп-кетеді. Өзімді әрең тежеумен болдым.


Таңертең кезегін өткізіп келетін әйелім түс ауа әрең келді. Телефонмен хабарласып едім, «баласы ауырып жатыр, дәрігер күтіп отырмын, үйін жинап жатырмын» деп бір құлаш сылтау айтқан. Осының өзі көңіліме сезік әкелді. Таңертеңгісін досым да, әйелі де жұмысқа кеткен. Балалары сабақта. Үйде жалғызбын. Әйелім шешініп болмай, «Мынау не?» деп кешегі дәрілерді көрсеттім. Ол шошып қалды. «Не қылған дәрі?» деп, тіпті таңданыс білдірді. «Кімді алдап тұрсың? Неғып бұл дәріні білмей қалдың. Өзің «заказ» беріпсің ғой. Айт шыныңды, мұны не үшін ішіп жүрсің. Біреумен жатып жүргенің белгілі болды ғой», деп тап бердім. Ақыры не керек, әйелім бәрін мойындады. Сөйтсем, баласын бағып жүрген үйдің отағасы қырындап, әйелімді төсек қатынасына мәжбүрлеген көрінеді.


Үнемі мол ақша береді екен. Киім-кешек алып берген. Бір сөзбен айтқанда, әйелім әлгі байдың көңілдесіне айналыпты. Бала көтеріп қалмас үшін амалсыз менен жасырып, осы дәрілерді ішіп жүріпті.


«Егер сен қолыңнан іс келетін жақсы еркек болғанда, балаларыңды бағып, үйде отыратын едім ғой. Балалырымның нәпақасы үшін соған бардым. Енді не істеймін? Өлтірсең, өзің біл!».


Жерде екі бүктеліп жылап жатқан әйелімді не жұбатарымды, не тепкілеп ұрарымды білмедім. Тұрмысымыз дұрыс болғанда мұндай жағдайға тап болар ма едік? Қайтейік. Байқұстың тастаған таяғы сорылыға тиіпті деген осы. Өкіріп жылап, диванға отыра кеттім. Әттең, қолдың қысқалығы. Тұрмысымыз дұрыс болғанда мұндай жағдайға тап болар ма едік? Қайтейік. Байқұстың тастаған таяғы сорылыға тиіпті деген осы.


Ертеңінде мен де ол да жұмыстан шығып, ауылға қайттық.


Болған жағдайды досыма айтқан жоқпын. Өз-өзімізді масқаралап қайтемін? Бірақ ақша тауып, балаларымызды асыраймыз деп келгенде әйелімнің осындай күнәға барарын кешіремін бе, білмеймін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?