Өндіріс | Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделіні
Мазмұны
Кіріспе -------------------------------------3
1. Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы-------------------------------------------------------4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу-------------------------------------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың –экономикалық негіздері.----11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу---------------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі.----------13
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері--------------------------------------------------------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------------------------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы---------24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы---30
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------33
Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------37
Кіріспе
Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру «Қазақстан-2030» стратегиясына және бірқатар заңнамалар негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді. [1]
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыты айқындалған. Осы бағыттардың төртіншісінде: «ҚазАгроның» негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу екендігін атап айтқан. [2] Президент атап өткен проблемалардың мақта саласында тікелей қатысы бар.
Аумақта экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кейбір объективті және субъективті себептерге байланысты мақта шаруашылығы-мен айналысатын өңірдің табиғи –климаттық жағдайы суармалы жердің ерекшеліктеріне мамандандырылуы, тағы басқалар ескерілмеген. Осындай себептердің нәтижесінде мақта кешенінде шаруашылықты ұйымдастырудың біртұтас экономикалық механизмін қалыптастыру баяу жүзеге асырылуда.
Қазақстанның Оңтүстігінде негізінен техникалық дақыл –мақта өсіріледі. Оның жер көлемі 200 мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы ауылшаруашылық өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлес салмағы 40% тең. Ілгергі колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пай үлестері өлшемлерінің негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасты.
Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі болуы, негізгі құралдардың және қаржының , жалпы өнімнің одан алынатын табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізгі болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктерінеде ие емес. Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды. Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен көрсеткіштермен аяқталады.
Ұсақ тауар өндірушілер өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып қалыптасады.
Осындай өндірістік –экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра отырып жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік –экономикалық әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру.
Біздің зерттеулеріміз бен ізденістеріміздің мақсаты- суармалы жерге мамандандырылған мақта шаруашылығындағы ұсақ агроқұрылымдарды біріктіру арқылы оңтайландырудың (ірілендірудің) экономикалық негіздері мен мақта саласындағы типтік шаруашылықтар моделінің жобасын ұсыну.
1. Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау
1.1. Қазақстанның Оңтүстігіндегі мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы.
Қазақстан Республикасының экономикасын диверсификациялаудың яғни әртараптандырудың маңызды саласы - агроөнеркәсіптік кешенді жаңа инновациялық технологиялар негізінде дамыту. Түрлі кластерлер ұйымдастыру арқылы ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдей отырып бәсекеге қабілетті, сапалы да, арзан бағалы дайын азық-түлік, мата, киім-кешек тауарлар өндірісін жүйелі мамандандырудың және қалыптастырудың қажеттілігі артып барады.
Біз қарастырып отырған мәселе - жеңіл өнеркәсіп өндірісінің және сол саланың шикізат базасын құрайтын мақта кешенінің проблемалары мен оларды шешудің жолдары.
Республикалық статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жеңіл өнеркәсіп саласы тұрақты тоқырау жағдайынан шыға алған жоқ. Өнеркәсіп өнімнің жалпы көлеміндегі сала өнімнің үлесі 1-2% құрайды, персонал саны азайған, негізгі қызметтен алынған пайдалылық теріс мәнге ие, мата өндіріс-інің қуатын пайдаланудың деңгейі 22,6% құрайды. 2000-2005 жылдары жеңіл және тігін өнеркәсіптерінде өндіріс көлемі 37,8 млрд –тан 30,7 млрд. теңгеге дейін төмендеген. [12]
Бүгінде жеңіл және тігін өнеркәсібі салалары ішкі рынок сұранысының 7-8% ғана қаматамасыз етеді. Мұның басым бөлігі мемлекеттік бұйыртпа есебінен қорғаныс, ішкі істер тағы басқа құқық қорғау органдарының арнайы үлгідегі киімдері құрайды. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мақта- мата тауарларымен рыноктың ең кемінде 30% қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар мамандардың әртүрлі болжамдары бойынша мемлекетімізде азық-түліктен басқа тауарлар тобы рыногының бір жылдық сыйымдылығы 1,5-3,0 млрд АҚШ долларына тең. Бұл көрсеткіштің жылдан-жылға жоғарылау тенденциясы байқалады. Осы көрсеткіштің жартысы киім –кешек рыногын құрайды.
Ағымдағы уақытта кәсіпкерлердің шеттен алып келінетін жеңіл өнеркәсіп тауарларына жұмсайтын қаржысының мөлшері 1 млрд АҚШ долларынан артық. Жоғарыда келтірілген сандар елімізде мата, киім-кешекке сұраныстың, рынок сыйымдылығының едәуір екендігінің айқындайды. Осы рынокты игеру үшін мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру қажет.
Тарихтан белгілі болғанындай, ХVІІІ ғасырда Ресей мемлекеті өнеркәсібінің дамуы манафактурадан - жіп иіру және мата тоқудан басталған. Тарихшы Л.Миловтың жазулары бойынша «Ресейдің капиталистік қорын жинаудың болашағын қалау жеңіл өнеркәсіптен басталған, бұл сала капиталдың бастапқы қорын жинауға айрықша кезеңге мұқтаж болмастан жедел түрде ішкі рынокты иеленген».
Қытай, Туркия, сондай-ақ Пәкістанда соңғы он жылдағы экономиканың табысты өрлеуіне және халықтың экономикалық реформаларға әлеуметтік тұрғыдан тез икемделуіне жеңіл өнеркәсіптің даму әлеуеті негіз болған, әсіресе өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашудың маңызды рөлі бар.
Қазақстанның Оңтүстік өңірінде осы проблемаларды шешу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өндірісіне мамандандырылған агроқұрылымдардың өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалды.Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар аймақтағы қазіргі қалыптасқан жағдайды сараптауға мүмкіндік береді. [13]
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы шаруа (фермер) қожалықтары, соның ішінде мақта шаруашылығындағылар саны туралы мәліметтер.
1 қаңтар 2005 жыл
кесте - 1
№ Қала,
аудандар Ауылшаруа-шылық құрылымдары-ның саны Соның ішінде
Белсенді шаруа қожалықтарының саны Жұмыспен қамтылған адам саны Мақташы-лықтағы шаруа қожалықтарының саны Мақта шаруашы-лығында қамтылған адам саны
2. Шымкент 60 32 87 - -
3. Арыс 576 529 1627 529 1580
4. Кентау 123 110 351 110 351
5. Түркістан 5563 5535 11903 3568 10740
6. Бәйдібек 1435 1321 2688 350 1040
7. Қазығұрт 3150 3150 4500 105 312
8. Мақтаарал 22547 21527 79406 21527 79406
9. Ордабасы 3806 3650 7041 2107 6321
10. Отырар 1928 1827 7474 1604 4346
11. Сайрам 3886 3650 8219 - -
12. Сарыағаш 7644 7573 11844 3548 10644
13. Созақ 446 449 611 - -
14. Төлеби 2609 2552 5470 - -
15. Түлкібас 3465 3340 6492 - -
16. Шардара 4775 4742 14924 4475 13425
17. Облыс бойынша 60916 60157 159837 37923 128161
Негіз: ОҚО статистика басқармасының мәліметтері негізінде автор құрастырған.
Облыстық статистика басқармасының шаруа (фермер) қожалықтар-ының қызметі туралы мәліметтерінде, облыс бойынша 2005 жыл қаңтар айының 1 жұлдызына 67,1 мың шаруа (фермер) қожалығы тіркелген, оның 60,1 (мыңды), яғни 89,6% белсенді шаруашылықтар қатарына жатады. [13]
Шаруа (фермер) қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал (барлық шаруашылықтың 33,0%), Сарыағаш (11,4%) аудандарында және Түркістан қаласында (10,6%) тіркелген.
2005 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарында 159,8 мың адам жұмыс істеді, оның 49,7% Мақтаарал, 9,3% Шардара аудандарының шаруашылықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожалығында үш адам жұмыс істейді.
Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар мақта шаруашылығында қалыптасқан қазіргі өндірістік жағдайды сипаттайды.
Агроқұрылымдар санаты бойынша егістік көлемі, жалпы өнім және өнім шығымы туралы мәліметтер.
кесте -2
№ Барлығы: 2001 2002 2003 2004 2005 % өсімі
1. Мақта алқабы мың, га 183,9 167,8 196,4 219,3 201,2 109,4
2. Жалпы өнім, мың тонна 417,4 360,7 402,7 467,1 465,0 111,4
3. Өнім шығымы, 1 га-дан центнер 22,7 21,5 20,5 21,3 23,1 101,3
Соның ішінде:
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
1. Мақта алқабы мың, га 28,8 22,8 24,0 20,5 16,6 57,6
2. Жалпы өнім, мың тонна 44,3 31,7 29,6 27,1 22,4 50,6
3. Өнім шығымы, 1 га-дан центнер 15,4 13,9 12,3 13,2 13,5 87,7
Шаруа (фермер) қожалықтары
1. Мақта алқабы мың, га 127,3 116,7 162,3 198
182 143,3
2. Жалпы өнім, мың тонна 315,9 261,5 338,0 428,0 440,2 139,3
3. Өнім шығымы, 1 га-дан центнер 24,1 22,5 20,9 21,6 24,2 100,4
Жұртшылық шаруашылығы
1. Мақта алқабы мың, га 27,8 28,3 13,1 4,4 2,1 7,6
2. Жалпы өнім, мың тонна 57,1 67,4 35,1 11,6 2,4 4,2
3. Өнім шығымы, 1 га-дан центнер 20,4 23,8 26,8 26,4 11,4 55,9
Негізі: ҚР статистика агентінің және ОҚО басқармасының Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы, ауыл (село) дамуының мониторингінің негізінде автор құрастырған.
Жоғарыдағы 2- кестеде келтірілгендей, мақта шаруашылығымен айналысатын ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егістік жер көлемінің кемею тенденциясы байқалады.
2001 жылы 19,6 мың га болса, 2006 жылы 16,6га –ға азайған, сөйтіп тиісінше 84,7% құраған. Яғни, ірі кәсіпорындардан шаруа (фермер) қожалықтарының бөлініп шығу үрдісі аяқталмаған. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарында тұрақты шаруашылық экономикалық жағдайы қалыптаспаған. Сондықтан олардың экономикалық- қаржылық жағдайы айнымалы, жалпы өнімнің төмендеуі орын алған.
Жоғарыдағы үдеріске керісінше шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 127,0 мың гектардан 182,0 мыңға дейін артқан яғни 143,3% га. Бірақ егістік көлемі ұсақталып қалыптасуда, 1 гектардан алынған өнім тұрлаулы және өсу тенденциясы байқалмайды, жылдар бойынша ауытқулар бар 2000 жылы орташа көрсеткіш гектарынан 24,1ц болса, 2003 жылы 20,9 центнерді құраған.
Жұртшылық шаруашылығында мақта алқабының егістік көлемі қысқарған, 2001 жылы 27,8 мың га болса, 2005 жылы 2,1 мың га –ны құраған, яғни 10 еседен астам қысқарған. Мұның себебі үй іргесіне басқа дақылдар (көкөніс, жеміс-жидек) егілген және шаруа (фермер) қожалықтарының құрамына қосылып біріккен.
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіретін агроқұрылымдардың егістік жерлерінің орташа көлемі туралы мәліметтер.
кесте -3
Жылдар
2001 2002 2003 2004 2005 2005 жыл, 2001 га, %
Барлық мақта алқабы, мың га 183,9 167,8 196,4 219,3 201,2 109,4
Агроқұрылымдар саны 23524 28327 34142 37210 37923 167,1
Орташа егістік көлемі, га 7,8 5,9 5,8 5,6 5,1 65,4
Соның ішінде:
1. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының мақта алқабы, мың га 19,6 22,8 24,0 20,5 16,6 84,7
Кәсіпорындар саны 181 167 197 198 205 113,3
Орташа егістік көлемі, га 108,2 136,5 121,8 103,5 81,0 74,9
2. Шаруа (фермер) қожалықтарының
мақта алқабы, мың га 139,1 116,3 162,3 198,0 182,0 130,8
Шаруа (фермер) қожалықтарының саны 23343 28160 33945 36928 37923 167,1
Орташа егістік көлемі, га 6,0 4,1 4,8 5,4 4,8 78,3
3. Жұртшылық шаруашылығы мақта алқабы, мың га 25,2 28,3 13,1 4,4 2,1 8,3
Үй іргесі қожалықтарының саны 60600 62308 31180 9709 6260 10,3
Орташа егістік көлемі, га 0,42 0,45 0,42 0,45 0,34 81,0
Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі негізінде автор құрастырған.
Жоғарыдағы 3- кестеде келтірілген мәліметтер бойынша мақта өсіретін агроқұрылымдар егістік көлемі бойынша ұсақ тауарлы шаруашылықтар болып қалыптасқан. 2001-2005 жылдары барлық санаттағы агроқұрылым-дардың жалпы мақта алқабы 183,9 мыңнан 201,2 мың га-ға артқан яғни 109,4 %, ал орташа мақта алқабы 7,8 га-дан 5,1 га-ға дейін азайған, яғни 34,6%. Соның ішінде ауылшаруашылық кәсіпорындардағы мақта алқабының жалпы көлемі 19,6 мың га –дан 16,6 мың ға қысқарған, яғни 15,3%, сонымен қатар орташа егістік көлемі 108,2 га –дан 81,0 га-ға, яғни 25,1%. Осы кезеңде шаруа (фермер) қожалықтарының саны 23343 -тен 37923- ке дейін артқан, яғни 167%, мұндай үдеріс негізінен шаруа (фермер) қожалықтарының ірі кәсіпорындардан дербес жер және мүлік үлестерімен бөлініп шығуынан қалыптасқан.
Шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 139,1 мың га-дан 182,0 мың га-ға артқан, яғни 130,8%, орташа егістік көлемі 6,0 га-дан 4,8 га –ға кемейген немесе 21,7%, жұртшылық шаруашылығындағы жалпы мақта алқабы 2001 жылғы 25,2 га-дан 2005 жылы 2,1 га –ға яғни 12 есеге қысқарған, үй іргесінде мақта өсіретін қожалықтар саны 60600 ден 6260-қа яғни 10 есеге жуық, орташа егістік көлемі 81% қысқарған.
Жұртшылық шаруашылығындағы мақта алқабының қысқаруы негізінен басқа дақылдар (жүгері, көкөніс, т.б) егу және шаруа (фермер) қожалықтарының бірігуінің нәтижесінде қалыптасқан.
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта саласына мамандандырылған аудандарының суармалы жерлерінде мақта монодақыл болып қалыптасқан. Мақтаарал ауданында басқа дақылдардың құрылымдық үлес салмағы 2004-2006 жылдары 11,8-14,4 % аралығында, Шардарада 14,0-15,6%, Түркістанда 18,0-19,2 % құрады. Мұндай жағдайға мақта өндірісінің жалпы өнімі және оның құны сәйкес келеді.
Жоғарыда келтірілген агроқұрылымдардың кейбір параметрлері бойынша көрсеткіштері олардың шаруашылық- өндірістік деңгейін толық сипаттай алмайды. Өндірістің шоғырлану деңгейі агроқұрылымдарды жалпылама сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіш ресурстарды пайдалану нәтижелерін, өндірістік құрылымдар мен ұйымдастырудың тиімділік деңгейін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мақта саласындағы бір агро-құрылымның орташа жалпы өнімі төмендегі № 4 кестеде келтірілген..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?