Өмір-өзен
Күз. Түн. Қараңғы көше. Мейірғұлдың айдарын Нұраның салқын самалы сыйпап өтті. Осы желдің әсері болар, Мейірғұл өзен жаққа қарап, терең ойларға шомды. Қайран, Нұраның сағындырған самалы! Сенімен қауышуды әскер қатарында жүргенде қанша уақыт асықтым деп сұрасаңшы, жарықтық - Нұра!? Бірақ қалай сұрарсың!? Бұл фәниде тіл тек қана гомосапиенс аталатын жаратылысқа ғана тән. Ал сенде, Нұра, жан жоқ. Тіл жоқ. Сен бұдан адасың. Сені Тәңір өзен қылып жаратты. Суың талай жылдар осылайша бір қалыппен ағып, Сайын Сарыарқаның сар даласының сан шақырымын кезіп иә кесіп өтеді. Күндіз де, түнде де, ыстық болсын иә суық болсын сен үнсіз ғана өз арнаңмен аға бересің, аға бересің... Аталған арнаң – сенің өмірлік жолын, күре тамырың. Бұл жол ешқашан өзгермек емес. Ол – бірқалыпты. Ал, адам баласының жолы – қиралаң-қиралаң, бұрылыстары көп кездесетін жол. Оны сүрінбей өту - біздің қолымызда. Бұл жолдың қызығы менен шыжығы, қайғы-қасіреті қатар жүреді. Жын-шайтан деген пәле мен періште сынды пәкиза жаратылыстар кездеседі. Ал үстімізде әманда Алла тұрады. Тәңір және оның пәк, күнәдан ада періштелер і бізді тура жолға бастағысы келсе, Ібіліс пен оның шайтандары бізді азғырып, ақ жолдан тайдырып, қадамымызды қате бастыруды армандайды. Көрдің бе, адамның қандай тосыны көп жолы бар!? Бұл жолдың аты - өмір екенін сенде сезетін шығарсың, асыл өзенім!? Сенің толқындарында, тілсіз суында қандай сыр жасырылу тұр екен, ол маған беймәлім! Сенің жағалауында нешеме жігіт ат суарып, талай бұрымды қыздар шелектерін арқалап, бір-бірімен танысып, бақытты отбасы құрған болар! Ол, әрине, қуаныш. Ал сенің суына қанша адам баласы батып, о дүниелік болған ? Сенің жағалауына қанша пенденің көз жасы тамған!? Сенің суын қанша баланы әкесіз қалдырған екен, ол әрине, беймәлім нәрсе. Мен ессіз сәби, жөргекте жүрген кезімде сенің суына әкем батқан еді. Қайран әкем, балықшы еді. Сол мақұлықтардың әлеміне кетті ғой! Әрбір бос уақытын осы балық аулаумен өткізетін. Әрине, бұл қайғылы жағдай. Ондайдан құдай сақтасын! Дегенмен, саған оның келіп-кетері жоқ. Сен естімейсің де, көрмейсің де. Баяғы қалпыңмен үнсіз аға бересің, аға бересің...
Осы кезде Мейірғұл жаурағанын сезді. Терең ойларға батқан бойы Нұраның жағасында келіп тұрғанын байқады. “Айлы түнде сен қандай сұлу едің, Нұра!? Бұрынырақта қалайша байқамаған едім?” – деп, тағы да бір ойлады Мейірғұл. Өзеннің суына бет-аузын жуып, “қой, ауырмай тұрғанда, кері қайтайын” деп ойлап, елді-мекен жаққа адымдады. Кері бұрылып, тағы бір қарады. Айлы түндегі Нұраны қимай-қимай, қарап тұрды. Санасына бір жыр шумақтары келгендей болды. Әйтеуір, тонғаннан аңсағай жігіт - әндетіп, үйіне қарай адымдады...

Мейірғұл жас кезінен ақылды, зерек болып өсті. Мектептің мұғалімдері Мейірғұл дегенде ішкен астарын жерге қоятын. Сабағына да, мектептің қоғамдық жұмыстарына да, мерекелік шараларына да белсене қатысып, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқанша бетке ұстар ұлдарының бірі болып өсті. Әскер жасына келіп, Отандық борышын өтеу үшін еліміздің батысына, яғни Каспий теңізіне жіберіледі. Ондағы міндетін да, мұғалімдері де, ата-анасы да үміттенгендей абыройлы өткеріп, туған жеріне оралады. Әскер қатарында жүргенде “жақсы қызметі үшін”, “үлгілі тәртібі үшін” сынды мадақтамалар алып қайтқан. Арасында батылдық көрсеткені үшін сияқты мадақтамасы да бар екен. Оны Мейірғұл Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген тәртіп бұзушыларды ұстаған кезде иеленді. Дивизия бастығы, генерал өз қолымен кеудесіне таққан болатын. Ондайда қандай күй кешкенін Мейірғұл айтып жеткізе алмас, сірә!? Әйтеуір, еліне, анасына аман-есен оралды. Барлығы қуануда.
Ұлдарының еліне оралуымен құттықтау ниетімен келіп жатқандардың ішінен барлығы таныс. Барлығы да, “өркенің өссін!”, “зор азамат бол!”, “дегеніне жет!”, сияқты сөздерін төгіп жатыр. Мейірғұл да “айтсын”, “әмин”, “рахмет” деп жауап қайтарумен әлек.
“Раушан қайда?”, “Ол неге көрінбейді?”, “Әлде мен оны ренжіттім бе?”, “Арамыздағы махаббат оты өшкен бе!?” деген ойларға батқан еді, Мейірғұл үш жыл кездесіп жүрген қызын көре алмай келіп-кетушілердің арасынан. “Сүйіктім ау, неге көрінбейсің!?”, “Қайдасың, жан гүлім?” “Әлде менің әскерден оралғанымды естімеген бе!?”. “Бірақ, қайдан естімесін, жұрттан кем бе!?” “Бәлкім, күйеуге тиіп, біреуге әйел болған шығар!?” “Тап, солай, әйтпесе келмей ме!?”, деп өз ойын түйіндеді Мейірғұл. Әне шешесі отыр. Бір сәті түскенде нақтысын сұрап, біліп алу керек. Жарайды, кейінге қалдырайын”. Сондай қорытындыдан кейін үйінің кең залына кіріп, өзінің сүйікті “мәңгілік махаббат жыры” кітабын оқуға кірісті. Ол да Раушан екеуінің махаббаттары дәл кітапта айтылғандай кіршіксіз, пәк болатын ын қалайтын. Осындай терең ойларға батқан бойы, ұйықтап кетіпті. Қатты ұйқыға кеткен бойы, түс көрді. Мейірғұл Нұра суының жағалауында тұр екен. Түсінде Нұра суы әдеттегідей емес, кеңейіп кетіпті. Осы жағасынан қарсы жағасына дейінгі ара қашықтық 100 метрдей жер. Түбі көрінбейтін, тұңғиық екен. Бір ке зде судың орта тұсында қайықпен келе жатқан балықшыны көрді. “Менің әкем де осындай қайықпен балық аулап жүріп, балықшылықпен айналысқан еді. Бәлкім әкем шығар!? Бірақ, мен оны қалай танимын” деп ойлады. Әйтеуір көкірегіндегі бір тылсым сезім “бұл сенің әкең” деп жатқандай. Мейірғұл “әке, әкетай” деп айқайлап жіберді. Әлгі үнсіз жүзе берді. “Әкешім ау, сен мені естімейсің ау, сірә!?”, “Маған бір мезгіл тіл қатшы, папа?” “Өзіңді сағындым ғой!”. Балықшы сол қалпы үн шығармай, балығын аулай берді. Қармаққа ілінген балықтарының түр-түсі де қызық екен. Қап-қара, күректей үлкен. Мейірғұл тағы да бірдеңе деп айқайлап жіберді, одан ештеңе де шыққан жоқ. Қарсы жағадағы қамыстардың арасында жүзіп жүрген жалғыз аққуды көрді Мейірғұл. Құс арлы-берлі жүзіп, бір аянышты дыбыс шығарғаны анық аңғарылды. “Ей, Нұра, сенің суынды да кездерінде аққулар мекендеген болар. Қандай әдемі екен бұл аққуларын!? Сондай мейірімді, қардай аппақ құсым ау! “Аққулар ұйықтағанда” Мұқағали атамыздың көкейіне осындайда келген болар!? Олар дәл осылай Нұраны мекен етіп, бұларды көрген адамның көңілін көтерер еді! Алайда, бұл құстар адам баласынан қорқады. Оларға көзделген қара мылтықтан қорқады. Задында, аққулар жұп болып, екеу болып жүзбеуші ме еді су бетінде!? Ал мына, жарықтық неге жалғыз!? Бұның жұбы қайда? Неге оның дауысы аянышты, мұңды!? Бұның жұбын бір сұрқия пенде келіп атып кеткен шығар? О, аққуым ау, сол екен ғой сенің алаңдауынын себебі. Әлгі сенің жұбыңды атқан адамның кім екенін білсем, кідірместен барып мойнын бұрап алар едім! Бір кезде аққу қамыстардың арасына жүзіп, көзден таса болды. Әлгінде балық аулап отырған “әкесі ” де көрінбеді. Мейірғұл көзін ашып, көрген түсінін мән-жайын түсінуге тырысты. Жори алмады. Бөлмеге “әй, Мейір, тұра ғой шай іш” деп анасы кіріп келді. Үстел басында Мейірғұл “Мама, келгендердің арасында Раушанды көре алмадым! Сол қыз, қателеспесем, мені күтпей байға тиіп кеткен болар!?” деп үнсіздікті бұзып жіберді. Шешесі: “Саған айтпайық деп едік, бірақ айтуға тура келеді” Бәрібір естисің ғой”. “Иә Раушан күйеуге шығып, шетелге кетіп қалды. Жолдасының қызметі сырт жаққа ауысқан көрінеді. Жағдай солай”, деп сөзін қорытындылады. Мейірғұл сенер-сенбесін білмей: “Қалайша, ол мені алдап кетті!?” “Екеуіміз мен әскерден келген бетте үйленеміз деп серттескен едік қой!”.
Раушан қазақ қызының сұлуларының бірі болатын. Ұзын, қолаң, қара шаштарына әрбір еркектің көздері түсетін. Адамға маржандай тістерімен күлімдеп, ерекше наз-еркелікпен қарағанда, тасжүрек, сұрқия пенденің өзі жұмсарып, мұздайын еритін. Сыңғырлаған күлкісі, сандуғаштың көктемде сайраған әніне ұқсайтын. Оның дауысына елжіремейтін жан болмады-ау, сірә. Дене бітімі – табиғат берген мүсін еді. Ақынға муза болуға лайық-тын. Жанары – күн, жүрегі – гүл аруды ауылдың баршасы сыйлайтын.
Мейірғұл екеуі алғаш партаға отырған кезден ақ бірге жүретін. Сабаққа екеуі барып, екеуі қайтатын... 9-сыныптың 31-желтоқсаны. Сол күн, яки түн Мейірғұл мен Раушанның жүректеріне ерекше жақын болатын. Мектепте ұйымдастырылған мерекелік кештен оқушылар үйлеріне асығуда. Желсіз, жылы түн. Ірі-ірі, ақ ұлпа қар жауып тұр. Мектеп жақтан біреудің сықылытап күлген, сыңғырлаған дауысы естілді. Ол – қол ұстасып, Мейірғұл мен Раушан асықпай келе жатқан еді. Раушанның үйіне жақындап, екі жас біріне-бірі ұзақ мейірімді көзбен қарап тұрды. Шашына қар жабысқан Раушан бүгін ерекше сұлу-тын. Күлімдеп, күлімсіреп тұрған еріндері «сүйе ғой» деп, жалынып, жалбарынып тұр. Мейірғұл көптен бері аңсап жүрген еріндеріне қол жеткізді. Жүрегі қуаныштан дүрс-дүрс соғады. Қыз бен жігіт сол түні бір-біріне «сүйемін» деген сезімдерін жеткізді. Қос ғашық шарбақ сыртында қол ұстасып, әзер қоштасты...
Ауылдың халқы бұларды енді «Біздің Ләйлі-Мәжнүніміз» дейтін болды...

Сүйіктісінің бұндай «иттік» жасайтынына сенбей, Мейірғұл кешкі жастардың дискотекасынан бірақ шықты. Бұрын ол дискотека атаулыға тек мерекелерде ғана баратын. Темекі, ішімдіктен де аулақ жүруді жөн көретін. Ал Раушан керісінше осындай жерлерге жиі барудан бас тартпайтын. Би десе, барын беруге дайын тұратын. Мейірғұлмен кездеспегенде бәлкім Раушан да бұзылатын еді. Екеуі бірін-бірі қатты сыйлайтын еді. Раушанның Кәмила деген құрбысы да Мейірғұлды ұнатып жүретін. Ұнатып емес, құлай сүйетін. Мейірғұлдың әскерден келіп, Раушан екеуі үй ленетінін Кәмила жақсы білген. Раушан мен Мейірғұлды көргенде, қаны қайнап, кеудесін ыза кернейтін. Құрбы болғандықтан Раушан Кәмилаға бар сырын ақтарып айтып беретін. Бір сөзінде: “Мейірғұлым аман-есен әскерден оралған соң, отбасын құрамыз. Балалы-шағалы боламыз”, - деп армандайтын. Қасындағы Кәмила “Әйтақ. Мен бұндайға жол бермеймін. Мейірғұл тек қана маған тиесілі. Ол – мендік болады” деген ойларда болатын. “Қалайда болса мен сенің көзінді құртамын” деп, Раушанға ызалана қарайтын.
Даңғыр-дүңгір музыка арасында отырған Мейірғұлдың есіне, Раушанның “сүйемін, күйемін”, анасының “ол байға тиіп кетті” деген сөздері орала берді. Жолдастары “жүр, билейік” деп шақырғанын да естімей, тіпті қандай музыка ойнап жатқанын аңғармай отырған еді. Қасында тұрған бос орындыққа жолдасы – Дархан келіп, “Мейір, саған не болған?”. “Өлген адамдай қозғалмай отырсың ғой, тура”. “Өлген адамдай” деген сөздерді қайталап, “иә мен тірі өлікпін, сүйіктім мені өлтіріп кетті” деп ойлады Мейірғұл. Бір кезде Дарханға бұрылып, “ішесің бе! ?” деді. Анау екі көзі шарасынан шыға жаздап, “сен ішпейсің ғой!?” дегенді айтқысы келіп еді, алайда жолдасы ол кезде сыртқа шығатын есікке тақап қалған болатын. Артынан қуып жетіп, үнсіз артынан ілесе берді. Мейірғұл Раушанды ессіз сүйетінін Дархан жақсы білетін. Оның да шындықты айтуға дәті бармады. Екеуі ақмағанбеттен алып келіп, әңгімелесіп ішіп жатқан. Дарханның мастығы ма, әлде жолдасының шындықты білуін қалады ма, әйтеуір былай деп әңгімесін бастады: “Мейір, сенің қатты қиналып жүргенінді көру мен үшін өте ауыр. Сондықтан, саға н шындықты айтуға бел будым. Бізге сенің анаң да, Раушанның ата-анасы да саған айтпай ақ қой деп сұраған болатын. Бірақ, бұл құпия ертелі-кеш белгілі болушы еді. Бәлкім сен мені ішіп алып, қайдағыны айтып, сандырақтап тұр дерсің, айтсаң мейлің, дегенмен бұл шындықтың нағыз өзі. Раушан сені сатып байға кетпейтінін сен де, мен де жақсы білеміз. Себебі, ол сені шын сүйді. Мейірғұл, енді жігіт бол! Раушанның жаны жәннатта болсын. Ол – марқұм болды”. Мейірғұлдың басы айналып, көзі қарауытып, құлай жаздап, қабырғаға сүйеніп, өз-өзін әзер ұстады. Көзінен ыстық жас парлап жатты. Дархан оған тағы бірдеңе деп айтып жатты, оны естіп жатқан Мейірғұл жоқ. “Раушан – марқұм болды” деген сөздер санасын жарып бара жатқандай. Арақтың шишасын алып, мойнынан бірақ ұрттады. Дарханға орындыққа отырайық деген белгі көрсетіп, екеуі сылқ етіп отыра қалды. Дарханнан бәрі қалай болғанын айтып беруді өтінді. Дархан Раушан мен Кәмила кешкілік құрбыларыңның тұрмыс құру салтанатын «жуып», «қызойнақ» өткізгенін, Кәмиланың ол тойдан ішкенін, содан соң екеуі өзен жаққа серуендеп барғанын, жағалауда тұрғанда Кәмила келіп, Раушанды артынан келіп қара таспен басынан ұрып, Раушан әлі тірі болғандықтан, басын бүкіл салмағымен басып тұрып, суға батырғанын жылап тұрып әңгімелеп берді. Мейірғұл көзіне толған жасты сүртіп, “Анау Кәмила оңбаған қайда?”, “Соттады ма?” деп сұрады. “Соттауын, соттады ғой, алайда әкесі ме, әлде басқа туыстары ма тиісті жерлерге пара беріп, алып шығыпты. Кәмила тұрмысқа шығып кетіп, күйеуімен шетелге кетіп қалды”, - деді Дархан қолын жолдасының иығына қойып жатып. Ауыл болып, Раушанды жерлегенін де айтып өтті бі р сөзінде. Орындықтан тұрып, өзен жаққа қарай бет алды. Дархан жолдасының артынан ілесті. Нұраға тақалып, өзен суына бет-аузын жуды. Су біршама суық екен. Бірақ, әлі мұз қатпаған. Біресе жарық айға, біресе суға қарап, ұзақ отырды. Дархан да жолдасына бөгет болмай жақын маңда үнсіз отырды. Мейірғұл әлгінде көрген түсінің мағынасын, анасының шетелге кетіп қалған Раушан емес Кәмила екенін енді түсінген болатын. Анасының да өтірік айтқанның себебін де түсінді. “Аққуым менің, жаның жәннатта болсын. О дүниеде еш қиналмай, мені күт”. “Нұрам ай, Раушанның өліміне сені кінәлайын десем, сенің еш күнән жоқ. Сен Раушанның өмірін қиюды қаламаған шығарсың. Енді маған не істе дерсің!? Раушанымсыз, күнім қалай болар екен!? Менде суға батып, сүйіктімнің артынан кетсем бе екен!? Жо-жоқ сабыр сақта Мейірғұл, біріншіден, артындағы іні-қарындастарың мен анаңды ойла, екіншіден өз-өзін өлтіру - үлкен күнә. Одан да Раушанның қабіріне, мешітке барып, аруағына дұға бағыштап, сүйіктімнің рухына тыныштық сұрайын бір Алладан. Арақ ішкенімді де Алла кешіре гөр! Ендігәрі бұл пәлені аузыма алмаймын! Бұр ын ішпеп едім, Раушаныма алаңдап, ішіп қойдым”.
“Нұра, сен менің әкемді, сүйікті қызымды алып кеттің! Не жазып едім мен саған. Сен менің, пірім болатынсын. Алыс сапарларда, әскерде саған ғана асығушы едім. Суынды, толқыныңды көрсем, сенің маңына келсем, бойыма күш даритындай күйде болатынмын. Бала кезімде де асыл өзенім, сенің жағалауынан кетпей жүретінмін. Кей-кездері бала санама түсініксіз өлең жолдары келетін. Есейгенде де өлеңдерімнің көбі туған жерге, сенің бұйра толқындарына арналатын-тұғын. Сенің мөлдір суына үңіліп, терең ойларға бататынмын. Болашағыма көз тастап, небір ғажайып ойларға кететінмін. Сенімен тілдесіп, ақыл сұрайтын кездерім де болған. Бала сияқты сенің маған тіл қатуынды ұзақ күтетінмін. Толқындарына бір ғажайып нәрсе көрермін деп ұзақ қарап отыратынмын. Кейде әкемді сағынамын. Енді менің сағынатын екінші адамым бар. Ол – менің қимас ғашығым, жан жүрегім – Раушан. Қош. Алла жанына пейіштің төрінен орын берсін!

Дархан Мейірғұлды көтеріп, “кеттік” деді. Олар есік алдындағы орындықта бір сағаттай, екеуіде үнсіз отырды. Күздің қара салқыны денені тітіркендірсе де, бұлар оны сезбегендей. Ақыры екеуі орындарынан көтеріліп, үйлеріне тарады.
Таңертең Мейірғұлдың анасы оның Раушан жөніндегі шындыққа көзі жеткені туралы бірден аңғарды. Көзі іскен, қызарған Мейірғұл бір кесе шайды ұзақ, еш дыбыс шығармай тауысты. Шешесіне: “Мама, мен Раушанның басына барып қайтайын”, деп шығып кетті. Шешесі шыдай алмай өксіп-өксіп жылап жіберді.
Құраннан білген бір-екі сүре қайырып, “Иә, Алла осында жатқан барлық марқұмдарға, әкем - Берікке, тағдыр жарым болуды жазбаған, сүйіктім – Раушанға, аттары атаусыз қалған аруақтарға тыныштық бере гөр. Жандарың жәннаттан ете гөр. Маған сабырлық бере гөр!” дегенді айтып, қол жайды. Қабір басында тұрған мәрмәр тастан жайдары күлімсіреп Раушан қарап тұр. Таста қара көзді, нәзік ұзын шаштары, қыр мұрынды, алма мойын қыздың бейнесін аймалап, сүйе берді Мейірғұл. Құрғақ топырақтың үстіне жас тамшылады. Мейірғұл қабірді қазып тастағысы ақ келді, бірақ дер кезінде өз-өзін тоқтатты. Қабір тыныштығын Мейірғұлдың ақырған дауысы бұзды. Ол: “Иә Құдайым, менің сүйіктімді неге алып кеттің!? Менің жүрегімнің қағысын неге әлсіреттің!? Мен әрқашан саған сенген едім! Таза жүріп, темекі-арақтан аулақ болғанмын! Анамды сыйладым!? Неге, неге...!? Мейірғұл қабір басында тасты құшақтап, жылап көп уақыт жатты. Таста бейнеленген қыздың суретін тағы да бір сүйіп, түрегелді. Мейірғұлдың жасы тастағы суреттің көзіне тамыпты. Раушан да бұған “қош, асылым” деп, жылап жатқандай.
Мейірғұл қайтадан Нұраның жағасына келді. Тегіс суға ұзақ қарап отырып, түсінде көрген аққу есіне оралды. “Түсімдегі қайран аққу, бұл Раушан екен ғой!”, деп ойлады. Сенің дауысың жұбыңнан айырылғандықтан сондай аянышты, мұңды естілген екен ау! Түсімдегі сол құс арлы-берлі жүзіп, ғашығын іздеген екен! Менің ғашығым марқұм болды, асыл өзенім. Алла өзіне алып кетті. Сен - бақыттысың, Нұра! Себебі сенде адам баласындай сезім деген жоқ. Сен жылай да алмайсың, сүйе де алмайсың. Қуануды да, қайғыруды да, Құдай саған жазбаған. Менің айтқан мұңымд ы да естімейсің. Сен - өзенсің. Сенің өзгермейтін жолын бар. Яки арнаң. Менің арнам дәл осындай болатынын кім білген. Бұндайды Құдай ешкімге жазбасын. Сенің жағанда адамдар мен сияқты мұңын шағып отырмаса екен деймін. Сенің жағалауында тек қана жақсылық пен игілік болуын қалаймын. Иә, Алла бұл ниетімді қабыл қылғайсың”, деген ойлар тағы да Мейірғұлдың санасын мазалады.
...Әскерден алғаш өзен жағасына келгенде Мейірғұлдың жүрегіне мынадай өлең жолдары келген еді:
Өзенім, асыл суым – Нұрадайын,
Тастан тасқа секірген құралайым.
Шабыт келген сәттерде жүрегіме,
Мен сенің толқынына жыр арнайын. Сол кезден бір ай уақыт өтіпті. Бір айда Мейірғұлдың көңіліне қаяу түсті. Өмірлік жолы күрт өзгерді. Өзі көптеген жоспарлар құрған өмірінің бұл бөлігі қайғылы болды. Раушанмен бірге ұзақ бақытты өмір сүрерміз деп ойлаған. Алайда, ойлағандай болмады. Енді оның өмірі Раушансыз өтпек. Ал Нұраның өмірлік жолы еш өзгерген емес. Сол қалпы аға берді, аға берді...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?