Педагогика | Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері

 Педагогика | Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері

Мазмұны
1.Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері
2. Бүгінгі жас ұрпақ бойында ұлттық қасиетттерді қалыптастыруда отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
2. Халықтық педагогиканы сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану

КІРІСПЕ
Бұл мәселені қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде қыз балаға берілген сипаттамалары ерекше бөліп айтудан бастаймыз. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі ретінде қолданған. Сондай – ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, шеберлігін, өнер – білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның сол қасиеттерін нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы, «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.
Сонымен қазақтың ауыз және жазба әдебиеттеріндегі қызға берілетін жалпы сипаттамасы мынадай: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көз, жайдары мінез, алма мойын, ақша бет, ақ тамақ, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, ұзын кірпікті, ақ білек, маржан тісті, қыр мұрынды» деп суреттелген.
Халқымыздың ұлттық дәстүрлеріндегі бір ерекшелік – тәлімдік, ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе, қыз балаға тұспалдап жеткізу, жөн-жосық нұсқап, бағыт-бағдар беру, өнеге көрсету. Бұл салт ауылдық жерлерде әлі де сақталған. «Қыздың қырық жаны бар», «Қызға қырық үйден тыю» деген сөздерде тәрбиелік талап-тілектерді бетке айта салмай, тұспалдап жеткізеді. Әсіресе, қыз мүшеліне толысымен «Ұлдың ұяты-әкеде, қыздың ұяты-шешеде», «Қыздың қылығы – түзде» деген ана баса назар аударған.
Халқымыз қыз баланың тәрбиесі жолында әдет-ғұрып, ырым -жораларды қалыптастырды. Мысалы, «Қыз қабағы күрең тартса, елде жұт болады» деп қызды ренжітпеуге тырысқан; қонақ қыз баланы босағаға отырғызбаған, қыз бала босағаға отырса, үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды деп білген; қыз баланың қолына көбіне ырым етіп «құлып» білезік салған. Бұл тәртіпті, тәрбиелі болсын деген ұғымнан шыққан: бойжеткенде қыздарымыз құстай қалықтасын деп, қыз балаға құс тұмсық жүзік салған.
Құлақ тесу. Қазақта қыз баланы кішкене күнінде құлағының сырғалығын тары дәнімен уқалап етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп, оған жіп өткізіп тұйықтап байлап қойған. Кейіннен кішірек күміс сырға таққан. Ол бір жағынан «балаға көз тимесін» деген ниет болса, бір жағынан айналасындағы адамдарға деген ыстық ықыласын мейрімділігін, сүйіспеншілігін оятқан.
Алқа тағу. Қазақ қызы он үш жасқа келген соң, оған екі алқа сыйлап, мүшел жасын тойлаған. Екі алқаны қызының омырауына таға отырып, ана «Сен енді үлкейдің, секірме, текіректеме, жүгірме. Ерсі болады, жәймен, баппен сыпайы жүр. Жақсы жүрсең алқаңдағы күміс қоңырауларың да жақсы әндетеді.. одыраңдап жүрсең-берекесіз шолдыр-шұлдыр етіп өзіңді бездіреді» - деп ақыл-кеңес берген, дұрыс жүріп-тұруға, әдептілікке тәрбиелеген.
Қазақ қызды қонақ десе, мүшеліне толғанда «қонақ жасы» деп санаған. Әсіресе осы кезде қыз бала тәрбиесінің ерекше мән берген. Бұрынғы аналар қызының әдепті, ісмер, әсем болуы үшін бар күш-жігерін жұмсаған.
«Шешеге қарап қыз өсер» деген сүйеніп, қызды көргенді ету үшін, аналар ең алымен өзіне шек қойған. Яғни қыз бойжете бастасымен ол бұрынғы қыдыруын доғарған. Осыған байланысты «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастаңғышыл болады» деген сөз қалған.
Қазақта «Қыздың мұраты - кету, жолаушының мұраты – жету» дегенімен олар бойжеткен қызын сыртқа жөнсіз шығудан шектеген. Тек кей жағдайларда аса бір аяулы адамды аттандыруға үйде ешкім болмағанда ғана жұмсайтын болған, жұмсамаса қыздың өзі оны аттандыра алмаған. Себебі – оны кез-келген кісімен кезіктіру қазақы әдептің салтында жоқ, әдепсіздік деп білген.
Қыз бойжеткен соң, оны құтты жеріне қондыру ата – ананың арманы. Халқымыздың ежлгі дәстүрі бойынша ер жігітке серік боларлық ақылды, әдепті, еңбекқор, адал жар таңдау, өнегелі көргенді жерден қыз алу келешек отбасы бақытының басты нышаны болған. Қазақтың «Тегіне қарап қызын ал» деген нақыл сөзі бар. Оның мәні мынады: текті жердің қызы әдепті, ибалы, іске шебер, қиыншылыққа төзімді, анасы сияқты тәрбиелі болып келеді, ол өскен ортасы мен ата – анасына жаманат сөз ергізбейді. Сол себепті бабаларымыз «Аяғын көріп, асын іш, шешесін көріп, қызын ал» деп өсиет еткен. Әсіресе, қалыңдықтың ақылына ерекше көңіл бөлген. Ол үшін қызға сыншылар әр түрлі сыйлықтар ұсыну арқылы бойжеткеннің дүние – мүлікке көзқарасын, жұмбақ шескізіп зейін – зердесін байқаған, аға – іні, құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасына қарай бауырмалдығы мен қайырымдылығын екшеген. Киген киімі, істеген ісі, сөйлеген сөзіне қарап, оынң ұқыптылығын, іскерлігі және мінез-құлқынан мағлұмат білген.
Ісмерлікке, қолөнерге қазақта балаларды әке-шешелері, ауылдың салиқалы тәжірибелі қарттары шеберлер баулыған. Қызына ана алдымен кесте тіккізіп, одан әрі өсе келе түскиізге, тақияға тігіп одан әрі сырмаққа, түрлі бұйымдардың оюлармен жалғастырған. Әдетте кестемен түскиіздер, орамалдар, әйелдердің бас киімі, көйлектері, қамзол, белбеу, белдемелері т.б. әшекейленді. Қазақта қолөнерге икемі жоқ қыздарды «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Жалпы қыздарды қолөнерге балу арқылы олардың бойына биязылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңірген. Өнерлі адамның жаны таза болатынын біліп, қызын алдымен еңбекке, ісмерлікке тәрбиелеген. Кішкене күнінен қыздарды тігуге, тоқуға, киіз басуға және сол сияқтыларға үйретеді, дәл сәл өсе келе енді мұның бәрін олардан талап еткен.
Ұл балалар елдің тыныштығын қорғаушы делінсе, қыз балалар бүкіл ұлттың болашағы дап саналады. Себебі, әдепті, арлы, ибалы қыздар ертеңгі күні тәрбиелі ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін абзал ана. Сондықтан қыз бала тәрбиесіне халқымыз үлкен мән берген.
Хақымызда қыз балаға қатысты ырымдар да көптеп кездеседі:
• Қыз бала ақ, қара орамал тартпайды, ақ – жаулықтың, қара – жамандықтың белгісі;
• Қыз балаға құстай қалықтасын деп құстұмсық жүзік таққан;
• Қыз бала әдепті, арлы болсын деп құлып білезік салған;
• Қыз баланы босағаға отырғызбайды, өйтпесе, үй иесі жамандыққа ұшырайды.
2. Бүгінгі жас ұрпақ бойында ұлттық қасиетттерді қалыптастыруда отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
Біз халқымыздағы қалыптасқан, отбасындағы бала тәрбиесі жолында пайдаланған әдіс-тәсілдері, әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлер, халықтың ауыз әдебиетінің мұралары, ұлттық ойындары және олардың тәрбиелік мәніне тоқталдық. Бұл мұралар халқымыз ғасырлар бойы бой тұмардай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырған ата-бабамыздың тәрбие жұмысында, болашақ ел азаматын тәрбиелеуде ерекше орны бар бай мұрасы.
Бала тәрбиесін бала құрсақта жатқанда бастаған ата-бабаларымыз ұл бала мен қыз бала тәрбиесімен екі бөлек, ерекше, яғни бұл жолда әртүрлі құралдарды пайдалану арқылы халқы үшін қызмет жасаған, елін, тілін, жерін құрметтеген терең ойлы, адамгершілігі жоғары, ұлағатты азамат тәрбиелеп келсе, күні кешеге дейін ата-бабаларымыздың көптеген мұралары сияқты, тәрбиенің дәстүрлі түрлері мен құралдары да ескінің сарқыншағы ретінде қаралып келді. Солардың ішінде мәселен, баласын сүндетке отырғызғандарды діншіл, ұлтшыл деп сөгіп, жиналыстарда айтылып жүрді.
Ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіне ерекше қарау былай тұрсын, оларды бірдей, теңестіріп қойдық. Соның нәтижесінде ұлдарымыз ұсақталып, әйел азаматтардың өздерімен тең немесе өздерімен асып түсіп ауыр жұмыстарды атқаруынан намыстанбайтын, орынсыз мақтаншақ, әдепсіз болуға айналды. Ұлттық тәрбиені шеттетіп, жаппай үстемдік құрған коммунистік тәрбиенің нәтижесі – ер азаматтарымыз өз Отанын қорғау, әйел затын қорғаудан бас тарта бастады. Әлсіздерге қорған болудың орнына, әлімжеттік көрсетуге бейім тұрды, тілін, дінін, ділін ұмыта бастады. Ал тілін ұмытқан адам өз Отанын, өз ұлтын шексіз сүюі мүмкін бе?
Қазақтың өмір салтының да өзгеруімен, бір кездерде ат құлағында ойнаған шабандоздығымен досының да, дұшпанын да тамсандырған қазақ жігіті атты мүлде ұмыта бастады.
Ал енді кейінгі уақыттарда халқымыз егемендігін алып, еңсесін көтергеннен кейін ұлттық мұраларымызға көңіл бөле бастадық. Қазіргі күні халықтық педагогика дәстүрлерін мектептердің оқу-тәрбие процесінде пайдалану жан-жақты өріс алып келеді деуге болады. Бір ескертетін жай тәрбие жүйесінде халқымыз үлкен мән берген ұл бала мен қыз бала тәрбиесіне бөлек келу мәселесіне әлі де көңіл бөлінбеуде немесе тәрбие жолында пайдаланған, жас ұрпақ біле бермейтін құралдар, салт-дәстүрлер тасада қалып қоя беруде. Бұл өзіміз қарастырған кейбір ұл бала тәрбиесінде пайдаланған әдет-ғұрып, салт-дәстүр т.б. да қатысты. Мәселен бала өмірінде ерекше мәні бар, бала алғаш еңбекке араласа бастағанда немесе алыс сапарға шыққанда орындалатын «тоқым қағар», «атқа мінгізу» тойлары, мүлде ұмыт қалған, баланы еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор «шідерге сигізу» ырымдары.
Псхология ғылымында қыз баланың ер балаларға қарағанда физиологиялық та, психолгоиялық та тұрғыдан ертерек жетілетіні белгілі. Міне, мұны біздің ата – бабаларымыз ертеде – ақ біліп, отбасында қыз бала мен ер балалардың тәрбиесін бөліп алып жеке айналысты.
Қазіргі таңда «Салтын сүйген халқын сүйеді» деген қағиданы ұстанып жас ұрпақ бойында ата-баба мұрасына деген сүйспеншілікті ояту, ата-бабамыздың дәстүрлі тәрбие әдістерін пайдалана отырып тәрбиелеудің маңызы зор.
Халқымыздың ер жігітке қойған талаптарына сай келетіндей ержүрек, батыл да өжет, ақылды, яғни, «сегіз қырлы бір сырлы» азаматты, қыз баланың бойынан іздеген кішіпейілділік, әдептілік, ісмерлік сияқты қасиеттерді тәрбиелеп шығаруда бүгінгі тәрбиешілер мен оқытушыларға қойылар талап ерекше деп білеміз. Ұлт боламыз десек, ұлттық қасиеттерімізді түгендеп, әр ұрпақтың бойында өз ұлтына деген сүйіспеншілікті оятуымыз тиіс. Ал, ол үшін халық аңсаған жолмен ұрпақ тәрбисін қолға алуымыз керек.
Осы жолда біз кіші мектеп оқушыларын ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, кейбір іс-шараларды жүзеге асырдық. Солардың кейбіріне тоқталып өтейік. Мектебімізде ата – аналар «Адамның бір қызығы бала деген» деген тұжырымдамамен үш топқа бірікті, оның жұмысын бастауыш сынып әдістемелік бірлестіктің басшысы басқарды.
1.Әке ұлағаты – ата, әкенің өнеге мектебі.
Мақсаты - «Балам орнымды бассын десең...» деген тұжырымдамасы-
на сәйкес ұрпақ, әулет, ер жігіт тәрбиесін жүргізу.
Мазмұны - ұл балалардың жеке басының мүмкіндігін дамыту, халықтық әдет – ғұрыптарға негізделген ер жетер ұл ережесін дағдыға айналдыру, ата - әке – ұрпақ үндестігін қалыптастыру.
Үлгі ретінде нақты шаралар - «Әке көрген оқ жонар», «Жігітке жеті өнер де аз» атты іскерлік жүздесулер. «Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» деген немесе жігіттің «тоғыз жауы» туралы әңгімелер.
«Ер жетер ұл» ережесі:
• Еліңнің, туған жеріңнің абзал азаматы болуға жас күніңнен бастап талаптан;
• Азамат болу – асыл қасиет. Оны бойыңа жинау өзіңе ғана байланысты. Ол қасиетті бүкіл өмір бойы жина;
• Мектеп – кеме, білім – теңіз. Сен білім теңізінен сусындауға ұмтыл;
• Тәрбие тілден басталады. Өз ана тіліңді сүйе біл, оны құрметте;
• Ұстаздарыңды құрметтеп, сыйла. Олар саған тек жақсылық тілейді, оқытады, үйретеді;
• Мектепте, үйде, көшеде, қоғамдық орындарды үлкенді құрметтеп, сыйлай біл. Жол беріп, тоқтап иіліп сәлем бер.
• Салмақты, салиқалы, еңселі, білімді, мәдениетті азамат болу қолыңнан келетініне сен! Соған өзіңді даярла.
• Жаман әдеттен сақтан. Шылым шегуге әуестенбе. Ол денсаулығыңа зиян.
• Халқыңның жақсы әдет-ғұрыптарын, салтын үйрен.
• «Жігітке жетпіс өнер де аз» деген бар, өнерлі болсаң, өрге жүзерсің, өнер – мінсең ат, ішсең – тамақ болары анық. Домбыра тартып, ән салуды үйрен. Ата дәстүрі – термешілік пен айтыс өнерін үйренуге талпын. Өнерсіз, өнегесіз болғаннан сақтан.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?