Экономика | Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік

 Экономика | Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік

Мазмұны
Кіріспе.....................................................................3
I Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік
1.1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың теориясы....................................4
1.2. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік – экономикалық мәні...........................5
ІІ. Қ.Р. бюджеттен тыс қорлары
2.1. Мемлекеттің бюджеттен тыс қорларының мәні.........................................6.
2.2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары...................................12
III Бюджеттен тыс қорлардың түрлері
3.1. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары..............................25
3.2 Қазақстанның инновациялық қоры..............................................................28
Қорытынды............................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................33

Кіріспе
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтанған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды айтады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: дүниежүзілік практикада қорлар дербес – биліктің өкілетті органдарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік – экономикалық мәні
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолдау қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және бұл күш - салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, бұл қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды. Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
2.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолдау қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және бұл күш - салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, бұл қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды. Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржылық қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді бейнелеп көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, мақсатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: дүниежүзілік практикада қорлар дербес – биліктің өкілетті органдарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір көлемі қайта бөлінеді: Қазақстан республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімнің 16%-на жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар:..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?