Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқару

 Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқару

Мазмұны
Кіріспе........................................................................................2
1. Мемлекеттік ба сқарудың теориялық астары.....................5
2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі......8
3. Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізі...................11
4. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері........................................17
Қорытынды.............................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................26

Кіріспе
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия – табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, обьективті және субьективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану – қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әртүрлі әлеуметтік, кәсіби және басқа да топтарымен өзара байланыста және қарым-қатынаста қарастырады.
Саясаттану – мемлекетті ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғысынан қарастырады.
Экономикалық теория – мемлекеттік басқарудың рөлін экономикамен байланыста қарастырады. Ал мемлекеттік басқару теориясы мемлекеттік басқару мәні мен проблемаларын, оның заңдарын, қағидаларын, нысандары мен әдістерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін қарастырады.
Аталған ғылымның зерттеу саласы мемлекет, саясат, мемлекеттік басқару, билік сияқты негізгі түсініктерді қамтиды. Осы пәннің негізі саналатын концепция саясаттың, құқықтың,басқару мен биліктің өзара байланысынан туындайды. Басқару арқылы билік жүзеге асырылады, ол құқыққа және саясатқа сүйенеді.
Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс- әрекетін құқықтық реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси-заңдық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай мемлекеттік басқару мемлекетті тұтас қоғамға жалпы ықпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылғандықтан, бұл әлеуметтік ғылым. Осыларға орай мемлекеттік басқару теориясы - саяси- құқықтық және әлеуметтік ғылым.
Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны – қоғамды басқару институты ретінде мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси- құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет ( мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекетті басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар); мемлекеттік билік (саяси, әкімшілік, экономикалық және т. б.); басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-құқықтық реттеу); басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативті-құқықты);
- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару заңдылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;
- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезеңдері бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мелекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
- басқару қызметі мен қатысушыларының қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік, басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру және орталықсыздандыру және басқару;
- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық- әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани- идеологиялық басқару.
Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық ( тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастар), саяси және рухани дамуын басқару.
Басқарудың қоғамдық құбылыстарды қамту көлемі мен сипатына байланысты: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, ұлттық экономиканың өрістері мен салаларын басқару, кәсіпорын, ұйымдарды, фирмаларды басқару және т.б.
1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Мемлекеттік басқарудың өзіне тән ерекшеліктері оны басқа басқару түрлерінен ерекшелеп тұрады. Ондай ерекшеліктер үшеу. Мемлекеттік басқаруда, осы аталған басқару түрін жүзеге асыратын оның субъектісі – мемлекет. Мемлекет анықтамаларының айырмашылығына және оның көп қырына көрініс табуына қарамастан барлық зерттеуші- ғалымдар бір ауыздан онда шоғырланған билік күшін атап өтеді. Мысалы М. Вебер: «мемлекет дегеніміз адамдардың легитимді күш қолдану арқылы екінші бір адамдарға үстемдік етуі» - деп жазған. Қоғамда адамдардың тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін және оған мәжбүрлеу арқылы қол жеткізетін мемлекттік құрылым туралы пікір қалыптасты. Қазіргі заманғы философиялық энциклопедиядамемлекет «адамдардың біріккен іс-әрекеттерінің нәтижесінде, үкімет қызметінің нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын, қандай да бір салада қоғамдық істерді тәртіпке келтіретін үстемдік ету құрылымы ретінде түсіндіріледі». Осыдан мемлекеттің мемлекет болып табылатындығы да, оның қоғамдық құрылымдардан айымашылығы да сол, онда адамдарға қатысты мемлекеттік билік шоғырланған және ол қоғамда жүзеге асады. Ал билік өзара байланысты білдіреді, оның процесі кезінде адамдар материалдық, ақпараттық және басқа да себептермен өз еріктерімен немесе күш қолдану арқылы басқалардың үстемдігін, сондай-ақ мақсатты, нормативті нұсқауларды мойындайды, солардың талаптарына сай іс-әрекетттер жасайды, өз өмірін құрады. Мысалы: отбасында да, адамдар тобында, ұжымда, сол сияқты салт-дәстүрде, қоғамдық пікірде де билік болады, бірақ бұның бәрін біз мемлекеттік басқарумен салыстыра алмаймыз. Өйткені мемлекеттік билік құқыққа негізделген, ал оны жүзеге асыру күштеу құралдарына ие болып отырған мемлекеттік аппарат күшінде. Сондықтан мемлекеттік басқаруда оның басқарушылық әсері мемлекеттік билікке сүйенеді және сол арқылы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік басқарудың екінші ерекшелігі оның барлық қоғамға, тіпті одан тыс, мемлекеттің халықаралық саясатын жүргізу шеңберінде басқа адамдардың қоғамына таралуы. Көп жағдайда бұл тезис мемлекет адамдардың барлық іс-әрекеттеріне араласады, олардың өзара қарым – қатынастарын басқарады деген сияқты түсінбеушіліктер тудырады. Тек тоталитарлық мемлекет қана осыған ұқсас істерді жасаүға тырысты, оның өзінде де қоғамға мүлтіксіз бақылау орнатуға мүмкіндік болмағандықтан оны жүзеге асыра алмады. Қоғамда әрқашанда аз болса еркіндік болады. Мемлекет пен қоғамның өзара байланысының қалыпты варианты адамдардың қоғамдық іс- әрекеттеріне еркіндік, өзін-өзі басқару, дербестік тән екендігін көрсетеді. Бірақ осы еркіндіктің, дербестіктің, өзін-өзі басқарудың шегі қоғамдық институттармен қатар мемлекетпен де анықталады. Тек мемлекет қана адамдардың қоғам өмірінің барлық саласындағы іс- әрекетінің негізгі жалпы ережелерін заңдар арқылы белгілейді және оларды қатаң сақтауды өзінің билік күшімен қамтамасыз етеді. Көп жағдайда мемлекет міндетті түрде еркіндікке қарсы тұрады және басқару тек қана шектеулер, тыйым салу, жазалау алып келеді деп саналады. Және мемлекет қоғамдық процестерді неғұрлым аз басқарса, қоғам мемлекеттен еркін болса, соғұрлым адамдарға да жақсы болады және қоғамдық проблемалар тез шешімін табады деп саналады. Алайда үлкен тарихи тәжірибе «әділдік» заң арқылы, идеалды заң негізінде, құқық негізінде жүзеге асу керек деген қорытынды жасалынған. Адамның еркіндігі оның өзі өмір сүріп жатқан мемлекетте қабылданған заңдар іс жүзіне асырылған кезеңнен басталады. Сонымен, қоғам, адамдардың мемлекетке қарсы күрес жүргізбей, құқықтық- демократиялық мемлект үшін күресуі қажет. Еркіндікке мемлекетпен бірге, соның көмегімен қол жеткізген жөн. «Мемлекеттік басқарудың барлық қоғамға таралу» проблемасы мемлекеттің қоғамның қандай да бір саласынан «кетуімен», саланы басқаруды тоқтатуымен, кез-келген поцестердің ұйымдастырудан бас тартумен шектелмейді. Бәрі де қоғамның даму жағдайымен, оның өзін -өзі объективті реттеуіне және басқаруына, адамдардың нақты тәртіптеріне байланысты. Оның үстіне қоғамның әрбір саласы мен адамдарды тәртіпке келтіру, ерік пен іс- әрекет бостандығы мемлекеттік басқарудың жалпыға міндетті және заң жүзінде бекітілген тәртіп ережелерін қаншалықты қатаң сақтай алатындығымен тікелей байланысты. Болашақта мемлекеттік басқару өзінің бүкіл қоғамға әсер ету қасиетін сақтай алады деп ұйғаруға негіз бар. Бірақ оның әсерінің ауқымы, терң тамыр жаю, сипаты мен мазмұны бүкіл қоғамның даму жағдайына қарай үнемі өзгеріп отырады. Сонымен бірге оо өзінің ұйымдастырушылық, реттеушілік және мақсатты бағытталған әсерін тигізетін процестермен, құбылыстармен, қатынастармен өзара байланыста болуға бейім.
Мемлекеттік басқарудың өзіне тән үшінші ерекшелігі. Мемлекет күрделі және көп қырлы қоғамдық құбылыс бола отырып және басқару субъектісі ретінде басқаруға жүйелілік сипат береді. Басқарудың басқа түрлеріне қарағанда мемлекеттік басқару бұл ерекшелігінсіз жүзеге аспайды. Онда миллмондаған адам, көптеген мемлекеттік органдар және басқа құрылымдар, ал құрылымдарда лауазымды тұлғалар жұмылдырылған. Мемлекеттік басқаруда әртүрлі материалдық, қаржылық және интелектуалдық ресурстар мен ауқымды ақпараттар қолданылады. Ол бсақарушылық шешімдер мен ұйымдастырушылық амалдардан тұрады.
2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
Мемлекеттік басқару объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теоиясын негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу – мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсүнуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі- мемлекет, ал объектісі – қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет ( өйткені мемлекет ұғымына әртүрлі анықтама беруге болады): субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси- құқықтық институт ретінде мемлекетті қарастырамыз ба? Деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси- құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.
Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұнақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды таңдаулы тұлғалар – көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.
Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі бір жақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымдық қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатысатынына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.
Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?