Банк ісі | Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы

 Банк ісі |  Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы

Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................3
I.Халықаралық валюта жүйесінің даму мәселелері
1.1 Халықаралық валюта жүйесінің даму тенденциясы..................................4
1.2 Халықаралық валюта жүйесі және түрлері................................................9
1.3 Халықаралық валюта жүйесінің реттелуі және валюталық саясат........11
1.4 Валюта бағамы: жүйелері, факторлары, паритеті...................................15
II.Қазақстан Республикасы Валюталық жүйесінің
келешегі мен болашағы
2.1 Қазақстан Республикасы Валютасы.......................................................19
2.2 Қазақстан Республикасы Валютасының тарихы мен келешегі...........26
Қорытынды......................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................33

Кіріспе
“Біздің зерттеуіміздің мақсаты мүлде автоматты
түрде қатесіз жауап беретін механика құру, немесе
бірсарынды операциялардың нобайын жасау емес, ол
бірнеше мәселелерді жүйелі және жоспарлы зерттеу-
дің әдісімен өзіңді қамтамасыз ету болып табылады.”
(Дж. М. Кейнс)
Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше.Бұл курстық жұмыс материалдың көлемімен және ұсынылған тақырыптардың санымен белгіленбейді. Ол зерттеудің тереңдігімен және деңгейімен, экономикалық ғылымның маңызды мәселелерін талдаудың әдістерімен белгіленеді..
Жұмыс барысында халықаралық валюта жүйесі барынша жан-жақты қаралады.Валюта қатынастары валюта жүйесі туралы ұғымдарға арналып, халықаралық валюта-несие қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері, ұлттық валюталардың айырбасталымдылығы, халықаралық есеп айырысу баланстары, валюта бағамы және оның ұлттық экономикаға әсері, сонымен қатар халықаралық және аймақтық валюта-несие, қаржы ұйымдары туралы кеңінен баяндалады.
I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1Халықаралық валюта жүйесінің даму тенденциясы
Халықаралық валюта жүйесінің негізі ұлттық және ұжымдық резервтері валюталық паритеттер мен курстарды, валюталардың өзара айналымы шарттарын, халықаралық есеп айырысу және (төлем үшін қолданылатын) валюталық шектеулерді,валюталық рыноктар мен дүниежүзілік алтын рыногын және тағы басқа жатқызуға болады.
Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы батыс елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Тарихи тұрғыдан халықаралық валюта жүйесі XIX ғасырдың аяғында қалыптасты. Дамыған елдердің көпшілігінде халықаралық есеп айырысу және төлем үшін қолданылатын тұрақты алтын-валюталық стандарттар орнықты. Халықаралық есеп айырысуда міндетті түрде пайдаланатын алтынның белгілі салмақ бірлігі мен тазалығы көрсетілген алтын стандартты (үлгі, қалып) енгізіп, монеталарды еркін құю және оларды басқа валюталарға айырбастау, толыққанды емес ақшалардың паритетін алтынмен қамтамасыз ету тағы басқа шаралар алдын ала қарастырылды.
Дүниежүзілік соғыстың басталуымен бұл жүйе өзінің өмір сүруін тоқтатты да, тек қана 1922 жылы Генуя конференциясынан кейін қайтадан қызмет ете бастады. Бұл конференцияда алтын-девиз стандарты туралы келісімге қол жетті. Бұл жүйеде халықаралық есеп айырысуды реттеудің негізгі құралы болып алтынның орынбасарлары (девиз), жеке елдердің немесе ұжымдық валюталардың қызметін атқаруы мүмкін.Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және II) Бреттон-Вуд конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталған валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы статусты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі.1994 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вуд конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды.Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы бекітілді.Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етті.Батыс Европаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондай ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни “долларлық аштықта” көрініс тапты.
Бреттон-Вуд жүйесінің құрылымдық принциптері төмендей:
• доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы бекітілді;
• ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы айырбастайды,онда валютаның алтын паритетінен +,- 1%-ке, Европа елдерінде +,- 0,75% ауытқуы мүмкін;
• Шетел орталық банктерінің долларлық резервтары (қорлары) алтынға американдық қазынашылық мекемесі(казнчайство)арқылы ресми бағамен айырбасталады;
• Алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді);
• Мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган-Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды.
ХВҚ-ның негізгі міндеті-осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын қамтамасыз ету.Бреттон-Вуд жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті.
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вуд валюта жүйесінің халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Европа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. Валюта дағдарысы Бреттон-Вуд жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті.
30- жылдары барлық дамыған елдер алтынның алтын-девиз стандартынан бас тарта бастады. 1994 жылы Бретонн-Вудд (АҚШ) конференциясында дамыған елдер алтын-долларлы жүйеге өту және валюталардың өзара айналымы (айырбасталуы) туралы келісімге қол қойды, доллардың халықаралық қызметінің мәні артты. Бұл келісім 70-жылдардың ортасына дейін қызмет етті.
Бұл кезеңде халықаралық валюта дағдарысы нәтижесінде валюталар мен алтынның өзара байланысы үзіліп, валюталардың «өзгермелі» курсы кең тарады. 1970 жылдан бастап халықаралық ақша бірлігі (СДР) бекіді, бірақ та ол өз қызметін атқара алмады.
Басқа ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын валютаны еркін ауысатын (конвертируемый) деп, ал мұндай айырбасқа қабілетсіздері еркін ауыспайтын (неконвертируемый) деп атала бастады. 1970 жылдан бастап халықаралық есептеуде девиздік жүйе қолданылды: бірте-бірте валюта, оның ішінде доллар да, алтынға айырбасталмайтын болды. Дүниежүзілік ақшаның заңды қызметін девиздер (орынбасарлары), яғни ұлттық немесе ұжымдық валюталар орындайды. Ұлттық валюталардың алтынға тікелей айырбасталуы жойылғандықтан (баға масштабы арқылы) алтынның ресми тұрақты бағасы белгіленбейтін жағдай туды. Мұның өзі алтынды ішкі және халықаралық рынокта жалпыға бірдей төлем құралы қызметінен айырылып, оның беймонеталғандығын көрсетті. Алтын халықаралық рынокта жай тауар ретінде сұраныс деп ұсынысқа байланысты қағаз ақшаға сатыла бастады.Дегенмен, мемлекеттер мен ірі банктер үшін алтын ерекше тауар. Алтын оларды өз қарыздарын өтеу үшін өте қолайлы жағдай жасайтын байлық.Алтынды қымбат валютаға сатып, төлем баланстарының айырмасын жабуға мүмкіндік туды, яғни валюта курсынан түстеме пайда түсіруге болады.Сыртқы экономикалық байланыстарда ұжымдық валюталар ақшаның мәнін көрсететін жаңа формаларға ие болып, кеңінен тарады.Бұган халықаралық валюта қоры(МФВ) 1970 жылы енгізген СДР (специальные права займствования- қарыз алудың арнайы құқығы) –шартты ақша бірлігі жатады.Оның материалдық формасы жоқ, арнаулы есеп айырысу құралы ретінде валюталар «қоржынынан» тұрады. Олардың «қоржынындағы» үлесі мынадай:
Доллар-42 Батыс Еуропа валюталары-45 (ф.ст.франк,марка), иена-13 .ұжымдық валютаға 1979 жылы ЕЭҚ-ке (ЕЭС) мүше елдер қабылдаған ЭҚЮ (еуропалық валюта бірлігі) деп жатады. Оның бағасы он Еуропалық елдің валютасы негізінде қамтамасыз етілген есептегі 2800 т алтын және доллар саласымен жүзеге асырылады. ЭҚЮ есептік валютадан бірте-бірте нақты ақшаға халықаралық төлем құралына айнала бастады.Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде де бірнеше ұжымдық валюталар бар, олардың бірқатары әлсіз болса да халықаралық есептік ақша бірлігі болып саналады.
Ұжымдық валюталық бірліктер дүниежүзілік валюта жүйесінің дағдарысы нәтижесінде кеңінен тарай бастады, бұлар алтынды алмастырған әртүрлі сурагаттар (жалған, балама) сипатында болады. Бұл валюталық бірліктер ең алдымен ұлттық валюта курстарын салыстыру үшін есептік ақша ретінде енгізілді. Оның ұлттық валютадан айырмашылығы- ұжымдық валюталар банкнот, монета түрінде шығарылмайды, тек ақша есебінде жазылады (денежная книга). Олардың курсын қатысушы елдер белгілейді. 70-жылдардың соңында осы аталған ұжымдық валюталардың халықаралық есеп айырылысуға қызмет көрсететін дүниежүзілік ақшаға айналу тенденциясы байқалды. Мысалы, трансұлттық банктер халықаралық жеке меншік қарыз капиталдары рыногына қатысуға толық құқықты еуровалюта ретінде ЭКЮ-ді мойындады. Шаруашылық өмірдің халықаралық сипатының күшеюі нәтижесінде ұжымдық ақша-валюталар жүйесі барлық елдер үшін бірыңғай ұлттық төлем құралына айналып бүкіл дүниежүзілік ақшаны қалыптастыруы әбден мүмкін.
1979 жылы Еуропалық экономикалық одақ елдерінде Еуропалық валюта жүйесі құрылып, мұнда валюталар курстарының ауытқуы қатаң шектелді. Валюта курстарының ауытқуы негізінен екі факторға: валютаның ішкі рыноктағы нақты сатып алу қабілетіне, сондай-ақ елдердің сауда бағасы жағдайына байланысты. Әр түрлі елдердің ақша рыногындағы өсімдік ставкалардың өзгеруі сол елдер арасындағы капиталдардың қозғалысына және халықаралық рыноктағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі, құбылмалы валюта курсына өту экономикалық қатынастарға қайшылық сипатта әсер етеді. Біріншіден, валюта курсының төмендеуі дүниежүзілік рынокта сол ел өнімінің салыстырмалы бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді, экспортты ұлғайтып, импортты шектеуге мүмкіндік жасайды, ал мұның өзі елдің сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігіне теріс әсер етеді. Сыртқы экономикалық байланыстарды сипаттауда төлем және сауда балансы деген ұғымдар қолданылады. Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және тағы басқа түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлігінде де көрсетіледі. Төлем балансының маңызды құрамдас бөлігі сауда балансы. Онда елдің экспорт, импорт және реэкпорт бойынша кірістері мен шығындары анықталады. Ол тауарлардың, қызмет көрсетудің, саудадан тыс төлемдердің қозғалысын көрсетеді.төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік рынокта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасының курсымен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады. Соңғы жылдары валюталық қатынастардың тұрақсыздығының салдарынан оларды мемлекетаралық реттеудің маңызы артып отыр. Қазіргі кезде жетекші жеті өнеркәсібі дамыған елдердің қаржы министрліктері мен үкімет басшыларының кеңесінің дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын реттеудегі рөлі күшейді. әр түрлі елдеодің экономикалық саясатын салыстыруды қамтамасызететін бірқатар көрсеткіштер қалыптасты. Оған ішкі өнімнің өсуі, ішкі сұраныс деңгейі, жұмыссыздық, инфляция деңгейі, сауда және төлем балансының жағдайы, ақша массасы және өсім ставкасының өсу қарқыны, валюта курстары мен тауарлар бағасының құбылмалы деңгейлері, мемлекеттік бюджеттің жағдайы сияқты көрсеткіштер жүйесі кіреді. Халықаралық валюта- несие жүйесінің негізін халықаралық валюта қоры және халықаралық қайта құру және даму банкісі құрайды. Халықаралық валюта қоры 1947 жылдан бастап қызмет істейді. Оның негізгі міндеті халықаралық сауданың дамуына, валюталық одақтардың валюта курстарын өзара реттеуге, ХВҚ-ға мүше елдерге (150-ден аса ел) несие беруге валюталық паритеттердің өзара тұрақтылығын қолдауға жағдай жасау болып табылады. Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) 1945 жылы құрылған. Бұл банк, мүше елдердің экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында ұзақ мерзімдік заемдер беретін үкіметаралық қаржылық ұйым. 1993 жылы бұл ұйымға Қазақстан да қабылданды.
Валюта (баға, құн)- мемлекттік ақша бірлігі. әр елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валюта жүйесі болады.
Ұлттық валюта негізізінде әлемдік валюта жүйесі пайда болды.
Халықаралық валюта жүйесі-сыртқы рынокта орталық эмиссия банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелер жинағы.
Құрамдас бөліктері:
-халықаралық төлем құралдары (ұлттық валюта, алтын, СДР, евро)
-валюта курсын қолдау және орнату механизмі
-валютаны конверсиялау шарты
-халықаралық нарық мектебі
-валюта қатынасын реттейтін мемлекетаралық қаржы мекемелерінің беделін анықтау.
Жаңа дәуірдегі әлемдік валюта өз дамуында үш кезеңнен өткен:
1. XIX ғасырдың басынан II-ші Дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін;
2. 30-жылдардан 70 жылға дейін (бұл кезең Бреттон Вуд конференциясымен / 1946 ж/ анықталады/
3. 70 жылдан бастап осы күнге дейін ол 1976 ж. Ямайкада бекіді.
Алғашқы екі кезеңде әлемдік валюта курстарын есептейтін ақша бірлігін енгізген. Олар монета немесе банкнот түрінде шығарылмайды, тек есепке жазылып қойылады. Олардың мөлшері атысу елдермен белгіленеді, олар оны халықаралық есепке қызмет жасау үшін, әлемдік ақшаға айналдыру, яғни девиздер жүзеге асады. Ұлттық валюта алтынмен байланысын жоғалтқан соң, соңғысы төлем қызметін атқаруын тоқтатты, мұнда алтын демонетизациясын көрсетеді, сұраныс пен ұсынқа байланысты бағасы бар тауарға айналады. Бірақ алтынның қызметі жойылуы өте баяу.
Мемлекеттер арасындағы өтетін валюта айырбасы мен есептеуі валюта курсы негізінде болады.
Валюта курсы-берілген ұлттық валютаның ақша бірлігінің бағасы, басқа ел валютасының ақша бірлігінде көрсетілген.
Алтын стандартты кезінде валюта курсы тұрақты. Ол алтын паритет (лат. теңдік) негізінде құрылған. Алтын салмағының шамасы-үштік унциясы 31,1г алтынға тең. Мысалы, ағылшын фунт стерлинг тең алтынның құны ¼ унция болса, АҚШ доллары- 1/20 онда оның валюта курсы 1:5, яғни 1ф-стерлинг 5 доллар.
1917 ж. Рубльдың алтын құны 0,774332 г., 60ж.-90ж. 1 рубль 0,987670г. Алтынға тең болған. 1$=0,888571г. Доллар курсы рубльге қатысты болғанда: 1$=0,8996 тиын. Бұл қатынас екі ақша бірлігін сатып алу қабілеттігін ескермеген, тек алтынның құнын ескерген.
1971 ж. доллардың алтынға айырбасталуы ресми түрде тоқтатылғаннан кейін, тұрақты валюта курсы тұрақсыз курсқа ауысты.
Тұрақсыз валюта курсы алтынмен емес, ал валюта Д мен S-пен анықталады. Ал шет ел валютасына сұраныс пен ұсынысқа, валюта курсына барлық елдің ішкі және сыртқы экономикалық қатынастар жиынтығы әсер етеді. Ұлттық табыс және өндіріс артықшылық, ақшаны нақты сатып алу қабілеттігі және елдегі инфляция деңгейі, сыртқы әлемдік нарықта ұлттық валютаға саллым деңгейі т.б.
Ұлттық валютаны әлемдікке енгізу үшін, ұлттық валюта конверсияланған болуы тиіс.
Валюта конверсиялау-бұл ұлттық ақша бірлігінің әр түрлі халықаралық есепте еркін қолдану қабілеттілігі. Бұны еркін конверсияланған (СКВ) және жартылай конверсияланбаған деп бөледі.
СКВ халықаралық есепті, яғни әлемдік ақша қызметін атқарады. Қазіргі кезде СКВ-ге АҚШ және Канада долларын, фунт серлинг, ФРГ маркасын, Жапон иенін, швейцария франкы кіреді.
Көп елдерде жартылай қайтымды валюта бар. Кіргізу, шыығару, айырбастауды, ұлттық және шет ел валютасын сату, сатып алуда үкімет шаралары қатаң елдердің валютасы конверсияланған болып саналады. Бұған көбіне дамыған елдер валютасы кіреді.
Халықаралық валюта жүйесінің қызметі халықаралық ұйымдары арқылы жүзеге асады. Бұл ұйымдарға МВФ, МБРР, ОЭСР, МАР және тағы басқалары кіреді. Олардың қызметінің маңызы-халықаралық реттеу тиімді болатындай, әлемдік валюта қатынасын үйлестіру механизмін құру. Бірақ бұл ұйымдар халықаралық валюта жүйесіндегі қайшылықтарды жол алмады және бұл мәселені шешу осы күнге дейін қажетті.
1.2 Халықаралық валюта жүйесі және оның түрлері
Валюта жүйесі-ол экономикалық көзқарас тұрғысынан-шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан-ол белгілі бір қоғамдық –экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі:ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта-елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
• ұлттық валюта
• ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары,
яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:а)шнтел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жарғысында “еркін қолданылатын валюта” деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, евро, жапон иені; ә)жарым жартылай айрбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;б)айырбасталмайтын(тұйық) валюта;
• валюталық паритеттің бірдейлік ережесі –валюталардың алтын
құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70 жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан ). ХВҚ-ның жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР-арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70 жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады.Валюта қоржыны деп бірнеше валюталарды белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ доларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады,қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, жапон иені 18%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (еуро) он бес елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған;
• валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?