Банк ісі | Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі
Мазмұны
Кіріспе.
I. Несие нарығының негізгі субъектісі микрокредиттік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық мәні.
1.1.Микрокредиттік ұйымдардың маңызы, қалыптасу тәртібі.
1.2.Микрокредиттік ұйымдардың қызметінің құқықтық базасы.
II. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдарының несие нарығындағы алатын орны.
2.1.Микрокредиттік ұйымдармен несиелендіруді ұйымдастыру реті.
2.2.Микрокредиттік ұйымдар қызметінің жағдайына экономикалық талдау.
III. Қазақстан Республикасындағы микрокредиттік ұйымдардың проблемалары мен даму перспективалары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
I-бөлім.Несие нарығының негізгі субъектісі микрокредиттік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық мәні.

Қазақстан Республикасының «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, микрокредиттік ұйым дегеніміз- занда белгіленген тәртіппен микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Микрокредит дегеніміз- микрокредиттік ұйымның қарыз алушыға заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беретін ақша.
Жалпы еліміздегі микрокредиттік ұйымдардың құрылу тәртібіне келсек, олар коммерциялық және коммерциялық емес нысанда құрыла алады. Коммерциялық микрокредиттік ұйым шарушылық серіктестік нысанында, ал коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдар қоғамдық қор нысанында құрылады. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін ынталандыруға бағытталған міндетті қамтамасыз ету және оларға заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін коммерциялық емес микрокредиттік ұйым микрокредиттерді беру жөніндегі кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерін ( занда белгіленген) жүзеге асыруға құқылы.
Еліміздегі микрокредиттік ұйымдарға келсек, коммерциялық емес, корпоративтік қор нысанында құрылған, шағын және орта бизнесті несиелендіруді жүзеге асыратын ұйым ретінде « Казахстанский фонд кредитования общин» ұйымын атап көрсетуге болады. Аталған ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асырады. Қор 1997ж. Негізін қалаған, және де негізгі мақсаты- өз ісін
ашқан кәсіпкер- әйел азаматтарды қолдау, көмек көрсету. Сондай-ақ қордың бірнеше қалаларда: Талдықорған, Шымкент,Алматы, Тараз, Түркістанда филиалдары жұмыс істейді.
Микрокредиттік ұйымдардын жарғылық капиталы қалай қалыптасады? Микрокредиттік ұйым құрылтайшылары құрылатын микрокредиттік ұйымнын жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін оны мемлекеттік тіркеу кезіне қарай тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай толық төлеуге міндетті. Микрокредиттік ұйымнын жарғылық капиталының және барлық қатысушыларының салымдарының ең төмеңгі мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына арнап белгілеген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерлемесінен кем болмайды. Аталған бұл ереже коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдарға қолданылмайды. Жоғарыдағы мысалымдағы қорға келсем, онын алғашқы доноры ретінде Халықаралық даму бойынша Американдық Агенттік (USAID) болды. Техникалық көмекті, қордың құрылтайшысы болған үкіметтік емес американдық ұйым ACDI\VOCA көрсетті.
Микрокредиттік ұйымдардың атауына келсек, оның толық атауында міндетті түрде « Микрокредиттік ұйым» деген сөздер немесе олардың туынды сөздері болуға тиіс. Ал қысқартылған атауында міндетті түрде « МКҰ» аббревиатуралары болады.
Микрокредиттік ұйымдар микрокредиттерді қалай, қандай тәртіппен береді? Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға арнап Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгілеген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен аспайтын, бірақ бір қарыз алушыға микрокредиттік ұйымнын меншік капиталы мөлшерінін жиырма бес процентінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді. Заң талаптарын сақтай отырып микрокредитті берудің тәртібі мен талаптары микрокредиттік ұйымның жоғары органы бекіткен микрокредиттерді беру ережелерінде және микрокредитті беру туралы шартта белгіленеді.
Микрокредиттік ұйымдардың маңызы. Дамушы, өтпелі экономикасы бар елдердің экономикалық өсу процесінде микроқаржы секторы үлкен мәңге ие. Себебі микроқаржы секторы шағын бизнесті дамытуды ынталандыра отыра әлеуметтік сферада тұрақтандырушы роль атқарады, сондай-ақ осы арқылы елдегі кедейшілік көрсеткіштерін төмендетеді. Аталған фактілерді мойындау ретінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 2005жылды микрокредит берудің халықаралық жылы деп бекіткенін атап өтуге болады.
Тұрмыс деңгейі орташа, аз қамтылған халыққа қаржылық қызметтер көрсете отыра микроқаржылық ұйымдар қаржы секторының, онын ішінде несие саласының шекараларын кенейтуге үлкен үлесін тигізеді.
Микрокредиттік ұйымдардың маныздылығын ашу үшін мысал ретінде «Казахстанский фонд кредитования общин» корпорациялық қорын алсам, бұл қор кәсіпкер-әйел азаматтарды қолдаумен қызметін жүзеге асырады. Статистикалық мәліметтер бойынша қордың клиенттерінің 83%-ы әйел азаматтар. Олардын көп бөлігі базарларда, сауда үйлерінде жұмыс істейтін немесе өз шағын бизнесін бастағандар. Мұндай табыс көзі ең қажет және тиімді болып табылады. Сондай-ақ қор қайырымдылық ісімен де айналысады. Мысалы Талдықорған қаласының балалар футбол командасына міне бес жыл бойы қолдау көрсетіп отыр. Ол яғни түрлі шаралар өткізуге, команданы қажетті қорлармен қамтамасыз етуге, республикалық жарыстарға қатысуға, т.б. шараларға қолдау көрсетумен айналысады.
Аталған көмектен басқа 2003ж. қор келесідей салаларға қаражат бөлді:
- Шымкент және Талдықорған қалаларында орналасқан балабақшаларға;
- «Жасөспірімдер өмірінін қауіпсіздігі» бағдарламасын жүзеге асыруға «Виктория» психологиялық орталығына;
- Мүгедек- балалар қоғамына арнап жаңа жыл мейрамын өткізуге;
- Жергілікті әкімшілікпен бірігіп ҰОС-на қатысушыларға арнап Наурыз мейрамын өткізуге;
- Зейнеткерлерге қалалық газетке жазылуға қолдау көрсету;
Өзінін қызмет ету барысында қор келесідей шараларға үлес қосты:
- Мүгедек балалар қоғамы;
- Тұрмыс деңгейі төмен семъялардан шыққан балалар балабақшасы;
- Көркем галереяда жәрмеңке өткізу;
- «Ана мен бала» фотоконкурсы;
- Қамтамасыз етілмеген балалар реабилитациялық орталығына сыйға компъютер ұсыну.
Көріп отырғанымыздай микрокредиттік ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық секторында үлкен манызға ие. Бұдан көріп отыранымыз 1-деңгей екінші денгейлі коммерциялық банктерден, 2-денгей банктік қызметтін жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және 3-денгей микрокредиттік ұйымдардан тұрады. Сондай-ақ осы
1.2. Микрокредиттік ұйымдардын қызметінің құқықтық базасы.
Микрокредиттік ұйымдардың қызметің ұйымдастырудың құқықтық базасын қалыптастырудың негізі ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдаған «Қазақстан-2030: гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы» жолдауы болып табылады. Бұл жолдауда еліміздегі жұмыссыздық пен кедейшілік мәселелері микрокредит жүйесін енгізу жолымен шешілетіні қарастырылған. Бұл бағыт Қазақстан Республикасы Президентінің 1998ж. 28-қантарда шыққан № 3834 « Қазақстаннын даму стратегиясын 2030ж. дейін жүзеге асыру шаралары туралы» жарғысында жалғасын тапты. Мұнда экономиканың нақты секторын несиелендіруін әрі қарай кеңейту , сол сияқты несиелендірудің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыру негізінде микрокредиттеу үлгісін енгізу мәселелері қаралды. Осыдан барып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998ж. 12-ақпан,№103 қаулысымен Қазақстан Республикасының халқының аз қамтылған жігін микронесиелендіру бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада тұрмыс деңгейі орташа немесе төмен халықтарға өз бизнесін жүргізуге микрокредиттер беру қарастырылды және бұл шаралар Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Онт. Қазақстан, Ақтөбе, ШҚО-да, Қостанай обдысындағы Арқалық қаласында жүзеге асырыла бастады. Алайда бұл бағдарлама сол уақыттағы қаржыландырудың тұрақты көздерінің және қарыз қаражатын қайтарудың нақты механизмдері болмағандықтан толық көлемінде жүзеге асырылмады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000ж. 3-маусымда,№833 «2000-2002ж.ж. арналған жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес бойынша бағдарлама туралы» қаулысы жарық көрді. Бұл қаулыға сәйкес микронесиелендіру бағдарламасын Қазақстанның бүкіл территориясына жаю көзделді; әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған ауылдық аймақтарға. Осыған сәйкес несиелендіру механизмі женілденеді, несие алу шарттары өзгереді деп көзделді. Микрокредиттерді қайтару мерзімі қызмет түріне байланысты болады: сауда-саттық, коммерциялық қызмет үшін-3ай, тұрғындарға қызмет көрсеткені, ұлттық тұтыну тауарларын өндіруші ұйымдарға-6ай, маусымдық ауыл-шаруашылық өндіріске-9ай, мал шаруашылығына-12ай. Кредиттерді қызмет көрсетумен байланысты шығындарды жабу үшін минималды пайыз көлемінде беру көзделді.
Микрокредиттерді алушы үміткерлер қатарында жұмыссыздар және өз ісін бастаушылар болды. Микрокредиттердін сомасы 100-ден 400 АҚШ долларына дейін болды.
Микрокредиттік ұйымдардың қызметін ұйымдастыруды реттеудің жана заңнамалық кезені 2002ж. келді. Яғни бұл жылы елімізде несиелендірудің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген шаралар қатары қабылданды: банктер, кредиттік серіктестіктер және микрокредиттік ұйымдар( бұл туралы толығырақ II-бөлімде).
Микронесиелендіру саласынын даму проблемасы өтпелі экономикасы бар барлық елдерде кездеседі. Осыған байланысты еліміздін Ұлттық Банкі бірнеше жылдар ағымында келесідей мәселелер бойынша жұмыстар жүргізді:
- Арзан қарыз қаражаттарына мүмкіндігінше көп қарыз алушылардың қолын жеткізудің жолын қалай ашуға болады ;- Ақша нарығында бәсекелестікті қалай нығайтуға болады;
- Қаржылық қызмет түрлерін қалайша көбейтуге болады.
Аталған мәселелерді шешу мақсатында 2002ж. қыркүйек айында Қазақстан Реаспубликасы Праламентінің мәжілісіне үш заң жобалары енгізілді: «Микрокредиттік ұйымдар туралы», «Микрокредиттік ұйымдар қызметтеріне байланысты мәселелер бойынша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасынын заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», « Микрокредиттік ұйымдар қызметіне байланысты мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы».
Осылайша елімізде 2003ж. нурыз айының 6-жұлдызында « Микрокредиттік ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Микрокредиттік ұйымдар қызметін құруға байланысты заң жүзінде келесідей міндетті талаптар құрылған:
- Жарғылық капиталының минималды мөлшері бойынша;
- Атауы бойынша;
- Рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша;
- Ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша;
- Микрокредиттерді ұсынумен байланысты қажет құжаттарды қалыптастыру бойынша;
- Микрокредиттерді берумен байланысты ақпараттар мен мәліметтерді қорғау бойынша.
Заң енгізілгеннен соң елімізде микрокредиттік ұйымдардың қызметтері реттеліп, тұрақтала бастады.
Аталған заңға сәйкес микрокредиттік ұйымдардың құқықтары:
- Қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттерді беруге, онын ішінде берілген микрокредиттерге занда белгіленген тәртіппен және жағдайда мүлікті кепілге қабылдауға;......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?