Банк ісі | Ұлттық Банк, оның міндеті және қызметтері
Кіріспе
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа несие бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.
Ақша массасының өсуін тұрақтандыру – инфляция қарқынын төмендетудің, бағалар деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Мұндай жағдайға қол жеткізген кезде нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасында тиімді түрде жүреді.
Қазіргі банк жүйесі – бұл банк ісінің негізін айқындайтын дәстүрлі депозитті-несиелік және есеп айырысу кассалық операциялардан бастап банк құрылымдары пайдаланып жүрген қазіргі заман талабына сай ақша-несие және қаржылық құралдарға (лизинг, факторинг, траст және т.б.) дейінгі өз тұтынушыларына көрсететін сан-алуан қызметтер саласы.
Тұрақты, икемді және тиімді банк жүйесін құру – Қазақстандағы экономикалық реформалардың маңызды және өте күрделі міндеттерінің бірі. Әсіресе, шет елдердегі банк жүйесінің дамуын бақылаудың ерекше маңызы бар, өйткені дамыған елдердегі банктердің тәжірибесі біздің отандық банк жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Сөйтіп , оны халықаралық стандарттарға жақындата түсіп, Қазақстан банктерінің әлемдік деңгейге шығуына ықпал етеді. Демек, осыған орай шетелдік әріптестеріміздің біздің елге, оның ішінде біздің банктік жүйеге деген сенімін арттырады. Қазіргі тауар және қаржы рыноктарының дамыған жағдайында банк жүйесінің құрылымы күрт күрделене түседі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады. Банк жүйесінің жоғары деңгейін құрады. Ұлттық банк басқа мемлекеттердің орталық банкімен қарым-қатынаста болады және халықаралық ақша-несие қатынастарында мемлекет атынан қызмет етеді.Ұлттық банк өз қызметінде республика ата-заңын, Президент заңдарымен жарлықтарын және жоғары заң шығарушы ұйым шешімдерін басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым құрайды. Ұлттық банк мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын орган болып табылады.
Орталық банктер елдің несие жүйесін бас үйлестіруші және реттеуші органының рөлін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық басқарудың мемлекеттік орган болыды.
Бұл тақырыптағы курстық жұмысты таңдау себебім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі біздің еліміздің банк жүйесінде орасан зор орын алады. Сондықтан құқықтарын, мәртебесін және жалпы Ұлттық банкті зерттеп білгім келді.
Әдістемелік негізі-заң актілері, ереже есепке ала отырып, журналдар, статистикалық бюллетень, кіпаптар, газет-журналдар қолданылған.
Бұл курстық жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің құқықтары, міндеттемелері, функциялары, мәртебесі, қызметінің негізгі бағыттары қарастырылған. Мысалы, функцияларына тоқтала кетсек Ұлттық банк Қазақстан Республикасының баға саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және де Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы, несие, банктер мен олардың клиентері арасында ақша аударымдарын ұйымдастырады.
1. Ұлттық Банк, оның міндеті және қызметтері, меншікті қаражаттары мен пайдасы
1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің міндеті, бағыттары, құқықтары
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк эканомикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз ақшалай есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибиеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке несиелі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгияда);
- Орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз
банктер жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жартысынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қаржылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебінен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнота мен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.[15;139]
Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;
- ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкта шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- Қазақстан Республика төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын баскару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-нисиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансың жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстарды жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Қазақстан ұлттық банкінің құқықтары:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша, ақша төлемдері мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, банктердің және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезегін белгілеуге құқылы;
- Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетін және қаржы рыногының инфра-құрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы;
- Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерін жүргізуге құқылы және т.б.
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері
Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді - атқарады:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
- Қазақстан Республика Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
- Қазақстан аумағында банктердің, елшілес банктердің ашылуына және филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді;
- белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;
- банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциялық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында несиелер бойынша сыйақы пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, банктердің бухгалтерлік есебінің стандарттарын белгілейді.
1.2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - "Банктердің банкі"
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты - экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне - шаруашылық субъектілермен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның клиенттері - коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні "банктердің банкі" деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық банк “банктердің банкі” қызметін атқару үшін:
- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімде қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді,
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айрысуларды жүзеге асырады;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық банкінің маңызы қызметі - банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. “Қазақстан Ұлттық банк туралы” және Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы” заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналымын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық - несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді “соңғы сатыдағы несие беруші” деп атайды. Олар – коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?