Тарих | Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы

 Тарих | Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы

Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
І Тарау. ІІ- ші Дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
2.1 Түркістан легионының құрылуы.
2.2 Легионшылардың соғыс қимылдарына қатысуы.
ІІ Тарау. ІІ Дүние жүзілік соғыстан кейінгі Түркістан легионы
2.1 Батыс зерттеушілерінің Түркістан легионы.
2.2. Отанына оралған легионершылар
2.3 М. Шоқай және Түркістан легионы
ІІІ Қорытынды
Сілтеме тізімі
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихының кеңестік кезеңі бүгінгі мемлекет өмірімен де ұрпақ өмірімен де тікелей байланысты болғандықтан, бұл салада объективтік пікір әлі тыңғылықты түрде қалыптасып біткен жоқ. Ол, әсіресе, кеңестік тоталитаризм тарихында ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы тарихи оқиғалар мен саси қайраткерлер қызметіне байланысты. Кеңес үкіметі тұсында, коммунистік – тоталитарлық идиология үстемдік құрған кезде Түркістан легионы тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуді былай қойғанда көпшілікке арналған әдебиет, тіпті ой қозғау, оның бетпердесін ашу мүмкін. еместін.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі тұтқындардың жағдайы туралы айта келе жалпы кеңестік тарихнамада өз дәрежесінде зерттелмеген. Ал Қазақстанда бұл мәселені тек заманымыздың аса білікті қайраткері М.Шоқайдың есімін қаралау мақсатында Түркістан легионымен байланысты ғана сөзболды. Қазақ топырағында дүниеге келіп, әлемдік ауқымды саяси қайраткер дәрежесіне көтерілген М. Шоқай есімін халық зердесінен өшіру үшін “сатқын”, “пантюркизм ” насихаттаушы деген айдарлар тағылды. Азамат атын ақтау үшін соғыс тұтқындары, Түркістан легионы туралы мәселені жалпы кеңестік тоталитарлық жүйенің идиологиясымен іс -әрекеттеріне балта шауып объективті, шынайы зерттеу жұмысын жүргізу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Легионерлердің қилы тағдыры мен қызметін жан жақты зерттеу. Бұл мәселе жөнінде жазылған еңбектерді талдау. Бұл жерде назар аударатын нәрсе – сол жарияланған материалдардың көпшілігін жазғандар кәсіби тарихшы мамандар емес. Әрине, біз оларды бұл үшін кіналаудан аулақпыз. Негізгі мәселе сол жарияланған дүниелердің объективтік тұрғыдан қалай жазылуында. Жоғарыда айтылғандардан біріншіден Түркістан легионы тақырыбы көп жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс қалғаны, екіншіден, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық зор маңызы бар зерттеулерді күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінің айғағы.
Тарихнамасы: Түркістан легионы тарихы туралы көптеген зерттеулер жүргізіліп бірқатар еңбектер жарық көрді. Кеңкестік кезеңде 1970 жылдары Х.Әміровтың “Легионның күйреуі” оның алдында шыққан С. Шәкібаевтың “Үлкен Түркістанның күйреуі” зерттеулерінің ерекшелігі бұрынғы коммунистік идеология тұрғысыныан емес, екінші бір жағына ауытқушылық тұрғысынан жазылған. Мысалы соғыс тұтқыны болып легионға кірген бір жауынгер жақсы бір қызмет лауазымына жеткендей , партизан қозғалысын басуға қатысқан Еуропа елдерінде саяхатта жүргендей етіп жазады. Э. Хоскенстің “История советского союза” еңбегінде Түркістан легионына енген жауынгерлердің ұлттық құрамы туралы көптеген деректер береді. Бұл жөнінде біздің Туркиядағы әріптестеріміз де зерттеулер жариялап жүр. Солардың бірі Әбдіуақап Қараның жазбаларында шығыс министірі Розенберг бұйрықтарымен М. Шоқайдың легионшылармен қарым – қатынастарын көрсетеді.
Бақыт Садыкованың “История Туркестанского легиона в документах” деген еңбегінде түркістан легионынының құрылуы мен легионшылардың қызметін құжаттар негізінде баяндайды. И. Гилязов “Пантюркизм пантуранизм және Германия:этнографиялық шолу” мұнда Германияның екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы түрікшілік идиология тұрғысынан жазылған. Амантай Какен “Түркістан легионы ” еңбегінде немістер түрік тектес және басқа халықтар есебінен шығыс легиондарын құруын, солардың бірі Түркістан легионы құрылымының қалай өмірге келгені оның себеп салдары сол әскери құрамда болған боздақтардың қилы тағдыры туралы мәліметтер береді. 1998 жылы “Түркістан” № 21, 22 санында Бакыт Садыкованы “Түркістан легионы: Жазылмайтын жарасы” атты мақаласында Гитлердің түріктік легиондарды құру туралы анықтамалық құжаттар жайлы деректер береді.
История Казахстана: белые пятно Алматы 1991, 301 бетінде тарихшы ғалым Беланның советтік республикалар есебінен мұсылман пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың белгілері туралы жазған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік Германияның шығыс легиондары оның ішінде “Түркістан легионын” құрудың басты себептерін мақсатын ашып көрсету және тұтқындар есебінен легиондар құру, легионшылардың қилы тағдырын құжаттар негізінде көрсеттім, шетелдерде қоныстануындағы қиындықтар мен “соғыстан кейінгі соғыстың” яғни коммунистік идиологияның ықпалынан қайта қысым көруінің басты себептерін ашу. Күрделі тарихи кезеңнің оқиғаларын қазіргі заман талаптары тұрғысынан жаңа методологиялық әдіс арқылы объективті және субъективті пікірлердің факторларын толық ашып көрсету. Мұстафа Шоқайды Түркістан легионын құрушы деген пантүріктік және пантуранистік көзқарастардың дәлелсіз ешбір құжаттарға сай келмейтінін ашып көрсету. Осы мақсаттарды іске асыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды.
- Екінші дүниежүзілік соғыс қаурсаңындағы фашистік германияның
түрлі шығыстық легиондарды құру себептерін анықтау.
- Легионерлердің соғыс қимылдары мен екі державаның арасындағы
саяси байланыстарды құжаттар негізінде талдау.
- Легионерлердің соғыстан кейінгі тағдырына қорытынды жасау.
- Осы кездегі М.Шоқайдың қоғамдық -саяси қызметін айқындау, оның
шығыс легиондарын құруда ешқандай қатысы жоқ екендігін деректер
арқылы дәлелдеу.
Зерттеу деңгейі. С. Шәкебаевтың “Үлкен Түркістанның күйреуі” екі томдық кітабында неміс авторының кітабы – рейх мұрағаттарынан алынған. Деректі мәліметтермен екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың куәліктеріне сүйене отырып объективті түрде жазылған ғылыми зерттеу жұмысы. Екінші кітапқа келсек автор тарихи деректерге сүйене отырып жазған болғанымен, большевиктік идиологияның саясатына икемделіп
І Тарау. Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
1.1 Түркістан легионының құрылуы.
Кеңес одағына өз үстемдігін орнатып, бас салуға фашистік рейх мұхит дайындалды. Большевизмнен ұлтшыл социолистік Германияның ең басты дипломатиясы сонау отызыншы жылдардың аяқ шетінен бастап -ақ болашақ қарсылаасы жөнінде деректер жинай бастады. Сол себепті пактуранизм мен пантюркизмге қызығушылық таныту кездейсоқтық еместін, өйткені рейх большевиктерге уқарсы күресте КСРО – ға саны көп түрлі халықтар өкілдерін қатыстыруды көздеген болатын. Бұған қоса “Түркі картасын” жобалап, германия Туркияға қысым көрсетуді де ойластырған сыңайлы. /1/
1941 жылы көктемде Германия сыртқы істер минстірлігі жанынан Ресей мәселесіне қатысты істер жөніндегі комитет құрылды. Ол совет – Герман басшыларымен шығыс министр восына өзгертііледі. Оны Альферд Розенберг басқарады. Қызметкерлер арасында белгілі лингивист -профессор, КСРО- ғы түркі халықтары жөніндегі маман Герхард фон Менде бар еді. Осылайшы, Совет -герман соғысы қарсаңында түркі халықтары мен пантюркизм жөніндегі ақпараттарды жинау дипломатиялық каналдар арқылы (баяндамалар мен Германияның Туркия мен КСРО- ғы елшілігінің хабарламалары) және Фон Менде тәрізді ??? ғалымдар мен түрік -татар эмигранттарының көсемдерін осы іске тарту арқылы екі бағытта жүргізілді.
Осы орайда Мұстафа Шоқайдың зайыбы Мария Горина Шоқайдың естеліктеріндегі Германияның совет одағына тұтқиылдан соғыс ашу күні яғни, 22 маусымда М.Шоқайдың тұтқындалып, басқа да “кепілдікке алған құрметті зиялылармен” компьень қорғанына қамалғандығы туралы жазбаларының астарында жатқан саяси іс -әрекеттің мәні түсінікті болатындай. Дегенмен неміс рейхіне қолдау көрсету мәселесі жөніндегі пікірлердің бір орынға тоғыспай, екі айрылғанын атап өткен жөн тәрізді.
М.Шоқай Мехмет Элин Ресульзаде, Гаяд Исаки, Ахмед – Зеки Велиди, Рашид Ризмати, Абдул -Гани Усман, Джафар Сейд Ахмед тәрізді “Прометей” лигасына біріккен басқа да, түркі халықтары ұлтының қозғалысының көрнекті қайраткерлерімен бірге Рейхтың сыртқы істер министрлігінің “қара тізіміне ” енгізіледі. Бірақ большевиктік идиологияға қаншама қаны қарайған өшпенділігі болғанымен, бұлар Гитлердің диктаторлық тәртібін қолдауға мүлде құлықты еместін /2/.
Бұдан әрі қарай өткен оқиғалар ужелісі төмендегідей 1941 жылы 25 шілдеше Германияның түркиядағы елшісі Франц Фон Папен өз елінің сыртқы істер министірлігінің назарын немістердің КСРО -ға қарсы соғыстағы жетістіктері автоматты түрде Пантурандық қозғалыстың кең қанат жайып, қарқын алуына жағдай жасайтындығына аударады.
Осы жылдың бесінші наурызында ол алдыңғы материалдарға қосымша Туркиядан сыртқа істер министлігіне пантюркизм мен оның көсемдері туралы анықтама құжаттарын жібереді. Сана саналық көп адамадар тізімінің ішінде Нури патша есімі де аталады. Германия сыртқы істер министірлігіне Нури патша тұлғасы қызығушылық туғызып, қыркүйек айында, дәлірек айтсақ 11, 18, 25 күндері сыртқы істер министірлігінің мемлекеттік хатшысы эрнест Вермани онымен тиянақты түрде келіссөз жүргізеді. И. Гилязов атап өткендей, Герман дипломатиясының ??? шылығының ең үлкен қателігі. Туркиядағы пактюрдық қозғалыстың күш қуаты жөніндегі бағалауда ол тек нури патша тәрізді жекеленген саясаткерлер пікірене ғана арқа сүйеген еді. Түрік тілді және ислам дініндегі әскери тұтқындарды бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бері өмір сүріп отырған Вюнсдорфтағы лагерь үлгісіндегі жеке лагерьлерге бөлек орналастыру керек, бұл орындалса пан турандық ???? көрсетуші әскери құрылымдар ретінде пайдалану мүмкіндігін қарауға ұсынатын болады. Германия жаулап алған территорияларда түрік және мұсылман халықтарын басқару түріктердің өздерінің құзырына беріліп, сегіз парақтан тұратын сұхбатты толық жазбасында Нури патшалық паунтурандық идеалар мен пікірлердің маңызын жан жақты баяндап түрік үкіметінің КСРО мен Германияға қатысты ұстанып отырған сыртқы саяси бағыты туралы айтқан пайымдаулары да бар.
1941жылы қазан айында елші Фон Поленнің қолдау және дәнекерлік көрсетуімен екі түрін генералы қырым жарты аралы ауданындағы совет -герман майдан даласына баруға әрекет жасайды. Бұлар Туркия әскери академиясының бастығы Ал -фуад эрден мен бұл кезде зейнеткер Хосию Эмир Менде еді. Олардың осы сапары , Герхард Фон Менде пікірінше, легионды құруға итермелеген соңғы іс -әрекет болғандай. Ал, түрік зерттеушісі Зехра Ондер шығыс легионын құру идеасының авторы Нури – патша екендігін көрсетеді /3/.
1941 жылы желтоқсан айында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеасын қолдайтындығы туралы есептік -анықтамалық құжат жолдайды. Гитлер бұл идеаны толық қуаттайды.
1942 жылы қаңтарда сыртқы істер мианистірі Иоахим Фон Риббентрон пантурализмді белсенді түрде қолдау туралы нұсқау береді міне, сол кезден бастап қана вермахт легион құру туралы жоспарды тікелей іске асыру жоспарларына кірісе бастайды.
Шығыс легиондарын әскери тұтқындардан ғана емес орыс, украин, кавказ және түрік татарлардан шыққан ұлт өкілдерінен де құрылды.
Профессор П. Фон Мюлен көрсеткендей мұндай эмигранттардан түскен арыздың көп болғандығы сондай 1941 жылы 1 шілдеде бұл мәліметтерді тіркеу орталықтарын ашуға байланысты нұсқау ғана шығады. Өйткені, немістер жағы ақгвардияшыларды майданға қалу совет тұрғындарына кері әсер етіп, КСРО тарапынан көрсетілетін қорлықтың күшеюінен қорққан еді.
Легионның алуғашқы құрылымдары жаулап алынған Польша территориясында құрылды әрі оың штаб пәтері де сонда орналасады.
1942 жылы наурызда бұл құрылым жаулап алынған КСРО -ның территориялық аймақтарында да пайда бола бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер түрік тектес және басқа халықтар есебінен түрлі шығыс легиондарын құрды. Соның бірі - “Түркістан легионы”. Легион қашан және қандай жағдайда деген сауалға жауап беруге ынта көрсеткен авторлардың ойы әр түрлі. Мысалы Ә. Байшуақұлы “1941 жылдың күзінде Гитлер Шығыс Пруссияға келген кезінде генерал Эркилеттің ұсынысын мақұлдап сол жылы 30 қарашады Түркістан легионын құруға шешім қабылдады Оны жалақтау 162- ші жаяу әскер дивизиясына тапсырылды”/1/.
Ал тарихшы ғалым Белан мынадай деректер келтіреді. 1941 жылы 18 шілдеде түрік бас штабы академиясының бастығы А.Ф. Эрден неміс елшісі папенмен сөйлескенде кавказда “жергілікті халықтардың федерациясын”, ал, каспийден шығысқа қарай “Тәуелсіз тұран” мемлекеттін құру туралы идеяны ұсынады. Берлиундегі түрік елшісі гереде осы пікірді сол қалпында сыртқы істер министірінің шенеунігі Вайцзеккерге жеткізген. 1941 жылдың қыркүйек айында пантүріктік бірден – бір идеолог нури -патша Папен арқылы рейх басшыларына ирандық Әзербайжан, Орта Азия, Қазақстан, Башқұртстан, Дағыстан, Қырым түбегін қамтитын советтік республикалар есебінен мұсылман пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың қажеттігін айтқан.
Осы мәселені зерттеп жүрген ғалым Бақыт Садықовтың еңбегінде, 1941 жылдың желтоқсан айының басында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеясын қолдайтындығы туралы естелік анықтама құжат дайындайды (жолдайды) Фюрер идеаны толық қуаттайды. Осыған орай 1942 жылдың қаңтарында сыртқы істер министірі Иоахим фон Риббентроп пантуранизмді белсенді түрде қолдау жөнінде нұсқау береді. Міне, сол кезден бастап қана Бермахт легион құру туралы мәселені тікелей іске асыру жоспарын қолға алу керек.
Бұл мәселе жөнінде орысша, немісше жарық көрген көптеген материалдарды сараптай келіп Искандер Гилязов 1941 жылдың күзінде Германияның әскери және саяси басшылығы КСРО ның шығыс халықтарымен жұмысты өз түсінігімен жүргізсе кейінрек, қарашаның орта ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?