Ветеринария | Мал дәрігерлік энтомология
Мазмұны
Кіріспе............................................................... 7
Жылқы ринэстрозы.................................................................................... 8
Дауа шаралары.......................................................................................... 11
Мал дәрігерлік энтомология.................................................................... 13
Бөгелек балаң-құрттары қоздыратын аурулар....................................... 18
Гиподерматоз (сәйгел, оқыра)................................................................. 19
Өзіндік жұмыс........................................................................................... 29
Қорытынды................................................................................................ 30
Қолданылған әдебиеттер........................................................................... 31
Кіріспе
Мал дәрігелік энтомология-жануарлардың денсаулығына зиян тигізетін жәндіктерді және олармен күрес шараларын зерттейді. Жануарлар денсаулығына жәндіктер өз зиянын бір жағынан эктопаразиттер ретінде тигізсе, екінші жағынан – жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Кейбір жәндіктер ішқұрттардың дамуында аралық ие, ал басқа біреулері мал өнімдерін бүлдіреді. Жәндіктер тудыратын аурулар – энтомоздар деп аталады.
Жәндіктердің дене құрылысы. Жәндіктер денесі 3 бөлімнен құралған: оған бас, кеуде және құрсақ жатады. Денесі, бунақталып келіп, сыртынан хитинді қабыршақпен жабылған, ол сыртқы әсерден қорғаумен қатар, қаңқа міндетін де атқарады.
Жәндіктер басы кеуде бөлімімен қозғалмалы түрде тіркеседі. Басы 6 буыннан құрылып, бас сүйек қорабын түзейді. Басында ауыз мүшелері мен 2 мұртшасы (антенна) бар. Мұртшалары көздерінің ортасында, бастың алдыңғы жағына орналасқан және бірнеше буыннан құралған, қозғалмалы. Ол иіс сезу және сезімталдық қызметін атқарады. Мұртшалардың құрылысы әртүрлі болғандықтан, оның ерекшелігін жәндіктердің түрлерін анықтағанда пайдаланады.
Ауыз мүшелері бастың алдыңғы және астыңғы жағына орналасқан. Олар жоғарғы еріннен, 3 пар ауыз немесе жақтардан және жұтқыншақ астынан құралған. Тамақтану түріне байланысты жәндіктердің ауыз мүшелерінің кеміргіш, сорғыш немесе тікенекті сорғыш түрлері бар.
Жылқы ринэстрозы
Ринэстроз – Oestridae тұқымдасына, Rhinoestrus туысына жататын кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаң құрттары қоздыратын жылқының энтомоз ауруы. Ауруға шалдыққан жылқының кеңсірік, маңдай қуыстары кілегей қабықтары қабынады, алқым және шықшыт бездері ісінеді, жылқы арықтайды және жұмыс қабілеті төмендейді, ал кейде өлім-жітімге шалдығады.
Қоздырғышы. Қазақстанда жылқының ринэстроз ауруын танау бөгелектерінің екі түрі қоздырады: Rhinoestrus purpureus және Rh. laiifrons.
Rh. purpureus – ақбас, қоңыр, орыс бөгелегі деп аталады. Имаго кезеңінде дене тұрқы 8-12 мм, жылтыр қоңыр түсті, денесінде түгі аз, арқа жағында бірен-саран сүйелдері бар. Басы үлкен және жылтыр. Күрделі көздері ұрғашыларында бір-бірінен алшақ, ал еркегінде жақындау орналасқан. Мұртшалары қысқа, арнайы шұңғылдардан таралған. Ауыз мүшелері жетілмеген. Кеуде бөлімінің арқа буылтықтарға бөлінген төрт қара жолақтары бар. Құрсақ жағы сопақ-жұмыртқа тәрізді, сыртын жылтыр қара сүйелдер қаптаған. Құрсағының асты ақ түсті, қанаттары мөлдір, түп жағында үш қара нүктесі бар. Аяқтары қысқа.
I сатыдағы балаң құрттардың дене тұрқы 1-3,5 мм, денесі арқадан құрсаққа қарай жалпиған. Тікендері негізінен құрсақ жағында. Бастапқы буылтығында ауыз ілгектері орлаласқан. Олар ұзын, имектелген ұштары өткір, ашық-қоңыр түсті, екеуінің түп жағы жақындасып келіп қайта тарқайды. Осы құрылысына орай ілгектер иесінің ұлпасына терең еніп, онда жақсы бекінеді. Ілгектер арасына балапан-құрттардың аузы орналасқан. Әр буылтықта 2-3 қатар тікендері, ал бүйір жақтарында 4-5 ұзын түктері бар. II сатысындағы балапан-құрттар құрылысы жағынан III сатыдағы балапан-құрттарға ұқсас, бірақ олардан кішірек.
III сатыдағы балапан-құрттардың дене тұрқы 200 мм. Денесінің арқа жағы шығыңқы, құрсақ жағы тегіс. Бас жағында сезгіш екі төмпешігі және ауыз ілгектері бар. Буылтықтардың астыңғы жағы тікендермен қаруланған. Арт жағында екі тыныс тесігі бар, олардан кеңірдектер басталады.
Rh. latifrons – келте бөгелек, имаго кезеңінде дене тұрқы 11-13 мм. Дене құрылысы жағынан ақбас, яғни қоңыр бөгелекке ұқсас. Денедегі жолақтары қызыл-қоңыр түсті. III сатыдағы балапан-құрттардың денесі жалпақ.
Қоздырғыштың өсіп-өнуі. Жылқының танау қуыс бөгелектері жылдың ыстық кезеңінде, күннің ысып, әбден жылынған сағаттарында ұшады. Салқын ауа райына олар өте сезімтал. Бөгелектер жер бетінен көтеріңкі заттарда отырып дем алады. Олар жыныстық қатынас арқылы ұрықтанады. Ұрықтанған ұрғашы бөгелек екі аптадай қозғалмай отырады. Бұл уақытта оның жыныс бездерінде балаң құрттар өсіп-жетіледі. Ұрғашылары I сатыдағы балаң құрттарын жылқының танауына жақын келіп бүркіп жібереді. 2-3 апта ішінде бөгелектің бір ұрғашысы 700-800-ге жуық балапан-құрт шашады.
Танау арқылы жылқының және т.б. тақ тұяқтылардың кеңсірігіне енген I сатыдағы балаң құрттар алғашында мұрын қуыстарында, кейінірек көмейде, тор сүйектің иірлерінде және маңдай қуыстарында өмір сүріп, II және III сатыдағы балаң құрттарға айналады. Бас қуыстарында олар 8-9 айдай өмір сүріп, күн жылыған соң III сатыдағы балаң құрттар жерге түсіп, топырақтың үстіңгі жағына еніп, қуыршақтанады. Қуыршақ кезеңі ауа райының жағдайларына байланысты 30-45 тәулікке созылады, сонан соң қуыршақтың қақпақшасы ашылып, оның ішінен имаго немесе қанатталған ересектері шығады. Республиканың оңтүстік-шығыс алқаптарында қуыс бөгелектері жылына екі ұрпақ беріп үлгереді.
Эпизоотологиялық деректер. Жылқы ринэстрозы Қазақстанның – далалы, шөлейтті, шөлді алқаптарында және тay етектеріндегі жылқы өсірілетін шаруашылықтарда кездеседі. Жылқыдан басқа қашыр, құлан, есек те зақымдалады. Ауру энзоотия түрінде байқалады. Бөгелектер июнь айында пайда болып, бүкіл жаз бойы ұшып, ауру таратады. Ұрғашылары небәрі 30-40 күн өмір сүреді. Оңтүстікте бөгелектердің жылына 2 ұрпағы дамиды. Ауру жас және кәрі жылқыда, әсіресе әлсіреген жануарларда жиірек кездеседі.
Патогенезі. Танау бөгелегі балапан-құрттарының латогендік әсері –олардың санына және жылқы организмінің төзімділігіне байланысты. Балаң құрттар өздерінің тікендерімен, ауыз ілгектерімен және т.б. бас қуыстарының кілегей қабықтарын зақымдайды. Соның салдарынан катаральді және катаральді-іріңді қабыну құбылыстары байқалады. Ринит, ларингит, фронтит, гайморит сияқты аурулар пайда болады.
Ауру белгілері. Бөгелектер жылқы маңында ұшып жүргенде-ақ мал тынышсызданады, жиі пысқырады, басын шұлғып мазасызданады. Кейде жылқы оттамай, бәрі бір жерге топтанып танауларын бір-бірінің жал-құйрығына тығып тұрып алады. Аурудың клиникалық белгілері балапан-құрттардың санына байланысты. Ринитке шалдыққан жылқы танауларынан кілегейлі қан жолақтары аралас жалқаяқ шығады. Танауды рефлектормен зерттегенде оның кілегей қабығында қызыл шақа уылған жаралар және тыртықтар көрінеді. Торлы сүйектің иірлері қабынғанда танаудан шыққан ауа сасық иісті болады. Алқым және шықшыт бездері үлкейген. Жұткыншақ пен көмейдің қабырғалары зақымданса, мал жұтына алмайды, жылқыны суарғанда су танауларынан қайта шығады. Танауларынан қан ағуы да мүмкін. Кейде жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ауру жылқы селсоқтыққа ұшырайды немесе қатты тынышсызданады.
Өлекседегі өзгерістер. Өлген жылқының басын жарып тексергенде – маңдай қойнауынан, кеңсірігінен балаң құрттар табылады. Кілегей қабықтары қабынған, қарайып-қызарыңқыраған, әр жерінде уылған жаралар кездеседі. Уытты жаралар түбінде іріңді, ірімшік тәрізді зат бар.
Диагнозы аурудың белгілері мен эпизоотологиялық деректеріне және кеңсірік пен жұтқыншақта балапан-құрттардың табылуына негізделеді. Ринэстрозды маңқадан, сақаудан, гастрофилезден және тыныс жолдары ауруларынан ажырата білу керек.
Емі. Кеңсірік ішін шаю үшін 2% хлорофос ерітіндісі қолданылады. Әр малға 50-100 мл мөлшерінде ерітінді жұмсалады. ДДВФ дәрісін де қолдануға болады. Әрбір жылқының танауына ДДВФ-ның 2% вазелин майындағы сүртпесін 3-5 тәулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет.
Жылқыны топтап емдеу үшін ДДВФ, хлорофос аэрозолі жақсы нәтиже береді. Емдеу уақыты – бір сағат. Бұл дәрілердің 40-60 мг әр 1 м3 жерге шашады.
Дауа шаралары.
Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымға әp жерден еліктіргіш қалқаншалар қойылып, оларды 10% гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта болуы керек. Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай ойысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі.
Шаруашылыққа тыстан әкелінген жылқыны карантинде ұстап, ринэстрозға қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға қосуға болады.
Цефалопиноз түйенің кеңсірігінде, жұтқыншағында, тор сүйектің иірлерінде өмір сүретін Oestridae тұқымдасына жататын Cеphalopina titillator деп аталынатын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздыратын созылмалы ауру. Қазақша аты – құмыр. Бұл ауру Қазақстанның Оңтүстігінде және Оңтүстік батысында түйелі аймақтарда кездеседі.
Қоздырғышы. Құмыр ауруын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздырады. Олар жәндіктер тобына (Іnsecta) қосқанаттылар тегіне жатады. Түйе бөгелегінің дене тұрқы 8-11 мм. Денесі – бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Түйе бөгелегі ашық-қоңыр түсті. Басы ірі, сары түсті, маңдайы сары-сұр түсті. Көздері күрделі, мұртшалары қысқа. Ауыз мүшелері дамымаған. Кеудесі қоңыр күл түсті қызыл, қоңыр дақтары бар. Аяқтары сарғыш, қанаттары қоңыр. Құрсақ бөлімі ақ күміс түсті бозамықпен жабылған. Құрсақ бөлімінің арқа жағы түбінде трапеция тәрізді қара дағы бар.
I сатыдағы балаң құрттарының дене тұрқы – 0,72 мм. Бас тұсында аузы және нашар дамыған екі ауыз ілгектері бар. Әр буылтықтың астыңғы жағы тікенекті. Олар мұрын қуысы иірлерін мекендейді.
II сатыдағы балаң құрттар ақ түсті. Денесі ұршық тәрізді, арт жағы сүйірлеу. Дене тұрқы 0,8-1,7 см, ені 2-3,5 мм. Перитремалары дөңгелек, сары түсті. Жаңа жетіліп келе жатқан ауыз ілгегі және тікендері бар.
ІІІ-сатыдағы балаң құрттардың ұзындығы 32 мм, ені 9 мм, денесі 12 буылтықтан құралған. Пішіні цилиндр тәрізді, алдыңғы жағы кішкене кеңірек, сары-сұр түсті. Бас буылтығы қысқа, онда орақ тәрізді иірілген екі ірі, қара түсті ауыз ілгектері бар. Әр буылтық тікендері жақсы дамыған. Ең соңғы буылтығында перитремалары, яғни тыныс алаңы бар, олардың түсі қара-қоңыр, пішіні бүйрек тәрізді.
Түйе бөгелегінің өсіп-өнуі. Түйе бөгелегінің қанаттанып ұшуы және жануарларға шабуылы мамыр-маусым айларында басталады. Бөгелектің ұрғашылары жыныстық түрмен ұрықтанғаннан кейін балапан-құрттары жетілу үшін бірнеше күн қозғалмай отырады. Әр аналығы 800-900 дана I сатыдағы балапан-құрт шығарады. Бөгелектің аналығы ұшып жүріп, түйе танауына 20-30 балапан-ұұрт бүркіп жібереді. Алғашқыда олар мұрын қуысында, кеңсірікте дамып, одан әрі бастың жоғарғы қуыстарына жылжиды. Бас қуысында 5-9 ай бойы балапан-құрттардың II және III сатылары өсіп жетіледі. Өсіп жетілген III сатыдағы балаң құрттар қозғалғыш келеді. Тікендері және ілгектерімен кілегей қабықтарды тітіркендіріп және жарақаттайды. Түйе пысқырады және жөтеледі. Жетілген III сатыдағы балаң құрттар танауға жақындап жерге түседі. Жерге түскен балаң құрттар топырақтың үстіңгі жағына көміліп, 5-6 сағаттан соң қуыршаққа айналады. Қуыршақ кезеңі 14-41 тәулік. Тіршілігіне қолайлы жылдары түйе бөгелегі жылына екі peт ұрпақ береді.
Мал дәрігерлік энтомология
Энтомология (грекше – entomon – шыбын-шіркей және logos – ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым. Ол бірқатар арнайы пәндерге бөлінеді. Оған жалпы энтомология-теориялық ғылыми пән, ауыл шаруашылық және орман энтомологиясы – ол пайдалы жәндіктерді зерттеумен қатар, өсімдіктерге зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын әдістерді зерттейді, сондай-ақ медициналық және мал дәрігерлік энтомологиясы болып бөлінеді.

Ауыз мүшелері бастың алдыңғы және астыңғы жағына орналасқан. Олар жоғарғы еріннен, 3 пар ауыз немесе жақтардан және жұтқыншақ астынан құралған. Тамақтану түріне байланысты жәндіктердің ауыз мүшелерінің кеміргіш, сорғыш немесе тікенекті сорғыш түрлері бар....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?