Ешқашан да мұндай сұмдықты басымнан кешпеген едім
Бұл оқиға менің ең тәтті мектеп кезіндегі шақтарымда орын алды. Он бірінші сынып оқып жүріп бір жігітпен таныстым. Басында жай ғана жүре берем деп ойлаған едім, кейіннен қатты бауыр басып кеттім. Екеуіміз талай күндерді бірге өткізіп бақыттан басымыз айналғандай болды. Енді міне мектеппен қоштасар сәт те келді, аман есен мектебімізді бітіріп, екеуміздің жолымыз екіге айырылды. Ол Өскеменде оқуға қаламын деді, ал мен Семейдегі Медицина Университетіне түстім. Ол маған апта сайын келіп тұрды, екеуміз күнде хабарласып, агенттен сөйлесіп тұрдық. Мен оның маған деген сезіміне еш күдіктенген жоқпын. ОЛ мені ешқашан тастамайды деп ойладым, себебі екеуміз жақын қатынаста болдық, және үйлену тойымызды да белгілеп қойған болатынбыз. Ал бірақ мен екінші курс оқып жүргенде жаман оқиға болды.
Мен аяғым ауыр болғанын екі ай болғанда білдім, қуанышымда шек болмады себебі өзім жанымнан да артық жақсы көретін адамымнан жүкті болған едім. Жігітіме айттым, ол да риза болғандай болды. Бірақ сол күнгі телефон қоңырауынан кейін менің өмірімнің астаң кестеңі шықты.
Түстен кейін сабақтан шыққан уақыт еді. Қолым босай қалса оған қонырау шалатынмын, сол күні де өз өзіме риза болған мен оның номерін телефонымда тердім. Ар жақта телефонды көтерген қыздың дауысын естігенде жүрегім зырқ ете қалды. Топтасы екен деп ойлап едім. Бірақ ана қыз өзіме дүрсе қоя берді: сен кімсің, неге қонырау шаласың деген сұрақтарымен. Мен телефонды қоя салдым. Біраздан соң жігітім өзі қонырау шалды, маған айтпаған сөздерді айтып, маған сенбейтінін айтты. Мені Семейде жүргендіктен басқа жігіттен жүкті болдың деп маған кінә артты, мен көз жасым көл болып аялдамада әрең тұрдым. Қуанышымды су сепкендей күй кештім. Ешқашан да мұндай сұмдықты басымнан кешпеген едім. Үйге қалай жеткенімді білмедім. Есік алдына келіп қалай құлағанымды да білмедім.
Көзімді ауруханада аштым. Маған баламнан айырылғанымды айтты. Сол кездегі кешкен күйімді ешкімнің басына бермесе екен. Бүгін ауруханадан шықтым, сендермен осы оқиғаны бөліскім келді. Жігітім болса әлі хабарласқан жоқ, енді ешқашан оның жүзін көргім келмейді. Ол менің бүкіл өмірімді құртқан адам ретінде есімде мәңгі қалады, бірақ барібір де оны ұмытуға тырысам, себебі ол мені құмарлыққа айырбастап кетті. Құрметті қыздар, ешқашан да қашықтықта болатын махаббатқа сенбеңдер, мен сияқты ешқашан қиналмаңдар, сендерге тек қана жақсылық тілеймин!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?