География | Тянь-Шань

 География | Тянь-Шань

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан жерінде Батыс Тянь-Шань Қырғыз Алатауынан басталады. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік Шыңы — Батыс Алемендин (4875м). Батыс Тянь-Шаньга ендік бойымен орналаскдн Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді.
Батыс Тянь-Шаньның геологиялық құрылымы протерозой тақтастарынан және қү_мтастардан, сондай-ак карбонның әктас, құмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралган. Сонымен бірге палезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптаскан интрузиялық және жанартаульщ, сондай-ақ платформальщ мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Батыс Тянь-Шань тау жоталары тауаралық ойыстармен және өзен аңгарларымен тілімденген. Соңғылардың қатарына төмендегі өзендер жатады: Сырдария өзенінің оң салалары (Жабағылы, Ақсу, Машат, Келес, Боралдай, Болдырбек, Арыс) Талас, Хантагы және тағы басқа өзендер.
Өзендердің морфологиялык; құрылысы әртүрлі. Оның негізгі сипаты аңғарларымен көрінеді.
«Өзен аңғары дегеніміз» - С.А.Қүсайыновтың айтуы бойынша жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойпаң түрінде көрініс беретін рельеф пішіні.
Олардың түрлері төмендегідей: саңылау және V әрпі тэрізді болып келеді. Олардың табанының ені арнасының енімен сәйкес болады, 3-4 метр кейде таулы жайылма қосылып 10-12 метрге жетеді. Тау етегінен жазыққа шыққанда өзен аңғарлары кеңейіп трапеция, астау тәрізді аңгарларды
Аңғарлардың төмендегідей негізгі морфологиялық элементтері бар, олар арна, жайылма, терраса, аңғар беткейі.
Жайылма - өзен аңғарларының өзен тасыган кезде су басатын бөлігі.
Арна - өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең тереңделген бөлігі.
Аңгар беткейі - өзен аңгарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі өзен арнасына багытталған көлбеу жазықтық.
Зерттеудін мақсаты Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың аңғарларының кұрылысын жэне де халық шаруашылығында осы өзендерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.
Зерттеудін міндеттері
- Батыс Тянь-Шань тауларының жоталарын бөліп қарастыру.
- Батыс Тянь-Шань тауларының жер бедерін, геологиясын, климатын, топырақ жамылғысы және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін анықтау.
- Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзен аңғарларының құрылысын анықтау.
Зерттеу жүмысының қорытындысын шығарып, қорғау жолында ғылыми ұсыныстар беру.
Жумыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмыстың көкейкестілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу көздері, зерттеу құрылымынан тұрады.
Бірінші тарауда Батыс Тянь-Шань тауларына қысқаша физикалық-географиялық сипаттама беру. Олардың рельефіне, геологиясына климатына, ішкі суларына, топырақ жамылғысы және өсімдік пен жануарлар дүниесіне, олардың ерекшіліктеріне сипатгама беру.
Бкінші тарауда Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзен аңғарларының қүрылысына, сондай-ақ аңғарларға, арналарға, жайылмаларға, террасаларға сипаттама беру.
Қорытындыда жұмыстың нәтижесінде дайындалған деректердің қорытындылары мен ұсыныстары беріледі.
I — тарау. Батыс Тянь-Шань тауларының қысқаша физикалык-географиялқ сипаттамасы.
Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан басталады. Жер бедері күшті тілімделінген. Қырғыз Алатауы Кунгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы үзындыгы 375км, ең биік шыңы - Батыс Алемендин (4875м). Батыс Тянь-Шаньга ендік бойымен орналасқан Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді. Енді осы Батыс Тянь-Шаньның жоталарына жеке тоқталып, сипаттама берелік.
Талас Алатауы - Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Орташа биіктігі 4000м, (4488м, Қырғыз жерінде). Металгорфтанған тақтатас, қүмтас, эктастан іұрады. Талас Алатауының Қазақстан жеріндегі басты сілемдері - Өгем, Майдантал, Алатау, Кіші Ақсу жоталары. Оңтүстік беткейі қатты тілімденген; терең шатқалдыөзен аңғарлары көп. Олардан Ақсу, Жабағылы, Майдантал, Жосалы тағы басқа өзендер бастау алады. Батысында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Етегінде дала өсімдігі, бүталар, жеміс ағаштары, тау беткейінде шырша, самырсын, арша, одан жоғарыда субальпі, апьпі шалгыны өседі.
Қаратау - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында 420км-ге созыла орналасқан. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында жатыр. Оңтүстік аатыста Талас және Қырғыз жоталарынан басталып солтүстік-батыс бағытта аласарып, Сарысу өзені мен Шу жазығымен шектеседі. Қаратау, Шу-Талас жэне Сырдария өзен алыптарының су айрығы жотасы. Ең енді түсы Боралдай жотасы 60-80км. Орташа биіктігі 1800м, ең биік жері - Бессаз (мың жылқы, 2176м) тауы Таукент кентіне жақын орналасқан. Қаратау-Кіші, Улкен Қаратау, Үлкен Ақтау және Боралдай жоталарынан түрады. Жоталар бір-бірінен тауаралык ойыстармен бөлінген. Жоталардың тау бастары тегістеу келген жазық, беткейлері шатқалды тік жартасты. Геологиялық құрылымы Шығыс қаратау протерезойдың тақтатас пен құмтастарынан, Батыс Қаратау карбонның эктас, кұмтас, конгломерат тастарынан, тау аралық аңғарлардевонның қызыл шөгінді жынысынан тұрады. Жергілікті жер бедері құрғақ климат әсерінен калыптасқан. Қаңтардың орташа температурасы 10 С, оңтүстік-батысында -6°С. Жазы ыстық әрі құрғақ, шілденің орташа температурасы 22-26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау бөктерінде 200-400мм, тауда 400-600мм. Беткей топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр. Өсімдігінен селеу, көде, боз, тағы басқа өсімдіктер өседі. Тамырында 35-40% каучук болатын тау сағызы тек Қаратау өңірінде кездеседі. Өзен бойларында тоғайлар өседі — Каратау жерін таутеке, қасқыр, түлкі, тышқан, саршұнақ тагы басқа жануарлармекендейді. Жер асты гидрокарбонатты. Кальцийлі су қоры мол. 400-500метрлік тереңдікті алып жатыр. Пайдалы қазбаға бай өлке. Қазақстанның ірі полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т.б.) кен орындары шоғырланған. Құрылыс материалдарынан — гипс, цемент өнімдеріне қажетті жыныстар өседі.
1.1. Рельефі және геологиясы.
Өгем - Тянь-Шань тау жүйесінің батысындағы тау жотасы. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ПОкм-ге созылған,енді жері ЗОкм-дей. Ең биік жері - сайрам шыңы (4299м). Төменгі карбонның әктас, қүмтас жыныстарынан түзілген. Оңтүстік-батысы көлбеуленіп Шарбақ бөгеніне (Өзбекстан) тіреледі. Жер бедері әртүрлі; төменгі шекарасы шалғындык жазықтар. Жазық жайлауларында бүлақ, бастаулар мол. Биік жоталарды мұздықтар басып жатыр. Қазыгұрт, Төлеби аудандары аумағына Өгем жотасының солтүстігі мен оңтүстік-батысы кіреді. Құмкезең, жалтырКөнекті, Жетіүңгер, Пиязды, Шымырбай, Азартеке, Мақпал жоталарынан, Тұрнақбел, Майдантал асуларынан тұрады. Өгемнің Талас Алатауымен қиылысқан жерінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Тау мұздықтарынан Өгем, Піскем өзендерінің салалары: Майдантал, Болдыбірек, Сайрамсу, Сарыайғыр өзендері бастау алады. Таудың қоңыр, альпілік шалғынды топырағында, тау етегінде әр түрлі шөптесіндер, бұта аралас жеміс ағаштары, биіктік белдеуінде аршаның түрлері, субальпі, альпі шалғыны өседі.
Батыс Тянь-Шаньның геологиялық кұрылымына келетін болсақ, Қаратау жотасы протерезой тақтатастардан және қүмтастардан тү_рса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, қүмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан қүралған. Сонымен бірге полезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық жэне жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой - кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Оңтүстік Қазакстан аумагындагы гидрографияльщ желінің жиелігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің ірі алаларының бірі - Арыс өзені, Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталады. Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы, Иқансу, Көкқиясай өзендері Қарашық, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне құлды.
2. Климаты.
Таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жакындайтындықтан топырақ-климаттык зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады, яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп, ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіндегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250-ЗООм.) таудың биік 3500-4000м деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырак, өсімдік жамылғылары да, жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Былайша айтқанда, табигаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мыңдаған шақырым қажет болса, облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шывдарына дейін 3-4 шақырьш қашықтықтағы бйіктікте көпшілік белдемдер кездеседі. Батыс Тянь-Шань таулы белдеуінде таудың шалғынды-далалы альпілік, субальпілік, таулы-далалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалгынды гидраморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі.
1.3. Ішкі сулары.
Батыс Тянь-Шань тауларының жоталарынан бастау алатын өзендерге қысқаша сипаттама беріп өтсек:
Арыс өзені Сырдарияның оң саласы. Үзындығы 378 км. Су жиналатын алабының аумағы 14900 км . Кіші Ақсу тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Отырар ауданы жерінде Сырдария өзенінен қүлды. Жоғары ағысы тау аңғарымен, төменгі ағысы жазық өңірмен өтеді. Жайылмасы 2 км-дей, арнасы 40-45м. Орташа су ағынының мөлшері 40,2 м3/с. Басты салалары: Ақсу, Бадам, Боралдай, Жабагылысу, Құтырған, Машат. Алабында шағын бөгендер мен 3 СЭС салынған. Жауын-шашын суымен толығады. Өзеннен Арыс - Түркістан, Теспе, Арыс, тағы басқа каналдар тартылған. Арыстанды - Арыс алабындағы өзен. Бэйдібек ауданы жерімен агады. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 896 км2. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі екі шагын өзеннің қосылған жерінен бастау алып, Арыс -Түркістан каналына қүлды. Аңғары тар, арнасы тікжарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,64м3/с. Суы ауыз суға, егін суаруға пайдаланылады. Өзен бойында Шақпақ, Жүзімдік аралдары бар. Өзен аңғарын бойлай Арыстанды — Қарабас желі соғады. Бадам - Арыс алабындағы өзен, Төле би, Сайрам, Ордабасы аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 138 км, су жиналатын алабы 4380 км2. Өзен Қаржантау жотасының солтүстік-шығыс беткейінен басталып, орта ағысында Шымкент қаласының оңтүстік-батысынан өтеді. Қараспан ауылының тұсында Арыс өзеніне құяды. Салалары: Тоғыс, Бүржар және тағы басқа. Жауын-шашынмен, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су агымы 4,51 м3/с. Бадам өзені бойында Бадам бөгені салынған. Шымкент каласының кэсіпорындары мен Төле би, Сайрам, Ордабасы аудандарының ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?