Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі

 Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі

Мазмұны
Кіріспе_______________________________________________3
1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі___________________5
1.1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі______________5
1.2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні______________8
2. Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері_______________14
2.1 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы_______________14
2.2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары___________19
Қорытынды_________________________________________22
Қосымша кестелер___________________________________23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі______________________26

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты-Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтау болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен саралау қажет.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі, пәні, қажеттілігі, түрлері, нысаны және тағы басқа теориялық аспектісі ашылып көрсетіледі.
Ал екінші бөлімінде тікелей Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу тақырыбы ашылған және де оның проблемалары мен оны шешу жолдары қарастырылады.
Курстық жұмыстың соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі
1.1 Құқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен элементтерінің мағынасын ашып білу үшін ең алдымен “құқықтық реттеу” түсінігін білу қажет. Сонымен, құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және практикалық аспектімен бейнеленеді. Ол қоғамның сұранысы белгілі бір бағытта және белгілі бір бейнедегі туындайтын адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірімен байланысы кезіндегі заң және өзге де нормативті актілердің мазмұны мен мақсатты талабы “ауқымдалып” айқындалады.
Әлеуметтік аспектісінің мағынасында құқықтық реттеу болжамдық сипатқа ие. Мұның өзі адамның немесе қоғамның ертеңгі өмірін жасауға (құрастыруға) аргумент ретінде қолданылады. Бұл аспект заңның (юридикалық акт) нағыз мағынасын ашып көрсетеді. Яғни, материалды және процессуалды заң шығарушылықтың құрамдас бөліктері тұлғаның құқығы мен еркіндігіне (әлемдік стандарттарға сәйкес), қоғамның еркін өмір сүруінің императивтеріне, қоғамдық қатынастың “адамгершілігіне”, әлуметтік шындыққа, халықтар арасындағы бір-бірімен байланысының тұрақтылығына теңдей сәйкес болуы үшін жауапты. Осыдан туындайтын екі: легитимділік пен заңдылық түсініктерін ажыратамыз. Егер заңдылық юридикалық нормаларының талаптарына сәйкес іс-әрекетпен өлшенсе, онда легитимділік құқықтың мәні заңмен сәйкестігін көрсете отырып, заңның қоғам тіршілігінде объективті бастамасын бейнелеп, туындатуы арқылы адамдардың сеніміне қол жеткізуді жүзеге асырады. Құқықтық реттеуде әлеуметтік аспект “принципталды”.
Құқықтық реттеудің негізі мен түбірін нормативті аспект құрайды.
Нормативті аспект- қоғамға қажетті белгілі бір іс-әрекеттерді енгізу мен адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін нормаларын (ережелерін) шығару мен юридткалық (мемлекеттік органдар актілерінде) бекітілуі. Мұндай ережелер мақсаттары мен мазмұнына сәйкес әр түрлі қабылданады: кейде еркіндікті шектейді, бірақ көбінесе адамдардың қарым-қатынасын реттеуде кеңесші мен көмекші болады. Құқықтың қатар тармақтарының нормалары, мысалы: еңбек, отбасы, жер, тұрғын үй және тағы басқаларда іс-жүзінде ешқандай шектеулер жоқ. Керісінше, қоғамдық өмірді жасауға, жақсартуға, рационалды шешім қабылдауға жол ашады.
Мемлекеттік биліктің бекіткен және рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелерінде үш негізгі элементті атап көрсетуге болады:
1. Гипотеза-өмірде әрекет ететін шарттарды, пысықтауыштарды, қарым-қатынастарды көрсететін норманың бір бөлігі.
2. Диспозиция-жүріс-тұрыс ережесінің мағынасын, мазмұнын айқындайтын норма бөлігі. Ол дегеніміз әрекет субъектілерде туындайтын юридикалық құқықтары мен міндеттері.Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. (1)
3. Санкция-гипотеза мен диспозицияға сәйкес нормалардың сақталмауына (бұзылуына) байланысты мемлекеттік билікпен қолданылатын шаралардан тұратын норманың бөлігі.Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.
Сондықтан құқықтық реттеудің нормативті реттеудің аспектісінің сапсы көбінесе құзырлы мемлеккетік органдардың юридикалық жүріс-тұрыс нормаларын тұжырымдағанына байланысты. Барлық уақытта кез келген юридикалық құжатта норманы енгізгенде (орналастырғанда) түсінікті, нақты мағынасы, талабының негіздемесі болу керек.
(1) ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы
Юридикалық нормаларды шығаруда және бекітуде ең басты үш жайтты ескеру қажет:
• Жүріс-тұрыс ережелерінің көбісі (қаржы, материалды және кадр мәселесіндегіні алып тастағанда) адамның өміріндегі проблемаларын тікелей шеше алмайды.
• Ережелер адам өміріндегі проблемаларын шешудегі жүріс-тұрысы мен әрекет ету механизмін (моделін) ұсынады және осы мақсаттарда іс-жүзінде қолданғанда ғана өзінің арнауын іске асырады.
• Норма шығарушылық әрекетте жүріс-тұрыс ережелерінің актуализациялау мен нақтылау арқылы проблемаларды шешуге тырысу.
Жүріс-тұрыс ережелері міндетті түрде практикалық аспектісі болып саналатын өмірдегі шынайы әрекеттерден құралған нормаларды қамту қажет. Кез келген юридикалық норма ұйымдық-мемлекеттік құрылымына сүйене отырып мумкіндіктерімен қамтамасыз етіледі. Құқықтық реттудің практикалық аспектісі ең қиын да, қилы. Себебі, оның ауқымдылығы мен тұрақтылығы құқықтық реттеу фактісі дәлелдейді. Құқықтық реттеудің практикалық аспектісі нақты жүріс-тұрыс ережелерін мағынасына сәйкес іс-әрекеттің іске асырылғанға байланысты орнығады.
1.2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу бұл-мемлекеттік органдарды ұйымдастыруда және олардың қызмет ету ережелерін бекітудегі мемлекеттің іс-әрекеті. Оның пәні ерекше, себебі басқару процесіндегі мемлекеттік биліктің құралы, әдісі және процедурасы юридикалық анықтамасымен байланысты. Мемлекеттік органдардың басқару іс-әрекеттері мен ұйымдық құрылымын, қызметін, мақсатын реттеумен айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеудің пәні болып саналатын мемлекет пен қоғамдық шындықтың кейбір аспектілерін көрсетуге болады:
• Мемлекет(оның органдары) пен қоғам азаматтары арасындағы қатынас. Одан мемлекеттік-басқарушылық әсер ету (мемлекеттік аппарат арқылы қоғамды басқару) туындайды. Мұнда мемлекеттік басқарудағықұқықтық механизмін объективизациялау мен объективация басты рөлді атқарады.
• Мемлекет ішіндегі қатынас, оның органдарының арасындағы мемлекеттік биліктің болуы мен олардың жүргізуі. Мұның негізгі мәселесі мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі (статусы) мен басқару сферасы.
• Адамдар арасындағы ерікті қатынастар. Бұлөз мәселелерін шешу кезіндегі мемлекеттік органдарға сүйенген және мемлекеттік басқару процесінде іс-әрекет етушілер (мемлекеттік органдарыкадрлары, мамандандырылған мемлекеттік қызметшілер).
Мемлекеттік басқару тек ғана оған деген басқарылатын объектілерден қажеттілік болғанда туындайды. Сондықтан мемлекеттік басқаруда барлығы заңмен белгіленуі қажет, оның ішінде соған қатысты органдар мен олардың шеңберлерінің шегі.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеудің “ортасында” мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі орын алады. Мемлекеттік орган мәртебесі юридикалық тұрғыда 3 элемент тобынан тұрады:
1. Біріншіден, елдің мемлекеттік органдардың толық жүйесіне кіретін мемлекеттік органның орны мен табиғатын қамтиды. Органдардың заң шығарушылық, атқарушылық, сот биліктеріне (көлденеңнен) немесе федералды қатарына (тігінен) және басқа да жүйе басты атқарушылық билікке жатуы оларды құқықтық мәртебесін тұжырымдауға негіздейді. Сондықтан да мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі сол органдардың жүйесіндегі алатын орнын, табиғатын көрсетеді.
2. Екіншіден, құқықтық мәртебенің негізгі бөлігі-мемлекеттік органның құзырлығы. Ол бөлек басқарылатын объектілерге қатысты жалпы басқарушылық функциялары мен мемлекеттік органдарының құзіретінің юридикалық көрінісі. Мұнда, нақты мемлекеттік органдарының басқарушылық функцияларының жиынтығы; соған сәйкес құзіреті; құзіреттің құрамы; басқарушылық функцияларының формалары мен әдістерін қамтитын құзірет құрамы; басқарылатын объектілер немесе қызмет атқарудағы бөлек мәселелер (аспектілер) тізімі.
3. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін, ұйымдық құрылымын, юридикалық бекітілуін және де оның формасының, әдісінің және пролцедурасының қызмет етуін қарастырады.
Түгелдей мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрамдас бөлігіне: мақсаттары, қызметі, процедуралары, операциялары және көптеген мемлекеттік басқарудың элементтері құрайды. Бұл негізінен басқару институтттарын реттеу.
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне сәйкес, оның өзіндік әдістері бар. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз-мемлекеттік аппарат құрамындағы әлеуметтік басқарушылық жүйеге, әлеуметтік-құқықтық сферасы мен оның құрамдас бөліктерінің элементтеріне түгелдей юридикалық амалдар, құралдар, шаралар арқылы әсер ету.(1) Құқықтық реттеу екі жайтпен сипатталады:
- Құқықтық реттеу субъектісі (бастауы), бұл сәйкесінше қажетті құқықтық нормаларды шығарушы құзіретті орган;
- Құқықтық нормалардың мағынасы мен мазмұны .
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің субъектісі басқару облысындағы құқықтық нормаларды шығаруға белгілі бір мемлекеттік органның мүмкіншілігіне, сипатына және әрекет ету шеңберін белгілейді. Осыған байланысты:
• Орталықтандырылған, императивті реттеу (субординация әдісі). Мұнда жоғарыдан төменге қарай реттеу құзырлық шеңберінде және юрисдикциялық объектісіндегі мемлекет билік органдарының түгелдей не оның субьектілеріне әкімшілік-императивті түрде іске асырылады.
• Орталықтандырылмаған, диспозивті реттеу (координациялық әдісі). Мұнда құқықтық реттеу келісім, шарт, ортақ акт қабылдау бірнеше мемлекеттік биліктің органдарымен төменнен инициативаны қолдау арқылы жүзеге асырылады.
(1) Сорокин В.Д. Методы правового регулирования: Теоритические проблемы М., 1976 с.84
(2) Алексеев С.С. Общая теория права М., 1981 с.295
Құқықтық нормалардың мағынасы мен мазмұны басқарушылық процестің жүруін анықтайды. Ол басқарушылық қарым-қатынастағы қатысушыларға құқықтық норма арқылы әсер ету мәнінен тұратын құқықтық реттеу амалына тәуелді. Жалпы құқықтың әдістерін былайша ажыратады:
- Позитивті міндеттеу – белгілі бір жағымды іс-әрекет жасауға тұлғаларды тікелей міндеттермен жүктеу.
- Тиым салу – белгілі бір іс-әрекеттерді жасамауға тұлғаларды жуктеу.
- Рұқсаттылық – тұлғаларға өзінің активті іс-әрекетіне құқық беру.
Барлық айтылып кеткен амалдар мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуде қолданылады және оны мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесінде табуға болады.
Сонымен, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні болып мемлекеттік-құқықтық институтттар (элементтер) мемлекеттік-басқарушылық әсерді туғызып және жүзеге асырылуын қамтамасыз етілумен байланысты санасы, жүріс-тұрысы, және адамның іс-әрекеті болып саналады.
Құқықтық реттеудің әр түрлілігі мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесіне және олардың қызмет ету роцесінің анықталуына, бағыт ұстанушылықты, рет-реттілікті қамтамасыз етеді.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?