Қазақ әдебиеті | Шоқан Уәлихановтың өмірімен ағартушылық қызметі

 Қазақ әдебиеті | Шоқан Уәлихановтың өмірімен ағартушылық қызметі

Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................3
I-тapay. Ш.Уәлихановтың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы мен дамуы
1.1. Ш.Уәлихановтың өмірі мен ағартушылық қызметі..................................5
1.2. Ш.Уәлиханов өзінің «Жоңғар очерктері» еңбегі арқылы әлемге танылуы...........................8
II-тарау. Ш.Уәлихановтың философиялық саяси әлеуметтік және ағартушылық көзқарастары.
2.1. Ш.Уәлихановтың орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы қайраткерлерімен творчестволық байланысы...............13
2.2. Шоқан Уәлихановтың еңбегіндегі тағы бір қазақ елін орыс жұртшылығына таныстырудағы өзіндік ерекшелігі.............17
Қорытынды........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................22

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Қазақ топырағында ағартушылвіқ идеяның туын алған көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты быімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхаттшы, талмас географ, білгір әдебиетші шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеудің маңсаты:
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін шыққан тегін, елдің әдет - ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайлары көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шындауда аңыз - әңгімелерді, мақал мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жатайтынын, сондай дайындығы бар билердің ауызынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайтының ол нақыл сөздердің өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазуы осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық мәні:
Ш. Уәлиханов қазақ өлеңдері мен ауыз әдебиеті туралы алғаш деректер жинаған Н.П. Рычковтың 1770 жылы жарық көрген "Күнделік жазбаларын", А.И. Левшиннің 1832 жылы баспадан шыққан "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласы туралы жазбаларьш" т.б. ғалым-саяхатшылардың жазғандарын ой елегінен өткізіп, сын-ескертпелер жасағанын айта кеткен жөн. Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, ағартушылық тәлімді теріс түсіндіруді көздегендерге батыл наразылық білдірген Уәлиханов өзі бас болып әдеби мұрамыздың шынайы мәнін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасалы.
Зерттеудің практикалық мәні:
Ғалым өзінің "Жоңғар очерктеріңде" халық аузындағы нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, оны өзінен бұрынғы ғалымдар да сан рет аңғарғанын, өйткені одан халықтың тұрмысы мен әдет ғұрпы айқынырақ көрінетінін тебірене жазған. "Ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Овдай нақыл сөздер не ру ескерткіші ретіңде, мәселен заң, ғұрып аңыздары ретіңде қариялар аузыңда қасиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екішпі ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады". Қазақ мақалдары ықылым замандағы көріністі, сенімді айқындай түсетін құрал ретінде пайдаланылатынын жазады. Қазақ тілінде халықтың мінез-құлқың, жалпы ерекшелігі туралы ұғымды нақты білдіретін мақалдар да бар екенін айта келіп, мақалдарды бір тілден екінші тілге аударғанда мәні кететінен, оны дәл аударудың қиындығын айтқан және өзінің үш жүздей мақал жинағанын да білдірген. Зертгеуші халықтың тұжырымды ойға құрылған мақал-мәтелдерінің қайсыбіреулерінің мазмұнын дәл сақтай отырып орыс тіліне аударды, оған түсініктер берді. Ондағы ойы орыс оқырмандарын халқымыздың мәдениетімен, әдебиетімен тереңірек таныстыра түсу болды.
I-тapay. Ш. Уәлихановтың педагогикалық ой – пікірлерінің қалыптасуы мен дамуы
1.1. Ш. Уәлжхановтың өмірі мен ағартушылық қызметі
Тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушісі, археолог, этнограф, саяхатшы, ағартушы-демократ. Құсмұрын бекінісінде (Көкшетау облысы), Абылайханның немересі, қазақтың сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқыған, кадет корпусын бітірген (1853). Батыс Сібір Генерал - губернаторында әскерлік қызмет атқарған. Орта Азия мен Қытайға жасалған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1859-1862 ж.ж. Петербургке барған кездеріңде А. Шапов пен Т. Елисеев т.б. тобындағы, тәрбиесіндегі демократиялық бағыттағы интелегенциямен араласалы. Н.Г. Чернышевскийдің "Современник" және А.И. Герценнің "Колоколымен" танысалы. Ғылым Академиясының және орысгың географиялық қоғамының жұмысына белсене араласалы.
Шоқан Уәлиханов мұсылман дін басіпылары халық ағарту ісін өз қолына алғанын, мектептер мен медреселер құнды оқушыларға құрғақ жаттататының, оның маңызын түсінбейтінін, сол кезең үшін, оның ешбір пайдасыз екенін қатты сынады. Қазақтардың білім сипатынын оның мәнділігі мен маңызын, сол кезең үшін гумандық, халықтық - деп түсінген Шоқан, білім мен оқу ғана қазақтарды әлеуметтік-әділетін күреске жұмылдырады, тек білім мен оқу көшпенділерді қоғамдық прогресс пен еркін дамуға жол көрсетеді - деген үлкен гуманистік ой-пікірде болды.
Шоқаныың көзқарастары материалистік бағыт ұстады. Психологияны, оның ішінде этнопсихологияны, оның этнопсихологияның табиғатын түсінуі, оның әртүрлі факторларын толықтыруы соны көрсетеді. Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Түркістан халқының психологиялық ерекшелігі туралы мәселені Ш. Уәлиханов жалпы мәдениетті дамыту және "халықтық рухты" қайта ояту проблемаларымен берік байланыста етіп шешуге тырысты. Ғалым Шоқан халық мінезінің сипатын, оның пайда болуын көп жоспарлы, сан қилы мақсатта қарастырды. Сөйтіп, ол өзінің көптеген шығармаларында халық тұрмысын, әдет-ғұрпын, тілін, өзара қарым-қатынасын, дінін, оның әрқайсының ерекшелігін асқан дәлдікпен талдау жасалы.
Ш. Уәлихановтың оқу-ағарту қажеттілігі туралы ойы, ғылым халықты дамытатынын, олардан оқу-тәрбиедегі маңызды жол ұрпақ тәрбиесінің бастауы екенін дәлелдеуі, оның прогрессивтік көзқарастарының ерекшеліктерін көрсете отырып, Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай әсер ететінін дәлелдейді.
Ғалымның шығыс, батыс халықтарының көптеген тілдерін білуі әр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты айтуға мүмкіндік туғызды. Шоқан өз ойын нақты дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Жолбарыс әулетінен шыққан Абылғазының "Түрік шежіресі" атты белгілі кітабына жүгінеді. "Түрік шежіресін" толықтыра түсу мақсатында ол "Қазақ шежіресі" еңбегін жазады. "Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз, орыс жылнамалары (Пеков жылнамалары) біздің сөзімізді растайды",-деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін - шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып зандарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шындауда аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын, сондай дайындығы бар билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйып тындайтынын, ол нақыл сөздердің өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған.
Зерттеуші тарихи аңыздар - тарихи деректер жаңғырығы деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан. Тарихм аңыздардың маңызын ашуда Шоқанның асқан білімпаздығын танытатын мұрасының бірі - "Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан жазбалар". Зерттеуші бұл еңбегін жазу үстінде дүние жүзі шығыстанушыларының бұрын-сонды жарық көрген шығармаларына жүгінгенін көреміз. Левшин, Риттер, Клапрот зерттеулеріндегі пікір қайшылықтарын, неміс шығыстанушысы Бильгельм Шоттың және орыс этнографы Евгений Огородниковтың якут (саха) халқының тарихы туралы айтқан пікірлеріндегі бұрмалаушылықты, қателер мен үстірт жорамалдарды ғалым аталған еңбегінде сынайды, өзінің батыл ойларын айтады.
"Қазіргі қолда бар деректерді ел аузындағы аңыздармен, ноғайлармен қарым-қатынас жайлы орыстың елшілік фактілерін Жалайридың "Жылнамалар жинағымен" салыстырған жөн" - деп жол сілтеген кемеңгер ғалым "Қырғыздар туралы жазбаларында" Орта Азия көшпелілерінің өздерінің ата-бабаларының, даңқты батырларының ерлік істерін баяндайтын, құйма-құлақ аңызшылар аумай-төкпей жеткізген аңыздары бар, бұл аңыз-ертегілер халықтың өткендегі өмірінің қысқаша тарихи суретін бейнелейді, өздерінің батырлары мен халық арасындағы оқиғалары туралы аңыздарды жырға айналдырырп, келешек ұрпаққа от басындағы естелік-әңгіме ретіңде жеткізіп отыру барлық көшпелілерге тән салт", - деген саликалы қорытынды жасайды.
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайға айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "XVІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиегі тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылады. Соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының тұрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатады. Ал атақты "Жонғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған.
Ш. Уәлиханов қазақ өлеңдері мен ауыз әдебиеті туралы алғаш деректер жинаған Н.П. Рычковтың 1770 жылы жарық көрген "Күнделік жазбаларын", А.И. Левшиннің 1832 жылы баспадан шыққан "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласы туралы жазбаларын" т.б. ғалым-саяхатшылардың жазғаңдарын ой едегінен өткізіп, сын-ескертпелер жасағанын айта кеткен жөн.
Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, ағартушылық тәлімді теріс түсіндіруді көздегеғідерге батыл наразылық білдірген Уәлиханов өзі бас болып әдеби мұрамыздың шынайы мәғгін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасалы.
Ғалым өзінің "Жоңғар очерктерінде" халық аузындағы нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, оны өзінен бұрынғы ғалымдар да сан рет аңғарғаның, өйткені одан халықтың тұрмысы мен әдет ғұрпы айқынырақ көрінетінін тебірене жазған. "Ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Оңдай нақыл сөздер не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, ғұрып аңыздары ретінде қариялар аузында қасиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады". Қазақ мақалдары ықылым замандағы көріністі, сенімді айқындай түсетін құрал ретінде пайдаланыла-тынын жазады. Қазақ тілінде халықтың мінез-құлқын, жалпы ерекшелігі туралы ұғымды нақты білдіретін мақалдар да бар екенін айта келіп, мақалдарды бір тілден екінші тілге аударғанда мәні кететінін, оны дәл аударудың қиындығын айтқан және өзінің үш жүздей мақал жинағанын да біддірген. Зерттеуші халықтың тұжырымды ойға құрылған мақал-мәтелдеріғгің қайсыбіреулерінің мазмұнын дәл сақтай отырып орыс ттліне аударды, оған түсініктер берді. Ондағы ойы орыс оқырмандарын халқымыздың мәдениетімен, әдебиетімен тереңірек таныстыра түсу болды.
Әпсаналар мен аңыздарда әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ тарихи тұлғалардың бірі - ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы Шоқан Уәлиханов қысқа болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр халықтың жазба мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяңдағанда, Қорқыт Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады. 'Жоңғар очерктерінде" Қорқытқа байланысты ертегі, жырлар территориялық және тіл жағынан жақын халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізгенін айтады.
1.2. Ш. Уалиханов өзінің «Жоңғар очерктері» еңбегі арқылы әлемге танылуы
Ш.Ш. Уәлиханов өзінің атақты "Жоңғар очерктері" арқылы әлемге танылды. Бұл ғылыми, әдеби, тарихи, публицистік құнды еңбек өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Еуропа ғалымдарын, шетел баспасөзін, әсересе неміс зиялыларын өлең еткізді. "Жоңғар очерктері" Шоқанның ардақты есімін дүниеге асқақтата шарлатты.
Онда саяси-әлеуметтік мәні бар оқиғаларды ұлы ғалым жалынды публицистикаға тән сипатта шебер баяндайды. Философиялық терең ой түйіп, батыл пікірлер айтады. Сөйтіп, ғылыми очеркті саяси деңгейге көтереді. Ал өзінің аса көрнекті мұрасы "Сот реформасы туралы ғылыми хатында" саяси көзқарасын бұрынғыдан да тереңдете түскен.
Ш. Уәлиханов Қашқарға барған сапарында көптеген материалдар, ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлерін, аса сирек кездесетін кітаптар алып қайтты. Этнографиялық очерктер, санақ мәліметтері, тарихи хабарлар, онда халық әдебиетінің үлгілері, білім, ғылым, оқу қырлары жинақталған деректер толы.
Әлемдік әдебиет пен мәдениетен және оқу-ағарту ісінен хабардар болған Шоқан - түркі тектес халықтардың әдеби мұраларын да білгірлікпен зерттеген ұлы ғалым. Әсіресе, қырғыз елінің "Манас" жырына айырықша көңіл бөледі. "Манасты" өркениетті елдерге тұңғыш таныстырутиы Ш. Уәлиханов екенін мақтан етуге тиіспіз.
Зерттеуші өзінің "Қырғыздар туралы жазбалар" еңбегінде халық есіңде, тамаша философ ретінде сақталған Асан қайғының Жырғаланда көшіп-қонып жүрген қазақ екенін, оның аты тек қазаққа ғана емес көрші қырғыз еліне де мәлім болып, "Манас" жырында кездесетін, зираты Ыстық көлдің маңында екенін ескертеді.
Шоқан аса қабілетті қайсыбір жыршылар мен жыраулардың өміріне, ол туралы айтылған естелік аңыздарға, жыршылар мен жыраулардың өздері шығарған Ш.Уәлиханов зерттеулерінде "тарихи жыр" терминін қолданған. А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінде тарихи жырдың жанрлық ерекшелігіне мынандай анықтама берілген: "Тарихи жыр деп, тарихта болған оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихыңда жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып жатыр, солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады". Шоқан XVIII-XIX ғасырларда, Абылай заманы тұсында ерекше дамыған тарихи жырларға зор мән берген. Ғалымның "XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" атты еңбегіңде тарихи жырларда, аңыздарда есімдері зор сүйіспеншілікпен айтылатын тарихи тұлғаларға, олардың қаһармандығына ғылыми дәлдікпен, көркем барлау жасаған.
Шоқан қазақтар импровизаторлық өнерге шебер келетінін атап көрсетеді. Зерттеушінің көшпелі елдердегі суырып салушылық өнердің жоғары дәрежеде дамығандығы жайлы пікірлері назар аударарлықтай мәнді. Өлең сөзді суырып салып айту, кідіру-мүдіру дегенді білмеу себебін өзінше тоишылай келіп, Шоқан: "Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызды, көк ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, ол әзір бізге мәлімсіз", - деп жазады және "қазақ ақындарының импровизаторлық өнері көшпелі елдің салт-тұрмысына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық дәстүр негізінде туып, дамыды"... "Импровизаторлық өнері жағынан қазақ ақындары көшпелі араб ақындарынан бір де бір кем түспейді", - деп салыстыра ой түйеді.
Естеліктерден Ш. Уәлихановтың өнерге, оны баяндаушыға деген сүйіспеншілігің, екіншіден, ана тіліміздің қоспасыз, таза күйінде сақталуын қадағалаған қамқоршы екенін және халық арасыңда жылт етіп көрінген игі нышанды қалт жібермей тыңдай да, зерттей де білгенін аңғарамыз.
"Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал келеді... Сұлтандардың ерлік істері мен естеліктерін жырлайтын суырып салма ақындары олардың барлық руларында кездеседі. Қазақтардың барлық эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді".
Шоқанның бұл пікірлері поляк саяхатшысы Адольф Янушкевичтің ойларымен үндес келеді: "... мен алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Бұлар қазақ трубадуралары, даланың бардтары - ұлы ақындары. Олардың өлең шығаруы мен қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айғақтайды, қазақтар еңбекке де бейімділігін байқатады".
"Қытайлар мен мұсылман жазушыларының деректері бойынша, ертедегі қазақтардың өз жазуы болған және басқа көшпелілерге қарағанда мәдениеттің анағұрлым жоғары сатысында тұрған". Шоқанның мұндай қортындыға келуіне оның Орхон-Енисей, Талас жазба нұсқаларымен де таныс болуы, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының нығайғаны, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің арасындағы алғашқы саяси байланыстар осы кезенде жасала бастағаны, мұндай дипломатиялық қатынастардың болғандығын 1575-1584 жылдары жүргізілген патша тізімдері айқындайтыны, "38-ші жәшікте Қасым ханның тұсындағы қазақ кітаптары мен көшірмелері бар" деген деректі дәлел, басқа да көптеген көне жазба нұсқаларда сақталған нақты фактілер себепші болған сияқты.
Шоқан Уәлихановтың әдебиет зерттеу ғылымына қосқан үлесі оның И.Н. Березиннің "Хан жарлығына" жазған пікірі мен Жалайридің "Жәмих-ат-тауариғы" ("Жылнамалар жинағы") тарауларын алғаш орыс тіліне аударып, ондағы шығыс терминдерінің сөздігін жасағанынан да көрінеді.
Ш. Уәлиханов "Профессор И.Н. Березиннің "Хан жарлығы" кітабына ескерше" деген шығармасында Сеадат-Гирей жарлығыңда ноғайлының Орал ордасындағы рубасы, ақтастық Әли биді қазақ жырларында күні...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?