Қазақ әдебиеті | Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы

 Қазақ әдебиеті | Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы

Мазмұны
I Кіріспе
1.1 Мәселенің өзектілігі
1.2 Мәселәнің зерттелу деңгейі
1.3 Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
1.4 Зерттеу жұмысының деректік негізі
1.5 Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
1.6 Зерттеу жұмысының методологиялық негізі
II тарау
2.1 Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы
2.2 Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық саланың және сыртқы саясат ісінің дамуына қосқан үлесі
2.3 Т.Тәжібаевтың халық ағарту тарихына арналған мұрасы
2.4 Ұлы тұлға ұмытылмайды
III тарау Қорытынды
IV тарау Пайдаланылған деректер

Мәселенің өзектілігі.
Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазғанды: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы — тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұнғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шыңдықка, тек казақтардың ғана емес, барлық қазақстаңдықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» [1].
«Қазақстан Республикасында тарихи сана калыптасуының тұжырымдамасында» отандық тарих ғылымы алдында тарихи білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылған [2]. Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен ерекшеленген қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек. Бұл жөнінде елімізде көрнекті тарихшы-ғалым ретінде танылған академик М.Қозыбаев отандық тарих ғылымында ең зәрулі проблема — оны тарихи қайраткерлермен тұлғалау екенін баса көрсете отырып: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер — жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек. Ендеше, Отан тарихынан кейбір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырьна қондыру керек», [3] — деп жазған еді.
Кеңестік дәуірде қазақ зиялыларынан шыққан ел қайраткерлері мен ғалымдарының атқарған қоғамдық — саяси қызметі аракідік зерттелді. Көбіне ондай зерттеулер Қазан төңкерісіне, революцияларға атсалысқандарға арналды. Басқаша айтқанда, жалпы зиялылардың, оның ішінде қазақ зиялыларының тарихын зерттеуге негізгі бөгет болған кедергі коммунистік идеологияға негізделген методологиялық ұстаным екендігі бұл күні айқындалуда.
Маркстік-лениндік методология ұстанымдарының нәтижесінде ұлт зиялыларының рөлі жасаңды түрде төмендетіліп кейінгі орынға ығыстырылып отырды. Көптеген талантты ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері кеңестік жүйе тарапынан қысымшылық көрді. Кезінде кеңестік билік қазақ ұлтының бетіне шыққан оқығандарын, зиялыларын, қаламгерлері мен санаткерлерін сылып алып тастап, бірнеше буынның төбесіне қорқыныш пен үрейді төндірді де тұрды. Бұл ұлт ой-санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына өз зиянын тигізбей қоймады. Ұлт дамуының күретамыры - рухани салада «ақтаңдақ» беттер көбейді. Осы қиянат ұзақ жылдарға созылып, 80-жылдардың соңына қарай ғана тарихтағы өздеріне тиесілі бағасын ала бастады. Мұндай қарқын еліміз егемендік алғаннан кейін күрт арта түскендігіне бүгінгі таңда куә болып отырмыз.
Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, академик Төлеген Тәжібайүлы Тәжібаевтың (1910-1964 жж.) тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Кеңестік Қазақстанда 1940-1950 жылдары Т.Тәжібаевтың Халық ағарту комиссариатының басшысы ретінде атқарған қызметі, қазақ жоғары оку орындарының қара шаңырағы болып табылатын - қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (Бүрынғы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) ректоры қызметінде жоғары білімді дамытуға қоскан үлесі және Қазақ ССР Сыртқы істер Халық комиссариатының (Министрлігінің) алғашқы халық комиссары-министрі болып тағайындалып, бұл саланың аяғынан нық түруы жолында сіңірген еңбегі, соңдай-ақ XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуы мен халық ағарту ісі тарихына арналған еңбектері отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырыла қойған жоқ.
Халық ағарту ісінің тарихына қатысты тың зерттеулер жүргізіп, тұжырымдар жасауда Т.Тәжібаев еңбектерінің орны зор. Қазақстан тарихындагы халық ағарту ісі мәселелерін талдап, саралап, мәні мен маңызын көпшілік қауымға жеткізе білуде көп еңбек сіңірген ғалымның мемлекеттік, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне талдау жасап, баға беру, құнды жақтарын көрсету тақырыптың маңыздылығын арпыра түседі. Төлеген Тәжібайұлы тек Қазақстанның ғана емес, бұрынғы одақтас республикалардың да тарихнамасында халық ағарту ісі тарихын зерттеу ісіне тың ойлар айтып, талдаулар жасады, мәдениеттің кейінгі дамуын ілгеріден келе жатқан үрдістерімен, тарихымен байланыстыра, сабақтастыра қарауды дұрыс деп санады.
Көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, педагогика ғалымдарының докторы, профессор Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың мемлекеттік, қоғамдық-саяси қызметіне және халық ағарту ісі тарихына арналған мол мұрасына объективті ғылыми баға беру қайраткер өмір сүрген дәуірдің кыр-сырын терең түсінуге өз септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар мұндай бағыттағы зерттеу жүмысының нәтижелерін көпшілік қауымга ұсына отырып, өскелең жас ұрпакгы отаншылдық рухта тәрбиелеуге игі ықпал жасай аламыз. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып ғылыми және практикалық сұраныстарға ие мәселеге арналған деп нық сеніммен айтуға болады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Т.Тәжібаевтың өмір жолы, қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметі және оның ғылыми еңбектері жайлы ғылыми пікірлер XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Олардың алғашқылары қатарына Т.Тәжібаевтың ғылыми еңбектеріне қатысты М.Балакдев, Қ.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Е.А.Будилова, А.Т. Колмаков және С.Баишев секілді белгілі зерттеуші - ғалымдар тарапынан білдірілген пікірлерді [4] жатқызуға болады. Бұл аталған ғалымдардың ғылыми пікірлерінде Т.Тәжібаевтың еңбектеріне жоғары ғылыми баға беріліп, оның Қазақстанда педагогикалық ой-пiкiрдің даму тарихын зерттеуге қосқан үлесі ерекше аталып көрсетілген. Сонымен қатар бұл пікірлерде Т.Тәжібаевтың халық ағарту ісі тарихына қатысты жасаған тұжырымдары осы салада зерттеу жұмыстарын терең зерттеу жасауға жол аша түсетіндігі де айтылған болатын.
Т.Тәжібаевтың ғылым саласында ғана емес, дипломатиялық қызметте де атқарған ісіне қатысты алғаш пікір білдіруші К,Б.Жарықбаев болды. Оның 1967 жылы «Южный Казахстан» газетінде жарияланған мақаласында [5] Т.Тәжібаев ғылымды дипломатиялық қызметпен қатар алып жүрген қайраткер ретінде көрсетілген.
Қазақстанда педагогикалық ғылымның дамуына байланысты Р.Г.Лембергтің 1962 жылы жариялаған мақаласында [6] бұл салада Т.Тәжібаевтың сіңірген еңбегіне жан-жақты талдау жасалынған. Онда Р.Г.Лемберг сол дәуірдегі өзге де авторлар секілді Т.Тәжібаевтың еңбектерін кеңестік педагогика талаптарына сай бағалаған болатын. Дегенмен кеңестік идеология талаптарына қарамастан зерттеушілер Т.Тәжібаевтың еңбектері қазақ халқының мәдени, рухани мұраларын зерттеуге өзіндік игі ықпалын тигізетіндiгiн атап көрсетіп жатты. Мәселен, белгілі филолог — ғалым М.Мырзахметов Абай Қүнанбаевтың әдеби мұраларын зерттеу мөселесі бойынша қорғаған кандидаттық диссертациясында [7] Т.Төжібаевтың абайтану саласына қосқан үлесі казақ халқының рухани қазынасын жаңа қырынан қарауға итермелейді деген тұжырым жасаған. Мұндай түжырымның астарынан қазақ халқының рухани мәдениетін ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеу қажеттігі жатқан еді деген пікір туындайды.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы мәселесіне арналған К,Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, М.Н.Мукдинов, К.М.Монтаев, Н.А.
Айғабылов, А.Т.Көсеубаев секілді зерттеушілердің 1960-1970 жылдары жарық көрген макалаларында [8] Т.Тәжібаев есімі бұл ғылым саласымен тығыз байланыстырылған. Бұл авторларлар Ш.Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев секілді қазақ ағартушыларының философиялық, психологиялық және педагогакалық көзқарастарын зерттеуге алғашқы із салушы ғалым ретінде Т.Тәжібаевты көрсетеді. К.Р. Рахымбековтің мақаласында [9] белгілі орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің психологиялық концепциясының Т.Тәжібаев еңбектерінде талдануы қарастырылып, ғалымның бұл мәселені таңдауындағы әдісі айқындалған. К.Р.Рахымбековтің көрсетуінше Т.Тәжібаев К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қазақ ағартушыларының көзқарасымен үйлесім тапқан тұстарына алғаш назар аударған.
Халық ағарту ісі мен педагогакалық ой-пікірдің дамуы мәселесіне қатысты 1970-1980 жылдары қазақстандық зерттеушілердің қаламынан бірқатар еңбектер [10] жарық көрді. Олардың барлығында дерлік Т.Тәжібаевтың бүл салаға қосқан үлесі зерттеушілер тарапынан аталынып өтілді. Қ.Б. Жарықбаев қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-әрлерін зерттеуде Т.Төжібаев еңбектерін айналып өтуге әсте болмайтындығына арнайы тоқталған [11]. Г.М.Храпченковтың халық ағарту ісі тарихына байланысты жазылған еңбектерінде [12] Т.Тәжі-баевтың бұл саладағы зерттеу жұмыстарына жоғары баға береді. Автор Т.Тәжібаевтың XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдьщ бас кезіндегі Қазақстандағы халық ағарту ісі тарихын зерттеуде көптеген мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға тартқанын, сөйтіл отарлық дәуірдегі халық ағарту ісінің ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсетуге алғашқы қадам жасағанын айтқан.
Т.Тәжібаевтың ғылыми мүралары отандық тарих ғылымында 1980 жылдың орта тұсынан бастап саралана бастады. Бұл ретте Д.И.Дулатованың есімін ерекше атап көрсетуге болады. Оның революцияга дейінгі Казақстан тарихнамасына арналған еңбегінде [13] Т.Тәжібаевтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлері мен халық ағарту ісі тарихын зерттеуге қосқан үлесі тарихнамалық талдауга түскен. Автордың пікірінше Т.Тәжібаев Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуын Ш.Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А. Құнанбаев есімдерімен байланыстыра отырып, халық ағарту ісіне байланысты патша өкімеі ұстанған реакциялық саясаттың зардаптарын дәл ашып көрсеткен. Мұндай пікірді Д.ИДулатованың 1990 жылы жарық көрген мақаласынан да [14] кездестіруге болады.
Академик Т.Тәжібаевтың мемлекеттік қызметте және педагог-ғалымдарды тәрбиелеп қалыптастыруда атқарған өнегелі істері жайында кеңестік дәуірде бірқатар мақалалар жарық көрді. Ғалымның мерейтойларына орай жазылған Ы.Сағынтаев, Е.Құлымбетов, Қ.Рысбеков, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Қаражігітова, Ж.Түрікпенов секілді авторлардың мақалаларында [15] біз қарастырып отырған мәселеге қатысты пікірлер білдірілген. Бұл мақалаларда Т.Тәжібаевтың қазақ ғалымдарына көрсеткен қамқорлықтары жайында мәліметтер берілген.
Дегенмен, кеңестік дәуірдегі ғылыми еңбектерде және көпшілікке арналған басылымдарда Т.Тәжібаевқа кеңестік жүйе тарапынан жасалған қысымшылықтар жайлы ешқандай да пiкiр білдірілмеді. Бұл негізінен сол дәуірдің идеологиясының әсеріне байланысты еді. Алайда Т.Тәжібаевтың өмірі мен қызметіне қатысты мұндай мәліметтер еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде біршама болса да жариялана бастады. Мұндай мәліметтерді Р.Бердібай, Г.Уманов, М.Серікбаев, Ж.Түрікпенұлы, С.Қалиев, Г.Тетеева секілді автордың мақалаларынан [16] кездестіруге болады.
Осы аталған авторлардың ішінде Ж.Түрікпенұлының Т.Тәжібаевтың өмір жолын, қызметін және ғылыми мұраларын зерттеуде елеулі іс атқарып келе жатқанын ерекше атап өтуге болады. Профессор Ж.Түрікпенұлы Т.Тәжібаев туралы соңғы он жыл көлемінде көптеген ғылыми мақалалар мен еңбектер [17] жариялап, қайраткердің қоғамдық-саяси кызметіне және ғылыми мұраларына қатысты көптеген мәліметтерді көпшілік қауым назарына ұсынды. Оның 2002 жылы «Академик Т.Т.Тәжібаев» атты еңбегі [18] жарық көрді. Бұл еңбегінде Т.Тәжібаевтың өмір жолы мен ұстаздық қызметіне шолу жасалынып, қайраткер-ұстаз жайлы естеліктер берілген.
Бүгінгі таңда Т.Тәжібаевтың ғылыми мұралары педагогика ғылымы саласында диссертациялық деңгейде зерттеліне бастады. Бүған М.К.Ахметованың және М.Ж.Құлжабаеваның диссертациялық жұмыстары [19] дәлел бола алады. Бұл диссертациялық жұмыстарда Т.Тәжібаевтың ғылыми мұралары педагогика ғылымының талаптарына сай талданып, оны практикаға енгізудің тиімді жолдары қарастырылған. Соңдықтан аталған автордың зерттеу жұмысында Т.Тәжібаевтың атқарған қызметінің астарлары каралмай қалған.
Казақстандық саясаттану ғылымы саласында да Т.Тәжібаев диссертациялық деңгейде зерттеу объектісіне алынған. З.С.Гаиповтың саясаттану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялык жұмысында [20] Т.Тәжібаевтың әміршіл-әкімшілік жүйедегі тұлғалық ерекшелігі сараланған. Саясаттану ғылымдарының талабына сәйкес аталмыш жұмыста Т.Тәжібаев өмір сүрген тарихи кезеңге сәйкес келетін және кайраткердің қоғамдық-саяси қызметіне қатысты барынша мол деректі қамту мақсат етілмеген.
Т.Тәжібаевтың ғылыми мұраларының еліміздің гуманитарлық ғылымдарының дамуындағы орны мен рөліне баға беру бүгінгі таңда да өз жалғасын табуда. Педагогика ғылымы саласы бойьшша жазылған А.Н.Ілиясованың және И.Р.Халитованың докторлық жұмыстарында [21] Т.Тәжiбаевтың еңбектерінің педагогикалық зерттеулердегі рөлі аталынып өтілген.
Отандық тарих ғылымы саласы бойынша қорғалып жатқан диссертациялық жұмыстарда да Т.Тәжібаев еңбектеріне тарихнамалық талдау жасалуда. Ондай талдаулар көп жағдайда XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде халық ағарту ісі тарихының мәселелеріне қатысты жазылған еңбектерде көрініс тапқан. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған М.Ә.Жолсейітованың, Ж.Б.Әмірханованың және Э.К,Мырзалиеваның диссертациялық жұмыстарында [22] Т.Тәжібаевтың еңбектері тарих ғылымының қазіргі кездегі жетістігі тұрғысынан талданған. Осы авторлардың ішінде М.Ә.Жолсейітова Т.Тәжібаев еңбектерін тереңірек, өзге авторлардың еңбектерімен салыстыра қарастырумен ерекшеленеді. М.Ә.Жолсейітова Қазақстандағы халық ағарту ісі тарихын жазған Н.П.Остроумов секілді т.б. орыс зерттеушілерінің тарихи шындықты бұрмалағанын ашық мәлімдеген бірден-бір ғалым Т.Тәжібаев болғанын баса көрсетеді. Бұған дейін Н.П.Остроумов Түркістан өлкесіне білім таратқан ғалым ретінде дәріптеліп, оның миссионерлік әрекеті айтылмай келген еді. Т.Тәжібаевқа кеңестік билік тарапынан жасалған қысымшылықтардың бірі 1951 жылы Е. Бекмаханов, Б.Сүлейменов және К,Бекхожин секілді қазақ ғалымдарының ісіне байланысты жүргізілгенді. Отандық тарих ғылымында бұл мәселе көрнекті қазақ тарихшысы Т.Омарбеков еңбегінде [23] нақтылы көрініс тапқан. Сондай-ақ сол тарихи кезеңдегі қазақ ғалымдарының бастан кешкен ахуалын түсінуге И.М.Қозыбаевтың еңбегі де [24] белгілі дәрежеде өз септігін тигізеді. Л.Я.Гуревичтің еңбегінде [25] Т.Тәжібаевтың тоталитарлық режим жағдайында атқарған қоғамдық — саяси қызметінiң кейбір астарлы тұстары ашылып көрсетілген. Автор Т.Тәжібаевтың қазақ зиялыларына көрсеткен қамқорлықтарына да тоқталған.
Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың естелік кітабында да Т.Тәжібаевқа қатысты оң пікір білдірілгенін осы жерде айта кеткен жөн. Ол өзінің бұл естелігінде Т.Тәжібаев туралы былай деп жазған: «Тәжібаевпен мен ол халық ағарту халкомы болып қызмет етіп жүрген кезде таныстым. Кейіннен бізді тағдыр тоғыстырып, бірге Халық комиссариаты кеңесі төрағасының орынбасарлары болып қызмет еттік. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдары еді. Тәжібаев республиканың тұңғыш Сыртқы істер министрі болды, біраз уақыт Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып қызмет етті. 1954 жылы Мен Ғылым Академиясында жұмыс істегенімде ол республика Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды. Ол республика ғылымы мен мәдениетінің дамуына және білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосты» [26]. Д.А. Қонаевтың Т.Тәжібаев туралы айтқан бұл пікірінің өзі шынайы екендігі еш күмән тудырмайды. Т.Тәжібаев туралы мұндай жылы лебізді академик М. Қозыбаевтың «Жұлдызым менің» атты естелігінен де [27] кездестіруге болады. Ол өзінің университетте білім алу барысында Т.Тәжібаевтан дәріс алғанын үлкен мақганыш сезіммен жеткізеді.
Қазақ КСР-нің 1981-1989 жылдар аралығында Сыртқы істер министрі болған М.Исиналиевтің еңбегінде және жарияланған мақаласында [28] Т.Тәжібаев жайында, әсіресе оның дипломатиялық қызметіне қатысты тың ой-пікірлер білдірілген. М.Исиналиев Т.Тәжібаевтьщ дипломатиялық қызметіне шолу жасай отырып, оны Қазақстанның сыртқы байланыстарының негізін қалаушы ретінде орынды бағалайды. Т.Тәжібаевтың дипломатиялық қызметіне баға беру Ә.Ыдырысовтың және Д.Қыдырбекұлының мақалаларында [29] орын алған. Бұл авторлардың Т.Тәжібаевтың дипломатиялық қызметі жайында айтқан пікірлері М.Исиналиевтің пікірімен үндестік тапқан.
Л.Ахметовтың еңбегінде [30] Т.Тәжібаевтың қызметіне қатысты мысалдар келтірілген. Онда автор Т.Тәжібаевтың қазақ интеллегенциясы өкілдеріне танытқан қамқорлығын отаншылдық рухтың кеңестік дәуір кезеңінде бой көрсетуінің белгісі ретінде бағалайды.
Еліміздің зиялы қауымы Т.Тәжібаевтың мемлекеттік және ғылыми қызметі өзіндік маңызға ие екендігін атап көрсетуде. Бұған Т.Тәжібаевтың 2000 жылы мерейтойына орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Педагогика мен психологияның өзекті мәселелері» атты ғылыми конференцияның өткізілуі дәлел бола алады. Бұл конференцияда академик М.Қ.Қозыбаев және Қ.Жарыкбаев секілді т.б. ғалымдар Т.Тәжібаевтың елімізде жоғарғы оқу орыңдарының дамуына қосқан үлесіне және республикамызда сыртқы істер ведомствосының қалыптасуына сіңірген еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ғалымдар қатарында Т.Тәжібаевтың патша өкіметінің отаршылдық саясаты дәуірінде елімізде халық ағарту ісінің даму ерекшеліктерін ашып көрсетуге қосқан үлесін тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістігі тұрғысынан саралағандар да болды [31]. Осы аталмыш конференцияны Т.Тәжібаевтың мемлекеттік және ғылыми қызметін онан әрі терең зерттеле түсуге өзіндік серпін береді деп те ұйғаруға болады.
Т.Тәжібаевтың мемлекеттік, қоғамдық-саяси және ғылыми қызметінің ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектерде баяндалу тарихына шолу жасау арқылы бұл мәселенің әлі де зерттеле түсуі кажеттігіне көз жеткізе аламыз. Әсіресе Т.Тәжібаевтың өскен, білім алған ортасына және атқарған ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?