Тарих | Тұрар Рысқұловтың өмір жолы

 Тарих | Тұрар Рысқұловтың  өмір   жолы

Мазмұны
Кіріспе __________________________________________ 8
1. Т. Рысқұловтың өмір жолына сипаттама._________ 9
2. Т. Рысқұловтың қоғамдық саяси қызметі. __________ 13
3. Т. Рысқұловтың тарихқа қосқан үлесі. _____________ 15
Қорытынды ______________________________________ 19
Пайдаланған әдебиеттер ___________________________ 20
Қосымша (фотосурет) _____________________________ 21

Кіріспе
Қазақстан республикасы - қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті . тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы – қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ. ол ұлы белестерден, қиын қыстау асулардан тұрді. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қажетті де қасіретті күрестің тарихын зерттеу қазыргы таңда зор маңызға ие болып отыр.
ХХ ғ. басында Қазақстан Россия империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің - құқықсыздық пен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелсіздіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясат күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оны жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса саяси ірі жетекшілерінің бірі және бірегейі - Тұрар Рысқұлов болатын.
1. Т. Рысқұловтың өмір жолына сипаттама.
Т. Рысқұлұлы 1894 жылы Алматы облысының Талғар ауданында туған. Көрнекті партия, мемлекет қайраткері.
Тұрардың әкесі кедей шаруа Рысқұл жалғандық атаулығы жаны қас тектілерден тарған өр мінезді кісі болған. Орыс патшасының жемқор жетдеттері мен жергілікті жадайшаптарының қоқан лоққы қорылығана қарсы тұрғаны үшін Сібірге он жылға жер айдалып кетеді. Он жасар Тұрар туысқандарының қолында қалып, Меркідегі қазақ мектебінде хат таниды. Одан соң Бішкектегі бағбандық училищеде оқиды. Оны үздык бітіріп Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі. Институтты бітіруге үлгермейді. Дәл осы кезде Қазақстан мен Орта Азияда ұлт азаттық көтеріліс бұрқ ете түскен еді. Тұрар осы қозғалыстың ортасында жүрді.
1917 жылы Ақпан Төңкерісінен кейін Әулиеатада өзі секілді көкірек көзі ашық қазақ жастарын төңкеріс жолына бастаған , саяси көзқарасы оянған бірден бір азаматы еді.
1917 жылдың қарашасынан 1918 жылғы қараша айына дейін Әулиеата уезі Совдепінің Кеңестер депутатының төрағасы, ал 1918 жылы маусымынан желтоқсанына дейін Түркістан республикасының денсаулық сақтау халық комиссары болды.
1918 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың қаңтарына дейін республика министрлер кеңесі төрағсының орынбасары қызметін атқарды. 1920 жылдың қаңтарынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық комисариатының Азербайжан республикасы бойынша өкілетті уәкілі, ал 1922 жылы РСФСР Ұлт істері халық комисариатының орынбасары болып тағайындалды.
Жігіттік дер шағы 25 жалынды Тұрар 1922-1924 жылға дейін аттай екі жыл Түркістан республиканың қызметін атқарды.
1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың тамызына дейін Коминтерннің Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен бірге 1924 жылдың ортасынан 1925 жылдың маусымына дейін Коминтерннің Маңғолиядағы өкілетті уәкілі, 1926 жылы Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың тамызына дейін РСФСР Хаық Комиссарлары Кеңесі Төраасының орынбасары қызметтерінде аса жауапты қоғамдық саяси міндеттер атқара жүріп теориялық мәселелермен де айналысты.
Т. Рысқұлұлы өз республикасы үшін көп игілікті істер жасады. Оның тікелей байланысымен Қарағанды көмір бассейні кен байыту, Қоңырат мыс кенін ашу, Балқаш мыс қорыту комбинатын салу секілді алуан алуан ауыр өндірісі саласында жұмыс атқарылды. әсіресе, Түркісіб темір жолын салу комиссясына төрағалық еткен еңбегі ерекше. Ел өміріне өзгерістер енгізген өндіріс ошақтарын жандандырумен бірге оқу білім мен өнерді өркендетугеи де өлшеусіз үлес қосты. Оның тікелей ұсыныс тілегі мен Ташкентте Орта Азия университеттері ұйымдастырылса , Алматыда Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті шаңырақ көтерді. (1)
Сол РСФСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тұрғанда сол кезге бүкіл ел астанасы Мәскеу қаласының қала шаруашылығына жетекшілік жасағанын жұрттың көбісі біле бермейді.
Т. Рысқұлұлы халық арасында зор беделге ие болды. Әділін айтқанда, ол Орта Азиядағы басшылардың ішіндегі ең көрнекті әрі ықпалды қайраткерлердің бірі еді. Лениннің атына жазған мәлімдеме хатында М. В. Фрунзе: «Қалың бұқара соңдарына еерген жергілікті кадрлар ішіндегі екі дарабоз Рысқұлов пен Ходжаев. Олар ақылға ғана бай емес, мінездері де шарболаттай сан қырлы» деп жазған.
Т. Рысқұлұлы партияның ХҮІ және ХҮІІ съездерінің делегаты болып сайланды. ХҮІ партия съезінде делегаттар алдында сөз сөйлеп, «Ресей шаруаларының жағдайымен қатар Орта Азия диқандарыны ң да хал күйіне көңіл бөліп, оларды бір бірімен өшіктірмеу керек. Орта Азия әлі де болса патшалық Ресейдің отарлдау саясатының зілді зардаптарын тартып отыр, бұған төзіп бағуға болмайды» деп, өзінің батыл ойын бүкпесіз айтқан.
Тұрар Орта Азиядағы Мұсылмандар бюросының және Түркістан..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?