Қазақ әдебиеті | М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы

 Қазақ әдебиеті | М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы

Мазмұны
І. Кіріспе...........................................................................................................2
1.1. М.Әуезовтің өмір жолы...............................................................4
1.2. Түбірлі мазмұн, тың пішін...............................................................6
ІІ. Негізгі бөлім: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы
2.1. Ғасырлық туынды – «Абай жолы»...............................................8
2.2. «Абай жолының» эпопеялық сипаты...........................................................................11
2.3. Кейіпкерлер бейнесі........................................................................ 13
ІІІ. Қорытынды............................................................................................. 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................25

І. Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі– Абай болса, ХХ
ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар әуезовтің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру.
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы — бүкіл совет әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік
биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Орыс совет жазушысы К. Федин «Ұлт туралы толық, та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырады, мен енді ғана хош иісті са¬мал өскен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ, болып кеткен тәріздімін...»— деп жазды. Француз жазушысы Л. Арагонның,: «Эпикалық, «Абай» романы... XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі»— деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ, лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман қазақ, совет әдебиетінің зор жетістігі болғанын айғақтайды. Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды.
Ақынның жиырмасыншы жылдардағы шығармалары оның қаламының жылма – жыл төселіп, талантының ұдайы өсіп отырғанын көрсетеді. Тақырыбының ұлғайып, сарынының молайып, ақындық үнінің барған сайын күшейе түскенін аңғартады.
Мақсатым: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық талдап, оқырманға жеткізу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, жеті тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1. М.Әуезовтің өмір жолы
«Қазақстан үшін Әуезов — екінші Абай» (Николай Погодин)
Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез — екеуі де хат танитын сауатты, бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын сарабдал, салиқалы адамдар. Оның үстіне Әуез де, Омархан да Абаймен көңілдес, ауылдары іргелес, сондықтан ақынның айналасымен аралас-құралас тіршілік кешті. Мұның өзі Мұхтардың қаламгерлік қызметінде, керек десеңіз, тіпті, бүкіл таланты мен талайында шешуші рөл атқарған. 1904 жылы дүниеден Абай кетіп, «қазақ поэзиясының күні тұтылған» тұста, жетіге жаңа толған жас Мұхтардың күллі ұлт мәдениетіне ұлы тұлға, алтын діңгек болар болашақ алып суреткер екенін, әлбетте, ешкім біле қойған жоқ-ты. Енді ойлап қарасақ Абай мен Мұхтардың бұл әдеби жалғастығында Пушкин мен Лермонтовтың рухани туыстығындай бір тамаша тұтастық бар екен. Асылы, шын мәніндегі шынайы таланттың әдебиетке, яки өнерге келу
тарихында жалпыға ортақ табиғи заңдылықпен қатар, өзгеге ұқсамайтын оқыс, оқшау құпиялар да болады. Бұл ретте бала Мұхтардың алғашқы сауатын әдеттегі әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашуы-арнайы назар аударарлық нәрсе! 0н бір жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар ауылдан қалаға — немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы біршама ұзақ (1908-1930) сапары басталады. Алдымен, Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл оқиды. Бұл Мұхтар¬дың алаңсыз кітап соңына түскен — орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа классикасымен етене, кең және терең танысқан жылдары еді. Өзі де сөз енеріндегі алғашқы адымын осы тұстан бастап, қысқа-қысқа өлең шағын-шағын әңгімелер жазып жүреді. Оқуда өте ынталы, қабілетті, ізденгіш, еңбекқор, озат шәкірт болады. Семинарияда орыс тілінен сабақ берген Василий Попов бұл туралы былай дейді.— Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі сәнді тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр... Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз. Бұл Қазан төңкерісінен кейін дүниеге келген жаңа өкіметтің алғашқы жылдары еді. Мұхтар Әуезов қаламгерлік еңбекпен қатар бірнеше жыл қоғам өміріне араласып, әуелі Семей облыстық кеңесінде, кейін Орынбордағы Қазақстан Орталық атқару комитетінде ресми қызметтер атқарады да, одан әрі оқуын қайта жалғастырады. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне өз бетімен тыңдаушы болып түседі, бір жылдан соң Санкт-Петербург университетіне ауысып, оның филология факультетін 1928 жылы бітіреді, ақыр аяғында Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасын оқып - аяқтап шығады (1930). Әуезов талантының жан-жақтылығы (жазушы, ғалым, ұстаз) осынау көп ізденудің, мол білімнің нәтижесі екені талассыз.
Жиырмасыншы жылдарда жұртшылық Мұхтар Әуезовтің ғылыми педагогикалық жағынан гөрі әдеби-шығармашылық әрекетін біраз танып
үлгірген-ді. Баспасөз бетінде «Адамдық негізі — әйел,» тағы басқа бірсыпыра көсемсөз, очерктері жарияланады, әңгіме-повестері («Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы») жеке-жеке кітап болып басылады, театр сахналарында пьесалары («Еңлік-Кебек»,«Бәйбіше-тоқал»,«Қаракөз») жүріп жатады. Осыған қарамастан Әуезов өз ісіне өзі қанағаттанбайды, өзінің өнер жолын өзі әлі де болса мезгіл мінезіне, уақыт талабына сай жөндеп өрбіте алмағандай сезінеді.
— Кеңес жоғары мектебін, оның аспирантурасын бітіре тұра, — деп жазады ол өзінің өмірбаянында сол тұстың идеологиялық өктемдігіне
амалсыз мойын ұсынып, — өзімнен-өзім жиі-жиі іштей қайшылықтар, идеялық адасулар, қателіктер тауып жүрдім. Осының өзі өмір-тіршілікке бейтарап қарай алмайтын ойлы адамның әрқашан іздену үстінде, ылғи ірі мақсат соңында жүретін ойшыл азаматтың Лев Толстой айтқандай «ақ адал ғұмыр кешуге ұмтыла жұлқынуы, бұлқына булығуы, ұрынып берілуі, кателесуі әр нәрсені бір бастауы, бір тастауы, қайтадан бастауы, қайтадан тастауы» секілді. Сонымен қатар бұл — шын мәніндегі шынайы өнердің өрбу күрделілігі, өнерлінің өсу қиындығы, шығармашылықтың азабы мен бейнеті. Өнер өмірден туатыны мәлім. Әуезовке біткен өнердің қайнар көзі оның өзі таныған өмір десек, Әуезов ғармашылығындағы ең бір іргелі тақырыптың басы, ірі идеяның бастауы — оның өнер жолының басындағы осынау очерк-эссе. Әйел, әйелге байланысты әсемдік әлемі — әдебиеттің мәңгілік тақырыбы. Өткен ғасырдағы орыс әдебиетінде әлемге әйгілі «Тургенев әйелдері бар десек, қазіргі қазақ әдебиетінде «Әуезов әйелдері» деп аңыздауға болатын жан тебірентер сырбаз, сұлу образдар галереясы жасалды. Дәл осының беташары да Әуезовтың толғанысы —«Адамдық негізі — әйел». Бәрі содан басталған.
1.2. Түбірлі мазмұн, тың пішін 1917 жылдың мамыр айында Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында Абайдың жары Әйгерімнің сегіз қанат киіз үйі әдеттен тыс оқшау тігіледі де, оған тағы бір ақ отау керегелес қондырылады. Мұның өзі бұл өмірде бұрын-соңды болып көрмеген көрініс, дала мінезі емес, қала құлқы болатын. Іргелес екі киіз үйдің бірі — артистер ойын көрсететін театр сахнасы да, енді бірі — сахна сырты — сахнаға дайындық әрі тыныс орны... Осының бәрін ойлап тауып, қолдан істеп жүрген жиырмадағы жас семинарист Әуезов Мұхтар еді. Ол өз шығармашылығының прологі болып табылатын «Еңлік-Кебек» пьесасын сол ауылдан табады, пьесаны жаңағы қолдан жасалған «Қос
отау сахнасына» сол жайлауда қояды. Осы тұстан бастап, қазақ мәдениетінде театр өнері, драматургия жанры пайда болады. Ойқұдық оқиғасының тарихи мәні осында жатыр. «Еңлік-Кебек» пьесасының мазмұны көне — сол Әуезовтің туып-өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды окиға. Бір-біріне жауыққан екі рудың ер жігіті Кебек пен ерке қызы Еңлік бірін-бірі сүйіп қосылғанын екі жақтың да билеуші шонжар-феодалдары кешірмей, өзара қызыл қырғын ерегіске, айтысқа, айқасқа түсіп, бір-бірінен
құн даулап, ақыр аяғында жан түршігер масқара мәмілеге келеді де, тағы ортаның тағылық заңын аттап өткен екі жасты тірідей ат құйрығына байлап, сүйретіп өлтіреді. Екеуінен туған сәби – нәресте таудың шатқалында жалғыз зарлап қала береді. Бұл оқиға ел аузында аңызға айналған. Аңыз, жүз он, жүз жиырма жылдан кейін жарық көрген бір-екі қара сөзге, бірер толғау-дастанға мазмұн болған. Осынау көне мазмұнды Мұхтар Әуезов қазақтардың сөз өнерінде бұрын-соңды болмаған су жаңа _соны пішінге көшіріп, «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазып шыққан. Демек, драматургия — қазақ әдебиетіндегі негізінен Әуезов тудырған жанр деп Сәбит Мұқанов әділ айтқан. 1926 жылы қазақ театрының тұңғыш шымылдығы «Еңлік-Кебекпен» ашылуы да тегін емес. Екіншіден, суреткердің өнер жолы оның өмір жолымен
тығыз байланысты екенін ескерсек, Әуезовтің жарық дүниеге көзін ашқалы көргені, сезгені, білгені, түйгені төңкеріске дейінгі көне ауылдың көне тіршілігі, тағдыры, ақиқаты болса, мұның өзі жазушы шығармашылығындағы өзекті тақырып болып, 1917 жылы басталған «Еңлік - Кебек» трагедиясынан 1957 жылы аяқталған «Абай жолы» эпопеясына дейін қырық жыл бойы желісін үзбей созылып келуі — Әуезовтың әсемдік әлеміндегі заңдылық, өнер өріндегі бірлік пен тұтастық. Осындай заңдылық, бірлік, тұтастық болмаса, Әуезовтің өнері өмірге —өзінің өсіп-өнген топырағына мұншалық терең тамыр тарта алмас еді. Ал тамыры халық тағдырының тереңінде жатпаған жеке шығарманың да, жалпы әдебиеттің де ғұмыры онша ұзақ болмайтынын дәлелдеп жату артық. Үшіншіден, махаббат пен жауыздық — мәңгілік тақырып._Мұхтар Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясын мәңгілік тақырыпқа жазған. Өз шығармашылық өнердің «алтын арнасын» ә дегеннен осылай дәл тапқан. Әуезов мұны енді өзінше қас шеберлікпен, білімімен, мәдениетпен ұштастырғанда «өзек толы
ақ жалынға», маздаған отқа, қоздаған шоққа толы ақынға айналған. Ал «ақынның оты өз дәуіріндегі жалынымен» жалғасқан жерде. Тырнақ алды туындысының тамырлы тақырыбын өзі білетін өмір ақиқатынан ойып алған Әуезовтің енді осы мазмұнға көркемдік қасиет дарытып, тақырыпты идеялық жағынан игеру әрекетінде де айтарлықтай нұсқалық бар. Талант құдіреті не істемейді? Тілсіз сезімге тіл де бітіреді. Абыз сөзін оқыған жай адамның өзі сол бойда тура артист болып кете жаздайды.
2.1. Ғасырлық туынды – «Абай жолы» Әдебиеттің әрбір тартымды туындысы суреткердің тақырыпты жан-жақты менгеруі, көп ізденуі, ұзақ еңбектенуі нәтижесінде жасалады. Сондай-ақ М. Әуезов те ұлы ақын Абай өмірі мен творчествосын кең де кемел зерттеген, роман жазарға дейін мол көркемдік ізденіс сатыларын бастан өткізген еді. М. Әуезовтың Абай шығармаларын жаттап сауат ашуы, ол шығармалар туған орта мен шындықты бала жасынан көріп, біліп өсуі болашақ романға негіз салған алғашқы әсер деуге болада. Жазушы ұлы ақынның көп өлеңдерінің қандай себептен туып, кімдерге арналғанынан да жастай таныс еді. Ал «Абай жолында» суреттелген оқиғалар мен кейіпкерлер іс-әрекеті де көбінше жазушының құлағына ерте сіңген әңгімелер желісіне құрылды. Мәселен, романның, бірінші кітабында көрсетілген Қодар мен Қамқаның тарихы да, романның өзге тарауларындағы сүйекті оқиғалардың қай-қайсысы да өмірде болған, ел ішінде айтылып келген әңгіме-аңыз дерегіне негізделген. Жазушының бұған дейінгі жазылған шығармаларында сурет¬телген кейбір сарындар кейінен «Абай жолына» өзгертіліп, кеңейтіліп пайдаланылды, «Үш күн» (1934) деген әңгімесіндегі Талпақ пен Сарыауыздың, оқиғасы романның бірінші кітабындағы «Қоршауда» атты тарауда жаңғыртыла көрсетілді. М. Әуезовтың ертеректегі «Жуандық» атты әңгімесіндегі Жақсылық тағдырына байланысты оқиғалар елесі «Абай жолындағы» жатақтар егінін таптаған Әзімбайлар әрекетінен көрінеді. Эпопеяның, соңғы кітабындағы бір тарауда («Қастықта») жазушының 1925 жылы «Барымта» деген әңгімесінде бейнеленген оқиғалар сілемі сезіледі. «Абай жолындағы» идеялық арналардың, кейбіреулері М. Әуезовтың бұрынғы шығармаларынан-ақ желі тарта бастағанына «Қараш қараш оқиғасы» да дәлел. Осындағы қаһарман Бақтығұлдың Сәлменбай жылқышыларымен кездесу, ұрыс салу мезеттері күрделіленген түрде «Абай жолының» үшінші кітабындағы Базаралы, Абылғазы бастаған жігітек адамдары Тәкежанның сегіз жүз жылқысын алардағы сәтін еске түсіреді. Екі шығармада да қаһармандарды жай ұрлық, баю ниеті жетелемейді, өжет намыстан туған кек, жігерлі, саналы әрекет көрінеді. Кейде М. Әуезовтың әр кезде жазған шығармаларының іштей туыстық ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?