Тарих | Түркеш қағанаты

 Тарих | Түркеш қағанаты

Мазмұны
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3-6
І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы-------------------------------------7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-25
ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы
а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------32-38
Қорытынды ----------------------------------------------------------------------39-41
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------42-46

Кіріспе
Түркеш қағанатының тарихы әлі де жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ. Кезінде академик Әлкей Марғұлан мен Мұсатай Ақынжанов бастаған атақты ғалымдардың көз майын тауысып, зерделеуге үңіле түскен қадамдары өз жалғасын таба қоймады. Өткен ғасырдың 80-жылдарыңда Қытайдағы Нығмет Мыңжан, Жақып Мырзахан бастаған қазақ тарихшылары түркештер туралы көлемді зерттеулер жүргізіп, қазақ халқын құраған ру-ұлыстарға ұйытқы болған алғашқы, дербес этностық одақ ретінде қарастыра бастады. Орыс тарихшыларынан алғашқылардың бірі болып Л.Н.Гумилев түркештер туралы жан-жақтылы мағлұмат жинақтап, талай жаңалықтардың бетін ашты. Ал, қытай тарихшылары Лин Ган мен Шуе Зұң Жың қатарлылар соңғы жиырма жылда көктүріктер мен түркештер жөнінде өте қызғылықты тың деректер берді.
Жоғарыда аты аталған шетелдік және отандық авторлардың зерттеу еңбектері негізінен Қытайдың "Таңнама" (Көне және жаңа таңнама)."Таң Хуей Яу". "Сы Фу Иуан Гуй", "Зы Жы Тұң жияы", "Тұң дян" сияқты жылнамалары мен орда хаттамаларынан алынған үзінділерге сүйене жазылғаны белгілі. Осынау аса бағалы тарихи жазбаларда бәрі бірдей еш қатесіз және түпкі ақиқат емес болатын. Ұлы хандық шовинизммен бұрмаланған, қара дүрсін әскери рапорттар тілімен жазылғандары да жиі кездеседі. Ал, орыс зерттеушілері болса, оның парқына бармай-ақ сөзбе-сөз аударып, еуроцентристік астамшылықпен талдауға бой алдырған тұстары да жоқ емес еді.
Түрік тарихын, сол қатарлы түркештер тарихын да дұрыс зерттеу үшін Орхон-Енисей сына тас жазуларымен салыстыра қарастырудың мөні зор. Онда да бірер аудармамен шектелмей, өр тілдердегі аудармаларын салыстыра қараудың маңыздылығын баса айтқымыз келеді. Біз Көшесайдамдағы тас жазулардың тұп-нұсқа мәтінін қазақша (Ғ.Айдаров, М.Жолдасбеков), орысша (В.В.Радлов, С.Е.Малов, С.Кляшторный), түрікше (Талат Текин), қытайша (Гең Шемин) аударма нұсқаларымен салыстыра қарағанымызда көптеген ұқсамаған, тіпті бұрмаланған жағдайларға кез болдық.
Кейінгі ізденістерге сүйене отырып, Түркеш қағаны үлкен ордасын Суяб қаласына алғаш көшіріп апарған 692 жылы ресми құрылған деген түйінге тоқтадым. Ал, тарихшы М.Ақынжанов "Түркеш ұлыстарының одағы Батыс Түрік қағанатынан 689 жылы бөлініп шықты. Жетісу бойына келіп орналасты. Жергілікті жердің халқымен (үйсінмен) қосылып, 704 жылы өз алдына жеке — Батыс Түрік қағанатынан тәуелсіз аймақ (мемлекет) жасады", — деп жазыпты. Тарихтан белгілі болғанындай, 630 жылдан былай қарай батыс түрік жерін қытайшыл (тәбғаш хандар) қуыршақ қағандар биледі. "Күлтегін" (үлкен жазуда) ашына жазғанындай, "Түркі бектер түркі атын жоғалтып, тәбғаш бектердің төбғаш атын тұтынып, тәбғаш қағанына бағынды. Елу жыл ісін, күшін берді". Ақырында 679 жылы Құтлұқ бастаған Таң империясына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс нәтижесінде 682 жылы Шығыс Түрік қағанаты қайта қалпына келді. Ал, Батыс Түрік елін қытайшыл қуыршақ қағандар билігінен құтқару күресін Баға тархан Өжелі бастаған түркештер жүргізе бастады. 690-691 жылдары қуыршақ қаған Асана Құсырау Бөрі ордасы болған Суябты 691 жылы шығыс түріктер әскері басып алған еді. Іле алқабындағы Қойлық (Гуң Ие) қаласын орталық еткен түркештердің Өжелісі Құсырау Бөріні одан әрі тықсыра түсті. Екі жақты қудалауға ұшыраған Құсырау Бөрі бас сауғалап Таң ордасына қарай қашуға мәжбүр болды. Міне, осыдан бастап, Батыс Түрік қағанатына қарасты ел мен жер Баға тархан Өжелінің басқаруына өте бастады. 692 жылдың басында Өжелі мен Шығыс Түрік әскерінің қолбасшысы Ашиде Июань Жен Туяб қаласы үшін соғысқа кіріседі. Осы кезде Өжеліге Таң генералы Уаң Шяу Жие көмекке келеді. Ашиде Июань Жен осы соғыста жараланып шегінеді де Өтукенге барып қайтыс болады.
Батыс-Түрік қағандығы болсын, Түркеш қағандығы болсын оған қарасты халық "он оқ бұдұн" немесе "он жебе халқы" деп аталғанымен, қағандық құрамында одан басқа да үлкен-кіші рулар аз емес еді. Тарихшы Лин Ган "Ту жуе шы" атты еңбегінде жоғарыдағы он тайпаға тағы да 11 тайпа атын қоса тіркегені белгілі:
Түркеш-Суо Го-мұхы ұлысы. Іле өзенінің орта ағысында; Қарлық-мұрын (Муло) ұлысы. Зайсанның шығысы мен Ертістің түстігінде; Қарлық-Чи еркін ұлысы. Мұрындардың шығыс оңтүстігінде; Қарлық-тасты ұлысы. Мұрындардың батыс оңтүстігінде; Яғма ұлысы; Мұкы Тархан (Мохэ Даган) ұлысы; Ду можы (тушы) ұлысы; Чу ми ұлысы; Чу йо ұлысы Үрімжінің батыс оңтүстігінде; Шато ұлысы Баркөлдің шығысында және Касо ұлысы Каспий теңізі маңында.
699—704 жылдары түркештердің қолбасшысы Үш-Елік (Уч-Элиг) Батыс қағандықта орын тепкен басқа түркі тайпаларын Қытайға ығыстырып, Хосрау Бөрі шадты жеңіп, Шаш (Ташкент) пен Турфан және Бешбалыққа дейін өз билігін орнатты.
Түркеш атауының төркінінің араб тарихшысы Әл-Идириси "Нағыз түрік, шын түрік" деген мағынамен түсіндіреді.
Қытай және қазақ тарихшылары түркешті "сары үйсін" деп жазып жүр. Сондай-ақ Түркеш қағанатын бүгінгі Қазақстан аумағында қазақ ру-ұлыстары құрған тұңғыш дербес қазақ мемлекеті ретінде қарастыру керек деген ұсыныс айтады. Белгілі тарихшы Нығмет Мыңжан одан әрі нақтылап: "Түркештер Батыс Түрік қағанатындағы Бес арыс ел Дулаттың белді тайпасы. Дулаттар ежелгі үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Дулының (Долоның) үлесіне тиген он мың үйден өрбіген, Дулы - Дұғлы ұлысы дегеннен Дулат — Дұғлат атанған. Демек, Дулаттар ежелгі үйсін Дулы ұлысының ұрпағы... Дулат ұлысы заманындағы бұрынғы ғасырлардағы үйсін заманынан-ақ Іле өзені өңірін мекендеген" — деп жазады.
Ал, кешегі кеңестік дәуір тарихшылары Л.Гумилевтен бастап: "Түркеш халқы екі тайпадан — мұқылар мен абарлардан пайда болған. VII ғасырдың өзінде-ақ түркеш тұқымы сарыларға (мұқылар ұрпағы) және қараларға (абарлар ұрпағы) бөлінді" — деп қысқа қайырып келді.
Су Бейхай бастаған қытай тарихшылары түрік-қазақ арасына қорған соға "...зерттеушілер Түркеш қағандығын Батыс Түрік қағандығы аясында қарастырып жүр. Бұл тарихқа сай келмейді. Өйткені, түркештер қазақ ұлтына тән тайпаларға жатады. Солар құрған қағандық... түріктер құрғақ қағандық емес", — деп бұра тартады.
Соңғы кезде жоғарыдағы көзқарастарды бүтіндей терістейтін қырғыз тарихшысы Нусуповтың ой-пікірі көрініс бере бастады. Яғни, тұтас төркіні бір қырғыздан өрбітуге орынды-орынсыз килігу ындыны асқынып келе жатқандай. Бұған дейінгі ұйғыршылдық пен өзбекшілдік желігі дем беріп, қанын қоздырып жіберген сияқты.
Егер тарихты ғылым деп мойындар болсақ, ғылыммен айналысатын адамдар тар жершілдік пен ұлттық оқшауланудан биік тұрғаны жөн болар.
708 жылғы Күшеге (қала аты) қарсы даярланған жорықты бір кезде Үш-Елік іске асыруды ойлаған еді. Оның мақсаты — Тань империясын Жетісуға шабуыл жасаудан мүлде үміт үздіріп, қытайлық басшыларын бағындырып алу еді. Ашық даладағы ұрыс барысында қытайлар бас көтере алмастай талқандалып, Аньси басшысы (Күше басшысы) Ню Шицзян қаза тапты. Онымен бірге көптеген әскери қолбасшылары опат болды. Күше гарнизонының қалдықтары өз қорғаныстарында жан тасалады, Сөйтіп түркештердің оңтүстік жағында біраз уақыт тыныштық орнады. Бірақ көп ұзамай Согәнің кіші інісі Чжэн ағасына қарсы жорыққа шығып, шығысындағы көршісі Қапаған қағаннан күш-көмек беруді өтінді. Ал Сого қытайларды жақтап, інісіне қарсы соғысу үшін олардан көмек сұрады. Қытай деректері бойынша Шығыс Түркі қағаны Мочжо (Қапаған) Согә мен Чжэнді қатарынан тұтқынға алды да, екеуін де өлтіруге бұйрық берді. Әрі оларға айтқаны "Сендер бірге туған ағайындысыңдар, екеуің келісіп іс-қимыл жасай алмадыңдар, сендердің маған шын берілгендіктеріңе сене аламын ба?!"—деп, өлтірді деп жазып келдік.
Және Согәнің орнына Түркештің шеп тайпасының көсемі Сұлуды жалпы түркеш елінің қағаны деп жариялады. Түркеш қағаны Сұлу мемлекет басына келісімен аса күрделі геосаясат жүргізуге мәжбүр болды. Жас қағандық шығыс-солтүстікте күн сайын күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста Таң империясымен, оңтүстікте Таң империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған қуатты тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе жатқан араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе оған, біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді. Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында Таң империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.
Күні бүгінге дейін тарихи жазбалар мен зерттеу еңбектерінде ешбір анықтама, түсініктемесіз сілтеме жасалып келген оқиғаның бірі Түркеш қағаны Сақал (Согә) мен оның інісі Женудің (Чжом) өліміне қатысты жаңсақтық еді.
"Көне Таңнаманың" 194-ші орамында "Сақалдың інісі Жену өз үлесіне тиген елдің аз болғанына ызаланып, Бөгі (Білге) қағанға қашып барады да, оның әскерін бастап келіп, ағасынан өш алмақ болады. Бірақ, Бөгі (Білге) қаған оны ордасында қалдырып, өзі 20 мың қолмен Сақалға шабуыл жасайды. Оны тұтқындап әкетеді. Білге Бөгі қаған Женуге былай дейді: Сен ағаңмен рақайласып шығыспағанда, маған қалай адал бола алмақсың? Сөйтіп екеуінің де басын кестіреді", деп жазылған. "Жаңа Таңнаманың" 215-ші орамында бұл жолдар онша өзгеріссіз қайталанады. Сөйтіп одан кейінгі тарихнамалар мен тарихшылардың зерттеулерінде бірінші Түркеш қағанатының жойылуы және ағайынды Сақал мен Женудің тақ пен бақ үшін ешнәрседен де тайынбайтын оңбағандықтарын әшкерелеу үшін де бұл материал онды-солды қолданыла берді. Қазақ тарихшылары да осы сүрлеуге түсіп кетті.
Ал тарихи шындық қандай болған еді? "Күлтегін" (үлкен жазуда) "Түркеш қағаны түркіміз, өз халқымнан еді. Білместігі үшін, бізге жауыздығы үшін қағаны өлді, әміршілері, бектері және өлді, он оқ халқы азап көрді", — деп жазылған. Ал, "Тоныкөк" ескерткішінде жарыс даласында түркештер Тоныкөк әскеріне қарсы "...Өртше жанып келді, соғыстық. Бізден екі-үш есе артық еді. Тәңірі жарылқағандықтан, көп деп біз қорықпадық. Соғыстық... Жеңдік. Қағанын тұтқындадық. Жабғысын, Шадын сонда өлтірдік» ,-деп анық жазылған.
І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы
VIII ғасырдың басында әйгілі Батыс Түрік қағанаты біржола құлайды. Батыс Түрік қағанатына қарасты ұлан-байтақ жер, оны мекендеген «он оқ халқы» жаңа қағандық - Түркеш қағанаты иелігіне өтеді.
Түркеш қағанаты — негізінен, Жетісу мен Еренқабырғаны мекендеген ежелгі үйсін, дулат тайпалары мен басқа да түркі тайпаларының басын біріктірген бес дулаттың белді тайпасы — түркештер құрған ежелгі феодалдық мемлекет. Түркеш қағандығы қай жылы құрылды, оның этникалық құрамы мен этно территориясы қандай болған еді деген сұраққа тарихшылар әр түрлі Пікірлер мен болжамдар айтып келеді.
Түркештер жөніндегі ең алғашқы жазба мәліметті әйгілі қытай тарихшысы Сы Магуаң құрастырған «Билік ғибратнамасы»1 кітабынан.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?