Қазақ әдебиеті | Табиғат жайлы көркем шығармалар
Мазмұны
Кіріспе
1 Табиғат жайлы көркем шығармалар жүйесі
1.1 Табиғатпен сабақтас көркем шығармалар үлгілері
1.2 Көркем әдебиеттердің табиғатты таныстыру сабағында бала танымы мен тілін дамытудағы ролі
2 Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында көркем шығармаларды пайдалану әдістемесі
2.1 Табиғат жайлы көркем шығармаларды іріктеу принциптері
2.2 Сабақта көркем шығармаларды пайдалану әдістемесі
2.2.1 Көркем шығармаларды тәрбиешіні әңгімелеуі
2.2.2 Табиғат жайлы көркем шығармаларды қабылдауына иллюстрациялық материалдардың әсері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздегі барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:
а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;
б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң-құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстыру барысында адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғат қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді. «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Ысқақовтың «Табиғат және адам», С.Қаженбаев пен С. Махмутовтың авторлығымен шыққан «Табиғат қорғау» еңбегі, «Қайнар» баспасынан профессор Е.Мәмбетқазиев пен биология ғылымының кандидаты Қ.Сыбанбековтың бірлесіп шығарған «Табиғат қорғау» кітабы құнды еңбек болып отыр. Күнделікті тәрбие барысында табиғаттың әсемділігі сөз болып қоймай, оны қорғап, аялау жайын да байқау-көрмелер, мақсатты саяхаттар ұйымдастырсақ. «Әдемі заттарды өз қолымызбен жасаймыз» - делінетін сабақтарда табиғи заттардан экибаналар, ашекейлік заттар жасау, дәрілік өсімдіктер тобын жинау арқылы балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыруға болады:
1) топ мен топтың арасында балалардың білім деңгейін анықтаудағы байқаулар;
2) табиғат бұрышындағы гүлдердің бағдарламаға сәйкес келуі және эстетикалық талғамға сай болуы;
3) аквариумдарды бағдарлама талаптарына сай пайдалану;
4) табиғат бұрышындағы құстар;
5) табиғат күнделігі, басқа да осындай шарттар орындалғанда ғана тәрбиеші еңбегі өз нәтижесін бермек.
Халқымыздың халық педагогикасындағы асыл мұраларының бірі табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілікпен қарауы және оны көздің қарашығындай сақтап, қазіргі жас ұрпаққа өнеге болатындай мақал-мәтел, дана ұғымдар, аңыз-әңгімелер арқылы жетуінде.
Осындай асыл мұралардың өзінде тамыры терең ой, ұлағатты тәлім-тәрбие жатыр. Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көріп, сүйе білуі және оған деген аялы алақаны мен абзал адамгершілік қамқорлығы қанымызға да, тұла бойымызға да ананың ақ сүті арқылы дарығанын зор мақтаныш сезіммен айтуымызға болады.
Болмаса, Қорқыт атаның артында қалған өсиет сөздеріндегі « Қара тауларының құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарын қырқылмасын» - деген ұғымдар туған жер табиғатын аялай біл деген аталы сөзге саяды. Мысалы: «Орман – ел дәулеті, жер сәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ», «Гүлді үзбе», «Құмырсқаның илеуін бұзба» деген сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелі өсиеттер, аңыздар мен жырау жырындағы ойлы пікірлер экологиялық тәрбие беруде және балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды негіз болып табылады.
Қазіргі таңда табиғат қорғау жөнінде көп айтылып жүргенімен де тәрбие жұмысына қажетті әдістемелік құралдар, балалардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыратын оқулықтар аз, кей жағдайда балабақша балалары тірі табиғат пен өлі табиғатты ажырата алмай, түсінбей жатады, түсінігін, бақылағанын жеткізіп айта білмейді. Тәрбиешілермен әңгімелескен кезде, көбі сабақтың мақсатына, оны өткізу әдісіне терең бойламай жататындығына көз жеткіздік. Балаларға экалогиялық тәрбие беруде шешілмеген мәселелер өте көп, сондықтан да тәрбиешілерге көп ізденіп, әдістемелік тәсілдерді қолдану арқылы табысқа жетуге болады. Тәрбиешілер балалармен көп жұмыс жасауы қажет, күнделікті бақылау жүргізу, табиғат күнтізбесін жасау, балалармен серуендеу саяхат кезінде бақылау жүргізу, табиғат бұрышындағы жұмыс экалогиялық тәрбиенің пәрменді тәсілдері. Экалогиялық саяхат табиғат аясына бағдарлама бойынша жүргізілуі керек, әр тәрбиеші баратын жерін белгілеп, саяхат кезінде тірі табиғаттың жануарлар дүниесі мен Адам арасындағы байланысын түсіндіре білуі тиіс. Саяхат, серуен кезінде тәрбиеші балаларға өзін қалай ұстау тәртібін, тәртіп машықтарын түсіндіруі қажет. Осыған сәйкес экология тақырыбына арналған мектепке даярлық тобына балабақша ауласына серуен түрінде өткізілетін тәрбие жұмысының жоспарын ұсынып отырамыз.
Сабақтың мақсаты:
1) Экалогия туралы, Арал теңізінің тағдыры туралы түсінік беру.
2) Табиғат жөніндегі білімдерін толықтыру, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
3) Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамай сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сурет салуға, еңбек етуге, ойынға қажетті құралдар.
Қолданылатын әдіс: бақылау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, сурет салу, ойын.
Тәрбиеші:
Ой, алақай, тмаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші – алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
- деп балабақша ауласындағы бақ ішін балалар мен аялайды.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бүгін ауа райы қандай, қазір жылдың қай мезгілі? (ай атын атап айтқызу, бұл мезгілге тән белгілеріне тоқталу, балаларға жыл мезгілдері туралы тақпақ айтқызу- бұл сабақты негізінен күз айларының бірінде өткізілуі жоспарланғандықтан, ендігі жерде біз сабақ барысын күз мезгілінің мысалында жалғастыратын боламыз).
1-бала:
Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрсе тек қалтырап.
2-бала:
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан көріңіз.
Ауладағы өсіп тұрған гүлдерді бақылап, олардың жаз бойы бақшамызға әдемі түр беріп, көріктендіргені жөнінде әңгімелесу. Серуенді әрі қарай жалғастыра отырып, бұлақ басына келу. Судың Адам баласы үшін, жалпы тіршілік үшін тигізер пайдасына тоқталу. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген мақалдың мәніне байланысты судың бұлақтан бастау алатынын көрсете отырып түсіндіру, су болмаса жалпы тіршіліктің болмайтынын әңгімелей келіп, бірігіп бұлақ көзін ашу, балалардан су туралы жұмбақ, мақал сұрау.
Тәрбиеші: Балалар туған жердің табиғатын қорғауымыз үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Ағаштарды сындырмай, өсіп тұрған гүлдерді жұлмау керек,
құстарды таспен атуға, суды сатауға болмайды, керісінше бәрін де аялап қорғап, жақсы көруіміз керек.
Осыдан кейін балалар бір кісідей жұмылып, гүлдердің түбіне топырақ үйіп, талдардың маңындағы қоқыс нәрселерді жинастырып, өз еңбектерімен-ақ кіші топтың балаларына табиғатты аялаудың үлгісін көрсетеді. Соңынан екі топтың балаларының біәрігіп «Дәміне қарай анықта» - атты ойынында көкеністер дәмін дәл табумен тәрбие жұмысы қорытындыланады.
Атақты педагог В.А.Сухомлинский табиғатты сүю тәрбиесіне ерекше мән Берген, бірнеше әңгімелерін осыған арнаған. Сондай әңгімелерінің бірі- «Біз бұдан әрі сенімен бірге жүрмейміз».
Әңгімеде үш оқушы Миша, Вася, Юрка орман ішінде келе жатып бір бұлаққа кездеседі. Миша мен Юрка бұлақтан су ішіп:
- Ой, суы қандай дәмді – деді. Ал Вася отыра қалып, аяқ киімін шешіп бұлақ суына аяғын малып, жуа бастады. Миша мен Юрка бір-біріне қарап, оның жанына келіп:
-Вася, бұдан әрі сенімен бірге жүрмейміз. Үйіңе қайт-десті. Бұл таза бұлақты былғағаны үшін Васяға қолданған шарасы еді. Негізіне дұрыс шара. Міне осындай әсерлі қысқұа әңгімелерді бүлдіршіндерге оқып берудің тәрбиелік мәні зор.
Кіп-кішкене, момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам: «Қозым» деп
«Қошақаным өзің» деп.
Балалар үй жануарларының ішінде әсіресе күшік пен мысықты жақсы біледі және ұнатады. Сондықтан «Құтжол» , «Ақлиманың мысығы» (Қ.Ыдырысов) деген шығармалар оқылады да, тақырыпқа түсінік беріледі, демек, әңгімелесу сабағы өтіледі. Шығарма мазмұнын сұрақ қоя отырып, жақсы сөйлейтін балаларға айтқызады, ол балалардан тыңдағандарын, өздері түсінгендерін басқа балаларға әңгімелеп береді.
Әдеби шығарма оқу, айналадағы дүниемен таныстыру, түрлі заттар мен құбылыстар жөніндегі ұғымдарын кеңейту – сөздік жүргізудің екінші бір міндеті.
Бұл туралы ұлағатты педагог К.Д. Ушинский заттық ұғымдарды баланың есіне түсіріп, сөз арқылы елестету, тілдік (грамматикалық) формаларды игертіп, ұдайы жетілдіріп отырудың пайдалы екенін айтады. Сөздік қорларында сөздер мен сөздің өһзгермелі формалары жеткілікті болғанымен, оларды балалар қай уақытта қандай орында қалай қолдану керектігін білмейді. Сондықтан қажет сөзді тауып, орынды жерде қолдана білуге баланың қабілетін дамытып, жаттықтыру қажет. Мысалы, ересек балалар тобында күз туралы өлеңді оқығанда:
Бұта басы боз қырау,
Бұлттан мұздай жас тамды,-
деген сөз тіркестерін қалай түсінетінін сұрап, немесе:
Күн мұңайып түр бүгін,
Ағаш біткен дірдектеп,
Жапырағын жоқтайды.
Дала жатыр таныстап,
«Сәл демалып алам» деп,-
деген эпитеттері бар өлеңдегі «Бұлттан мұздай жас тамды» деген өлең жолына көңіл аудартады. Бұлттан не тамғанын, ақын оны неге жасқа теңегенін түсіндіреді.
Өлеңдегі басқа сөздер де осы әдіспен (мұздай жас, мұңайып, дірдектеп, жоқтайды) түсіндіріледі.Сәбилер тобында айына үш реет көркем шығармалар оқу және әңгімелеп беру, әңгімелету жұмысы, ал айына бір рет жаттату жұмысы жоспарланады. Бұл топта бағдарламада ұсынылған шығармалар ойын, драмалау түрінде өтіледі. Әсіресе, ауыз әдебиеті нұсқаларынан «Санамақ», «Торғай», « Лақтар мен қасқыр», «Қаз-қаз бас» сияқты шығармаларды тәрбиеші балаларды ойната отырып оқып береді.
Шығармаларды оқып беру үлгілері
(2-3 жастағылар үшін)
«Санамақ»
Оқу жоспарының мақсаты: балаларды оқыған шығарманы мұқият тыңдауға, үй жануарларының аттарын сөзбен атай білуге үйрету, қарапайым еңбек түрін түсіндіру. Үй жануарларына байланысты сөздерді үйрету.
Сабақтың барысы. Шығарманы бірінші реет оқығанда, тәрбиеші өлеңнің мшумағын жатқа айта отырып, саусақтарын кезекпен жұмып, аттарын атайды. Екінші шумағын оқығанда, жұмулы саусақұтарын біртіңдеп ашып: «Сен тұр, бас бармақ, қойыңа бар»,- деп сөйлеседі. Сонан соң, «Қараңдаршы, балалар барлық саусақтар ақылды екен, жұмысқа кетті»,- дейді де, алақанын жайып екінші қолымен қуырмашты айтып аяқтайды.
Өлеңді екінші рет оқу.
Оқу жоспарының мақсаты: тақпақты жаттау. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Үйренген сөздерді қайталап тиянақтау.
Сабақтың барысы. Тәрбиеші тақпақты қайталап: «Қане, балалар, саусақтарыңды көрсетіңдерші?» -деп, олардың көңілін өзіне аударады. (Балалар қолдарын жайып көрсетеді). Тәрбиеші: «Қазір саусақтарың ұйықтап жатыр. Сендер тыныш отырыңдар, оянып кетпесін»,- дейді. Балалархормен: «Тыныш-тыныш»,-деседі. Балалар, енді саусақтарды оятайық, олар аналарына, шешелеріне көмектессін»,- дейді тәрбиеші. Балалар; «Тұрыңдар, тұрыңдар!» - деседі. Сонан соң, тақпақтың келесі шумағын жайлап айта отырып, саусақтарын біртіңдеп ашады.
Аталған өлеңді балаларды ойната отырып үшінші реет оқуға болады. Ол үшін үлгі ретінде балабақшада өтілген сабақ жоспарын ұсынамыз.
Сабақтың мақсаты: оқылған шығарма мазмұнын түсініп айтып беруге, сөйлемді дұрыс құрап сөйлеуге жатқа айтуға, саусақ аттары бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шумек, кішкене бөбек деп өздігінен иайта білуге үйрету.
Методикалық әдіс: әңгімелесу, тәжірибе (ойын түрінде білімдерін тиянақтау)
Жаңа сөздер: саусақ аттары, мал, төл.
Көрнекі құрал: суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы: 1. Кіріспе. Әңгімелесу.
-Балалар, бүгін біз өте қызық ойын ойнаймыз, бәрің мені тыңдаңдар. Ойынды ойнаудан бұрын, «Санамақ» тақпағын есімізге түсірейік. Қане, балалар, саусақтарыңды көрсетіңдерші,-деп тәрбиеші балалардың көңілін өзіне аударады. Балалар қолдарын жайып көрсетеді, сонан соң:Қолдарың таза, саусақтарың әдемі екен, осы саусақтардың аттарын кім атап береді?-деп 2-ші балаға айтқызады.
«Балалар , қандай үй жануарларын білесіңдер?» - деген сұрақ қойылады.
Балалар;
-Сиыр, қой, ешкі жылқы…
- Үйдегі жануаорлардан бір сөзбен қалай айтуға болады?
- Мал.
-Малдың балаларын бір сөзбен қалай атайды?
- Төл.
-Айта алмаса, тәрбиеші өзі түсіндіреді. Осыдан кейін төмендегі өлеңді айта отырып, дене шынықтыру жаттығуын жасату керек.
Бала, бала, балапан.
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
«Балалар, енді ойынымызды бастайық. Ойын былай ойналады»,- деп тәрбиеші бес балаға саусақ аттарын қояды. Осыдан соң, тәрбиеші саусақтардың атын атап, бір-бірлеп жұмады.
-Қазір саусақтардың бәрі ұйықтап жатыр. Сендер тыныш отырыңдар, оянып кетпесін,- деді.
Балалар хормен: «Тыныш-тыныш» - деседі.
-Балалар , енді саусақтарымызды оятайық, оларды қандай жұмыстар күтіп тұр? – дейді тәрбиеші.
- Балалар хормен: «Тұрыңдар, тұрыңдар»,- деп қайталайды.(Үстел үстінде үй жануарларының мүсіндері тұрады).
Бас бармақ, сен тұр, қойыңа бар,
Балан үйрек, сен тұр, сиырыңа бар,
Ортан терек, сен тұр, жылқыңа бар,
Шылдыр шүмек, сен тұр, ешкіңе бар, деп, саусақ аттарына тән үй жануарларын тауып, балаларға көрсетіп (Бас бармақ қойды), атын атайды. Тәрбиеші «Бас бармақ, сен не алдың?»- дегенде бала: Бас бармақ: - «Мен қойды алдым»,- дейді. Осылайша қалған балалар (саусақтар) кезекпен үй жануарларын көрсетіп, олардың аттарын атап айтады.
Тәрбиеші:
- Балалар, бұл ойынды бәрің де жақсы ойнадыңдар.Қазір тағы бір қызық ойын ойнаймыз. Ол ойын «Төлін тап» делінеді деп ойын ережесін түсіндіреді. Ереже бойынша тәрбиеші екі суреттің (сиыр, бұзау немесе қой, қозы) бір сыңарын тақтаға ілді. Екінші сыңары (төлі) үстелдің үстінде жатады. Шақырылған бала үстелдегі суреттің ішінен тақтада көрсетілген үй жануарларының төлін тауып, түгел атаса, сол бала ұтады.
Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп, оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш кластарда олардың өзіндік методикасын қажет етеді.
Ертегілерді оқыту. Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады. Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:
1. Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір екі айқын белгілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.
3. Қара сөзбен жазылған ертегілер текстке жақыфн үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ мұғалім оның, мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды ІІ-ІІІ класс оқушылары орындай алады. Ал 4 сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
4. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
5. Кейбір ертегілерде пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
6. Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету керек.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.
Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқу. Оқулықтарда жұмбақ, мақал-мәтелдердің көпшілігі текстердің аяғында беріледі, сонымен қатар бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдер жинағы жоқ болғандықтан авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бұл материалдар бір мезгілде бір кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын, бір текспен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады.Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, «Елдің ері» әңгімесін оқығаннан кейін, оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен: «Ерлік білектен емес, жүректен», «Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса , жер ырысы!, «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады». Немесе И.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын оқығанда «Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері бір айқай-шу» жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре кетудің яғни оның жүрген жері неге айқай-шу болатынын сұрап, анықтай отырудың артықтығы жоқ.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан, сөздік қорын байытады.............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?